Егіндібұлақ ЖОББМБ
Баяндама
Тақырыбы:
«Мәңгілік ел ұлттық идеясын
жүзеге асыру» аудандық ғылыми –тәжірбиелік конференцияға
ұсынылған

Орындаған: Бекжанова
К.Ш
«Мәңгілік ел ұлттық идеясын
жүзеге асыру» аудандық ғылыми –тәжірбиелік конференцияға ұсынылған
баяндама
Бұл туралы ел Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың: «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел,
лайықты әрі ұлы Қазақстан!
Мәңгілік Ел –
жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.
Бабаларымыздың арманы», – деген қанатты сөзі күллі түркі халықтарын
бір серпілтіп, ертеңге деген сенім ұялатқаны жасырын
емес.
Елбасы және бір сөзінде:
«Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің
ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді
Президент.
«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың
сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол
арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан
ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман
тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен
қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа
айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін
қаладық.
Мен қоғамда «қазақ елінің
ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп
жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар
етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол -
мәңгілік ел идеясы.
Тәуелсіздігімізбен бірге
халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі,
тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың
мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің
ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді
Президент.
«Мәңгілік ел» ұлттық идиясын
жүзеге асыру мақсатында сауат ашу сабақтарында жаңа әдістерді
қолданамын. Сол сабақтарымның бірін сіздермен бөліскім
келеді.
Сыныбы: 1
«А»
Сабақтың
тақырыбы: «Туған елім, туған жерім»
тақырыбына байланысты. Табиғатқа саяхатқа шығу, Б дыбысы мен
әрпі.
Сабақтың
мақсаты: Жаңа білімді
меңгереді. Тақырыпты түсініп,
тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы
талқылайды. Алған білімді өмірде қолдана
алады.
Жетістік
критерийлері: Айтылған сөздер мен
сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы,
мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды
дарыту: Оқушыларды бір- біріне деген
құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пән аралық
байланыс: өнер, ана тілі
сабағы
Тілдік
құзыреттілік: Отан
Родина
Сабақтың
барысы:
Сабақтың басы ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастыру.
Оқушыларды шаттық шеңберіне
шақыру.
Қуанамын
менде
Қуанасын сен
де
Қуанамыз
бәріміз
Арайлап атқан
күнге
Мақсатымыз Қазақстанға саяхат
жасап, Қазақстан сөзін жинап құрастыру.
Жаңа материалды
түсіндіру:
-
Тапсырма
: «Мозайка» әдісі арқылы Б дыбысынан
басталатын суреттерді ажырату.
-
тапсырма: Әсем табиғат
тақырыбына мәтін құрастыру. Бұл кезде әр оқушы бір- бір сөйлемнен
құрап мәтін құрап шығарды және қорғады.
-
Тапсырма:
Сахналау. Диалог түрінде. Екі оқушының
бірі жаңбыр бірі бақбақ болып сөйлесуі.
-
Видео
ролик Коллаж: Табиғат жайлы білгендерін
қағаз бетіне сурет арқылы бейнеледі.
Кері
байланыс Смайликтер арқылы оқушылар
өздерінің тақырыпты қалай түсінгендерін
көрсетті.
Бағалау:
Менің бұл сабақта көрсеткім
келгені «Мәңгілік ел» идиясын жүзеге асыру барысында сабақтарда
оқушылардың Отанын шексіз сүйіп құрметтеуін, өз туған жеріне деген
сүйіспеншілігін арттыру.