Материалдар / Баяндама: "Мектепішілік бақылау- нәтижеге жетудің күре тамыры."
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: "Мектепішілік бақылау- нәтижеге жетудің күре тамыры."

Материал туралы қысқаша түсінік
Бақылау мен басшылық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2020
1091
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепішілік бақылау- нәтижеге жетудің күре тамыры.


«Бақылау- мақсат қою арқылы

ақпарат жинақтап, талдау»



Мақсат қоюшылық жэне талдау қызметтерімен терең байланысты мектепішілік бақылау басқарушылық қызметтің негізгісі болып есептеледі. Мектептегі бар жұмыстың түбегейлі нәтижеге жетуінің күре тамыры мектепішілік бақылауда тұрғанын байқаймыз. Мектепішілік бақылау оқушылардың білімі мен тәрбиелілігінің деңгейі жөнінде жүйелі мәлімет береді. Егер мектептің жұмыс жоспары нақты, жүйелі, мазмұнды жасалса, мектепішілік бақылау орынды қойылса, тиімді нәтижеге жетер едік. Басқару - ғылым және өнер. Басқару бұл шығармашылық үрдісі және мұнда тек арнайы білімдер мен басқару теорияларының жалпы негіздерінің білімі ғана емес, сол сияқты өндірістің белгілі бір бөлімшесінде пайда болған нақты жағдайларды дұрыс сараптамаланып, олардың талдауларынан дұрыс қорытынды шығару.

Мектептердің директорлары өзінің орынбасарымен, алғашқы әскери дайындық оқытушысымен, оқу бөлімінің меңгерушісімен, шаруашылық бөліміндегі директордың меңгерушісімен және басқа да қызметкерлерімен кеңесе алады. Бұл кеңесуде қалай жоспарлау және қалай жұмыс жиынының өткізілуі, жұмыскерлердің есептерін тыңдау, Пенитенциар мектептердің біріккен жұмыс жағдайы және базалық кәсіпорындар, оқушылардың жаңа қабылдау ұйымы, дайындық және жеке мейрамдардың өткізілуі туралы айтылады. Кезектегі жұмыстардың ұжымдық талқылау мақсаты - мектеп жетешілігі ретінде жалпы түрін анықтау, жетекшілердің іс-әрекетін келістіру.

Мектепішілік бақылаудың жетекші ұстанымдары төмендегідей болу қажет:

*Мүғалімдердің кәсіби және шығармашылық өсуін қолдау

*адамға деген оңды көзқарас

*өзара сыйласушылық және өзара толықтыру

*ақпараттық және мотивациялық негіздері

*салыстырмалы-талдаушылық көзқарас

*әдістемелік бағыт

*жүйелілік

*циклділік

*демократиялық, жариялылық және ізгілендіру *нәтижелердің жетімділігі және ашықтығы

*адамдарды өз қасиеттеріне сай сипатқа бөлу

*өз-өзін бағалаудың қалыптан тыс жолдарының болуы

*өзін түлға ретінде сақтай білуі


  1. Жалпы ережесі:

1.1 Мектепішілік бақылау- жоғарғы нәтижеге жету мақсатында педагогикалық қызметтің басты ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, ұжымның өзара жүйеленген қарым-қатынасын қадағалайтын оқу-тәрбие проңесінің жүргізілуінен ақпарат беретін қызмет түрі.

    1. Мектепішілік бақылау туралы ережені педагогикалық ұжым бекітіп,толықтырулар мен өзгерістер енгізе алады.

    2. Ереже бақылаудың мазмұны мен тәртібін қарастырады.

2. Міндеттері:

*білім беру саласындагы заңдылықтарды, мектептегі нормативтік құжаттардың жүргізілуін, педагогикалық кеңестің шешімінің орындалуын қадағалау;

*тәртіп бұзушылықтың себептерін анықтап, ескертулер бойынша шара қолдану;

*педагогикалық ұжым қызметінің сапалығын бағалау мен сараптау; *педагогикалық қызметтің қорытындысын оқып-білу, мектептегі нәтижелер мен кемшіліктерді анықтап, оларды болдырмау үшін озық тәжірибелерді тарату;

*мектепішілік бұйрық пен нұсқаулардың орындалуын талдау;

*бақылау кезінде педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету

Бақылау мазмұны:

  • ҚР «білім туралы» заңының орындалуы

  • Білім беру сапасында әдістемелік нұсқауларды пайдалану

  • Міндетті оқу бағдарламасын және оқу жоспарларын жүзеге асыру, бекітілген сабақ кестесін қадағалау;

  • Мектеп құжаттарының жүргізілуі /жоспар, сынып журналы, күнделік, дәптер, сыныптан тыс іс-шаралар журналы және т.б./

  • Оқушылардың білім, білік, дағдылары және білім сапасы

  • Мектеп ережесі, ішкі еңбек тәртібінің сақталуы

  • әкімшіліктік, ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстары, қорытынды аттестаңияның өткізілу тәртібін бақылау

  • шығармашылық топ, әдістемелік бірлестіктердің, кітапхана жұмысын бақылау

  • тәрбие жұмысы бағдарламасының жүзеге асырылуы және нәтижесі

  • оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және медициналық көмек көрсету

  • қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың денсаулығын сақтау

  • нормативтік актілер мен ұжым қабылдаған шешімдердің орындалуы

  • санитарлық талаптардың орындалуын бақылау

  • мектеп директорының сұрауы бойынша басқа мәселелер

Тексеру әдіс-тәсілдері:

  • сауалнама

  • тестілеу

  • әлеуметтік сұрақтар

  • мониторинг

  • жазбаша және ауызша сұрақтар

  • құжаттарды тексеру

  • әңгімелесу

  • бақылау жұмыстары.

Мектепішілік бақылаудың түрлері:

*тақырыптық /нақты бір сұрақ төңірегінде педагогикалық ұжымды, мұғалімдер тобын немесе жеке мұғалімді бақылау/

  • жан-жақты /ұжымды, әдістемелік бірлестік немесе нақты бір мұғалім қызметін жан-жақты танып білу/

*жеке /нақты бір мүғалім, сынып жетекшінің жұмысын бақылау/

  • сыныпты жан-жақты бақылау /сабақ және сабақтан тыс уақытта сынып оқушыларының бір ұжым ретінде қалыптасуына әсерін тигізетін фактілер және мәселелерді танып білуі/

*пәндік /мектеп бойынша белгілі бір пәннің жүргізілуін бақылау/

6. Ұйымдастыру

    1. Кез-келген мектепішілік бақылау барысы келесі сатылардан тұрады:

  • бақылау мақсаты

  • мұғалімді, сыныпты таңдау

  • бақылау жоспарын құру

  • қатысушылар тізімі

  • бақылау әдістері мен тәсілдері

  • бақылауға дейінгі қызметкердің, сыныптың жағдайы

  • бақылауға дейінгі бағасы

  • аталған кемшіліктер бойынша берілген нұсқаулар мен ұсыныстар

  • кемшіліктерді түзетуге белгілі бір уақыт белгілеу немесе қайта бақылау

6.2 Бақылауды мектеп директоры немесе оқу ісінің орынбасары, арнайы құрылған комиссия мүшелері жүргізеді.

6.3 Мектеп директоры тексеру мақсаты мен уақыты туралы бұйрық шығарады, тексеру қорытындысы мен ақпараттар тапсыру мерзімін белгілейді.

6.4 Тақырыптық немесе жан-жақты тексеру мезімі 15 күннен аспау керек, кемінде 5 сабақ немесе сыныптан тыс іс-шараларға қатысу шарт.

6.5 Тексерушілер қажетті ақпаратты сұрап, құжаттарды танып-білуге құқылы.

    1. Тексеру уақытысы алдын ала таныстырылғандықтан, мұғалімге алдын ала ескертпеуге де болады.

    2. Мектеп директоры немесе оқу-тәрбие ісінің орынбасарлары мұғалімге ескерту айтпастан , сабақтарына қатыса алады.

    3. Тексерудің басты себептері болуы мүмкін:

* педагог қызметкерінің аттестаңиядан өту туралы өтініші

  • жоспарлы бақылау

  • мұғалімнің кәсіби шеберлігінің немесе сыныптың білім сапасының жағдайы

  • ата-аналар тарапынан өтініш немесе қабылданған шешімдерге байланысты

    1. Тексеру қорытындысы сараптамалық анықтамада көрсетіледі, онда:

  • тексеру мақсаты

  • уақыты

  • комиссия мүшелері

  • тексеру барысында қандай жұмыстар атқарылды /қатысқан сабақтар, бақылау жұмыстары, әңгімелесу, қаралған мектеп құжаттары/

  • анықталған фактілер

  • қорытынды

  • ұсыныстар мен нұсқаулар

  • қорытындысы қайда қаралды /ӘБ отырысы, педагогикалық ішкі педкеңес/

  • орындаушының қолы мен уақыты

6.10 Бақылаушы педагогикалық қызметкер құқылы:

  • тексеру уақытын білуге және бағалау мазмұнын;

  • мақсаты, мазмұнын және тексеру әдіс-тәсілдерін;

  • әкімшіліктің қорытындысы және ұсыныстарымен уақытылы танысып тұруға;

  • тексеру қорытындысымен келіспеген жағдайда әкімшілікке хабарлауға;

6.11 Мектеп директоры қорытындысы бойынша келесі шешімдерді қабылдайды:

  • бұйрық шығару

  • қорытынды мәлімдемені талдауға

  • арнайы тексерушілермен қайта бақылау өткізуге

  • қызметкерлерді жауапкершілікке тартуға

  • қызметкерлерді мадақтауға

  • өз құзыры бойынша шешім қабылдауга

7. Жеке бақылау

7.1. Жеке бақылау нақты бір мұғалімнің педагогикалық қызметін танып-білу мен талдау жасауды ұсынады.

7.2. Жеке бақылау кезінде комиссия мүшелері қызметкердің өз санатына қойылатын талапқа сәйкестігін, кәсіби шеберлігін танып-біледі:

* педагогика ілімін, психологиялық және физиологиялық жас ерекшеліктерінің негізі бойынша білім деңгейін

* пәні бойынша білім мазмұнын, оқу-тәрбие саласы бойынша жаңа технология әдіс- тәсілдерін білуі

* білім процесінде қолайлы орта қалыптастыра білу дәрежесін

* өз тәжірибесінде түрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологияларды қолдана

білуін

* оқушылардың білім сапасы

7.3. Мұғалім еңбегін бағалауда ескеріледі:

  • мемлекеттік бағдарламаны толық орындауы

  • оқушылардың білім,білік,дағдылары

  • оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу деңгейі

  • оқушыларға жеке және жаппай қарым-қатынасы

  • қолайлы ортаны қалыптастыра білу шеберлігі

  • оқу бағдарламасын таңдай білуі

  • педагогикалық жағдаяттарда шешім қабылдай білуі

  • өз еңбегіне түзетулер енгізе білуі мен өз тәжірибесімен бөлісе білу

7.4. Жеке бақылау кезінде комиссия мүшелері құқылы:

  • Мұғалімнің лауазымдық міндеттерімен танысуға /тақырыптық-күнтізбелік жоспары, сынып журналдарымен, оқушылардың күнделігі, дәптерлері, ата- аналар жиналысының хаттамасы, тәрбие жұмысының жоспарлары/

  • мұғалімдердің сабақтарын және сыныптан тыс іс-шараларына қатыса отырып, тәжірибесін танып-білуге

  • мұғалім қызметі есебінің қорытындысын талдауға /бақылау жұмыстары/

  • мұғалімнің әдістемесін, тәжірибесін сараптауға

  • оқушылардың олимпиада, сайыс, көрме,конференцияларға қатысуын және нәтижесін анықтауға

  • әлеуметтік, педагогикалық,психологиялық зерттеулер жүргізуге сауалнама, оқушыларды тестілеуге және т.б

  • қорытынды жасауға

8. Сыныпты жан-жақты бақылау

8.1. Сыныпты жан-жақты бақылау нақты бір сыныпта жүргізіледі.

8.2. Сыныпты жан-жақты бақылау аталған сыныптағы оқу-тәрбие процесі туралы жалпы мағлұмат алуға арналған.

8.3. Бақылау кезінде оқу-тәрбие саласына байланысты сыныптағы барлық жұмыстар тексеріледі:

  • барлық пән мүғалімдерінің қызметі

  • оқушылардың танымдық, білім алуға қызығушылығын ояту мақсатында атқарылған іс-шаралар

  • оқушылардың білім, білік, дағдылары, мектеп құжаттары

  • өз бетінше білім алу, талдау, жетілдіру, іздену қажеттілігінің деңгейі

  • мұғалім және оқушының бірлескен еңбегі

  • оқу бағдарламасының орындалуы /теориялық және практикалық бөлімі бойынша/

  • оқыту барысында мүғалімнің жаңа технологияларды қолдануы

  • жеке және жаппай оқыту

  • ата-аналармен жұмыс

  • тәрбие жұмысы

  • сыныптағы әлеуметтік-психологиялық ахуал

8.4. Сыныптарды тексеру тоқсандық, жартыжылдық, оқу жылының қорытындысы бойынша бақыланады.

8.5. Сыныпты жан-жақты бақылау қорытындысы бойынша директор немесе оқу ісінің орынбасары жанындағы отырыс, сынып сағаттары, ата-аналар жиналысы өткізіледі.

3 Өткен оқу жылындағы барлық жұмысқа талдау жасау;

  • Жоспардың жобасын дайындауда ,ол мазмұнды, терең болу, үстіртін болмау үшін мүғалімдерге оқушыларға ата-аналарға жаңа оқу жылына жоспарлауды жетілдіру бойынша пікірлерін,тілектерін білдіретін сауалнамалар ұсыну керек .

  • Сараптама қорытындысы –педагогикалық ұжымның мүмкіндігіне,сұранысына ,қызығушылығына жұмыс жасайтын мазмұнды ,жан-жақты жоспар дайындауға жақсы дәлелді материал болып табылады;

  • Жылдық жоспардың орындалу өлшемін сараптағанда жоспар бойынша орындалған және орындалмаған жұмыстардың орындалмаған жағдайда орындалмау себебін салыстыру;

  • Кеткен кемшіліктерді анықтау;

  • Талдау, сараптау және кемшіліктер негізінде мақсатын анықтау;

  • Шешу жолдары мен міндеттерін нақтылау;

  • Күндік, апталық ,айлық ,жылдық жұмыстарды әр бөлім бойынша жоспарлау;

  • Жылдық жоспардың жобасын педкеңесте бекіту;

  • Жылдық жоспарды жоспарлау кезінде оның мазмұнына, құрылымына, жоспарланған жұмыстарды іске асыру түрлерінің құқықтылығына назар аудару;

  • Жоспарлау талдауы ғылыми негізделген принциптер негізінде жүзеге асырылады:

  • Ғылымилығы;

  • Сараптамалық негіз принципі;

  • Мақсаттылығы

  • Перспективтілігі;

  • Үздіксіздігі;

  • Жоспарлы тапсырмаларды бөлудегі өрістілігі;

  • Нақтылығы;

  • Ұжымдылығы;

  • Жүйелілігі;

  • Сабақтастығы;

  • Обьективтілігі

  • Әр мектептің мүмкіндігі мен нақты күшін ескеру;



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!