жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама Мінез туралы жалпы түсінік, мінездің құрылымы мен қасиеттері
Авторы: Нургалиева Гулмира Владимировна
Ақтөбе облысы,Қобда ауданы, И.Құрманов атындағы орта мектебі әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Баяндама тақырыбы: Мінез туралы жалпы түсінік, мінездің құрылымы мен қасиеттері
Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан мектептегі әлеуметтік педагогтың алдында тұрған проблемаларының бірі - мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалармен жұмыс жасау. Бұл проблеманың аспектілері психологияда жан-жақты талданған. Оған үлес қосқандар И.Кант, Э.Торндайк, И.П.Павлов, К.Роджерс, А.Маслоу Л.Е.Личко т.б. ғалымдар. Әрбір адам жеке тұлға болғандықтан оның мінез-құлқы өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні характер деген грек сөзінен шыққан. Оның негізгі мағнасы із қалдыру деген мағынаны білдіреді. Сондықтан мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән даралық ерекшілік екенін ғылым тарихында алғаш рет сипаттап жазған ғалым - ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп көрсеткен.
Мінез ерекшеліктерін зерттеушілердің пікірлерін ең бірінші болып француз ғалымы Л.Бен жүйеге келтірген. Ол мінезді психологиялық ерекшелік, дара тұлғаның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшілігінің көрсеткіштері деп санады. Т.Рибо мінезді сезіммен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі психолог П.Ф.Лесгафт, ерік қасиеті деп көрсеткен. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп, туа біте пайда болатын қасиеттер мен әр адамның өз өмірінде жүре пайда болатын қасиеттерді бөліп көрсетті .
Поланның айтуынша мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайларына байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөнінде екі пікір қалыптасып, олар осы уақытқа дейін пікір таластар туғызып келеді. Соған қарамастан қазіргі зерттеулерде мінез адамның өмір салтына және әлеуметтік ортаның ерекшеліктеріне тәуелділігіне ешкімде күмәнданбайды. Табиғи күштерге табиғи физиологиялық процестер жататын темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылады. Темперамент - адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса - холерик, сергек болса - сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса - меланхолик болады. Сондықтанда, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін - деп атап көрсетеді .
Мінез жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктердің жиынтығы.Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен заттарға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі.
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз .
Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттері мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter – қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы – мінезнаманы жасады.
Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болып табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.
Адамгершілік және коммуникативті мінез сапалары мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеті болып табылады. Мұғалім үшін пәндік білім мен педагогикалық дағдылары игеру қаншалықты маңызды болса, кәсіби мәнді мінез сапаларын өз бойында қалыптастыру да соншалықты мәнді. Адамның еңбекке қатынасынан еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіптілік қалыптасады. Қарсылықтарды жеңуден тұратын еңбек пен оқу әрекеті ерікті мінез сапаларының дамуын қамтамасыз етеді, ол: мақсатқа бағыттылық, табандылық, өзбеттілік, шыдамдылық.
Адамның өзіне деген қатынасы өзіндік таным құрылымында когнитивті, эмоциональді, бағалаушы компоненті ретінде қалыптасады. Ерте балалық шақтан бастап, бүкіл өмір бойы қоршаған адамдар баланың әрекет-қылықтарын бағалап өтеді. Бұл қатынас адамның өз-өзіне деген ішкі психологиялық қатынасына, мінез сапасына айналады. Балаға деген қатынас типінің басымдылығына қатысты мінезде қарапайымдылық не масаттанушылық, өзіндік сыншылдық не өз-өзіне сенімділік, намысшылдық не бәсеңдік, өз-өзін бағалау немесе толымсыздық сезімі пайда болады. Адамның заттарға қатынасы да аса маңызды. Нәресте туғанынан басқа адамдардың еңбегімен жасалған заттарды қолданады. Жасы өскен сайын баланың заттарға деген қажеттіліктері арта түседі. Заттар дегеніміз - ойыншықтар, кітаптар, киімдер, ыдыстар, т.б. Бір бала ойыншығын сындырса, оған ұрысады, ал екіншісіне келесіні сатып әпереді. Бір бала жолдасына өз ойыншығын бермесе, келісі бірі өз ойыншықтарын таратып салады. Осыдан біртіндеп балада ұқыптылық, ашықтық не негативті қасиеттер жинақталады.
Мінез дегеніміз – адамның өзіндік бағыт бағдарының жан дүниесінің ерекшелігінің тұрлаулы белгісі.
Тәрбиелі мінез адам бойындағы имандық қасиеттердің бар екендігін көрсетеді. Басқаларға қамқорлық, қадірлеу, жауапкершілік пен адалдық – мінез сапасының негізгі бітістері. Адамгершілік тәрбиесі бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай сапасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат – бағытына жүйелі түрде ықпал ету .
Оқушылармен жұмыс кезінде алдымен мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін игеруге назар аудару керек. Ал бұған оқушыларды тиісті ережелерді тұрақты түрде орындатқызып отыру арқылы қол жетеді.
Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшінен, өзіне және қоршаған өмірге қатынасынан байқалатын күрделі психикалық процесті айтамыз.
Адамның мінезі оның барлық қимыл-әрекетіне, қызметіне әсер етеді. Оның сырын терең талдай отырып, адамның өмір тіршілігіндегі қиын қыстау жағдайлардағы күресетін, жолдарын іздеу ерте дүниедегі ғалымдардың зерттеулерінде де бар болатын.
Мінез белгілі бір қоғамның мүшесі ретіндегі адамның өмірі мен қызметі процесінде қалыптасады.
Мінездегі көп нәрсе адамның дүниеге көзқарасына, оның сенімдеріне, мұраттарына, әлеуметтік жағдайларына, сыртқы ортаның ықпалына тәуелді. Өзінің мінезімен және жеке ерекшеліктерімен адамәрқашан қоғамның жемісі. Бұл арқылы түрлі қоғамдық топтарға жататын адамдардың мінездеріндегі айырмашылықтар түсіндіріледі.
Мінез жеке адамның дара ерекшелігінен саналады. Мінездері мүлде бірдей болып келетін екі адам болмайды, бірақ жеке адамның мінезіндегі көп нәрсе адамдардың бір тобына немесе бүкіл көпшілікке тән болып келеді.
Мінез басқа психикалық процестер сияқты объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның сезім мүшелеріне әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Мұнда ең негізгі шешуші факторлар – тәрбие, оқыту, қоғамдық орта.
Мінездің физиологиялық негізіне жоғары нерв қызметінің тума қасиеттер мен өмір жағдайларының әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан мидағы уақытша нерв байланыстары жатады.
Бірақ мінез ерекшеліктерінің қалыптасуында биологиялық факторлардан гөрі тәрбиенің рөлі күшті. Бұл жөнінде академик И.П.Павлов: «.......адамның мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды. Сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады».
Ерте дүниедегі ойшылдардың айтуы бойынша қалыптасқан мінез – адам мәрі. Шынында да адам мінезі қандай болса, оның өмірдегі іс-әрекеті де сондай болады. Мінез негізінде адамның өмір тәжірибесінен алған әсерлі нәтижесінде қалыптасатындығын бұрын да айтқан болатынбыз. Бірақ адам барлық нәрсеге бірдей жауап бере алмайды.Өзіне керекті, қажетті нәрселерге айырықша қызыға қарап, олардың мазмұнын, мәнін терең қабылдайды. Ал өзіне керексіз нәрселерге мән бермейді. Демек, адамдағы өмір тәжірибесінің қалыптасуы оның мақсатына, арман-тілегіне, ниетіне байланысты екендігі айқын. Осыған орай адамның мінез ерекшеліктерін зерттеуде ең алдымен оның мақсатына байланысты туған қызығуын, қажеттілігін анықтап алған жөн.
Жеке бастың жақсы үлгісі - мектепте тәрбие жұмысының ең күшті құралы. Сондықтан мұғалім еңбек сүйгіштігі, тәртібі, жұмыстағы ұқыптылығы, талап қойғыштығы мен ақжарқындылығы, әділеттілігі мен балаларға жылы шырайлы көзқарасы, ұстамдылығы, тұрмыстағы мінсіздігі және басқа да игі қасиеттері арқылы өз оқушыларында осындай сапаларды тәрбиелейді .
Баланың мінезінің ерекшеліктерін анықтауда оның неге қызығатынын, қандай нәрселерге айрықша назар аударып қарайтындығын байқау қажет. Әрине, қызығу адамның қажеттілігіне, арман-тілегіне, мақсатына байланысты мазмұны жағынан әртүрлі болып келеді. Адам қоғам талаптарына сай келетін ізгі ниетімен, талап-тілегімен өз бойындағы қызығудың терең, тиянақты болуына мүмкіндік жасайды. Танымдық қызығудың саналылығы адам мінезінің байсалды, салмақты болуына әсерін тигізеді.
Арнайы жүргізілген зерттеулерде байқағанымыз мектеп оқушыларының жақсы және жаман қылықтарды өз беттерімен айыра алатындығы анықталып, балаларды қандай да бір іс-әрекетке тартуда этикалық әңгімелерді жүргізудің маңызы бар екенін байқадық. Бұл тұрғыда А.С.Макаренко этикалық әңгімелерге мораль теориясын түсіндіру құралы ретінде аса зор мән берген болатын. Ол өзінің жұмыс тәжірибесінде мораль теориясын түсіндіруіміз қажет деп, оның жақсы нәтиже бететіні жайында еңбегінде ерекше айтып кеткен.
Сондықтан мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән даралық ерекшілік екенін ғылым тарихында алғаш рет сипаттап жазған ғалым - ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп көрсеткен.
Поланның айтуынша мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайларына байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөнінде екі пікір қалыптасып, олар осы уақытқа дейін пікір таластар туғызып келеді. Соған қарамастан қазіргі зерттеулерде мінез адамның өмір салтына және әлеуметтік ортаның ерекшеліктеріне тәуелділігіне ешкімде күманданбайды. Табиғи күштерге табиғи физиологиялық процестер жататын темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылады. Темперамент - адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса - холерик, сергек болса - сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса -меланхолик болады. Сондықтанда, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін - деп атап көрсетеді.
Мектеп жасындағы немесе мектепке дейінгі балалардың мінез–құлқындағы ауытқушылық олардың ортасына, отбасысына байланысты.
Жалпы мінез – құлқындағы ауытқушылығы бар балалар әдетте аумалы- төкпелі морт деп аталатын балалар. Ондай болу себебі ұрықтың жатырдағы кезеңінде немесе бала өмірінің бастапқы шағында сыртқы фактордың қолайсыз әсер етуі болып табылады.
Балалардың мінез –құлқында қиындықтар биологиялық және әлеуметтік себептермен шарттас болады .
Бірақ, сонымен қатар биологиялық деректері, оның ішінде тұқым қуалау деректері болашақ балада қалыптасатын барлық мінез еркшеліктері мен қасиеттерін алдын -ала бастапқы сәт ретінде ғана ескерілуге тиіс.
Егер баланың мінезінде қолайсыз жағдайда өтсе, онда оның мінез – құлқында айтарлықтай патологиялық кемістік ақаулар пайда болуы ықтимал. Мінез – құлқында психологияның ауытқуы психикалар мен жүйелер қызметтерінің дамымауы.
Осы мәселелерді жойып, жеңіу үшін мінез – құлқында ауытқуы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерімен күресіп, өмірге деген көзқарасын ашу керек.
Алайда бірінші кезекте мінез - құлықтың ауытқуы мен зерттелу мәніне зер салайық. Жалпы әдебиеттерде талдау негізінде, бұл мәселенің өзгенің ашылуы келесі реттегі терминдерге, яғни эмоционалды – еріктік сфераның ауытқуы, аффективті сфераның ауытқуы, дисгормониялық тұрғыда психиканың дамуы, девиантті мінез - құлық, және т.б. түсініктерге түйінделетіні көрсетілді. Мінез - құлық - адамның күнделікті өміріндегі қаситтерінің көрініс беру формаларының бірі болып саналады.
Сонымен мінез – құлық ауытқуы бар жасөспірімдердің мінезі жалпы қоғамдық ережеден, психикалық денсаулық ережесінен, мәдени немесе адамгершіліктік ережесінен ауытқыған тәртіп жүйесін айтады.
«Қиын бала» атанып, отбасын да, мектепте де қиындық тудырып, ауытқушы мінез –құлықтар, өзара қарым – қатынасы жойылып, өзіне -өзі баға беру шеттен тыс шығып жүрген балалар туралы айтылып та, жазылып та жүр. Әйтсе де, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.
Адам өмірге келген сәттен бастап, үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі үшін көптеген факторлар қажет. Қазіргі қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына әсерін тигізеді. С.Т.Холлдың пікірі бойынша «бала толыққанды дамуы үшін», өз халқының сезімдері мен көзқарастарын басынан өткеруі қажет.
Қандай да бір олқылығы бар баланың даму жағдайы, әдетте қолайсыз, жағымсыз болады. Ол баланың дамуына кері әсерін тигізетін тәрбиелеуші шағын әлеуметтік сипаттарынан, тәрбиелеу-оқыту үрдістерінен және солар ықпал еткен тәрбиеленушінің ішкі ұстанымынан құралады.
Баланың дербестенуге ұмтылуы оған қатысты референттік топтардың (бірінші отбасының, одан кейін балалар бақшасындағы және мектептегі құрбыларының) оның әлеуметтік қалыптарға сай емес жеке дара көріністерін қабылдағысы келмейтіндігімен қақтығысқа түсу .
Ауытқушы мінез-құлық деп қалыптасқан нормаларға сәйкес емес мінез – құлықты айтамыз. (И.А. Невский). Белгілі әлеуметтанушы И.С. Кон ауытқушы мінез – құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған іс -әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Ауытқушы мінез–құлықтың концепциясына сәйкес кез – келген ауытқушылық бейімделудің бұзулуына алып келеді.
Білім беру поцесінде жасөспірімдердің тұлғалық сана-сезімдерінің қасиеттерін қалыптастыра отырып, болашағына жол сілтеу — қазіргі таңда ауқымды мәселе болып отыр. Өйткені, тұлғалық сана-сезімдерін қалыптастыру тек білім берумен ғана шектелмейді, яғни ол үшін мектепте өткізілетін тәрбие жүйесінің іс-шаралары оқушылардың болашақта парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына ықпалын тигізуіне түйінделуі қажет. Мінез- құлқында ауытқушылығы бала тәрбие ісінде, оқытуда көптеген қиындықтар келтіретіні белгілі. Осындай жағдайларға байланысты жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылықтарын әлеметтік педагогтар зерттеп білулері шарт.
Мінез-құлқында айытқушылығы бар балалармен жұмыс жасаудың сан алуан жолдары бар. Ең алдымен жасөспірімдермен дұрыс тіл табысып, сөйлесе білу керек. Жақсы беделге ие болған мұғалімнің жеке өнегесі қандай оқушыға болса да күшті әсер етеді.
Пайдаланған әдебиет
1. Выготский С.Л. Собр. Сочинений - М.: Педагогика, 1983 - 45 с.
2.Божович Л.И. Проблемы формирования личности. /под. ред. Д.И. Фельдштейн. Москва-Воронеж, 1995. - 325 с.
3.Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. - Киев, 1974. - 22 с.
4.Кон И.С. Психология старшеклассника. - М., 1990. - 50 с.
Кон И.С. Психология ранней юности. - М.: - Просвещение, 1989.
5.Мясищев В.Н. Психология отношений. Избранные психологические труды, /под ред. А.А. Бодалева, М.- Воронеж, 1995, 60с.
6.Адлер А. Индивидуальная психология. / История зарубежной психологии. Тесты, // под ред. П.Я. Гальперина, А.Н. Ждан. М, 1986. 245 с.
7.Фрейд З. Введение в психоанализ. Лекции. - М., Наука, 1989. - 450 с

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген