400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: "Мектепке дейінгі білім беру үдерісінде 4К моделін қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім беруде 4К моделін қолданып, оқу қызметін ұйымдастыру туралы баяндалған. 4К моделін қолданудың ерекшеліктері туралы айтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепке дейінгі білім беру үдерісіне 4К моделін қолдану.


Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңартылған оқу бағдарламасының балалардың жеке тұлға болып қалыптасып дамуына жаңа әдіс-тәсілдермен жетуге болады.

Педагогикалық шеберлік орталығының Павлодар қ. филиалы әзірлеген «Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 235 академиялық сағат көлемінде оқу курсын оқып, білі тәжірибемді жинақтадым. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған үлгілік оқыту бағдарламасының түйінді идеяларын коммуникативтілікті дамытуды , SMART мақсат, бала үні, Блум таксономиясы, 4К моделі, ойын түрлері, саралау әдістері, бақылаудың түрлері секілді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балаларды жан-жақты зерттеп бақылауға болады.

Перспективалық жоспарға SMART мақсат қойылып, стандарттан баланың дағдыларын жас ерекшелігіне сай сәйкестендіріп жоспарлап жаздым.

Циклограмманы жоспарлауда 4К моделін яғни креативтілікті , сыни ойлауды, Блум таксономиясын, саралау әдістерін, бала үнін, серуенде жүргізілетін бақылау түрлерін кіріктіріп жазуды үйрендім.

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жаңартылған оқу бағдарламасының түйінді идеяларына: 4К моделі, Бала үні, Ойын түрлері, Бақылау, «Тұтас бала бейнесі» жатады. (слайд)

Бағдарламаның негізгі идеялары балалардың бойында ерте жастан дамыту қажет негізгі дағдылармен тығыз байланысты:

-сыни ойлау;

-проблемаларды шығармашылықпен шеше білу;

-сындарлы диалог немесе қарым қатынас;

-командада жұмыс істеу.

Бұл идеялар балалардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, олардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескерумен тығыз байланысты және баланың зияткерлік, әлеуметтік тұлғаның дамуына оң ықпал етуге бағдарланған. Сондықтан мен өз оқу қызметімді жүзеге асыру барысында көбінесе 4К моделі мен ойын түрлерін қолданамын. 4К моделін қолданғанда: ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады; бала еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді; жұппен, топпен жұмыс істей отырып бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай жатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады; бірін-бірі оқытуға және дамытуға, жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді. (слайд)

4К моделіне: креативтілік, командалық жұмыс, коммуникативтік, сын тұрғысынан ойлау жатады. (слайд)

Креативті түрі – бұл дарындылық түрінің ең басты ерекшелігі ойлауда, әдетте олар басқалардан өзгеше ойлайды. Мысалы: олар біреудің дайын жасап қойған мәліметтерін оқығысы келмейді, одан гөрі олар өздерінің ойларын оқып, зерттегісі келеді.

Командалық жұмыс – жалпы мақсатты және оған жету жолындағы рөлдерді айқындай отырып, оның нәтижесін бағалай алу қабілеті. Командалық жұмыс 3 кезеңнен тұрады: 1) мақсат қою, оған қол жеткізу; 2) бірлесіп жұмыс істеуге үйрету; 3) жалпы жауапкершіліктерін дамыту.

Коммуникативтік дағдылар – сөздік-логикалық ойлауды дамытуға арналған ойындар және жаттығулар. Келіссөздер жүргізу және байланыс орнату. Әңгімелеушіні тыңдау және өз көзқарасын жеткізу қабілетін өмірлік дағдыға айналдыру.

Сын тұрғысынан ойлау – тек қана оқу үшін ғана емес, өмірде қажетті ойлау дағдыларын қалыптастыру; мәселені көре білуге, сұрақтар қоюға, түрлі дәлелдер айту; өз іс-әрекеттеріне талдау жасауға дағдыландыру.

Өзімнің тәжірибемде оқу қызметін ұйымдастыру барысында 4К моделін қолдану бойынша қысқаша тоқталып өткім келеді. «Әлеумет» білім беру саласы, «қоршаған ортамен танысу» білім беру бөлімі бойынша «Жыл мезгілдері» тақырыбы бойынша ұйымдастырған оқу қызметінің мақсатына жету үшін 4К моделін қолдандым. Балаларға жыл мезгілдерінің суреттерін көрсете отырып, жыл мезгілдерінің құбылыстары туралы түсінік бердім. Оқу қызметімді «Ғажайып алаң» дидактикалық ойынымен жалғастырдым. Ойынның шарты: Әуен ойналады, балалар шеңбер бойымен жылдың төрт мезгілінің суреттерін айналып жүреді. Бала қай суретке тоқтап қалса сол жыл мезгілі туралы әңгімелеп береді. (коммуникативтілік) Келесі балаларға жыл мезгіліне байланысты түстерді таңдау тапсырылады. Балалар берілген карочкадағы жыл мезгілдеріне сәйкес түсті таңдап біріктіреді. Жыл мезгіліне сәйкес түстерді біріктіріп болған соң өз ойларын айтады. (креативтілік) Әрі қарай оқу қызметін «Жыл мезгілдері» дидактикалық ойынымен жалғастырдым. Ойынның шарты:
Балалар жыл мезгілдерінің өзгерістері карточкасын алып сәйкес келетін мезгілдерге қойып шығады. (командалық жұмыс) Ұйымдастырылған оқу қызметін «Ойланып көр» ойыны арқылы қорытындыладым. Ойын шарты: Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына ойланып жауап берулері керек. Мысалы: Күз мезгілі неліктен сары түске боялады? Қыс мезгілі неліктен ақ түске боялады.

Қорыта келгенде, осы 4к моделінің стратегияларын оқу қызметін ұйымдастыру барысында қолданудан алған нәтижем:

-Білім алушылардың оқуға қызығуы;

-Іскерлік дағдысының дамуы;

-Ойлау белсенділігі, тапқырлығы;

-Өзіне деген сенімі қалыптасады бастады. Балалар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі;

-Басқаларды тыңдап, кез-келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарайды; --Өз ойын топ алдында ашық айтып қорғай біледі;

-Өз бетінше ізденуге үйренеді;

-Оқу қызметіне деген белсенділігі жоғары бола бастады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді балалар тәрбиелеуге болады. Ол үшін көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керекпіз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
5 ақпан
2415
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі