400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Мектепке дейінгі балалардың қыңырлығы, қырсық мінезі!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарына, ата-анаға, кеңес
Материалдың қысқаша нұсқасы

















Баяндама тақырыбы: «Мектепке дейінгі балалардың қыңырлығы, қырсық мінезі»







Педагог-Психолог: Аргынбекова Маржан Дуйсенбековна


















Мектепке дейінгі балалық шақтың жастық және психологиялық ерекшеліктерімен қатар, оның өзіне ғана тән жеке ерекшеліктері де болады, яғни олардың әрқайсысы қайталанбайтын даралық. Әр бала өзінің мінез-құлқын басқару тәсілімен, сыртқы әлеммен байланыс орнату іскерлігімен, эмоциялық көңіл-күйін көрсете білу қабілетімен ерекше.

Мектеп жасына дейінгі баланың түсінігінше, жақсы және жаман туралы түсінік араласып келеді. Оның өмірлік тәжірибесі аз болғандықтан, ол әлі жақсы мен жаманды ажырата алмайды. Тіпті адамгершілік түсінігін меңгергеннің күннің өзінде мектеп жасына дейінгі бала оны назарда ұстай алмайды. Мұның барлығына баланы үйрету керек.

Балаларға ата-аналарының көңіл-күйі көрініс береді. Егер үлкендер көңілді, жылы жүзді, салмақты болса, бала да сондай болады. Әсіресе, баланың мінез-құлқына отбасындағы эмоциялық атмосфера, үлкендердің қарым-қатынас стилі ерекше әсер етеді.

Табандылық кейде қырсықтық деп қаламыз. Ал баланың әрекеттерінде бұлар аса ұқсас. Бірақ оларды шатастыруға болмайды, қырсықтық – бұл баланың мінез-құлқының жағымсыз жағы. Дегенмен, ойлаған мақсатына жетуге талпыну бұл жақсы қасиет, ал ата-ана оны білуі керек. Баланың бастаған ісін қалай болғанда да аяқтауына мүмкіндік беру керек, олай етпегенде ондағы мақсаттылық өшіп қалуы әбден мүмкін.

Қырсықтық шектен тыс ерке балаларға тән қылық. Ол үлкен адам балаларға үнемі «бүйтпе», «олай істеме» және т.б. сөздерін жиі қолданғанда көрініс береді. Бұл жағдайдағы баланың қырсықтығы – оған деген теріс қатынастың нәтижесі, яғни шамадан тыс «тәрбиелік шаралардан» өзін қорғау тәрізді көрінеді. Жылы сөз. Баланың абырой, намыс сезімін дамытуда, оның маңызы айтарлықтай «сен үлкен болдың» деген жылы сөз балалардың жағымды қылықтарын белсендіре түседі. «Мен үлкенмін» яғни мен бәрін білемін, істей аламын. «Мен үлкенмін» яғни, кішкентайларға, үлкендерге көмектесуім керек. «Мен үлкенмін» яғни, мен күштімін, әлсіздерге көмектесуім керек. «Мен үлкенмін» яғни кішкентайларға үлгімін. Өзіңді жаман ұстау – бұл ұят.

Балалар қырсық, қыңыр болып тумайды және бұл балалардың жастық ерекшеліктері де емес. Мұны мінезбен түсіндіруге болмайды, себебі мінез туып берілмейді, ол бүкіл өмірі барысында қалыптасады. Қырсық бала теріс тәрбиеден қалыптасады.

Екі және үш жастағы баланың қырсықтығы табиғат қажеттілігі (су ішкісі келеді, тамақ ішкісі келеді, ұйықтағысы келеді) қанағаттандырылмағанда, қолайсыздықты сезінгенде (суық, ыстық, аяқ киімі тар, киімі кең және т.б.) көрінеді. Бірақ мұны қырсықтық деп түсінбеу керек, тек балаға қолайсыз жағдайды жойса болғаны, бәрі орнына келеді. Егер мұндай кезде балаға дауыс көтерсек, бұл қырсықтықтың пайда болуының алғы шарты болады. Көпшілік жағдайда баладағы қырсықтықты жүйке жүйесімен байланыстырады (невроз). Бала тек қана айғайлап жыламай, қолдарындағы ойыншықтарын үлкендерге қарай лақтырғанда, оны расында да күйгелектік, ашыланшақтық деп қабылдаймыз. Мұндай кезде баланы дәрігерге көрсету керек. Бала қырсықтығының ашық көрінуі – бұл баланың өз дегеніне жету жолы.

Білесіз бе, балалар өте ақылды. Өйткені олар қырсығып, мінез көрсетсе айтқанын орындататынын өте жақсы біледі. Жылауы мен айқайын басу үшін сіздерге мына 10 кеңесті ұсынғым келеді. Сізде өз тәжірибеңізден өткізіп көріңіз.



1. Бала көшеде қырсығып, жылай бастаса да өзіңізді сабырлы ұстаңыз. Сосын, бірден үйге қайтуға тырсыңыз. Себебі балаға, «егер өзіңді дұрыс ұстай алмасаң, үйде отыр!» дегенді ұғындыру керек. Оның әрекетінің дұрыс емес екенін қысқа әрі нақты айтыңыз.

2. Дауыс көтермей, ақырын сөйлеңіз. Сонда бала да тыныштала бастайды.

3. Үйде бала атқаратын қандай да бір тапсырма, жұмыс беріп үйретіңіз. Оны бірге атқарасаңыздар да артық етпейді, сол кезде бала жауапкершілікті сезіне бастайды. Өзіне сенімі қалыптаса бастайды.

4. Ешқашан оны келеке етіп сөйлемеңіз! Бұл арқылы балаңыз екеуіңіздің арадағы қатынасқа сызат түсіресіз. Тіпті, психологиялық соққы жасауыңыз да мүмкін.

5. Бала үйде қырсығып, айтқанын істетпек болса назар аудармаңыз. Айналып, толғанып немесе керісінше дауыс көтеріп қажет емес. Жәй ғана көңіл бөлмеңіз, болды. Ал, сіз оған назар аударған сайын ол қырсықтығын үдете түседі.

6. Балаға егер қырсығар болса, оның айтқаны болмайтынын ескертіп қойыңыз.

7. Бірақ, оны қорқытудың қажеті жоқ. «Қазір үйге баршы, сабаймын» болмаса, «Бүкіл кешті құрттың» деп байбалам салмаңыз.

8. Үнемі көңілді болуға тырысу керек. Баланың әрбір жеңесін байқап, мадақтап отырғаныңыз жақсы.

9. Баламен салғыласушы болмаңыз! Өзіңізді биік ұстаңыз, сонда бала да сізді силайтын болады.

10. Кішкентайлармен саудаласуды доғару керек.

Бұл қағидалар тым қарапайым болуы мүмкін, бірақ біз атқара бермейміз. Балалар біздің жалғасымыз, олардың тәрбиесіне жеңіл қарай салуға болмайды

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
868
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі