жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама "Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін ойындар арқылы дамыту" ортаңғы топ
Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
"Айналайын" балабақшасы
Баяндама
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін
ойындар арқылы дамыту
Орындаған : Рахимова А.Ж
Кіріспе
Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті –
ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану,
еңбекке танысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде
қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық
құбылыстарды, қоғамдағы ересек адамдардың іс - әрекетін өз
түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның
шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен,
өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды
өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды,
сонымен бірге ойлайды, аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге
талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай - ақ заман
ағымына да белсене қатысады.
Балабақшаларда оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту,
сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген
сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс -
әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге
жаттықтыру.
Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеті. Ол арқылы баланың
рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы
түсінік алады. Адамды өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке,
батылдыққа, байсалдыққа, тапқырлыққа үйрететін де ойын. Бала үшін
ойын өзін - өзі жетілдіру мен өзін - өзі көрсетудің құралы. Баланы
ойынға қызықтыра отырып оқу іс - әрекетін ойын түрінде күрделендіре
түсу керек.
Баяндама
Егеменді еліміздің талабына
сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді
де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде.
Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын
ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу
мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына
баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын
өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны
ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала
қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы
жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде
дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып,
ойлау қабілетін ұштауға болады.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту,
сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген
сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті
іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге
жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап анықтап әрі байытып отыру басты міндет саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулар орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез – келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын – балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз – барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады. Тәрбиеші бақылау заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Сөйтіп бала топтағы жасына сәкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырап балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы, «Дәл осындай тауып ал», «Салыстыр да атын ата», «Қай ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап».
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау деген сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі балалардың белсенділігі және олардың іс – әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма –жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп , ақыл – ойы өсіп жетіледі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
Балалар саусағын ойната отырып тілін дамыту.
Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең- тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан – жануарларды, құстар және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтардың қозғалыс – қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып есінде сақтайтын болады. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайына әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі,әр қимылы көрсетіледі. Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі». Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді».Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады.Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған.Балалар осындай саусақ ойынын ойнап отырып өлең шумағын жатқа айтады.
Мысалы: «Моншақ».
Қызыл сары,көк моншақ,
Мен жасаймын көп моншақ.
Мұнда қатар екі қолдың бас бармағы мен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып моншақ тәрізді бейнелейді әрі оларды тізбектеп жасау-балалар үшін өте қызықты әрекет, қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді.Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруге дайындайды. Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзімен – өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салу, өзі ағыту, бауын байлау т.б. ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың, яғни жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.
Ойын түрлерінің
тәрбиелік мәні зор, ол әрбір адам денесінің дамып жетілуіне пайдасы
мол. Ойын үстінде балалардың бойындағы барлық дерлік психологиялық
процестері, сезімдері мен эмоциялары, ерік - жігер қасиеттері
шыңдалады, мінез - құлық айқындала түседі.
Бала өзіне жаңалық болып сезілген әрқилы нәрселерге еліктегіш
келеді. Бала осы қасиетімен өз қабілетімен ерекшеліктерін
аңғартады. Баланың жағымсыз мінезінің байқалатыны да осы тұста.
Тәрбиеші ойын барысында тілдің дыбыстық мәдениетінің барлық
жақтарын жетілдіруге, сұраққа толық жауап беруге, баланы үйретіп
отыруы керек.
Үлкендер өзіне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе,
мектеп жасындағы балалар сабақ үстінде, ал мектеп жасына дейінгі
балалар өз психологиясын ойын үстінде байқатады. Балалар ойын
арқылы күрделі әрекеттерді, білімді үйренеді және үлкендер де
үйретуге тиісті. Ойынның өз мақсаты, жоспары болады. Ойын мен
еңбектің бір - біріне ұқсас сипаттары көп, кейбір педагогтар,
ғалымдар «Жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, ал жаман ойын - жаман
жұмыс сияқты» деген. Баланың қуанышы мен реніші ойын арқылы
байқалады
Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшеліктері: бала ойланады,
эмоциялық әрекетке ұшырайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті,
қиял елестері дамиды. Мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен
дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өздігіндей
қуаныш, реніш сезімге бөленеді. Ойын арқылы балалардың сөйлемдерді
айту, сөйлем құрай білу, сурет бойынша әңгіме құрап айта білу,
сондай - ақ әр баланы сөйлете отырып өз ортамен қарым - қатынасқа
түсіп ашылуына себеп болады.
Ойындарда күтілетін нәтижелер:
1. Ойын - тәрбие құралы, ақыл - ойды, тілді ұштастырады, сөздік
қорды молайтады, өзін қоршаған ортаны танып, мейрімділік сезімге
тәрбиелейді.
2. Еркін мінез – қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны
жетілдіреді.
3. Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
4. Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
5. Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
6. Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан - жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық
және физиологиялық негіздері болып табылады. Ойын баланың көңілін
өсіріп, бойын сергітіп қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы танып
түсінуге де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып бір –
бірімен жақсы қатынаста болады. Ойын үстінде де бала өз денсаулығын
қимыл арқылы нығайтады. Ойынның қандай түрі болмасын атадан балаға
яғни ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмір
қажеттіліктерінен туады. Психологиялық жақтан денсаулықты нығайтуға
негізделген
Қорыта келе
айтқанда:
Ойын мектепке дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті. Ойын балалар
өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті
алғы шарты. Ойын арқылы балалар қоғамды тәжірибені меңгереді,
өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Бір сөзбен айтқанда, ойын баланың жан - жақты дамуын көздейтін,
оның тілін жаттықтыратын, қимыл - қозғалысын жетілдіретін,
белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым - қатынасын
реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады.
Ойын - бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер
ойнай отырып ойлай білсін.
Пайдаланылған әдебиет
1. Дүкенбаева.Г 2000ж
2. Бүлдіршіндерге арналған тілашар. Әдістемелік нұсқау.
3. Бала мен балабақша 2013ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген