400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақшаға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамыту

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев ««Қазақстан 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек,- дей келе,... Қазақстан бүкіл әлемдегі сияқты мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек,- деп атап көрсеткен. Бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда жастарға білім берудің маңызы ерекше. Осыған орай жастардың білім жетістігін өркениетті елдердің білім деңгейіне көтеру, ол үшін білім беру, оқыту технологиясын үнемі жетілдіріп отыру – өмір талабы. Ал білім баспалдағы балабақшадан бастау алатындығын ескерсек, ол жерде балаға білім берудегі, баланың біліктілік дағдыларын, таным қабілеттерін қалыптастырудағы басты құрал - ойын технологиясы екенін естен шығармағанымыз абзал.
Шағын орталық қабырғасында баланың көп уақытын ойынмен өткізетіні белгілі. Ойын – бала өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің алғы шарты. Ойын дегеніміз жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Халқымыздың ұлы ойшыл - ақыны Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»,- деп айтқандай ойын бала өмірінде айрықша орын алады. Сәбидің өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық таным – дағдылары осы ойын үстінде қалыптасады.

К. Ушинский: « Ойын - балалардың өз бетімен ерікті атқаратын іс - әрекеті, ойын арқылы адамның жан дүниесінің барлық қырлары, жүректілігі, ерік - жігері қалыптасады»,- деген ой айтады. Ойынның, әсіресе балалардың психологиясына тигізетін әсері көп, ойын кезінде балалардың ортамен қарым – қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез – құлқы қалыптасады, ойынның сан алуандылығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулиды

Ойын арқылы баланың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығы өзгереді, таным белсенділіктері қалыптасып, ақыл – ой процесі өсіп – жетіледі, түрлі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір – біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, достық, жолдастық, бауырмалдық, ортаны сыйлау сезімдеріне тәрбиелеуге болады. «Адам өркениетті болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалар еді», - деп К. Чуковский бала денесінің дамуы мен ой – дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей байланысты екенін атап көрсеткен.

Д. Эльконин бала психикасының дамуында ойынды «жетекші іс – әрекет» сөз тіркесімен сипаттайды. Д. Эльконин еңбектері балалар ойынының әлеуметтік табиғатын ерекше мәдени құрылым ретінде түсіндіреді, ол ойынды ересектердің қоғамдық өмірін бейнелеу деп анықтайды «Ойын – мінез – құлықтың ырғақты дамуының алғашқы баспалдағы - мектебі», - дейді бала психологы Д. Б. Эльконин. Егер баланы жай кезде тік тұрғызып қойсаңыз, ол 2 - 3 минут та тұрмайды, ал егер ойын үстінде айтсаңыз, тіпті ол бір кертартпа, қыңыр баланың өзі болса да тік тұрып қалады, бұл – ойынның өз мақсатына жету деңгейі. Л. С. Выготскийдің пікірінше, ойын, мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының дамуына ықпал етудегі жетекші құбылыс.

Ойын кезінде жан – жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезеңінде ойын әрекетінің психологиялық негізін құрастырған жағдайда ғана табысты іске асырылады. Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл - ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Қызығу – танымдық іс - әрекеттің қозғаушы күші.

Ойынның дамуы бала психикасының үдемелі өзгеруіне ықпал жасайды. Ойында психикалық үрдістер (таным процестері): қабылдау, зейін, ес, сөйлеу, қиял, ойлау қалыптасады, танымдық қызығушылығы артады – бұл баланың ой - өрісін кеңейту қажеттігін туғызады. Бала бойында қалыптасқан танымдық процестерді біртіндеп дамыту мақсатында ойын түрлерін де біртіндеп күрделендіріп, балаға байқатпай көздеген мақсатқа бұрып отыру арқылы біз өзіміздің түпкі мақсатымызға жетеміз – ол – балада ойын әрекеті арқылы қалыптасып келе жатқан психикалық үрдістерді біртіндеп дамытып отыру. Ол үшін мен баланың таным процестерін қалыптастырып, дамытуға арналған әдістемелік ойындарға сәйкестендіріп топтағы әр балаға жеке – жеке Танымдық қабілеттерінің даму картасын жасадым. Жыл бойы әр психологиялық үрдіс бойынша жүргізілген ойын нәтижесін бағалап, даму деңгейі туралы қорытынды бағаны түсіріп отырамын.

Мысалға, сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөздік қорын дамыту мақсатындағы ойындар «Бұл не? Қалай аталады?» әдістемелік ойынын өткізу үшін әр түрлі суретті 25 - 30 карточка дайындап, балаға жеке - жеке көрсетіп, суреттің атауын сұраймын. Бала ойынға белсене араласып, жарыса жауап беріп жатады – менің «жасырын көздеген мақсатым» да осы, яғни баланы сөйлету, сөздік қорын дамыту. Нәтижесі картаға түсіріледі. Келесіде жоспар бойынша одан күрделірек ойын: «Сурет бойынша әңгіме құрастырайық», «Жалғастыр» Әр ойын – тапсырманың нәтижесі балл түрінде картаға түсіріліп отырылады. Сол сияқты баланың логикалық ойлау қабілетін дамытуға қатты көңіл бөлемін. К. Ушинский: «логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.

Сондай - ақ, кімде – кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс,», - деп атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты ойлау қабілетін арттыруға арналған «Сен білесің бе?», «Бұл қай кезде болады?», «Суреттерді аяқтайық»ойындары, Зейінді қалыптастырып, дамытуға арналған «Не өзгерді?», «Түймелер», «Жұпты суреттер» ойыны, Қабылдау қабілетін дамытуға арналған «Пирамидалар, жинағыштар, таяқшалар,» «Кубиктер», «Таңғажайып дорба,», Есте сақтау қабілетін арттыруға арналған «Суреттерді есіңде сақта,» «Түрлі - түсті доптар,» «Көлеңке», бала қиялын дамытуға арналған «Гүл», «Алып бер», «Аяз Атаның үйі» ойындары бойынша әдістемелік ойын сабақтарын ойната отырып баланың оқу жылының бастапқы, орта және қорытушы кезеңдеріндегі танымдық қабілеттерінің қалыптасу барысына диагностика жүргіземін.

Жыл соңында әр топтағы балалардың таным қабілеттерінің дамуына жүргізілген диагностикалық жұмыс нәтижесінің қорытындысы шығарылып, ортақ балы есептеледі, мониторинг жасалынады. 2 - 3 жылғы мониторинг қорытындысын салыстыра отырып, баланың психологиялық танымдық тұрғыда даму деңгейі анықталады, және ол мониторинг көшірмесі баланың болашақ сынып жетекшісіне беріліп, ол баламен ары қарай жұмыс жүргізу деңгейі қарастырылады, яғни балабақша мен мектептің үздіксіз байланысы жүзеге асады.

Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, ойын – баланы зерттеудің басты диагностикасы. Ойын баланың интеллектуалдық мүмкіндігіне, мінездерінің ерекшеліктеріне, бір – бірімен қарым – қатынасының сапасына ықпал етеді. Кез – келген ойын барысында ойынды бас таушы, қостаушы, ойынды өздігінен қалаған арнасына бұруға әрекет етуші (лидер) айқын көрініп отырады. Ойын барысында баланың осы әрекеттерін бақылай отырып педагог – психолог бала жайлы өзіне қажетті мағлұматтарды жинақтайды. Сонымен қатар ойын кезінде баланы дамытудың жаңа биік кезеңін дайындайтын нақты психикалық өзгерістер болады. Ойын барысында баланың қиялы толығымен көрінеді.

Әйгілі психолог А. Н. Леонтьевтің айтуынша, «Ойын – іс – әрекеттегі әдептілікке үйрету мектебі» болып табылады. Мысалы, балаға «әдептілік» пен «әдепсіздік», «жақсы» мен «жаманның» не екенін қанша түсіндірсең де түсінбейді, ал егер ертегі не ойынды пайдалансақ, ертегіні тыңдай отырып не ойын барысында кейіпкер рөліне еніп, эмоционалдық жай - күйін сезініп, соған бала үйренеді, әрі түсініп алады. Мысалы, «Адасу» ойыны. «Қане, балалар, көзімізді жұмайық. Біз қазір саяхатқа шығамыз.(баяу музыка үні) Біз ну орман ішінде жүріп келеміз. Ой, біз бағыттан адасқан сияқтымыз, енді не қылсақ екен? Біреу келе жатқан тәрізді., ой, мынау орманшы ағай ғой, жол сұрауымыз қажет. Не дейміз, сөзді неден бастаймыз?» (Саламатсыз ба? Кешіріңіз, айтып жібермейсіз бе? Рахмет! Сау болыңыз!) міне, бір ойын барысында бала өміріне азық қанша әдептілік сөздерін үйренді. Немесе, «Сыйқырлы сөздер» ойыны – ойын барысында психолог кез - келген өтінішті айтады, бала оны әдепті түрде айтуы керек. «Инабат, ойыншықты бер» - «Инабат, өтінемін, ойыншықты берші». т. б.
Негізінен, сюжеттік - рөлдік ойындар – мектеп жасына дейінгі баланың әрекет түрінің бастысы. Бұл ойын бала бойында жылы қарым – қатынас, әдептілік ережелерінің тәрбиеленуіне, мәдениетінің толығуына ықпал етеді. Ойын балаға қиялындағы мүмкіндіктерді байқауға жағдай жасайды, ол рөл арқылы біреуге ұқсағысы келеді. Ұқсай отырып, жаңа нұсқада бейне жасап, олармен іштей әрекет ету және қиялдау мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуындағы жаңа бір басты құрылымы болып табылады.

С. Торайғыров «Баланың қанына ойын азық»,- деп бекер айтпаған. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным – түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғынады, бір – бірінен ептілікті үйренеді, дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады, психологиялық таным қабілеттерін арттырады, біліктілік дағдыларын кеңейтеді. Ойынды тек баланы алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез – құлқының қалыптасу құралы деп қарап, тиімді пайдаланғанымыз жөн.

Қорыта келгенде, ойын:
1. Әр түрлі жастағы балаларды өз еркімен дамыту әрекетінің түрі;
2. Бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айналаны қоршаған әлемді тани, сезіне білуі, өзін – өзі тануы, өзін – өзі көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады.
3. Даму тәжірибесі, бала ойын үстінде дамиды, даму үшін ойнайды.
4. Балалар қарым – қатынасының негізгі ортасы, ойын барысында құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым – қатынас қалыптасады.













Баяндама

“Оқытудың жаңа мазмұнын енгізудегі ойын әдісінің маңызы”

Мақсаты:
-Балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс - әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау.
Міндеттері:
- баланың танымдық қабілетін дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай жүйрік етіп тәрбиелеу.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл - ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан - ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Халық даналағында «ойнай білмеген ойлай да білмейді» дейді. «Ойында озған, өмірде озады» деп жатады. Осы сөздердің сырына жүгінсек, біз 2 - 5 жастағы балақайлардың біз ойын арқылы сөйлеу тілін, олардың достарымен қарым қатынас жасауына және де мінез - құлықтарының дұрыс қалыптасуына үлкен көмек көрсетеміз.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту - тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп - салдарлық байланысты және тәуелділікті анықтауға тырысады. Айналадағы өмір құбылыстарын, ерекшеліктерін байқай отырып, білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік - жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан - жақты дами алады.
Ойын ұғымына түсініктеме берсек 
– бұл адамның мінез – құлқын өз басқаруымен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізгі іс – әрекеттің бір түрі.

Ойындар. Слайд 3 “Зат неге ұқсайды?”

Мақсаты:

-геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту;

-айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата

білу дағдыларын дамыту.

Шарты:

Үстелдің үстінде геометриялық пішіндерді немесе геометриялық денені еске салатын заттар мен суреттер жатыр.Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге немесе денеге ұқсайтындығын айтады.Әр суреттің қасына затқа ұқсас геометриялық пішіннің суретін салады.

Слайд 4.Төлдерін тап

Мақсаты: Балалардың төрт түлік малмен және оның төлдерімен таныстыру.

Шарты: Төрт түлік малдың қасына төлдерін сәйкестендіріп қою, оларды сипаттау.

Ашық сабақ Үй жануарлары мен жабайы аңдар. Балалар постарге

Жаңа қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыруда баланың жасын, даму ерекшелігін, айрықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек, дене, эстетикалық тәрбие, сапасын жақсарту қажет. Баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа технологиялар қызықтырады. Бала тәрбиесінде жаңа технологияны қолдану – баланы жан− жақты терең ашуға, оған бағыт бағдар беріп жағымды әсер етуге, зейінін көтеруге, белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.

Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі.

Бала бақылау, оқыған кітап, естіген ертегі арқылы айналасын таниды. Олардың түсінігі алғашқы кезде айқын болмайды. Тәрбиеші баланың түсінігін дидактикалық ойындар арқылы нақтылап, дамытып саналы түрде түсінуін өрістетеді. Мысалы, бір заттың түсін атаңдар? Бояудың қандай түрін білесіңдер? Үй жануарларының үшеуін атаңдар. Бала дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты жаңа білімді меңгеріп, түсінігін тиянақтайды.

Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.

Шаштараз» сюжеттік-рөлдік ойыны.

Мазмұны: 1. Шаштараз мамандығы жайлы балалардың білімдерін кеңейту. 2. Шаштаразшылардың құралдары жайлы білімдерін тиянақтау 3. Шаштараз мамандығын меңгерген адамдарға қызығушылықтарын арттырып, еңбектерін құрметтеуге

«Дүкен» сюжеттік-рөлдік ойыны.

мазмұны: 1. «Сатушы» мамандығы бойынша жұмыс істейтін адамдар жайлы балалардың білімдерін кеңейту. Еңбектің мәні туралы ойларын толықтыру. 2. Ойын барысында сатушы мамандығы жайлы балалардың білімдерін тиянақтау. 3. Ойынды рөлдерге бөліп ойнауға үйрету. Ойын барысында балалардың арасындағы жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. 4. Балалардың сатушы мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру және адамгершілікке тәрбиелеу.

Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақта , қысқа да болуы мүмкін.
Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманның бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз.

Қорытынды: Балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ол балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Сондықтан да мектепке дейінгі білім беру жүйесінде әр сабақта ойындарды пайдалану өте тиімді.



Назарларыңызға рахмет








Сабақта жүргізілетін"Жалғасын тап" деген ойын толық емес сөйлем берілген кезде қолданылады.Балалар қабілеттеріне қарай сөйлемді жалғастырып әкетеді."Ұйқасын тап" ойыны балаларды шығармашылыққа баулиды.Өлең жолдарының алғашқы қатары беріледі де,келесі қатарын балалар ойластырады." Ойын жүргізу аяқ астынан ойластырылмайды.Тәрбиеші белгілі мақсат көздеп,сабақ жоспарына енгізіп,арнайы көрнекіліктер дайындайды.Балаларды түгел қатыстыра отырып,оларды шешім қабылдауға,ойын үстінде тез ойлана білуге жетелеу-тәрбиешінің міндетті.

Психолог А.С.Выготский "Бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы,іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адамдар секілді көрінеді",-деп дәлелдеген.Осыдан -ақ ойын әрекетінің баланың даму сатыларына жетелейтінін көруге болады. Қорыта келгенде,әрбір ойын элементтерін балалардың деңгейіне қарай таңдап ала білсе,қолдана білсе болғаны.



























Жобаның тақырыбы:

Балалардың танымдық қабілеттерін ойын арқылы дамыту

Жоспар:

1. «Балалардың танымдық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруда ойындар технологиясын қолданудың тиімділігі»
2. Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамыту.

Өзектілігі:

2.Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.

Мектеп дейінгі балалардың өзін-өзі дамыту үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдалану - бүгінгі күні білім беру саласындағы өзекті мәселе.

Балаларды заман талабына сай коммуникативті қасиеттер мен эстетикалық талғамы – сезімі жоғары, ұшқыр ойлы, белсенді, креативті, кез-келген ортаға бейімделетін, өзін-өзі ұстай алатын тұлға қалыптастыру басты міндетіміз.

Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.

3. Мақсаты: Дидактикалық ойын негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген мотивацияцын тудыру және қызығушылық іс-әрекетін ұйымдастыру

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық
қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес»
В.А Сухомлинский.
4.
Міндеттері:

  • 1. Дидактикалық ойын негізінде баланың қызығушылығын туғызу;

  • 2. Оқу-іс әрекетінде баланың белсенділігін арттыру;

  • 3. Оқу-тәрбие үдерісінде балаларды дұрыс сөйлеу мәнеріне үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдануға бағыттау.

Жаңа қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыруда баланың жасын, даму ерекшелігін, айрықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек, дене, эстетикалық тәрбие, сапасын жақсарту қажет. Баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа технологиялар қызықтырады. Бала тәрбиесінде жаңа технологияны қолдану – баланы жан− жақты терең ашуға, оған бағыт бағдар беріп жағымды әсер етуге, зейінін көтеруге, белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.

5.Күтілетін нәтиже.Балалардың дидақтикалық ойын арқылы даму деңгейі көтеріледі;

Шығармашылық қабілеттері дамиды;

Тәрбиеленушілердің сөйлеу дағдылары қалыптасады

Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті қарапайым білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгеріп отырып олардың ой− өрісін, білім дағдысы деңгейін,кеңейту, сана сезімін, таным қабылдау әрекетін дамыту, білімге қызығушылыққа баулып, баланың өздігінен еңбектену белсенділігін қалыптастыру қажет. Осындай мақсатта қоғам дамуының айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі- ақпараттану болғандықтан, бүгінгі адамзаттың шығармашылық әрекетінің нәтижесі компьютердің де маңызы зор. Оқу іс-әрекеттерінде интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қызықты өткізуге тырысамын.
Инновациялық технологиялардың ерекшелігі – білімді жатқа меңгерту емес, балалардың өз бетінше меңгеруіне ұмтылатындығында. Ол есту, көру қабілеттерін арттыруға, сөздік қорын ауызша дамытуға бағытталады. Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқыту арқылы балаларды мынадай жетістіктерге қол жеткіздім.
6.
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық

қабілетін дамытады, ойынсыз

ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін емес».

В.А. Сухомлинский.

Әр бала өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланды, әр баланың жеке қабілеті анықталды;
бір−бірімен бәсекеге түсе алады, өзін – өзі бағалай алады, қорытынды жасай алады.
Білім саласындағы өзгерістерді нәтижелі шешу үшін, оқыту үрдісінде инновациялық технологияларын, соның ішінде шет елдік тәжірибелерді, З. А Михайлова, Мария Монтессори мектебінің элементтерін біз пайдаланып келеміз. Себебі, осы авторлардың педагогикасының негізі әдіс тәсілі дамытушы ортадағы балалардың еркін іс-қимылы, ойыны мен қызығушылығын дамытады.
Ойынның барлық кезеңдерінде баланың қабілеттерін дамытудың алдын алуға жағдай жасайды; өз деңгейіне өзінше көтеріле отырып, бала одан әрі нәтижелі дамиды. Бала ұқыптылыққа үйренеді, өз бетінше әрекет етуге тәрбиелейді, тез әрі тереңнен ойлау қабілетін дамытады.
Еліміздің өсіп –өркендеуіне сай, заман талабына жауап беретін рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған, қоғамдық өмірге икемделген, білім мен өмір заңдылықтарын түсінген, қоғам мен мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілікті сезінетін, салауатты өмір салтын саналы түрде, таңдаған өркениетті елдің азаматын тәрбиелеу білім беру ұйымдарына жүктеледі.
7.
Ойын кезінде баланың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез-құлқы қалыптасады.Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, демалдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді
8.
Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.Ойын түрлері: Логикалық, ұлттық, рольдік,сюжеттік, қимылдық, дидактикалық, шығармашылық.«Ойнай білмеген, ойлай да білмейді» − деген аталы сөздің сырына жүгінсек, мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ойынға деген ынтасы, қарым− қатынасы, мінез- құлық көріністері − олар өсіп есейгенде де жалғаса беретіні сөзсіз.

Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп нақтылай түседі.

9.Бала бақылау, оқыған кітап, естіген ертегі арқылы айналасын таниды. Олардың түсінігі алғашқы кезде айқын болмайды. Тәрбиеші баланың түсінігін дидактикалық ойындар арқылы нақтылап, дамытып саналы түрде түсінуін өрістетеді. Мысалы, бір заттың түсін атаңдар? Бояудың қандай түрін білесіңдер? Үй жануарларының үшеуін атаңдар. Бала дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты жаңа білімді меңгеріп, түсінігін тиянақтайды.

10.Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі – бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет.

11.К. Д. Ушинский баланың ойынға деген қызығушылығы жөнінде былай дейді: «Ойын- балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс- әрекет көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық, өмірге қарағанда терең қаланады.»

12. Дидактикалық ойын «Қауіпті заттар»?

Мақсаты:

Балалардың өмірімізге, денсаулығымызға қауіпті заттар туралы түсініктерін қалыптастыру, бекіту.

Ойынның жүрісі:

Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттердің ішінен қауіпті заттарды табуды ұсынады және оның қандай қауіп әкелетінін.

13. Дидактикалық ойын «Бағдаршам не дейді?»

Мақсаты:

Бағдаршам көздерінің түстерімен таныстыра отырып, оның беретін белгілері туралы түсінік беру және ол белгілер бойынша жүргіншілердің іс - әрекеттерімен таныстыру, бекіту.

Ойынның жүрісі:

Тәрбиеші бағдаршам макетін ұсынып оның көздері не деп тұрғанын, қандай белгі беріп тұрғанын сұрай отырып, сол белгіге сай қимыл әрекеттер жасауын қадағалайды.

Қорытынды: Дидактикалық ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ол балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Сондықтан да мектепке дейінгі білім беру жүйесінде әр сабақта дидиактикалық ойындарды пайдалану өте тиімді.

Назарларыңызға рахмет.
















қарапайым математикалық ұғымдарды дамыта меңгертуді, жетілдіруді өз мақсатым деп білемін. Мысалы «Не артық», «Лабиринт», «Көршісін тап», «Кім шапшаң?» сияқты ойындар арқылы есту, байқағыштық, зейінін жетілідіріп, тапқырлық мақсатын көздедім. Өзім еңбек ете жүріп көңіліме түйгенім – баланың тілін, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жұмыстармен қатар математикалық ұғымдарды оларды терең меңгеруіне, ойлауына мүмкіндік беру бүгінгі өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің ертеңгі болашағын айқындауда, тәрбиешілердің өз ісінің жеткілікті нәтижесін бағамдауы тиімді екені сөзсіз.
Ересектер тобында ойындар мазмұны күрделене түседі. «Дәріхана», «Супермаркет», «Шаштараз»,«Пошта», «Асхана» т.б ойындар арқылы жүргізілген жұмыстар баланың танымын, түсінігін жан − жақты байыта түседі.Түрлі жаттығулар арқылы балалардың зейінін ашу. «Зейін» деп психикалық әрекеттердің айналадағы заттар және құбылыстарға бет алып, бағытталып түйдектелуін айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуымыз үшін қажет. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылып, толығырақ, ашығырақ сәулелендіру үшін психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақтауымыз үшін қажет. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ, ашығырақ қабылдауға болмас еді. Адамның күнделікті тұрмысында да, еңбекте де зейін үлкен орын алады. Зейін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады. Сонымен, бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейіпінен де (дененің, бастың, көздің, түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу , т.б.) жақсы көрінеді. Түрлі тәсілдер арқылы бала зейінін арттыру балабақшадағы, мектептегі барша тәрбиеші- мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті нәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет. Зейінді дамытуға араналған жаттығудың мақсаты:
баланың қызығушылығын қарым-қатынас деңгейін, жаңа ортаға бейімделуін, ішкі энергиясын, лидерлік қабілетін анықтауды қамтамасыз етеді және де бала туралы жалпы мағлұмат алуға мүмкіндік береді.
Психологтардың айтуынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде, еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Дидактикалық ойын – балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды құрал. Оның нәтижесі – балалардың білімді игеруде, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Әрбір сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалануға, түрлендіріп ұйымдастыруға тырысуымыз қажет. Сөздік-қимылды ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар, тақпақтар, ертегілер және суретті кітапшалар қолдану балалардың қиялын шарықтатып, дамытады.
Тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында “Ғажайып қоржын”, “Кім не істеді?”, “Дыбысына қарап таны”, “Төлдерін ата”, т.б. ойын түрлерін пайдалану арқылы балалардың сөздік қоры молайып, есте сақтау қабілеті дамитынын байқаймыз.
Математика сабақтарында қолданған “Кім тапқыр?”, “Сиқырлы сандық”, “Қай сан жоқ?”, “Тез жина”, “Қай пішін жоқ?” сияқты ойындар барысында қызығушылығы туып, белсенділігі артатынын және логикалық ойлау қабілеті дамитынын аңғарамыз. Ал айналамен танысу сабақтарында қолданған “Қай мезгіл?”, “Жеміс жинау”, “Не қайда өседі?”, “Жапырағынан таны”, “Кім жылдам?”, т.с.с. ойындардың тапсырмаларын орындау кезінде балалар өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады және табиғатты аялауға, қорғай білуге үйренеді.
Дидактикалық ойындар балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімділікке, үлкендерді қадірлеуге, құрметтеуге баулиды. Балалар алған білімдерін ойын барысында көрсете білуге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, әділ болуға, қиындық кезінде көмектесуге, өз ойларын жеткізе білуге, қиялының дамуына, қиындықты ақылмен жеңе білуге жаттығады. Ойын барысында балаларды анық, асықпай сөйлеуге және айтқан сөзді, сөйлемді дұрыс түсініп қабылдай білуге, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады. Баланың ойыны ересек адамдардың еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Осының бәрі баланы мектепке даярлайды.
Ойын – балалар үшін қоршаған ортаны танып-білудің ең жеңіл де ұтымды тәсілі. Сюжетті-рөлді ойынның ерекшелігі сол, оны балалар өздері жасайды. Мысалы, “Дүкен” ойнағанда балалар сатушы мен тұтынушының, “Кітапханада” кітапханашы мен оқырман, “Отбасыда” әке мен бала немесе ана мен бала, “Емхана” ойынында дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктейді. Көптеген балалар дәрігерлерден қорқады. Бала санасында дәрігерлердің жағымды бейнесін құруға көмектесетін – “Емхана” ойыны. Ол үшін емделуші мен дәрігер рөлдік ойынын пайдаланамыз. Дәрігер міндетті түрде ақ халатта болуы керек және тәрбиешінің өзі болғаны абзал. Келесіде дәрігер мен науқастың рөлдерін ауыстыруға да болады. Оған заттар дайындалады: дәке, мақта, дәрілер, т.б. Балаларға ойын барысында шын дәрілерді, инесі бар шприцті беруге мүлде болмайды, тіпті, бала тәрбиешілердің көз алдында болса да рұқсат етілмейді. Қазіргі кезде дүкендерден “Емхана” ойынына арналған көптеген ойыншықтарды кездестіруге болады. Олар пластмассадан жасалған және өте қолайлы. Балаларға “103” жедел жәрдемге қоңырау шалуды үйрете отыра, ойын барысында ненің қауіпті және ненің қауіпсіз екенін түсіндіріп отыру керек. Қуыршақтың іші ауырған болса, ең алдымен себебін анықтап аламыз. Себептері мынадай болуы мүмкін: қол жумай тамақ ішуі, жемістер мен көкөністерді шала жуып жеуі, кез келген затты ауызына салуы сияқты жайттар. Аю аяғын жарақаттап алған болса, жол үстінде ойнауы, оның абайсыздығы, т.б. Мұның тигізер кесірін де айта кету артық етпейді. Мысалы: олар енді ұзақ уақыт ауруханада жатады. Кей жағдайларда мүгедек болып қалу қаупі де бар деп түсіндіре кеткен жөн. Осы ойынды ойнау барысында балалар дұрыс, қате әрекеттерді ажыратуға үйренеді, мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық, қамқорлық сияқты сезімдері оянады. Міне, осындай және басқа да сюжетті-рөлді ойындар барысында балалардың танымдық қабілеті қалыптасады, балалар өзін-өзі танып, ойы шыңдалады, қоғамдық тәжірибені меңгереді, ұжымдық қарым-қатынасқа үйренеді.

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек.
Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «…өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар…». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады
Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді». Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана отырып алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар ұжымын топтастыруға күш салу керек.
А.С.Макаренко ойынның балалар өмірін ұйымдастырудағы ролін жоғары бағалай келіп, тәрбиешінің ролі туралы былай деп жазды: «Мен де педагог ретінде олармен аздап ойнауға тиіспін. Егер мен тек қана үйретіп, талап етіп, айтқанымды істетіп тұрсам, онда мен, бәлкім, пайдалы, бірақ жақындығы жоқ бөгде күш қана боламын. Мен міндетті түрде аздап ойнауға тиіспін және мен өзімнің барлық әріптестерімнен осыны талап еттім».
Дидактикалық ойын – оқушы қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Дидактикалық ойындарды пайдалану мселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.
-Дидактикалық ойындарды оқыту әдісі ретінде қолданған кезде, сабақтарда қызығушылық элементтерін қолдану жолдарын көрсету.
- Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытқан кезде, дидактикалық ойыншықтар мен материалдарға көбірек көңіл бөлу арқылы балалар белсенділігін арттыру.
Нәрестелерге ойындардың мәнділігін, оларды өткізудің әдістерін ойластыра отырып балаларға әсер ете білу, дидактикалық тапсырмаларға барлық балаларды қамтуға тырысу, ойын-сабақтар арқылы тиімді білім беріп, «қабылдау, ойлану, сөйлеу» психикалық процестерін жетілдіру, баланың ойлау және қиялдау қасиеттерін дамыту.
Білім беру процесін ұйымдастыруда пайдаланылатын әдістемелік тәсілдердің бірі «ойын», және «жаттығу». Бұл әдістемелік тәсіл ашық алаңда өткізіліп, балалардың емін-еркін әрекет етіп, топта жақсы көңіл күй туғызатын, жаңадан өтіп жатқан материалдар бойынша игерген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған әдіс. Ойын әрекеттері мен жаттығулар жүргізу арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалардың ойын әрекеті қашан да олардың арасында белгілі бір өзара қарым-қатынастың пайда болуы және дамуымен байланысты. Ойында әр баланың ұстанымы белсенді болады: ол өзі ойнағысы келгенде және ойынға қызыққанда ойнайды, ойнауға керек жолдасты белсене іздейді, олармен белгілі қарым-қатынаста болады. Балалар ойынды өздері ойлап табады, ұйымдастырады, өздері ойнайтын топ құрады, олардың құрамын да өздері өзгертеді. Балалар ұжымдық ойнау кезінде топтасады, сөйтіп олардың арасында жолдастық қатынастар қалыптасады. Мұндай ойындар мен жаттығулар, қызығы да құпиясы мол танымдық ойын тапсырмалар арқылы балалардың танымдық қызығушылықтары артады, ізденгіштікке, тапқырлық пен алғырлыққа, ұшқыр ойлай білуге, табандылыққа үйретеді, құрбыларымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгертеді.Сондай-ақ ой-өрісті кеңейтіп, балалардың зерделі тынығуларына мүмкіндік береді.
Жалпы педагогикалық процесте ойын, оқу-тәрбие жұмыстарының құрамы ретінде кең пайдаланылады. Ойын баланың дүниетанымын кеңейтумен қоса, мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпалын тигізетін жетекші құрал. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды.
Өйткені алдымен ненің болсын бастар қайнар көзі болатын белгілі. Демек, ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Ойын көп жоспарлы, күрделі педагогикалық процесс болғандықтан кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудағы ойындық әдіс болып табылатын оқыту формасы балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі құрал. Сонымен бірге, ойын балалардың психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді.
Ойын –бір жағынан баланы бірден қуаышқа бөлесе, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған. Өйткені ойын барысында келешек өміріне ықпал ететін рухани адамгершілік сезім, қасиеттер мен дағдылар, икем қалыптасады. Сонымен бала өмірінен маңызды орын алатын оқытудың бір түрі-ойын, жаттығулар екені анық. Олай болса «оқыта отырып ойнайық, ойната отырып оқытайық» деген пікірді ұстана отырып, балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы көп.Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп есейгенде де жалғаса береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақта , қысқа да болуы мүмкін.
Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманның бағыт- бағдармен, тыныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз.
Мен өз тәжірибемде оқу іс әрекетерді ойын түрінде өткізгенді жөн көрем. Себебі, ойын арқылы бала материалды тез ұғынады.Балалардың есте сақтау қабілетін, қиялын,қабылдау қабілетін,зейін тұрақтандыруға,аңғарымпаздық қабілетін дамытуға арналған ойындар топтамасын ұсынып отырамын.
Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсерді ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр. Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады :
а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) эстетикалы қ тәрбие беру - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі-ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.
Тұжырым:
Ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді, тәрбиелейді.Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады . Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді, дене күшінің жетілуіне көмектеседі.



















«Көкжота орта мектебі» КММ















Тақырыбы: “Оқытудың жаңа мазмұнын енгізудегі ойын әдісінің маңызы”

Баяндама







Тәрбиеші: Сабиева Э.К.







2018-2019 оқу жылы



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
8375
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі