Материалдар / Баяндама "Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектеп психологтары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына пайдасы көп.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2020
1949
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылы

«Чернова орта мектебі» КММ













Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын.

Баяндама

















Баяндама дайындаған: Муратбекова С.Н











2018-2019 оқу жылы

Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын

Тақырыпқа шолу

Қоғам үшін ең бастысы-тәуелсіздік, адам үшін-бос бостандығы және уайым-қайғысыз өмір.

Оның кепілі-заңдылық.

Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық-адам бостандығы.

Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау-конституциялық заңдылықтың басты талабы.

Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізудегі, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі-бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.

Егер жалпы айтқанда зорлықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауға болса, онда тұрмыстық зомбылыққа осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленді.

Ол-жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар-жұбайлар және балалар.

Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.

Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдан алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады


Кіріспе

Зорлық зомбылық құқықта "Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы" делінген. Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып бөлінеді.

Тән азабын шектірген зорлық-адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Жан азабын шектірген зорлық-жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.

Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің" тиісті баптарына сәйкес жауаптылықпен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.


Негізгі бөлім.

Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар.

Әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқындады. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болады екен.

Отбасыларының қиюы қашуының басты бір себебі -жанұядағы зорлық-зомбылық.

"Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді" деген түсініктен арылу керек.

Кікілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.

"Жоғарыдағы статистика біздің бұл мәселеге көп уақыт көңіл аудармағанымыздың нәтижесі" деп пайымдайды Н.Гладырь.

Зорлықтың түрлері:

- эмоциялық зорлық-балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

- физикалық зорлық-отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоционалдық зорлық;

- қауіп-қатер отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;

- балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.

Қазақстандағы тұрмыстық зорлық туралы заңды қабылдау қажеттігі туады. Зорлық-зомбылық дағдарыстан шығу және даму кезіндегі еліміздегі адамзат әлеуетіне көңіл аудару қажеттігі де туындап отырғандығын ескертеді.

Қазақ халқының дана сөзі бар: "Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтереді". Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке қарай кейбір ер адамдар ұмытып кеткен сыңайлы.

"Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" демекші балаға отбасы тәрбиесінің әр әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады.

"Ана-сая болар бағың болса,

Әке -асқар тауың" дейді қазақта.

Бір күн бар жылынар күн, жұбатар күн.

Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.

"Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз,

Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз" дейді хлқымыз. Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы-баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы.

Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолғатүсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қағамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді.

Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі-жаман қылықтарын, яғни зорлық-зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам ақылынан айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады, отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне, керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады.

Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. "Тәрбиесіздік-ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі." деген болатын ұлы бабамыз Әбунасыр әл Фараби.

Жүсіпбек Аймауытов 1918 жылы өзінің "Абай" журналына жариялаған "Тәрбие" атты мақаласында былай деген:

"Тәрбиеге әсер беретін нәрсе-өскен орта, ата-ананың тәрбиесі".

"Сүтпен кірген сүйектен кетеді", бала жасында қандай тәрбие алса, ержеткенде сол әдет қалмайды деген сөз.

Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік дөрекілікке, қайырымдылық қатыгездікке, жомарттық тоғышарлыққа, адалдық арамдыққа, парасаттылық парасыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді. ҚР Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында ҚР Премьер Министрінің тағайындауымен "Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы" заң жобасы әзірленді.

Заң жобасының негізгі мақсаттары

- Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беруді көтермелеу.

- Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау.

- Тұрмыстық зомбылықтың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу.

Аталған заңды қабылдау-отбасылық тұрмыстық қатынастарға азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтарын қорғауға тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету.

Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу керек іс болып табылады.

Тұрмыстық зомбылық қылмыстық іс болып табылады. Бұл қасақана адам денесіне жүйелі зомбылықты әрекет немесе ұрып соғу жолымен денесіне зақым келтіру немесе психологиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.

- Зомбылықшының әрекеті құқық бұхушылық ретінде квалификацияланады: денеге әсер ету, кемсіту, сөзбен тиісу, үй тыныштығын бұзу, азаматтарды сыйламау, жеке өміріне қол сұғу.

-Зомбылықшы әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілер де, болмаса қылмыстық істер де байқалмайды. Бірақ ол өзінің мінез-қылығы мен жәбірленушінің өміріне қолайсыз жағдайлар жасайды. Зорлық-зомбылықтың баланың мінез құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатал, дөрекі қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

Балалар құқығын қорғау-егемен еліміздің басты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталуы жолында аянбай еңбек етуі керек.

"Балалардың өмір сапасын жақсарту-ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашанда өзекті болып қала бермек" дейді облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастығы Гүлбарам Наурызбаева.

Балалар құқығын қорғау.

7-тарау. Бала және қоғам.

36-бап. Баланы әлеуметтік ортаның теріс ықпалынан қорғау.

1. Мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға міндетті.

2. Салауатты өмір салтын насихаттау мен балаға құқықтық білім беруді мемлекет өз саясатының басым бағыттарының бірі деп таниды.

3. Қылмыстың, зорлық-зомбылықтың немесе өзге де заңсыз әрекеттің салдарынан тән немесе жан жарақатын алған балаға денсаулығын қалпына келтіру және әлеуметтік бейімделу үшін қажетті көмек көрсетілуге тиіс.

4-тарау. Бала және отбасы.

22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары.

Бала отбасында ҚР-ның Конституциясында, осы заңда және ҚР-ның өзге де заң актілерінде белгіленген құқықтарға ие.

Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттігі туған.

Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.

Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу-бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті.

Қорытынды

Немістің ұлы ақыны В.Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып алып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйетін. Оның жүрген жерлерінен мезгілі жеткенде керемет гүлдер өсіп шығатын

Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.

Адамзат, дүниенің әсемдігі, әлемнің әдемілігі үшін не үлес қосып жүрміз?

Мен былый дегім келеді,

Әлемнің бір адамы ретінде

Ақ жүрегіммен сөз беремін.

Өзіме, жанымдағыларға

Күннің шуағын, гүлдің нәзіктігін сыйлаймын.

Қараңғыны нұрландырамын,

Суықты жылытамын.

Дәл қазір маған қиын болғанмен жасымаймын,

Әр күні өзімнің жан дүниемді

Тазартуға тырысамын.

Менің жүрегім қуанышқа, махаббатқа,

Мейірімге бөленеді.

Келер күннің шұғылалы боларына сенемін,

"Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын"

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!