400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Баяндама. Нота ұзақтықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Косымша билим беру мугалимдерине
Материалдың қысқаша нұсқасы



Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы.

«О. Тайманов атындағы өнер және саз мектебі» МКҚК









Баяндама

Нота ұзақтықтары.





«О. Тайманов атындағы өнер және саз мектебі» МКҚК

Домбыра пәні мұғалімі:

Абдикеримова Н.







Шаян ауылы 2018ж.

Кіріспе

Музыка өнері әрбір адамзаттың өмірінің мәні. Музыка арқылы ар адам көңілін көтеріп, керемет күйге бөленіп жатады. Әлем музыкасының түбі, шегі жоқ керемет тылсым дүние. Әр ұлт музыкасының өзіндік жанры жане стилі болады.

Музыкадағы жеті ғана дыбыстың керемет туындылардың шығуына себепкер болуы ғажайып дүние. Сондай ақ, тек сол жеті дыбыстың ұзақтықтарға бөлінуі музыкадағы ерекшеліктердің бірі. Нота ұзақтықтары арқылы дыбыстардың жазылуы, саналуының өзгеруі түрлі әуеннің жарыққа келуіне себепші.

Нота ұзақтықтарының музыкада алатын орны ерекше. Сол ерекшелікті балаға түрлі тәсілдермен меңгерту мүғалімнің басты міндеттерінің бірі. Нота ұзақтықтарын оқушыға домбыра аспабында ойнау арқылы меңгерту, оқушының есінде мәңгі қалуы мүмкін. Әр қазақ баласы домбырада түрлі шығарма ойнау үшін нота ұзақтықтарын бірден ажыратып, саналауын, жазылу ерекшеліктерін білуі қажет. Сол себепті оқушының музыкалық сауатын үнемі жетілдіріп отыру, сабақты барынша оқушыға түсінікті етіп өту сольфеджио, хор, домбыра мұғалімдерің басты міндеті. Әрбір мұғалім бар білгенін оқушыға барынша қызықты етіп түсіндіруге тырысады. Мұғалім бар білімін оқушыдан аямай үйретіп және сол үйреткені арқылы оқушыдан талап ете алса әрбір оқушыдан сауатты музыкант шығатыны сөзсіз.













Негізгі бөлім:



«Музыка ұлтқа бөлінбейді» дейміз. Иә, иә кез келген ұлтың музыка өнерін құштарлана тыңдап, бойымызды ерекше тылсым күш билейтіні белгілі.

Л. В. Бетховен «Музыка адамның жанын жарқындатып, жалындатуға тиіс» деген. Сондай – ақ, Ж.Ж. Руссо «Мелодия тек қана еліктірмейді, ол сөйлейді... Оның тілі өткір, от- жалынға толы жәй, қарапайым сөзге қарағанда, әлде қайда күштірек деуге болады» деп өз тұжырымдамасын жасаған. Иә, музыка саласын зерттеген ұлы ғұламалардың ойымен келіспеу мүмкін емес.

Домбыра мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе. (Қ. Аманжолов)

Қазақ халқының басқа ұлт халықтарынан ерекшеліктерінің бірі - ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, ұлт музыкасы осы күнге дейін көздің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен өнердің бір шыңы домбыра күйлері .


Домбыра – ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне арналған музыкалық аспаптың бірі.


Сонау, бағы заманның ұлы композиторлары қазақ халқының мұң – мұқтажын, қайғы - қасіретін, қуанышы мен жеңісін, туған еліне деген шексіз махаббатын күй арқылы жеткізді. Ұлы күйшілер Құрманғазы, Тәттімбет, Дина, Қазанғап, Сүгір аталарымыздың күйлерінің құдыреті шексіз.

Күй - қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Ол әр түрлі аспаптарда орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері деп аталады.

Қазақ халқының күйлерінде де нота ұзақтықтары кездесетіні сөзсіз. Әр күйде нота ұзақтықтарының алмасын келуі шығарманың жанрын өзгертіп қана қоймай стилін ауыстырып жібетеріні сөзсіз.

Мысалы: Халық әні «Еркем - айда» сегіздік нота мен ширектік ноталардың алмасып келуі, халық індеріне тән қасиет. Ал, Әубәкіровтың «Өрлеу» күйіндегі он алтылық ноталардың кездесуі күйге керемет шапшаңдық беріп, күйдің ойналу ерекшеліктерін күрделендіріп жібергендей. Сондай - ақ жартылық, бүтін ноталар созылмалы, баяу, еркін айтылатын әндерді кездесіп жатады. Нота ұзақтықтарын оқушының санай білуі, жазылу таңбасын ажыратуы музыкалық сауаттылығының жетілгені. Нота ұзақтығын дұрыс меңгермеген оқушы қандай да бір өзіне берілген шығарманы шығара алмай қиналатыны сөзсіз. Сол себепті әр сабақта өткен тақырыптарды оқушыға барынша мұқият қайталатып отырған жөн.

Музыка саласында білімі бар оқушының нота ұзақтығын білуі шарт. Сол үшін мұғалімнің балаға дұрыс бағдар беруі, түсіндіруі дұрыс болуы қажет.













ҚОРЫТЫНДЫ:

Баланың музыкалық сауатын жетілдіру мақсатында мұғалімнің түрлі тәсіл – амалдарды қолданып, баланың білімін шыңдау әрбір мұғалімнің міндеті. Нота ұзақтықтарын түрлі мысалдар арқылы, жаттығулар арқылы баланың миына сіңіру ең бастысы.

Баланы әр сабаққа қиналмай, қуана келуіне мұғалімнің ықпалы зор. Сол себепті әр сабақты қызықты, баланың есінде қалатындай етіп өтсе, ешқандай бала сабақтан қалмас еді. Ал, сабақтан қалмаған оқушының білімі, музыкалық сауаты, аспапта ойнау шеберлігі жоғары болатыны сөзсіз.

Мұғалім сабақ барысында сол күндік тақырыпты ған оқушыға меңгертпей, күнделікті музыканы сүюге, қазақ өнерін, ұлттық аспабымыз домбыраны құрметтеуге, мәдениеттілікке тәрбиелеуге міндетті.

Тиянақты, жүйелі сабақтың нәтижесі – музыкалық сауаты жоғары, аспата шебер ойнайтын, білімді, тәрбиелі, сондай – ақ тәрбиелі оқушы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
2355
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі