400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Баяндама Өнер алды-қызыл тіл.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ана тілімізді жақсы білу, тіл мәдениетін сақтау, оны шұбарламау – әркімнің азаматтық борышы. «Өнер алды қызыл тіл» деп халқымыз айтқандай, сөйлей білу де үлкен өнер. Таза ұлттық тілімізде, мәдениетті, жан-жақты білімді жастарымыздың ақыл-ой көрінісі-әр сөзді өз орнына жұмсап, мағыналы сөйлей білуі-заман талабы. Сондықтан да сөйлеу мәдениетіне қай кезде де ерекше мән берілген, қай халық болса да, қатты қастерлеген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы:

Даулеталиева Меңдігүл Сұлтанқызы


Баяндама тақырыбы: «Өнер алды қызыл тіл»


Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деп,
Абай атамыз айтқандай, ұстаз – ұлы тұлға, ұлы есім дегім келеді. Жер бетіндегі адамдардың бәрі осы ұлы есімге қарыздар. Өйткені, ұстаз алдынан өтпейтін еш мамандық жоқ. Ұстаз алдында бас имейтін адам жоқ.

Ол - өмірдегі екінші ана! Мен осы керемет мамандықтың иесімін! Ұстаз болу, студенттеріме жақсы тәрбие беру, менің бала кезімдегі арманым еді. Жаратушы Алла осы асқақ арманыма жеткізіп отыр.
Жақсы ұстаз шәкіртімен көзге көрінеді. Шәкіртсіз мұғалім ағашсыз орманмен тең. Орман өз ағаштарымен көрікті болса, ұстаз да өзінің жұмысының нәтижесін көрсететін шәкірттерімен көрікті. Қазіргі заман талабына сай оқытушылар бір орында тұрмай үнемі ізденісте болып , өзі жаңа әдіс - тәсілдерді тауып, іс жүзіне асырып отыру керек. Сонда ғана оның еңбегі жемісті, нәтижелі болады.
Студенттерді қазақ тілі мен әдебиеті пәндері сабағына деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін, тіл үйренуге ынтасын арттыру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, инновациялық әдістермен жұмыс жүргізуіміз керек. Қазір жаңа технологиялардың түрі көп. Әсіресе, орыс сыныптарында қазақ тілі пәнін оқыту көп нәрсені талап етеді. Сондықтан, сабақ үрдісінде түрлі әдіс – тәсілдерді және сонымен қатар түрлі формаларды қолдануға тырысамын. Сол технологияларды сабақтарымда үнемі қолданып отырамын соның арқасында көздеген нәтижеме қол жеткізіп отырмын.

Қазақ тілі республикамыздағы жүзден астам ұлттар арасындағы татулық тілі.

« Ана тілін сүймеген, халқын сүйіп жарытпас » дегендей, туған жеріміздегі

қазақ тілі мен әдебиетін білу, қастерлеу – біздің міндетіміз.Мен, болашақ

білікті де,білімді,өз ісін жетік білетін заманға сай болғанын қалаймын.

Қазақстанымызды гүлдендіріп, дамыту біздің одан арғы міндетіміз деп

ойлаймын.


Қазақстан – Отаным,

Қазақ тілі – қазынам.


Мінеки, өз алдымызға егемендігімізді алғалы тіліміз де біршама биік сатыларға көтерілді.


Мемлекеттік тілде ой қорытып, пікірін, түсінігін жеткізе білетін, оның қадір – қасиетін келесі ұрпақтың санасына сіңіретін маңызымен мәртебесін танытатын іс істеу – ең негізгі борышым деп білемін. Адам өз ана тілімен бақытты болады. Өзінің ана тілін сүйген адам, өзінің халқын сүйеді. Ал өзінің халқын сүйген адам өзге елді де сүйе біледі.

Ақыл көркі – тіл,

Тілдің көркі – сөз.

Ана тілімізді жақсы білу, тіл мәдениетін сақтау, оны шұбарламау – әркімнің

азаматтық борышы. «Өнер алды қызыл тіл» деп халқымыз айтқандай, сөйлей білу де

үлкен өнер. Таза ұлттық тілімізде, мәдениетті, жан-жақты білімді жастарымыздың

ақыл-ой көрінісі-әр сөзді өз орнына жұмсап, мағыналы сөйлей білуі-заман талабы.

Сондықтан да сөйлеу мәдениетіне қай кезде де ерекше мән берілген, қай халық

болса да, қатты қастерлеген.

Өз ойымды қортындылай келе айтарым ең бастысы алға қойған мақсаттарыма жету үшін, сабақ берген студенттердің қоғам алдында үлкен әріппен бастайтын

« Адам » болып қалыптасуын тілеймін. Оқытушы әрқашан ізденісте болады. Сондықтан : « Еліміздің болшағы-жастардың қолында » демекші жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, сауатты етіп тәрбиелеу қазақ тілі пәні оқытушыларының міндеті.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 маусым
1388
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі