Материалдар / Баяндама "Музыка сабағында қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер"

Баяндама "Музыка сабағында қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ..Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады.Қазіргі таңда оқушы — ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2023
531
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Музыка сабағында қолданылатын жаңа әдіс- тәсілдер»

Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ..Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады.Қазіргі таңда оқушы — ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Осы бағыттарда мектептерде музыкадан теориялық және тәжірибелік білім беру жүйесінен біраз тәжірибелер жинақталған, солай бола тұрса да, музыка сабағын жүйелі оқыту, әсіресе қазақ мектептерінде ұлттық бай музыкалық мұрамызды молынан пайдаланудың жолдары әлі де көрсетіле берсе артық етпейді.Басты міндет-оқыту мен тәрбиелеу. Өз пікірінде көрнекті педагог В. Сухомлинский «Өнер- өнегілі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деп, тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті.Қазіргі таңда жалпы білім беру кешендерінде музыка сабағын жоғарғы дәрежеде өткізу көзделіп отыр. Музыка пәні – шығармашылық пән. Оған көптеген ізденіс, шығармашылық, іскерлік, тапқырлық өте қажет.

Осы күнге дейінгі музыка бағдарламалары әртүрлі құрылымда, түрлі авторлардан туындалып жатса да, барлығының да мақсаты халқымыздың және де басқа ұлт-халық өкілдерінің байырғы сазын терең мазмұнда кейінгі ұрпаққа жеткізу, насихаттау болып табылады.Сондықтан да музыка пәні мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі, ата-аналар зор үміт артады. Жас өспірім бойына музыкалық білімді игерту — пәндегі сабақ жоспары құрылымы бойынша болғанымен жеке дара табиғи дарынды оқушылармен жұмыс аспаптық үйірмелер арқылы дамитыны бізге мәлім.Осы бағыттарда сабақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін. Мысалы: интерактивті тақатмен жұмыс, мультимедиалық көрніспен, жаңаша тапсырмалар арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізуді дәстүрге айналдырдым. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Халқымыздың осы мақсатын қайта жандандыру мақсатында балаларды қабілетіне қарай, жыраулық өнерге, терме айтуға , шешендікке тапқырлыққа , айтыс өнеріне үйретуде — ән – саз пәнінің алатын орны орасан зор. Олай болса, оқытумен тәрбиелеудің ой елігінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы арттады. Әр мұғалімнің оқытуға, үйретудегі өз тұғырнамасы болу қажет.

Музыка – адамзаттың рухани азығы, жан серігі нәзіктігімен, көркемділігімен адам жанын баурап, олардың мінез құлықтарының қалыптасуына тікелей әсерін тигізеді. Жасөспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, сезімталдығын қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде мектептегі музыка тәрбиесінің алатын орны ерекше. Егеменді ел болып, ұлттық сана– сезіміміздің оянуы, тіліміз бен дініміздің қайта жаңғыруы, имандылық мен адамгершілікке деген қажеттілігін қанағаттандырып отыратын өнерлердің бірі–музыка. Мектептегі музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі–музыка сабағы

Музыка сабақтарында да электронды оқулықтарды тиімді пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл мұғалімнің магнитофон, күйтабақпен жұмысын жеңілдетеді, тақтаға ән мәтінін жазу уақытын үнемдейді. Оқушыларға әр түрлі өлеңдердің әнін тыңдауға, оған өзгертулер енгізуге, өздері орындаған өлеңдерді компьютер арқылы тыңдауға мүмкіндік береді.

Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.

Оқушылардың қызығушылығы белсенділігі артқасын сабақта білім сапасының артатыны сөзсіз. Ұлы неміс педагогы А. Дейстербергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» - дегенді. Содықтан да оқушы белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеретін, ойлауға үйрететін ол жаңа инновациялық әдіс- тәсілдері болып табылады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында бәсекелестікті және әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады.. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ сапасын арттыруға ықпалы көп.

Атап айтсам: Кім шапшаң?, Әуенді тап, Сөз жұмбақтар т.б сонымен қатар ұлттық музыка әлеміне байланысты сабақты түрлендіріп өткізуге жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны орасан зор.

Жаңа инновациялық әдістерді пайдалана отырып, білім сапасын арттыру өмір талабы.

Музыка сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану жолдары

Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып ой толғау жасауға болады. (мыс: музыка сабағында сабақты ойын түрінде ұйымдастыру керек) осы арқылы оқушылардың биімділігін арттыруға болады Күтілетін нәтижені, музыка пәніне деген қызығушылықтары артады. Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, эстетикалық талғамы артады

Компьютердің кең мүмкіндіктері музыка пәнінен фонотека, мәліметтер қорын жасақтап, толықтырып отыруға мүмкіндік береді, оларға қол жеткізуді оңтайландырып, сұрыптау мен іріктеу мүмкіндіктерін жетілдіреді.Дегенмен, қазіргі кезде электрондық оқыту, 12-жылдық білім беру жүйесін көшу жағдайында музыка пәні мұғалімдерінің әдістемелік жаңа технологиялармен байланысты әдістемелік жинақтарын толықтыру өзекті болып отыр. Оқу орындары толық интерактивті тақта мен оның аппараттық және бағдарламалық құралдарымен қамтамасыз етілген. Осы жағдайды ескере отырып, әр сабақта мектеп мұғалімдерінің интерактивті тақтамен еркін жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, олардың өз бетімен музыка сабақтарына дидактикалық материалдар, мультимедиа өнімдерін, тестілеуші құралдарды пайдалану қарастырылған тест тапсырмаларын даярлауға үйретіп, мектепте машық барысында пайдаланып отырмыз.Оқушылар интерактивті тақта мен оның бағдарламалық жабдықтамасымен еркін жұмыс жасауға үйретіліп, тек дайын тапсырмаларды ғана орындамайды, интерактивті мүмкіндіктерді де пайдаланады. Осындай тапсырмалар мектеп оқушыларының музыка пәніне деген қызығушылықтарын арттырып, олардың тақтаның алдында, аудитория алдында өздерін еркін ұстап, оқу-танымдық іс-әрекеттерді ұтымды жүзеге асыруына ықпал етеді.Осылайша, ақпараттық технологиялар педагогтарға өздерінің жұмысын сапалы тұрғыдан жақсартып, әдістері мен формаларын өзгертіп, оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін толық сақтау мен дамытуға, оқытудағы пәнаралық байланыстарды нығайтуға, оқу үдерісін ұйымдастыруды үнемі динамикалы жаңғыртуға мүмкіндік беертін құрал болып табылады. Ал басты артықшылығы – дәстүрлі оқу үдерісін түрлендіріп, оған жаңаша көзқарастарды тиімді енгізуге мүмкіндік беріп, оқушылардың білім алуын қызғылықты әрі жеңіл етуге ықпалы.

Әрбір халықтың тәлімгерлік тарихына назар салар болсақ, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мол тәжірибені байқаймыз.Бүгінгі мақсат халықтың музыкалық педагогика саласының сол озық идеяларын жандандырып, білім беру жүйесіне енгізу отыр.«Музыкалық тәрбие әдістемесі» білім беру жүйесіне әрдайым бағынады және музыкалық педагогика үрдісін дамытады. Болашақ ұрпақтың дәстүрлі сазын бойларына сіңірте келе әлемдік саз әлемімен ұштастырып, рухани байлықты жан дүнесіне игереді.

«Музыка – менің жан -дүнием»,- деп орыс сазгері М.И.Глинка айтқандай әр саз маманы, болашақ мамандар студент-жастар музыка сабағын өздерінің шеберліктерімен мектептегі жоғарғы дәрежелі сабақ ретінде көтеруі парыз

Қазіргі таңда оқу сабақтары барысында оқытудың интербелсенді әдістері және интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Сондықтан оқу- тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету – әр педагогтың басты міндеті деп, «Білім алу – батылдық, оны толықтыру – даналық, ал шебер қолдана білу – өнер» деген нақыл сөзбен  қорытындылаймын.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Әденбаев С.Ш. Тәрбие теориясы және әдістемесі., Алматы., Дарын, 2004.-152 б.

2.Абдуллин Э.Б. Николаева Е.В. Теория музыкального образования., Москва., Академия., 2004.-336 с.

3.Момынұлы П. Музыкалық эстетикалық тәрбие., Алматы., Қазақпарат.,2000.-270 б.

4.Ұзақбаева С. Тамыры терең тәрбие. Алматы., Білім, 2005.-232 б.

5.Меңдаяқова Қ.М., Қарамолдаева Г.Ж. Мектепте музыка тәрбиесін беру әдістемесі., Алмат., Әл-Фараби., 1997 .-132 б



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ