жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама: "Мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-ана қарым-қатынасы".
Мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-ана қарым-қатынасы
Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі, яғни мүгедек, тіл кемістігі бар, көз жанарынан айырылған, әртүрлі ақыл-есі кеміс, БЦП бар балаларға деген қоғамда өрескел көзқарас қалыптасқан. Соны түзетіп дұрыс жолға қою барша адамзаттың құзырында.
Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қарауға бет бұрды. Осы орайда педагог қызметкерлердің ең басты міндеті болып, қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекшеліктерін анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынасын дамытып, дені сау балалармен аралас- құралас жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігінде жарымжан балаларға әркез жәрдем беруге әзірлік сезімін туғызуды қамтамасыз ету болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі баланың тәрбиесі-дефектологияның негізгі ұғымдарының бірі. Бұл процесстің мақсаты мен міндеті жалпы педогогикалық принциптермен анықталған, яғни, оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі және түзетілуі тиіс.Тәрбиенің бұл түрі тек қана педагогтармен ғана емес, арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.
Мүмкіншілігі шектеулі балалардың тәрбиесі бір-біріне қарама-қарсы екі ұғымнан тұрады. Олардың бірі - ата-анасы баланы жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Бірақ, оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді.Тіпті кейде баланы жазалайды. Мұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі. Олардың көңіл- күйі түсіп сенімсіздік пайда болады. Ал, психологиялық шеттету баланың зиятына кері әсерін тигізіп, білім деңгейін тежейді.
Екінші бір жағдай, ол- баланы шектен тыс қамқорлыққа алу. Ата-аналар бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, өздерін кінәлі сезініп, оны тым бос ұстап еркелетеді. Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы келеді, өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.
Отбасы баланың тұлға ретінде қалыптасуына, қоғамда алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі тиіс. Мүмкіндігі шектеулі бала дүниеге келгеннен кейін оның тәрбиесіне отбасының әрбір мүшесі жауапты. Өйткені мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды өзімен бірге ала келеді. Ата- ана балаға қойылған аңғарымды алғаш естіген кезде үрейленіп, қорқыныш сезіміне беріле бастайды. Одан кейін өздерін кінәлі сезіну басталады. Сондықтан, мұндай отбасылар арнайы педагог мамандардың, соның ішінде дефектолог, психолог, әлеуметтік-педагогтардың көмектеріне зәру. Өйткені мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді, арнайы тәрбиелеу мен оқытуды талап етеді.
Мүмкіндігі шектеулі баланың отбасындағы қарым- қатынасын және өзі қатарлас балалармен қарым-қатынасын анықтау, олармен бірдей деңгейде араласуына мүмкіндік туғызу, білім деңгейіне сай оқыту және қоғамның болашақ өз-өзіне сенімді азамат етіп тәрбиелеу үшін педагог мамандар ата-аналармен, әлеуметтік сала қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы керек. Тек осы жағдайда ғана, мүмкіндігі шектелген балалардың өздерін қоғамның толыққанды азаматы ретінде қабылдауына жағдай туады.
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ «Адамның бақыты- балада» деген екен. Кез-келген адам өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы – ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреу даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі- түсінген адамға қолдың кірі. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды»деген сөз де тегін айтылмаса керек. Олай болса, адам өмірінің мәні- өз ұрпағы.
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата-анасынан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер, яғни тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, отбасындағы үлкендердің үлгісімен сіңеді.
Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, қазіргі таңда туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан қаршадай бастарынан қасірет дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда. Ауру сәби дүниеге келгеннен бастап оның тауқыметін тартуға мәжбүр болады. Мүмкіндігі шектеулі бала дүниеге келгенде ата-аналар алдында оны арнайы мекемеге беру керек пе, әлде үй жағдайында қарау керек пе деген таңдау шығады. Ата-аналар бала туылғаннан кейін психологиялық және өзге де қажет кеңестер алмағандықтан, бұл өте қиын таңдау. Осы ретте балаларынан бас тартып жататындар да кездеседі. Десек те, баланы Алланың сыйы деп қабылдап, оны отбасы жағдайында тәрбиелеуге бел буатындар саны басым.
Ата-аналар балаға қойылған диагнозды қиын қабылдайды. Ата-аналарды «ақыл-ойы кем» немесе «олигофрения» деген терминдер шошытады. Ең алғашқы рет ата-аналар эмоционалды жарақат алғанымен, біртіндеп жағдайды түсініп, баланы ауру деп қабылдайды. Жағдайды қабылдау процесі бір-бірімен байланысты бірнеше факторлармен айқындалады, олардың ішінде маңыздысы ата-аналардың жеке басы, баланың ерекшеліктері, қоршаған орта әсер етеді. Отбасына және балаға берілетін психологиялық-педагогикалық көмек түрлерін ұйымдастыру формалары. Балаларының ақыл-ойы кемдігі ата-аналарға психологиялық тұрғыдан ғана емес, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан да әсерін тигізеді. Баласына қойылған диагноз туралы ата-аналардың реакциясы түрлі болып келеді, жеке жағынан және ұқсастықтары да кездеседі. Ең бірінші диагнозға деген реакция өздерін «кінәлі» сезінулері, «Неге мен?», «Неге менің балам?» деген сұрақтарды туындатады. Амбиваленттік (екі жақтылық) – ата-аналардың бойында байқалатын реакцияның екінші түрі. Стресс пайда болғанда реакцияның позитивті оң өзгерісі және қарама-қарсы реакциялар пайда болады. Ашу, қаһар, түңілу – сезімдер баланы қорғауда және жақсы көруде білінетін сезімдер. Амбиваленттік жаңа дағдарыс кезінде пайда болып қиыншылықпен жойылады. Аталған категорияға жатқызылатын балалардың ата-анасының 48%-ның реакциялары, ұят, ауыртпалық және т.б. Көптеген этиологиялық факторлар, ақыл-ойы кемдігінің түрлі деңгейі патологияның біліну себептері, жеке айырмашылықтар және басқа да формалар реакцияның байқалуын күрделендіреді.
Девиация дағдарысы (ереженің болмауы) – бұл тағы да бір реакцияның формасы, бұл реакция баланың жағдайынан, диагноздың қойылуынан, стресске байланысты болады. Ата-аналар түсініксіз мәселемен кездесіп, бұл жағдайда көмек күтеді: жаңа ақпарат, жаңа білім және танымайтын мамандармен қарым-қатынас жасау. Баланың патологиялық жағдайы ата-аналар бойында ауыр стреске ұшыратады. Кейбір жағдайларда бала орталық нерв жүйесінің бұзылысынан басқа дене бітімінің кемтарлығы болуы мүмкін. Бұл жағдайлар баланың ата-анасына үлкен ықпал жасауы мүмкін. Туындаған жағдайда жаңа рөлді қабылдау, дамуында кемтарлығы бар баланың ата-анасы екенін қабылдау өте қиын. Ақыл-ойы кем баланың қажеттіліктерімен ата-аналардың өміріндегі жағдайды өзгерту «Хроникалық қиналу дағдарысы» деп аталады. Дамуында кемшілігі бар бала күнделікті өзіне деген күтімді талап етеді де, ата-анасына күнделікті дағдыланған өміріне кедергілік әкеледі. Отбасы мүшелері бұндай баланың отбасында пайда болуы отбасылық қарым-қатынасқа өз ықпалын тигізеді. Бұл жағдайда арнайы маманның кеңесі қажет. Кейбір жағдайларда ата-аналар баланың кемтарлығынан ол кеш жүруі тиіс немесе оның дамуында бір кемшіліктер болады, тілі кеш дамуы мүмкін деп ойлап, аталған диагноздың қойылуынан қорқады. Шындықты естігенде, ата-аналар бұл жағдай уақыт өте бала есейгенде өтіп кетеді деп ойлайды және осындай диагноз қоюшы мамандарға ренішті болады. Бұндай сезім түсінікті, бірақ ең бірінші естігендегі ауыр сезім өтпелі болады. Кейбір ата-аналар барлық жақындарымен, достарымен қарым-қатынасты тоқтатып, өз мәселелеріне 95 пайыз іштей кетеді, ал басқалары көптеген адамдардан көмек алу үшін қарым-қатынасқа түседі.
Баланың әлеуметтік тәжірибесінің болмауы қоршаған ортадағы адамдардың тәртібінде қарама-қайшылықтарды туындатады. Егер отбасы бұндай баланы қабылдайтын болса, бұндай жағдайда ол көп нәрсені өздігімен үйреніп тәртіп ережесінің қарапайым нормаларын игереді. Ата-аналардың маңызды үш қасиетін атап өту қажет, мамандар бұл қасиеттерді ата-аналардың бойында қалыптастырғандары жөн. Адекваттылық баланың психикалық және мінезіне тән ерекшеліктерін объективті түрде бағалап тәрбие үдерісінің негізінде құрылады. Динамикалық – отбасылық өмірдегі жағдайларда ықпалын тигізіп, балаға әсерін тигізуге әдісі мен формасын өзгертуге тиімді болады. Болжамдау – болашақта тәрбиелік бағыт беру. Интеллектуалды қызметіндегі бұзылысы бар мектепке дейінгі балалардың жалпы барлығы өз отбасы жағдайы туралы мәліметті біледі. Көптеген балалардың бойынан отбасылық тәрбие жүйесінде шектеулік пен шеттетілгендіктерін көрсетеді. Ата-аналардың өз балаларына деген көзқарастары баланың интеллектуалды бұзылысының ауырлық деңгейіне байланысты болады. Интеллектуалды бұзылыстың жеңіл түрінде ауруға деген көзқарастың адекваттық түрде қабылданатынын көруге болады.
Интеллектуалды бұзылыстың орташа, ауыр деңгейлік түрінде үлкендердің көзқарасы дисфункционалды жағдайда қабылданып, ал байланысы бақылаудың деструктивті формасымен ерекшеленеді. Орташа және жоғары деңгейдегі бұзылыстары бар кезеңде үлкендердің көзқарасы дисфункционалды болып, ал байланыс деструктивті бақылау формасы мен мінез қалыптасады (қатаң басыңқылық, жайбарақаттылық). Интеллектуалды бұзылысы бар баламен кешенді жұмысты жүзеге асыра отырып, мамандардан құрылған аралық бақылау командасы жұмыс істейді – невролог, психиатр, олигофренопедагог, логопед және т.б. Өз қызметінің аясында әр маман ата-аналармен тиісті жұмыс түрлерін жүргізеді. Түзете-дамыту бағдарламаларын құрастыруда негізгі қағидалар белгіленеді: әлеуметтік тәрбиеге байланысты түзете оқытуда міндетті қағида; оқыту мен тәрбиелеу үдерістерінің бөлінбейтіндігі; Сензитивті даму кезеңіндегі ерекшеліктерді бағытталған оқытуды жүзеге асыру; білім беру бағдарламасының байланыстылығы; түзету педагогикалық жұмыстарына отбасын қатыстыру. Бұндай бағдарламаларды жүзеге асыру кешенді өткені дұрыс. Бұл шаралар арнайы мектептерде, түзету орындарында, медициналық-педагогикалық-психологиялық, әлеуметтік орталықтарда өткізілгені дұрыс. Интеллектуалды бұзылысы бар балаларды тәрбиелеу ата-аналардан төзімділік пен қажырлықты қажет етеді. Баланы қоршаған ортаға дайындауда, мектепке дайындап дамытуда ата-аналардың үлесі өте ауыр болатынын естен шығармаған жөн.Тәртіптік реакцияларда орташа және ауыр интеллектуалдық бұзылыстары бар балалар әртүрлі реакцияларды береді.
Ереже бойынша полярлық сипатқа ие болған тәртіптік көріністердің екі тобын ерекшелейді. Бірінші топқа «гипербелсеңді» балаларды жатқызады, оларды ерте шақта жеңіл тануға болады. Ерте жаста олар тынымсыз, ашушаң және ерке болады. Мектепке дейінгі шақта өзін тым шулы етіп көрсетеді. Осы балалардың тәртібі импульсивтілігімен, қозғалыс тынымсыздығымен және ерікті зейінінің тым тұрақсызыдығымен ерекшеленеді. Сабақ кезінде осы топтағы балалар орынан тұрып, әртүрлі заттарды алады да, ұстаздарды тыңдамайды және ескертулерге назар аудармайды. Бейтаныс адамдардың алдында қозуы тым жоғары, көп сөйлейді, адекватты емес күледі және де ең жаманы бөлек тапсырмаларды назар аудармай орындайды. Осы балалардың тәртіптері тұрақсыз, сондықтан ол түскен жағдайына тәуелді болады. Қоршаған ортаның сәл өзгеруі кезінде қозғыштығы күшейеді. Осы балалардың эмоциялары тұрақсыз, лабилді және өзгермелі.
Ал екінші топтың балалары тәртіптің қарама-қарсы формасын көрсетуі мүмкін. Олар тым баяу, барлық іс-әрекетте көмекті қажет етеді және сабақтарда пассивті болады. Осы балалар мұғалімдерге сұрақтармен жақындамайды, қойылған сұрақтарға жауап беруге тырыспайды. Қандай да іс-әрекетке олар мұғалімнің бірнеше рет ұсыныс жасаудан және тапсырманы бірнеше рет қайталаудан кейін ғана қосылады. Топта осындай балалар сабырлы, әрі жауапты әсер қалдыруы мүмкін. Сыртқы жағдайлар-дың өзгеруіне одан да қатты тұйықтылықпен, «өз-өзіне кетуімен», т.б. жауап береді. Интеллектуалдық іс-әрекеттің осындай бұзылыстары ерте, бір жасқа дейін немесе өмірдің алғашқы жылдарында анықталады және диагностика-ланады. әрбір нақты баланың кемістік дәрежесі, оның құрылымы, сонымен қатар темп пен әрі қарай дамуының сипатының индивидуалдық ерекшелік-терге ие болады. Айқын интеллектуалдық жетіспеушілігі бар бар балалардың қалпы өмірдің алғашқы күндерінен ауыр дамымаушылығымен ерекшеленеді. Сәбилік шақта осы балалар басты кеш ұстайды (4-6 айдан бастап), өзінің аударылуынан және отыруы да кеш өтеді. Үш жастан кейін жүруді меңгереді. Оларда гуілдеу, былдырлау болмайды, «тірілу кешені» қалыптаспайды. Әртүрлі топтағы балалардың моторлық жетіспеушілігі әртүрлі көрініске ие болады.
Ақыл-ой кемістігінің тежелу түрі кезінде қозғалыс дамымаушылығы кедей, бірдей қозғалыстармен, олардың тым тез баяулы-ғымен, әлсіздікпен көрініс табады. Ал, керсінше, қозу үдерісі басым балаларда қозғалуы тым жоғары, бірақ олардың қозғалыстары мақсатты бағытталмаған және тәртіп сақтамайды, олар бірізділік қозғалыстарды жасауға қиналады. Жиі бала бастаған қозғалысты өзі аяқтамайды. Балаларда жіңішке, дефференияланған қол мен саусақтар қозғалыстары ерекше қиындатылған; олар аяқ киімде бауларды байлауға және түйме-лерді салуға қиналып үйренеді. Айқын интеллектуалдық жетіспеушілігі бар балаларда психиканың барлық жақтары дөрекі бұзылған: қабылдау, зейін, ойлау, есте сақтау, сөйлеу, эмоционалдық-еріктік сферасы. Осы балаларға сыртқы қабылдау тән, яғни заттарды жалпы қабыл-дау. Олар қабылдаған материалдарға талдау жасамайды және басқа объектілермен салыстырмайды. Ол қарапайым және күрделенген мате-риалды қабылдау арасында көрінеді. Қарапайым, күнделікті көретін заттарды қабылдайды және жеткілікті жақсы ажырата алады. Мақсатты бағытталған тәсілдердің анализ салыстыру, жүйелік іздеу, материалды толығымен қамту, әрекеттің адекватты тәсілдерін қолданудың болмауы, олардың іс-әрекетінің тәртіпсіз, саналы емес сипатқа ие болуына әкеледі.
Интеллектуалды
жетіспеушілігі анық байқалған балалардың
зейіні бұзылған, қабылдау түйсігі
шамалы, баланың қабылдау сезімін, зейінін
аудару қиынға соғады, балалар назары
жиі басқа нәрсеге бөлінеді. Бұндай
балалардың белсенді зейіндері өте әлсіз
болады, сол себептен алға қойған мақсатқа
жету мүмкін емес. Бастауыш сынып
оқушыларының назарын тек қана жарқын
суреттер, заттар арқылы аударуға болады,
бірақ ұзақ назарын аударуға қиынға
соғады. Айқын интеллектуалдық
жетіспеушілігі бар балалардың психикасын
зерттеу нәтижелері, олардың логикалық
және механикалық есте сақтау қабілеті
тым дамымаған екенін көрсетті. Сонымен
қатар есте сақтаудың гипертрофияланған
жағдайлар кездеседі (бұл сәттерді,
сандарды, орындарды және т.б. жартылай
есте сақтауды білдіреді.). Сөздердің
өзара байланысты емес қатарды айтқанға,
қарағанда, байланысты мәтінді еске
сақтау жақсы нәтижелерге әкеледі. Бұл
орталық жүйке жүйесінің терең зақымдалуы
бар балалардың мәтіндегі қарапайым
мәнді байланыстарды миниалды дәрежеде
орнатады және ол есте сақтау үдерісі
кезінде көмектесетінін білдіреді.
Балаларда қатты танымдық іс-әрекеттің
дамымауы, ең алдымен, ойлау үдерісінде
көрініс табады. Демек отбасының бала
тәрбиесіндегі алар орнын халқымыз "ұяда
не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деген
даналық оймен түйе білген. Тұжырымдай
келгенде, дұрыс қалыптасқан отбасылық
қарым-қатынас баланың тұлғалық –
психологиялық дамуының ғана емес, оның
творчестволық қабілеттері мен
іскерліктерінің дамуының қайнар көзі
болып табылады. Кемістің түріне және
күрделілік деңгейіне байланысты
балаларды тәрбиелеу мүмкіндігі де
өзгеріп отырады. Келесі кезекте бірнеше
синдромдарды қарастырамыз және оларды
отбасында тәрбиелеудің жолдары мен
тәсілдерін көрсетеміз. Даун синдромы
бар балалардың сыртқы құлақ жолы, ауыз
қуысы, сілекей қабықтары қалыпты баламен
салыстырғанда құрғақ болады. Сондықтан
олардың еріндері тез құрғап, жарылады.
Бұл жайсыздықтың алдын алу үшін абрикос,
өрік, күнбағыс майын аптасына үш рет,
дене температурасына лайықты етіп
жылытып, екі тамшы тамызады. Баланы
шомылдырғанда, құлағына су кетіп қалмауы
үшін, мақтаны пайдаланады. Даун синдромы
бар балалар құлақ отитімен жиі ауырады,
мұндай жағдайда баланың құлағына су
кіріп немесе суықтап қалуынан сақтандыру
қажет. Қол және беттің терісін күту
кезінде түйін гүлдің судағы ерітіндісі
жақсы көмек береді. Жарты литр қайнаған
суға емдік шөптерді салып, дене
тептературасына сай жылығанға дейін
бетін жауып демдеп қоямыз. Бірнеше
минуттан соң сол сумен баланың бетін
кейіннен қолдарын ақырын жуамыз. Ортаңғы
құлақтың аурулары бас сүйектің пішініне
байланысты пайда болады. Даун синдромымен
ауыратын балалардың бас қаңқасы алға
шығыңқы болғандықтан құлақтың дыбыс
өту жолы тіке орналасқан. Сондықтан,
олардың құлақтарына инфекциялар тез
түседі. Олар ауыз және мұрын қуысы арқылы
жұтқыншақ арқылы өтеді. Мұрынмен тыныс
алудағы бұзылыстары мұрыннан сілекей
көбейуімен бірге кездеседі. Ал ол оттегі
алмасуына кері әсер етеді. Ал оттегінің
жетіспеуі жүректің жұмысына, бас миының
оттегі алмасуына және дене температурасының
бір қалыпты болуына кедергі жасайды.
Аденоидтар үлкейіп хирургтың көмегін
қажет етеді. Балаға мұрын қуысындағы
сілекейден арылуды үйретеміз. Мұрынның
бір қусын жауып, кейін екіншісін
сілекейден босату. Естудің бұзылуы
құлақ жарғағында орналасқан сүйекшелердің
анатомиясындағы өзгерістері салдарынан
пайда болады. Ол балалар ауа өтімділігі
бойынша 30-60 Дб аралығындағы дыбыстарды
қабылдайды(сыбырлап айтылған сөзді 1-5
метр қашықтықтан естіледі). Есту
қабілетінің жетіспеушілігі балаланың
сөйлеу тілі мен өзіне қаратылып айтылған
сөздің мағынасын түсінуі артта қалады.
Даун синдромы бар балаларға нейросенсорлық
есту қабілетінің кемістігі жиі байқалады.
Балаалр айтылған сөздге талдау жасай
алмайды. Ата-ананалар көбінесе балаларының
есту қабілетінің төмендігіне назар
аудармайды. аудиометрлік тексеруден
өткізуге тиісті. Даун синдромы бар
балалардың тілі жалпақ және ұзын болып
келеді (жырықтармен қапталған –
«географиялық»). Ол балаға шайнау кезінде
кедергі жасайды, оны операция арқылы
тілдің жартысын резекция етіп алып
тастайды. Алайда ол баланың тәбетін
жоғалтып оның артық салмақ жинауна
себепші болады. Тілдің және аденоидтың
(мұрын жұтқыншақ миндалинін) жартысын
алып тастағаннан кейін бала ауызын
еркін жаба алады. Жақ сүйектің және
тістемнің дұрыс дамуына әсер етеді.
Балалардың сілекей ағуы да азая түседі.
Мұндай операцияны басынан өткізген
бала респираторлық ауруларға ұшырамайды.
Ақыл ойы кемдік дәрежесі жеңіл балалар
осы операциядан соң бет әлпетінің әдемі
болғанын байқап, өзін бағалау деңгейі
көтеріледі. Көздің шәлгез тілігі даун
синдромына тән ерекшелік (сыртқы көз
бұрышы ішікіге қарағанда жоғары
орналасқан). Эпикант – көздің ішкі
бұрышын жауып тұратын, вертикальді
қатпар. Көздің сыртқы қабығында жарық
дақ бар (Бруш фильда дағы). Ол көздің
пигметтерінің жетіспеуінен пайда
болады. Даун синдромымен ауыраты
балаларда катаракта кіші жаста онша
байқалмай, үлкейген сайын 10 жастан
бастап оның белгілері айқын көріне
бастайды. Баланың көзі шамалы зарықаннан
соң (ұзақ уақыт теледидар қарағанна
соң, компьютерде ойын онағаннан кейін)
бала көзі ауыратынына шағым жасайды.
Көз алды қарауытады, басы ауырады, көзін
уқалайды. Мұның бәрі сайып келгенде
глаукоманың нағыз белгілері болады.
Тума глаукома – көздің алдынғы камерасының
бұрыштық дренажының дұрыс қалыптаспауының
салдарынан. Көздің ішкі қысымы
жоғарылағанда қан айналым нашарлайды
(көз қантамырлары бойлап). Мұндай жағдайда
көздің ішкі бөлігінде орналасқан жүйке
жапа шегеді, ол жүйке талшығының
атрофиясына алып келуі мүмкін. Атрофия
– грек тілінен аударғанда «қорек» деген
мағына береді, ол қандай да бір жасушаның
қоректену прцесінің бұзылып солуы.
Глаукомасы бар балаларды басқа топқа
бөлу керек. Оларға ауыр көтеруге, суға
түсуге болмайды. Тума глакомаларды
(гидрофтальм, буфтальм) хирургиялық
жолмен емдейді. Даун синдромы бар
балалардың 1/3 де миопия(близорукость)
байқалады. Ол астигматизмамен (рефракцияның
түрлі деңгейі) бірге келеді. Жақын
орналасқан заттар оларға анық көрінеді,
бұл белгі тума алыстан көрмеушілікте
байқалады. Оның жүре пайда болуына жақын
аралықта отырып көзбен жұмыс жасау,
жұмыс орнын жарықпен дұрыс қамтамасыз
етпегенде және майда жазуларды 30 см ара
қашықтықтан оқу. Көз ауруларының алдын
алу мақсатында балалардың күн тәртібіне
көз жаттығуларын ендіру қажет. Баланы
дұрыстамақандыру және оларға тұрмыстық
қолайлы жағдай жасау керек. Алыстан
көрмеушілігі бар Даун синдромымен
ауратын балаланың көруін толықтыру
мақсатында арнайы көзідліріктер
ұсынылады. Егер алыстан көрмеушіліктің
жеңіл түрі (3,0 дптр/дан) болса онда бала
көзілдірікті театрда, қойылымдарда
тағады. Алыстан көрмеушіліктің алдын
алу үшін көздің бұлшық ет аккомодациясын
жақсартуға арналған жаттығулар жасалады.
Емдеудің хирургиялық жолдарын да ұсынуға
болады. Линза қолдану бұл жағдайда пайда
бермейді, себебі Даун синдромы бар
балалар линзаны қолдана амайды. Рефракция
бұзылуынан бір немесе екі көздің нашар
көруі, көбінесе миопия, сонымен қатар
ОЖЖ өзгеру салдарынан болған көру
бұзылысы; жұқпалы аурулар да баланың
көз қимылына әсер етеді. Көз алмасының
еріксіз ритмикалық қимылдары – нистагм
да пайда болады. Қыли көздік кезінде
бинокулярлы (екі көз де) көру бұзылады.
Егер балалаға «Даун синдромы» деген
диагноз қойылса, келешекте ол балаалды
қандай да бір көз немесе құлақ аурулары
болуы әбден ықтимал. Ондай жағдайда
педагогикалық медициналық жұмыс жасау
барысында ескеру керек.
Мүмкіндігі шектелген баланы тәрбиелеп отырған отбасылардың өмірлік кезеңінің негізгі баспалдақтарын қарастырып өтейік:
1.Баланың дүниеге келуі: патологиясы туралы мәлімет алу, берілген мәселені эмоционалды қабылдау және төзе білу, отбасының өзге мүшелерімен жақын адамдарды хабардар ету.
2.Баланың мектепке дейінгі кезеңі: мамандармен өзара әрекеттестік, өмірлік іс-әрекеттер бойынша шешім қабылдау, емделуді ұйымдастыру, сауықтыру, баланы оқыту және тәрбиелеу.
3.Баланың мектептегі шағы: мамандармен өзара әрекеттестік, мектептік оқыту формасы туралы шешім қабылдау, оқытуды ұйымдастыру, баламен қарым-қатынастағы ересектермен құрбы-құрдастарының арасындағы мәселелерді шешу.
4.Жеткіншек жас: мамандармен өзара әрекеттестік, баланың табиғи, созылмалы ауруына дағдылану,құрбы-құрдастарының бөлектеу мәселелерін шешу, баланың болашақ кәсібін жоспарлау.
5.Ересектік өмірге қадам басу кезеңі: мамандармен өзара әрекеттестік, отбасылық жауапкершілікке ие болу, баланың болашақ өмірін жоспарлау.
6.Ата-аналық кезең: жұбайымен отбасын құру және мамандармен өзара әрекеттістік.
Сіз жалғыз емессіз. Әлемде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны сіз ойлағаннан әлдеқайда көп. Өзіңізді осындай мәселеге тап болған жалғыз отбасымыз деп ойламаңыз. Бәрі соншалықты жаман емес. Мүмкіндігі шектеулі балаларда толыққанды және өте бақытты балалық шақтың болу мүмкіндігін мыңдаған ата-ана растайды. Әрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу өте қиын болғанымен, әрқашан қиындықтарға тап болу дегенді білдірмейді. Бүгінде қиын деп отырған мәселелер ертең Сізге жеңіл немесе кем дегенде үйреншікті болып кетуі мүмкін. Балаңызды тәрбиелеу Сізге де өзгелерге сынды қуаныш пен бақыт сыйлауы мүмкін.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Бала тәрбиесі журналы 2013 ж
2. Дефектология журналы 2014 ж
3. Арнайы педагогика. А.Байтұрсынова

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген