400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы дефектолог-логопедтің тиімді әдіс-тәсілдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша дефектолог-логопедтері,тәрбиешілер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы дефектолог-логопедтің тиімді әдіс-тәсілдері.

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі де, бірегейі де ұрпақ тәрбиесі. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын ұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру бүгінгі күннің басты ісі. Бүгінгі балабақшаларындағы оқу -тәрбие жұмысының сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек дегенде, ең бастысы сабақ формаларымен оның құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін жетілдіру.

Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез- құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды.
Өз жұмысымда балабақша ұжымының алдына қойған мақсатымен ұштастырамын. Жаңа технологияны, әдіс  - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Ең басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде, балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып
- балалардың сөздік қорларын дамытамыз;
- жаңа сөздерді меңгертеміз;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отырамыз.

Ата-аналар үшін жадынама.

Құрметті ата-аналар!

1. Өзіңіздің балаңызбен барлық жағдайда сөйлесіңіз, тамақ дайындау, жинастыру, киіндіру-шешіндіру, ойын, серуендеу және т.б. Не істеп жатқаныңыз туралы, баланың не істеп жатқандығын көріп, басқа адамдар не істеп жатқандығын және балаңыздың не көргендігін айту.

2. Сөйлегенде асықпай, қалыпты темпте, интонациямен сөйлеу.  

3.  Сөйлегенде, ДҰРЫС сөйлеу тәсілін қолданыңыз. Сіздің сөйлемдеріңіз баладан 1-2 сөзден ұзағырақ болуы қажет. Егер балаңыз бір сөзді сөйлеммен ғана шектелсе, ал сіздің сөздеріңіз 2 сөзден құралу керек.

4. АШЫҚ сұрақтар қойыңыз. Бұл балаңыздың бірнеше сөздерді жауап үшін қолдануына ынталандырады. Мысалы, сұраңыз «Не істеп жатырсың?» Егер бала жауап беруге қиналса, сұрақ қоярда немесе деген сөзді қолданыңыз. Мысалы «Бала секіреді немесе жүгіреді?».  

5.  Уақытша үзілісті ұстаңыз, баланың сөйлеуіне және сұрақтарға жауап беруіне мүмкіншілік беріңіз.

6. Бізді қоршаған дыбыстарды және шуларды тыңдаңыз. Балаға айтыңыз «Тыңдашы ит қалай үреді, ал мына жел шулайды» және т.б. Содан кейін сұраңыз «Бұл не?» Бұл иттің үргені, желдің гулегені, ұшақтың моторы, жапырақтар сыбдыры, өзеннің ағысы және т.б. болуы мүмкін.

7. Қысқаша әңгіме, болған жағдайды айтып беріңіз. Содан кейін балаға осы жағдайды Сізге немесе басқаға айтуға көмектесіңіз. Қиындық туған жағдайда, балаға бағыттайтын сұрақтар қойыңыз.

8.  Егер бала тілінде бірнеше сөздер ғана қолданса, оған жаңа сөздермен тілін көбейтуге көмектесіңіз. 5-6 сөздерді таңдап (дене мүшелерінің бөлігін, ойыншықтар, азық-түліктерді) және оны балаға атаңыз. Балаға осы сөздерді қайталауға мүмкіншілік беріңіз. Бала оны дұрысты айтады деп тоспаңыз. Баланы жандандырыңыз және оларды айтуды жалғастырыңыз. Содан кейін, бала қалай осы сөздерді айтты, 5-6 жаңа сөздер енгізіңіз. Сөздерді қосуды бала көптеген заттарды білмейінше, қошаған ортаны білмейінше жалғастыра беріңіз. Баламен күнде дайындалыңыз.

9. Егер бала бір сөзді ғана айтса, онда оны қысқаша сөздерді айтуға үйретіңіз. Балаңыз білетін сөздерді қолданыңыз. Оған түстерді, өлшемдерді, жағдайларды қосыңыз.

10. Көп сабақтарды ойын түрінде өткізіңіз. Баламен жұмыс тілді қайталауды белсендіру қажет, байланыс тілін қалыптастыру, еске сақтауын және көңілін дамыту қөажет.

Ұмытпаңыз: Баламен ойнап үйретіңіз.

Сіздің балаңыз ең керемет!

ЛОГОПЕДТІҢ ҰСЫНЫСТАРЫ
Балалардың тіл дамытуындағы кемшіліктерін дамытуда қол саусақтарының аздаған моторикасының ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. Баланың түймелерін ағытқаны және салғаны, бауларын шешуі мен тағуы, саусақтарының координациясының жетіспеушіліктерін көруге болады.

Дәлелденген, қол саусақтарының аздаған моторикасын қалыптастыру бойынша арнайы жұмыстар тіл дамуына қайырымды ықпал етеді.
Ойындар және ойынды қабылдаулар.

Баулаулар: дайын сатылатындар (ағаш және пластмассалар) түйме түрінде,башмактар, үйлер, жануарларжәне т.б. Осындай фигураларды картоннан және қатты материалдан ойып алуға болады, контур бойынша тесіктер істеуге болады. Қарапайым баудың көмегімен бала ойыншықтың аяқ киімінің бауын байлайды және т.б.

Қызықты картинкалар: ермексазды картон бетіне біркелкі қылып жаяды. Балаға бұршақтармен немесе басқа да дәндермен түрлі картинкаларды жасауды ұсыныңыз: гүлдер, теңіз, (кеме мен толқындарды), аквариумды (балықтарды) және т.б.

«Қоршап шықшы»: трафераттарды басу, түрлі заттарды суреттейтін,  басу, қию. «Тігіпе шық» басу бойынша картонда жай заттардың суреттерін басып шығу.

Өол саусақтарының моторикасын дамытуға жақсы түрлі мозаикалар әсер етеді.

Осы ойындардың барлығы саусақтарды және тілді ғана емес, сонымен қатар ойлаудың образды-кеңістігін қалыптастырады, сезімталдықпен қабылдаулар, шығармашылықты фантазиясы мен баланың логикасын қалыптастырады.
Логопедтік сабақтар дыбысты дұрыс айтуды бұзылуын түзету бойынша аптасына екі-үш рет – жеке, тілдің бұзылудың қиындығына қарай жүргізіледі.

Үй тапсырмаларын орындауда келесі бірнеше жағдайларды сақтау қажет:
1
. Үй тапсырмаларын орындауға кіріскенде сіздің балаңыз дені сау, тоқ, тыныш болуы керек.
2. Баланың біліктігін құру қажет, түсіндіру, дыбысты дұрыс айту оңды жағын жеке түсіндіру, нақты және түсінікті тіл.
3. Үй тапсырмасы ж
үйелі, нақты логопедтің ұсыныстары бойынша күнделікті орындалады.

4. Баланың міндетті түрде үй тапсырмасын орындайтын орны болу қажет, бір айнамен жабдықталған болуы керек «тапсырмаларды орындау уақытында баланың өзін-өзі бақылауына мүмкіншілігі үшін), қағаз сүрткілер, түрлі-түсті қарындаштар т.б артикуляциялы жаттығуларды орындау үшін қажет.
5. Тапсырманы бала өз орындауы қажет, ал ата-аналары оның дұрыс орындалуын және қажет кезінде түзетулері қажет, бақылаулары керек.

6. Егер бала орындау уақытында шаршаса, оған міндетті түрде демалу қажет. Егер бала сол уақытта дайындалғысы келмесе, сабақты кейінге қалдыру керек, бірақ тапсырмаларды кештеу орындау қажет.
7. Балаға ешқашан ұрыспаңыз, тапсырманы орындай алмай жатса, қолдап, келесі тапсырманы орындау керек, өзіне деген сенімділікті орнату және алынған біліктерін жоғалтпауға тырысу керек.
8. Баланы жиі мақтаңыз, өзінің деген күшіне сенімділікті қалыптастырыңыз, жемісті жағдайларды жасауға тырысыңыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.02.2019
1000
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі