400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: Математикалық логиканы дамыту әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарламамның тақырыбы
Материалдың қысқаша нұсқасы

АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КӨКПЕКТІ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «А.С.ПУШКИН АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

















Баяндама: «Математикалық логиканы дамыту әдістері»



Бастауыш сынып мұғалімі - Бахтиярова Жанар Ахметкановна























2025-2026 оқу жылы

Бастауыш мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру. Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау -жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек». Оқу материалы балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырылса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды сабақта талабын шаттандыратындай, ойын оятатындай, белсенділігін, саналы ойлана білуін, ой - өрісінің дамуын, олардың іскерлігін дамытатындай болу керек. Оларды қиындыкты жеңе білуге, төзімділікке баулу мұғалімнің басты міндеті. Бастауыш сыныптағы математикалық білім берудің негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың логикалық ойлауын дамыту. Математикалық логика – ойлау қабілетін, талдау дағдыларын қалыптастырып, кез келген мәселеге жүйелі түрде қарауға үйрететін маңызды құрал. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың маңыздылығы тек математика пәнімен шектелмейді, ол басқа пәндерді игеруіне, күнделікті өмірде тиімді шешім қабылдауына да оң әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей, бастауыш сыныпта логикалық ойлауды дамыту арқылы балалардың есеп шығару қабілеті артып, олардың математикаға деген қызығушылығы күшейеді. Сондықтан бастауыш сыныптағы математика сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытудың тиімді әдістерін қарастыру өзекті мәселе болып табылады.

Ойын әдісі арқылы логикалық ойлауды дамыту

Ойын – бастауыш сынып оқушылары үшін ең қызықты және тиімді оқыту әдістерінің бірі. Ойын барысында балалар қиын тапсырмаларды оңай қабылдап, шешімін тез табуға дағдыланады. Ойын барысында келесі әдістерді қолдануға болады:

«Сандар пирамидасы», «Кім жылдам?» – берілген сандарды белгілі бір заңдылық бойынша орналастыру;

«Сиқырлы текшелер» – бос ұяшықтарды дұрыс сандармен толтыру;

«Логикалық шынжыр» – сандық немесе геометриялық өрнектердің заңдылығын табу.

Осындай ойын элементтері баланың қызығушылығын оятып, зейінін арттырып, математикалық заңдылықтарды оңай меңгеруге көмектеседі.

Логикалық есептер арқылы ойлау қабілетін дамыту

Логикалық есептер оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, олардың стандартты емес шешімдер табуына ықпал етеді. Бастауыш сыныпта келесі логикалық тапсырмалар кеңінен қолданылады:

Қарапайым математикалық ребустар (санды әріппен алмастыру);

Суретпен берілген есептер (фигураларды санау, сәйкестендіру);

«Артық затты тап» тапсырмалары (логикалық салыстыру);

Шахматтық есептер (қарапайым жүрістерді талдау).

Бұл әдістер оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырып, математикалық сауаттылығын жетілдіруге көмектеседі.

Логикалық есепті кесте құру арқылы шығару

Мысалы: Дүкенде 1 литр, 2 литр және 5 литр алма, апельсин және анар шырыны болды. Егер алма шырыны 5 литр болмаса, ал анар шырыны 1 литр және 5 литр болмаса, әрбір шырын қанша литр болады?


алма

апельсин

анар

+

-

-

-

-

+

-

+

-

Әжейдің ауласында алма, алмұрт және қараөрік жемістері бар. Әжейдің Жантөре, Әмина, Мүслім атты 3 немересі бар. Олардың әрқайсысы әртүрлі жемісті ұнатады. Әжей Жантөренің қараөрікті жақсы көретінін біледі, ал Мүслім алманы ұнатпайды. Әжейдің немерелерінің әрқайсысы қандай жемісті ұнатады? Есепті кесте сызу арқылы шығару.

Танымдық тапсырмалар мен логикалық жұмбақтар

Танымдық тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын оятып, олардың шығармашылық қабілетін дамытады.

Мұндай тапсырмаларға:

Математикалық жұмбақтар мен басқатырғыштар;

Сандық өрнектердің заңдылығын анықтау;

Қисынды байланыстыруға арналған мәтіндік есептер жатады.

Мысалы «Екі әкесі мен екі баласы түскі асқа үш жұмыртқа қуырып жеді. Әрқайсысына бір жұмыртқадан тиді. Бұл қалай?»

2 есеп. Зообақтағы пони 3 ересек адамды немесе 6 баланы тарта алады. Пони әкесі мен анасы және ұлы мен қызы бар отбасыны тарта ала ма?

3 есеп. Дәу тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрды. Бір күні ол жоғарғы қабатта тұрғысы келді де, үйді аударып қойды. Енді дәудің пәтері қай қабатта? деген есептер оқушылардың ойлау қабілетін тексеруге көмектесіп, дамытады.

Дифференциалды оқыту әдісі

Сыныптағы оқушылардың қабілеттері әртүрлі болғандықтан, логикалық тапсырмаларды күрделілігіне қарай бөліп беру тиімді.

Жеңіл деңгей: суреттермен берілген қарапайым логикалық тапсырмалар;

Орташа деңгей: екі-үш қадаммен шешілетін есептер;

Күрделі деңгей: көпсатылы логикалық есептер мен күрделі ребустар.

Бұл әдіс әр оқушының өз деңгейіне сәйкес логикалық тапсырмаларды орындауына мүмкіндік береді.

Қорытынды

Бастауыш сыныпта математикалық логиканы дамыту – оқушылардың ойлау жүйесін жетілдірудің маңызды аспектілерінің бірі. Логикалық есептер, ойындар, танымдық тапсырмалар мен дифференциалды оқыту әдістерін қолдану арқылы балалардың зейіні артып, аналитикалық ойлау қабілеті дамиды.

Осы әдістерді жүйелі түрде пайдалану оқушылардың өз ойын, көзқарасын түсіндіруге, дәлелдеуге үйренеді;

Қисынды ойлау қабілеттерін қызықты құрылған өрнектер, сөзжұмбақ, шытырман, сиқырлы шаршылар арқылы дамытады;

Ұшқырлыққа, уақыт үнемдеуге, шапшаңдыққа жаттығады ;

Республикалық, халықаралық олимпиадаларда, зияткерлік білім сайыстарында жоғары нәтижені көрсетеді;

Өз ісіне сенімді, «неге?» деген сұрақты қоя білетін және нық жауап бере алатын білімді, зерделі, болашақ дарын иесі қалыптасады.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.01.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12