400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама мектепке дейінгі мекемелердегі білім мен тәрбие беру инновациялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама мектепке дейінгі мекемелердегі білім мен тәрбие беру инновациялар. Білім мазмұнын жаңарту мен оқытудың әдіс тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бірлестік ауылының ЖОББМ» КММ жанындағы Арай шағын орталығы

















Баяндама

Тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесінің негізі- отбасы және балабақша











Дайындаған: Саней.А.









2021-2022 оқу жылы

Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі және балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланады да балабақшамен тығыз байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Педагог ғалымдарының тұжырымына сүйенсек, тұлғаны қалыптасу нәтижелілігі,ең алдымен отбасындағы өнеге байланысты. Отбасындағы ересектердің мінез-құлқына, әдебіне, іс-әректіне қарап өсіп,тәрбие көрген баланың да қандай екенін тану қиын емес.

Мектепке дейінгі ұйымдардың отбасы арасындағы өзара ықпалдастығы мына төмендегідей негізгі бағыттарға көңіл бөледі:
— педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру.
— іс-әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастыру оқу іс-әрекеттерге қатысу, әр түрлі мерекелік шаралар)
— балалардың шығармашылық әрекетін дамыту,
— қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу,
— әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету.

Осындай негізгі бағыттырды іске асыру үшін мектепке дейінгі мекемелермен отбасының арасында тығыз байланыс қажет. Осы бағыттағы тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана көздеоген мақсат нәтижелі болмақ.

Бала тәрбиесіне тек балабақша,мектеп қоршаған орта ғана емес,сонымен қатар отбасы мүшелерінің бәрінің тигізер әсері мол. Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді,отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыпты өздері ұсына алады. Сондай-ақ, оларға ұсыныс, тіректермен санаса отырып, ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі концеренциялар,ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс–тәсілдері қарастырылады.Отбасы — бұл баланың өмір сүру ортасы яғни, қамқорлықтың тұрақты көзі. Тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орта. Осы орайда бала білім нәрімен сусындайтын алтын ұясының алатын орны бөлек. Біріншіден, бала уақытынының көп бөлігін балабақшада өткізеді, тәрбиешілерінен, ұстаздарынан дәріс үйренеді. Демек, отбасы мен балабақша арасындағы қарым-қатынастың алар ролінің қаншалықты маңызды екенін осыған қарап топшылауға болады. Балабақша ұжымы ата-аналарды ұйымдастырып, балаларды балабақшадағы өмірінің тәрбиесіне белсене қатысуларына арналған іс-шаралар жиі өткізіп тұрамыз. Оған сауықтыру кештері, ертеңгіліктер,тренингтар, сауалнамалар жатады. Осындай отырыстар арқылы ата-аналар бір-бірімен жақынырақ танысып, ортақ өзекті мәселелерді бірге шешуге тырысады. Бұл дегенініз, ата-ананың қоғам алдындағы жауапкершілігі артады. Балабақша мен отбасы, ата–анамен бала арасындағы достық, бауырмалдық қарым-қатынастардың қалыптасуына игі ықпалын туғызады. Мектепке дейінгі мекемеде өткізіліп жатқан спорттық жарыстар салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу мен қатар ата мен бала арасындағы сүйіспеншілікті, ынтымақтастықтың да нығаюына септігін тигізеді. Қарап тұрсаңыз, отбасы мен балабақша бір-бірінен бөлек алып қарауға келмейтін егіз ұғым секілді. Ол — саналы ұрпақ тәрбиелеуде зор жетістікке жеткізетін берік одақ. Осы екі одақ бірлесіп, ынтымақтасқанда ғана күрмеуі қиын талай мәселелердің түйіні шешілетіні анық. Балабақшада балалармен, ата-аналармен ынтымақтаса  жұмыс істеу нәтижелігінің диагностикалық зерттеу графигін құрып, ата-ананың балабақшаға деген қөзқарасын қалыптастырдық. Ата-ананың қатысуымен «Әкем, шешем және мен», «Отбасы алтын діңгек», сонымен бірге ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерге ата-аналар қатыстырылды. Ондағы мақсат, жаңа технологияларды ата-аналарға бағыттау, әдіс-тәсілдерді түсіндіру, жақсы нәтижені көрсету барысында  жетістіктеріне қол жеткізу. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» — дегендей, бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар балабақша мен отбасы. Осы екі арнада жүргізілген тәлім-тәрбие сабақтаса ұштаса жүргізілгенде ғана мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасыларымен бірге отырып, жұмыс жасау оның ішінде отбасы бұрышын құрып, олармен жеке-жеке жұмыс жүргізу өз нәтижесін береді.Отбасында ата-аналарға педагогикалық білім беру өте қажет, себебі, ата-ана бала тәрбиесінің мақсат-міндеттерін айқын түсінбей, бала тәрбиесінің жолдарымен амалдарын ойдағыдай іске асыра алмайды. Осы тұрғыда балабақшамыз отбасымен сабақтастықты орнату бағытында ата-аналарды оқу–тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстыру, ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру, ата-аналарды бірлескен әрекетке тарту сияқты негізгі жұмыс мазмұнының қызметтеріне сүйене отырып, өзара әрекет байланысының міндеттерін жүзеге асырады. Ол:
— ата-аналарды белсенді педагогикалық ұстанымдарын қалыптастыру
— ата-аналарды педагогикалық білім мен білік дағдыларымен қаруландыру
— бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қалыптастыру.

Бұл жұмыстардан мынадай нәтиже күтуге болады.
1. Ата –аналар тарапына туындайтын белсенділік, қызығушылық.
2. Жауапкершілік және өздік жұмыс.
3. Мақсатқа жету деңгейі, тиімділігі, қанағаттылық.
4. Отбасының мектепке дейінгі мекемеге қосатын үлесі.
5. Алынған білімді қолдану, бала тәрбиесіне қатысты қолданылатын технологиялар.

Міне, біздер — тәрбиешілер,ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, бала тәрбиесіне,оның келешегіне зор жауапкершілікпен қарап,тәрбие жұымысының тиімді әдіс-тәсілдерінің ынтымақтаса жүзеге асырсақ, жұмыр жер тағдырын,еліміздің болашағын күні ертең бүгінгі балабақша ұландарына сеніммен тапсыруға болады. Біздің мақсатымыз-заман талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.

Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі технологиялары жасалып енгізілуде. Әрине мұндай педагогикалық технологияларға анықтама берген ғалымдардың бірін атап өтсекте болады. Олар: В.П.Беспалько, В.М.Монахов, В.М.Кларин, П.И.Третьчков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов т.б. өз еңбектерінде қарастырып өткен. Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтің міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беру ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т.б.

Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиялық технологияларды пайдалану арқылы (түс, графика, дыбыс, заманауи видео технологиялық құралдар) түрлі жағдайлармен ортаны модельдеуге болады. Мультимедиялық бағдарламаларға енгізілген ойын компоненттері үйренушінің танымдық әрекетін білдіреді және материалды ұсынуды күшейтеді. Оқытуда пайдаланылатын интерактивті құралдар:тақта, компьютерлер балаларды диагностикалауда жақсы көмекші болып келеді:

Зейін дамытуда

Естк сақтау қабілетін дамытуда

Ойлау қабілетін дамытуда

Тілін

Жеке тұлғасын дамытуда

Оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда

Ақпараттық мәдениетке бейімдеу- ол тек қана компьютерлік сауаттылық емес, сонымен қатар этикалық, эстетикалық, және интеллектуалды сезімін меңгеру болып табылады. Балалардың оңай түрде электронды, компьютерлік жаңалықтармен жұмыстана білу тәсілдерін меңгеру сөзсіз. Бала бір минутта мыңға дейін шартты бірлік ақпаратты қабылдап өңдей алады, ал көру органдары «қосылғанда» 100 мың шартты бірлік ақпаратты қабылдайды деген эксперимент арқылы дәлелденген. Мектепке дейінгі ересек жастағы балада ырықсыз зейіні жақсы дамығаны белгілі, бірақ балаға ақпарат қызықты, көрнекілік болғанда зейіні жинақталатыны, жағымды эмоциялар туғызатыны да белгілі.

Қорыта келе айтатын болсақ аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға, балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Кей балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзбен көргенді ұнатады, сол үшін оқу іс-әрекетінде, көрнекілік, ойын технологиясының элементтерін қолданған жөн.

Заманауи инновациялық әдістерді мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында қолдану арқылы, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, жан-жақты дамуына тигізер үлесі өте зор.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі