400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

баяндама "Ойын элементтерін сабақта тиімді пайдалану арқылы коммуникативті құзіреттілікті дамыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
топ жетекшілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шымкент қалалық

Білім басқармасы

4 колледж






Әдістемелік баяндама


Тақырыбы: Ойын элементтерін сабақта тиімді пайдалану арқылы коммуникативті құзіреттілікті дамыту







Орындаған: Сабырова Ұ.













Шымкент қаласы, 2017 жыл



оспары:

І.Кіріспе бөлім

1. ойын туралы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім

1)  Ойын-пәнге қызығушылықты арттырудың тиімді жолы

2)  Ойындардың мақсаты мен міндеттері, ерекшелігі

4) Сапалылығы

5) Түрлері және қолданылуы, теориясы

ІІІ. Қорытынды бөлім

   Ойынның маңызы 

IV Әдебиеттер тізімі





І.Кіріспе бөлім


Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс-құбылыс.

Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері — мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.

Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.

Ал мұғалімнің міндеті — балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.



ІІ. Негізгі бөлім

Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі.Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын болса, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойындар арқылы жүзеге асады.

 МақсатыОйын арқылы оқушылардың білім-білік, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.


Оқытудағы ойынның міндеті:

* Ойын арқылы оқу мен тәрбиені ұштастыра отырып, білім деңгейімен дағдыларын жетілдіру.

* Ойната отырып, жаңа білімді меңгерту.

* Танымдық қызметі мен ой-өрісін кеңейту.

* Оқушының өзіне деген сенімін арттыру, оқуға деген қызығушылығын, белсенділігін дамыту.

* Оқушыларды адамгершілікке бір-бірін сыйлай білуге, көмектесуге үйрету.

Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі:

  • Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді.

  • Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, тәртіп сақтау қабілеті, есте сақтау қабілеті қалыптасады.


Ойындардың сапалылығы:

Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.



Қазақ тілі сабағында әр түрлі ойын элементтерін пайдаланамын.

Қандай әріп жоқ? Сөзжұмбақ








Н е артық?











Фонетика саласы бойынша: 1. (ә,ы,ө); 2. (і,ң,ғ); 3.(қ,ү,ұ). Сонда қай топ бұрын және көбірек сөз жазса, сол топ озады. Оны топтың ішінен бір-бір оқушыдан шығарып, тақтаға жаздырамын. Ойын таңдағанда тақырыпқа сай ойындар алынады.



«Жылдың төрт мезгілі» ойыны: Жылдың төрт мезгілі орманда кездеседі. Амандасып, бір-бірінен хал сұрасқаннан кейін олардың әрқайсысы «Жаз», «Көктем» және «Қыс» сөздерінің ерекшеліктерімен мақтанады. Мысалы, қыс:

-Мен – қыспын. Ең суық, қаһарлы мезгілмін. Үш ай – желтоқсан, қаңтар, ақпан айында күнді суытып, қарды жаудырамын. Өзендерді, көлдерді қатырамын. Сол кезде қандай мереке бар екені айтылады. Жаңа жыл. Оқушылардан «Қыс» туралы қандай тақпақ, өлең, жұмбақ білетіндері сұралады.



«Буын» тақырыбына ойын былай өткізіледі: «Ойлан, тап!».

  • Бір буынды тұйық буынға мысал келтір (ат, ет, ант, өрт).

  • «та» буынына аяқталатын екі буынды сөз ойла (баста, аяқта).

  • «Т» әрпінен басталып, «т» әрпіне аяқталатын бір буынды бітеу буынға мысал келтір (төрт, торт).

  • «Б» әрпінен басталатын екі буынды құс аты және аң аты (бұлбұл, бұғы)



Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойыны.

  1. «А» әрпінен басталатын қала аттарын жазыңдар. Мысалы: Алматы, Астана, Ақмола ... .(Ол қалалардың қай жерде орналасқанын картадан көрсетіп, қала туралы не білетінің сұрау).

  2. Тек қана (а, е, ы, і) дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: (а) бала, тамаша, қараша, ..., (ы) ыдыс, ыстық, қырық, мысық, сызғыш, ..., (е) ертең, керек, сен, кеше... .

  3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздерді ойлап жазыңдар. Мысалы: Азиза, нан, қырық, қазақ, көк, ...

  4. «Адасқан әріптер» ойыны. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар.

    1. р, о, б (бор);

    2. а, ш, а, ғ (ағаш);

    3. п, е, т, м, е, к (мектеп);

    4. о, ш, ы, қ, у (оқушы);

    5. н, ы, п, ы, с (сынып).





Лексика саласы бойынша (Кім тапқыр?) ойыны.

Ішінде антоним сөздері бар мақал-мәтелдер тауып жазыңдар.

1.Үйдің ... - ... қыс түскенде білерсің. (ыстық-суығын)

Кімнің ... - ... екенің іс түскенде білерсің. (дос-қас)



2.Ашу – ... , ақыл – ... . (дұшпан, дос)

3. Ақылдан жақын ... жоқ. (дос)

Ашудан жаман ... жоқ. (жау)

Морфология саласы бойынша «Кім тез тауып оқи алады?» ойыны.

Төмендегі сөйлемде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?

  1. Біз сабағында математика неше түрлі есеп шығарамыз.

  2. Сабағы кеше сурет болды.

  3. Дене тәрбиесі спортзалда сабағы өтеді..

  4. Отыр сабақта 25 оқушы.

  5. Әкелдік кітап, дәптер, күнделік, қалам сабаққа біз.



Қорытынды: Қорыта келе айтарым, білім беру –оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі болса, қазіргі кездегі білім беру – оқушының пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу. Ұстаз бен шәкірттің бірлесе жасаған еңбегінің нәтижесі – сапалы білім болып табылады. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский айтқандай: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фонтазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды!». Ендеше, баланы ойынға қатыстырып үйрету арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп сабақ өткізген ұтымды.

«Адасқан әріптер» ойыны

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.

Қ,у,о,ы,ш-оқушы

Т,п,і,к,а-.......................

І,і,б,л,м-........................

М,м,ғ,ұ,а,л,і-.................

«Шашылған дыбыстар» ойыны.

Мақсаты: Шашылған дыбыстардан сөз құрастырып, баланың сөздік қорын молайту, шапшаң ойлауға тәрбиелеу.

Ойын шарты: Сыныпты бірнеше топтарға бөліп ойынды жарыс түрінде өткізуге болады.

Шашылған дыбыстардан бірнеше сөздер құрау, мысалы: а,л,к,л,й,ү,н дыбыстарынан мынандай сөздер құрауға болады:ай,күн,үй,т.б.



«Қалалар» ойыны.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеру. Қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру.

С

З

Ы

Л

А

Е

У

А

Т

Қ

Ы

П

А

Р

Д

А

Н

А

А

Р

А

В

А

Қ

Т

А

Р

О

Р

Ғ

Л

О

Д

С

Т

А

Л

А

А

П

Д

Ы

А

Р

З

Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.



«Жалғасын тап» ойыны.

Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.

А) Ердің сыншысы бітеді

Ә) Жақсы болсаң, жүректе

Б) Ерлік білекте емес, ашу-дұшпан

В) Жері байдың ел

Г) Ақыл дос, ардақты ат,

Ғ) Кім еңбек етсе жақын көп

Д) Мал баққанға сол тоқ

Е) Адам деген- елі бай



«Сын есімдер ұясы» ойыны.

Мақсаты: Сын есімдерді білдіретін мағынасына қарай топтап жазуға дағдыландыру.

Ойын шарты: Оқушыларды топқа бөліп орындарында отырып жұмыс істетуге болады.

Тақтаға сын есімдер тізбегі жазылады. Әр топқа кесте таратылады.



Заттын түсін білдіретін сын есімдер

Заттың көлемін білдіретін сын есімдер

Заттың сапасын білдіретін сын есімдер

Заттың дәмін білдіретін сын есімдер

Заттың пішінін білдіретін сын есімдер








Тақтаға мынадай сын есімдер тізбегін жазуға болады: ақ , қысқа, таза, дәмді, тәтті, шұбар, өткір, үшкір, жуан, дөңгелек, жалпақ, тұщы, қалың, жұқа, т.б.

Оқушының міндеті сын есімнің тізбегін кестеге сәйкес орналастыру.

«Кім көп біледі?» ойыны.

Мақсаты: Сөздердің мағынасын ажырату.

Ойын шарты: Берілген сөздердің мағынасын ажырату.

Мысалы:

С айман өсімдік мүшесі

Ара Сабақ

Ж әндік ..............

. ............. ..............

Ал ма Қал

.............. ..............



. ............. ..............

Қы с Жаз

.............. ..............





«Бәйге» ойыны.

Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.

Ойын шарты: Бұл ойынның әр қатардан бір-бірден шабандоз шығады.Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жургізуге болады. Мұғалім тақырыпқа сай сұрақтарды айтады, шабандозшылар тез әрі дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауап- бір қадам алға жылжу.



Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынандай сауалдар қоюға болады.

1. Сөз дегеніміз не?

2. Сөз құрамына не жатады?

3. Түбір дегеніміз не?

4. Қосымша дегеніміз не?

5. Жұрнақ дегеніміз не?

6. Жалғау дегеніміз не?

7. Түбірлес сөз дегеніміз не?

8. Туынды сөз дегеніміз не?

9. Көптік жалғауларын тап?



«Тапқыш» ойыны.

Мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдерін тексеру.

Ойын шарты: Әр топқа берілген кестеден әр сөз таптарына қажетті сөздерді теріп жазу.

Қ

Ы

Б

Е

С

О

Қ

Ы

А

Й

Д

Ы

І

Ш

К

Д

Л

С

Ы

Н

Д

Ы

Ө

Ы

А

А

Р

Ы

П

П

К

С

Ж

А

З

Б

И

І

К

Н

Қ

Т

А

Й

С

Е

Г

І

О

Қ

Р

Ә

П

К

Е

З

Н

А

А

Т

Ы

Р

Н

А





Зат есім : қонақ, ...

Етістік: оқыды, ...

Сан есім: он,...

Сын есім: көк,....





«Қ» ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын анықтау, ізденімпаздылыққа бағыттау.

Ойын шарты: Оңнан солға қарай оқылса да, солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін «Қ» әріпінен басталып, «Қ» әріпінен аяқталатын бес әріптен тұратын жеті сөз ойлап жазу.



Қ

а

з

а

Қ

Қ

а

л

а

Қ

Қ

о

н

а

Қ

Қ

ұ

р

ы

Қ

Қ

ұ

р

а

Қ

Қ

а

з

ы

Қ

Қ

а

т

ы

Қ

«Бұл қалай өзгерген ?» ойыны.

Мақсаты: Бір әріптің өзгеруінен сөздің басқа мағынаға ауысыпкететіндігіне оқушылардың назарын аудару.

Ойын шарты: ойында шағын топ болып жасыр түрінде өткізуге болады.

Екі топқа бір сөз беріледі. Әр топ берілген сөздің бір әріпін өзгерте отырып жаңа сөздер жазу қажет. Қай топ көп сөз жазса, сол топ жеңімпаз аталады. Мысалы: қала- бала- дала т.б.

«Күрделі сөздер» ойыны.

Мақсаты: Күрделі сөз жасау, сөз мағынасын түсіндіру .

Ойын шарты: Екі бөліктегі сөздерді қосу арқылы, күрделі сөз жасау.

Бел құлақ

Қырық аяқ

Саңырау қазық

Кемпір қазық

Темір қосақ

Тас бақа



«Қызық сөздер» ойыны.

Мақсаты: логикалық ойлау деңгейін жетілдіру, сөз мағынасын түсіндіру .

Ойын шарты: Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздердің теріп жазу. Сөз мағынасын тусіндіру.

Қолқанат Ішік Есек

Тымақ Қыран Балта

Нағашы Шұлық Қысым

Түс Балта Ұршық



Мысалы: Ішік – кіші



«Кім – не?» ойыны.

Мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау.

Ойын шарты: Бұл ойынды жарыс түрінде немесе топтар бойынша ойнауға болады.

Кім?




















































Не?






















































«Бақытты сәт» ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты: викторина түрінде өткізу, болады. Жарыса отырып, сауалдарға дұрыс, әрі шапшаң жауап беру қажет. Дұрыс жауап берген балаға фишка беріледі. Фишканы көп жинаған бала ойын жеңімпазы аталады.

  1. Сөйлеудің түрлерін ата?

  2. Қай ай үйдегі тұрмыстық заты білдіреді?

  3. Волганның ортасында не бар?

  4. Дауысты және дауыссыз дыбысқа жататын әріп ата?

  5. Дастарханның сәні не?

  6. Құрғақ тасты қайдан таба алмаймыз?

  7. Пілдің баласы неге ұқсас?

  8. 25 қазан қандай мереке?

  9. Тұрлаулы мүшелерді ата?

  10. Күләш Байсейітова кім?

  11. Анамның анасы кім болады маған?

  12. Екі дыбыстан тұратын әріптерді ата?

  13. Абай Құнанбаевтің туған жерін ата?

  14. Ұшпайтын құстарды ата?

  15. Көшеде келе жатқан адамның артынан не көруге болады?



«Сандар әлемі» ойыны.

Мақсаты: сөз құрамында сан есімдері бар сөздерді жазу арқылы еске түсіру қабілеттерін жетілдіру. Сөзді қорларын кеңейту.

Ойын шарты: ойынды жұптық жұмыс ретінде өткізуге болады. Қай жұп құрамында сан есімдері бар сөздерді көп жазса, сол жұп жеңімпаз атанады.

Мысалы: 2+бастұз, к+3+ік, тағы басқа.

«Балық, құс, аң,...» ойыны

Сыныпта жүргізуші «балық, құс, аң...» деген сөздерді айтып өтеді. Кенет бір сөзде тоқтап оқушыны көрсетеді. Оқушы не балықты, не құсты, не аңды атайды (ол жүргізушінің қай сөзде тоқтағанына байланысты). Ойынның мақсаты:

  • балалар өздеріне таныс жануарларды атауға үйренеді;

  • таныс емес жануарларды таниды;

  • сыныптастарын зейін қойып тыңдауға үйренеді;

  • дұрыс жауапты тез тануға үйренеді;

  • сыныптастардың жауабын дұрыс бағалауға үйренеді.

Бұл ойынды өзгертуге де болады. «Гүлдер, ағаштар, көкөністер, жемістер...» және тағы басқа.

«Қатарды жалғастыр» ойыны

Жүргізуші оқушыларға бір топтағы заттардың қатарын атайды

(4-5түрін).

Балалар бұл заттардың жалпы атауларын атап, қатарды жалғастырулары қажет. Мысалы, жүргізуші мынадай қатарды ұсынады: қаз, үйрек, торғай, қарға,.. немесе Астана, Москва, Лондон,...



«Күн-түн» ойыны

Балалар көзін жұмып, шынтақтарын үстел үстіне қояды. Жүргізуші он саны аясындағы сандарды алу және қосуға байланысты есептер айтады. Балалар көздерін ашпай саусақтарымен жауаптарын көрсету керек. Жүргізуші сыныпта жүріп балалардың қолдарын түртіп, жауаптың дұрыс не бұрыстығын айтады.

Ойынның мақсаты - балалардың көру аппаратын қоспай, есепті ауызша шығара білуге үйрету. Тәжірибе көрсеткендей, кейбір үлкен адамдар да саусақпен жауапты көрсетуге қиналады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Тілдерді оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану. Алматы 2010ж 

  2. Бастауыш мектеп, №3, 2003, А.Әбішева «Ойын элементтерін пайдаланудың педагогикалық ерекшеліктері», 

  3. Қазақ тілі (дидактикалық материалдар) Алматы кітап 2010ж.

  4.  Бастауыш сыныпта оқыту. Алматы,2010ж.

  5.  Бастауыш мектеп Алматы, 2003 №9

  6. Қазақстан мектебі Алматы, 2002№5




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.05.2019
1094
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі