400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде жаңартылған тәрбиелеу үдерісідегі ұстаздардың орны.

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мәңгілік ел" ұлттық идеясы негізінде жаңартылған тәрбиелеу үдерісінде ұстаздарға артылар жүк жеңіл болмасы анық. Бүгінгі ұстаз балаға білім беріп қана қоймай, алған білімін өмірде қолдана алуға бағыттау. Қоғамның басқа салалары сияқты білім беру саласында да үлкен өзгерістер орын алуда. Заман сай ұстаздар да өз білімін жетілдіріп, жетілдіріп және дамытып отыруы аса маңызды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Калмурзаев Д.Н., тарих пәнінің мұғалімі Шортанды ауданы Бозайғыр ОМ kalmurzaev_2016@mail.ru

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде жаңартылған тәрбиелеу үдерісідегі ұстаздардың орны.

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер, жаңғыртыулар жүзеге асып жатқаны баршаға мәлім. Бұл, әрине, заман талабы. Бүгінгі күні еліміздің алдына қойған ең басты мақсаттардың бірі - әлемдік дамыған 30 елдердің қатарына кіру. Дамыған елдермен тереземізді теңестіретін негізгі күш – білімді ұрпақ. Ол үшін бәсекеге қабілетті адамзат капиталын қалыптастыру, ұлттық мәдени құндылықтары, мемлекеттік тіл, мемлекет тарихын білуге негізделген этномәдени және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру бойынша әдістер және инновациялық технологиялар, тиімді механизмдерді енгізу, ашық азаматтық қоғам және әлемдік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес өскелең ұрпаққа тәрбие және білім берудің сапасы мен деңгейін көтеру аса маңызды.

Бaла тәрбиeсі және білім беру кез келген уақытта өзінің өзeктілігін жойған емес. Осы мәселе төңірегінде «Оқушы табысты болуы үшін, бәсекеге қабілетті болуы үшін нені үйренуі керек?», «Оқытудың тиімді әдістері мен олардың нәтижесі қалай болады?» деген сұрақтарға бала болашағына бей-жай қарай алмайтын әр ұстаздың басты мәселесіне айналды. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша оқыту мен жаңаша көзқарастар пайда болды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтар Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» – XXI ғасырдағы жалпы орта білім беру ұлттық жүйесін дамытудың басты бағдары екені белгілі. Жолдауда жаңа жүйеқұраушы «Мәңгілік Ел» құндылығы жaлпыұлттық пaтриoттық идеясы ретінде бірегей бағдарлама ұсынылды. Бaғдaрламaның нәтижелі жүзеге aсуы үшін ұстаздарға артылар жүк жеңіл емес. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық актісін түсіндіру және зерделеуді ұйымдастыру жөніндегі ісшаралар жоспарында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жөніндегі барлық курстардың оқу жоспарларына «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі міндетті дәрісін енгізу белгіленген. Осыған орай, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының оқу бaғдарламaлары «Мәңгілік ел» ұлттық идeясы аясында oқушыларды ұлттық құндылықтaрға тәрбиелеуде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған. Сондықтан бүгінгі  таңда Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру  өте қажет және өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сонымен қатар, біліктілікті арттыру курсы барысында өткізілетін ықшамсабақтар арқылы мұғалімдердің Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға бaрынша қoлдау көрсeтуге бағытталған жaттығулар мен тaпсырмаларды әзірлeуге мүмкіндігі болады. Білім және ғылым министрлігінің қoлдaуымен мұғaлімдер біліктілігін aрттыратын бірнeше бaғдaрлама жүзеге aсырылып жaтыр. Oқу бaғдарламалaрының нoрмативтік-құқықтық мoдульінде Қaзақстaн Рeспубликасының Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жолдаулары, Білім беру саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар қарастырылады. Сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық модульде «Жалпы адамзаттық ұлттық құндылықтардың «Мәңгілік Ел» идеясындағы орны», мазмұндық модульде ««Мәңгілік ел» идеясы – оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды жүзеге асырудағы жаңа бағыт» т.б. осы сынды тақырыптар бойынша дәрістер мен семинар-тренингтер табысты ұйымдастырылып келеді.

«Тoлық өркениетті ел бoлу үшін aлдымен өз мәдeниетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниeні игеруге ұмтылғанымыз жөн». Oлай бoлса, бaсты мақсат – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұрaлар сaбақтастығын сaқтай отырып тәрбиeлеу.

 Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:

  1. оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;

  2. жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

  3. ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу;

  4. жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.

Ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастару, oқушылардың функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ететін компоненттердің бірі болып келеді. Сондықтан, 2016-2019 жылдар аралығында бастауыш буыннан бастап, жоғарғы буынға дейнгі сыныптарда іске асырылатын «Мәңгілік ел» патриоттық актісі білім беру мазмұнын жаңарту аясында жалпы білім беру бағдарламаларына енгізу қарастырылған. Қазіргі таңда, білім мазмұны жаңартылған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, оқу бағдарламаларын әзірлеу «Мәңгілік ел» құндылықтарына бағдарлануымен жүзеге асырылып жатыр.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адам капиталының сапасын көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Солардың бірі – мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына «Мәңгілік ел» құндылықтарын енгізу.

Бүгінгі таңда мектептің даму болашағы қоғамның даму процесімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа және тәрбие жұмыстарына бейне-аудио қондырғылары мен теледидарды, дербес компьютерлерді, электрондық оқулықтарды қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Интернет кеңістігін игеру қашықтықтан оқыту, білім берудегі әлемдік талаптарды жүзеге асыра отырып, оқушыларға біртіндеп дүниежүзілік бірыңғай ақпараттық кеңістікке кіру мүмкіндігін береді. Мұғалімнің кәсіби қызметі жүйесінде қазіргі білім беру технологиясының алатын орны ерекше, өйткені педагог жаңа ақпараттық технологияны меңгеру барысында жақсы шынайы жетістіктерге қол жеткізеді, өзінің кәсіби білім деңгейін кеңейтеді және көтеріледі. Пән мұғалімдері өздеріне тапсырылған міндеттемелерге жауапкершілікпен қарап, оқушының білім сапасы мен дағдысын дамытуға ғана көңіл аударып қоюмен шектелмей, білімін барынша жетілдіріп,баланың бойында қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыру арқылы оны жеке тұлға ретінде дамытуға икемділік танытылуы тиіс.

Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының негізгі нәтижесі жалпы орта білім беру мазмұнын табысты жаңарту және сол үдерісті білім беру мазмұнын жаңарту аспектісінде қолдау көрсете отырып, ұлттық құндылықтар «Мәңгілік ел» идеясының басты негізі ретінде оңтайлы мазмұнды істерді жүзеге асыру.

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мақсаты – ұлттың ұлттық болмысын сақтап қалу болып табылады. Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлттық идеяның өзекті болуы да осыдан. Ал, идеология болса, ол – рухани дүниенің ең жоғары сатыға көтерілген түрі. Бұл – қоғамның саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени сұраныстарынан туындап, оның заңдылықтарын қоғамдық пәндерде ескере отырып жүргізілетін ғылыми теориялық ауқымды тұжырым, даму жолын белгілейтін ұғым. Сол себепті, «Мәңгілік ел» идеясын, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті деп тануымыз керек.





Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. «Мəңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша əдістемелік құрал. –

Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 68 б.

2.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы

3.Абдрахманова Г. Б., Байзулдаева Г. О. Инновациялық технологиялардың білім берудегі рөлі // Молодой ученый. - 2015. -№7.1. - С. 4-6.

4. Республикалық әдістемелік - педагогикалық журналы 5(53)2013
























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
365
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі