жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама "Өнер саласы бала тәрбиелудің ең бір үлкен қүралы"
ТАҚЫРЫБЫ: Өнер саласы бала тәрбиелудің ең бір үлкен қүралы
Баймуханова Гульсим Мешиткалиевна
№ 34 орта мектептің музыка пәні мұғалімі
Мектеп оқушыларына тәлім тәрбие берудегі, соның ішінде олардың рухани жан дүниесін қалыптастыруға кешенді әсер ететін ерекше тәрбие құралына музыка өнері жатады. Музыка өнері арқылы мектеп оқушысы музыкалық білім қорын жинайды. Адам өмірінде болып жатқан барлық жағдайлармен бірге музыкада жас буынның тұлға болып қалыптасуына өз әсерін тигізеді.Музыка оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, сыпайылыққа, туған жердің табиғатын сүюге, мектебін, ата-анасы мен ұстаздарын құрметтеуге, үлкенді сыйлауға баулиды. Әсемдікті, әдемілікті, халықтың рухани байлығын қастерлеуге үйретеді. Музыка сабағында оқушылардың музыка өнері туралы жалпы білімі қалыптасса, ал музыкалық үйірмелер арқылы олардың музыка өнері туралы жан-жақты білімі дамып,белгілі бір музыкалық тәжірибе, дағды, іскерлікті жинайды.
Жеткіншек ұрпаққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруді дамытуда мектептерде ұйымдастырылатын сабақтан тыс шаралар,үйірмелік музыкалық жұмыстар орасан зор роль атқарады. Сондықтан мектептегі сабақтан тыс жүргізілетін түрлі музыкалық үйірмелік жұмыстарды талапқа сай жүргізу, ұйымдастыру, жаңа заманның оқушысының көркемөнерпаз болып қалыптасуына ықпалын тигізеді.
"Өнер-білім бұлағы" дейді халқымыз. Өнердің қай саласы болса да адамдарға, өскелең ұрпаққа рухани күш-жігер береді, қуаныш, сүйініш, толқу сезімдерін оятады. Өнер - эстетикалық тәрбиелеудің құралдарының бірі оның ішінде музыканың атқарар рөлі ерекше.
Өнер — мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан болар, "өнер — мәдениет айнасы" деген қанатты сөздің қалыптасқандығы... Өнердің шынайы мәнінің діңгегі — сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік — адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты — қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын (идеалын) беру әрі соған адамды талпындыру, құштар ету.
Музыкалық-эстетикалық тәрбиенің, дәлірек айтқанда, музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің тікелей міндеті музыканың идеялық. мазмұнымен анықталады. Тұлғаның мақсатқа бағытталған даму жүйесін құруды талап ететін эстетикалык. тәрбие беру музыкасыз, оның адамға көп түрлі әсерін, оның қабылдануы мсн тәрбиелік рөлін зерделеусіз мүмкін емес.
Музыка күші онын жан-жақты әсер ететіндігінде (ерік-жігерге, ақыл-ойға, ойлауға. «логикалык. сезім" деп аталатынынға; эстетикалық. сана саласында көркем туындының құрылымдық ұйымдасқандығын қабылдау қабілетін, оның жетілуін талап ететін арнаны сезіну ретінде әрекст етеді). Осы мағынада алғанда музыкамен қалыптасқан эстетикалық сезім эстетикалық категория ретіндегі үйлесімділік ұғымына енген мазмұнға жақын келеді.
Эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты — адамдарда өзінің айналасындағы сұлулықты көре, сезіне білу, бағалай және қабылдай білу қабілетін арттырып, сұлулық заңдарына сәйкес өмірді жаңартып, өзгертіп отыру
«Эстетикалық тәрбие – болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін қажетсінуін қалыптастыратын жалпы тәрбиелер саласының құрамдас бөлігі. Эстетика-өмірді сезім арқылы біліп танудың негізгі жолы»
Эстетика дегеніміздің өзі өмірдің бір бөлігі.
Күнделікті өмірдің өзі балаға музыка тілімен жетеді. Осы өнер
арқылы бала тәрбиелік және білімділік қасиеттерді бойына сіңіреді,
музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның моральдық
бейнесін ,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті
жағдайлар туғызады.
- Бүгінгі таңда балаларды жастайынан өнерге баулу өзекті мәселе
болып отыр. Осыған орай, адам мен жаратылысты жарыстырып, сұлулық
шежіресіне айналған өнер ерекшеліктерін жете тану - бүгінгі
білімді, парастты да мәдениетті қауымның алдында күн тәртібінде
түрған басты ғылыми тақырыптардың бірі.
- Оқушының көпшіл болып өсуі үшін де өнерлі болудың маңызы зор.
Өнер баланың дүниетанылымында сеніміне, адамгершілік - моральдық
қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық сезімдердің тұрақтай, алдына
қойған мақсаттың айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол
себептен де халық өз ұрпағының өнердің сан алуан саласынан толық
мағлұматы болуына ерекше мән берген. Осыған орай, мақал-мәтелдер
"Жігітке жетпіс өнер де аз", "Өнер -таусылмас азық, жұтамас
байлық", Өнердің ырысы жарқылдап жатыр жолыңда"-деп өнерді
құдіретті күш, ол адамның жан серігі, рухани байлық деп білуге
болады деп бағалаған.
Сол себептен де оқушылардың өте кішкентай кезінен-ақ, яғни бастауыш
сынып оқушыларының өнерге деген құмарлығын сол кезден бастап-ақ
дамыту керек. Дәл осы 6-10 дейінгі жастан-ақ балаларда қызығу мен
құмарлық пайда болады. Соны сол жастайынан дамытып үйрету қажет.
Әрине, кереметтей өнерді меңгеру, тек еңбек арқылы дамиды. Сол
себепті, "Домбыра үйренуге де шыдамдылық керек", "Өнер ұялтпайтын
кісіні өзі біледі", "Ерінбеген емер, қажымаған жеңер"деген түйінді
сөздің өзі жеткілікті.
Музыканы мәнерлеп орындауда музыкалық бейнелерді терең түсінгендік сезілуі тиіс. Осыған орай А.П.Чеховтың: «Адам бойында бәрі де әдемі болуы керек: денесі де, киімі де, жаны да, ойлары да» деген сөздерін еске сақтау абзал. Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субъективті қыры ретінде эстетикалық сезімдер, әсемдікке деген көзқарас, бағалау, ой-толғаныстар, идеялар, яғни адамның эстетикалық саналылығы қарастырылады. Әр баланың өз қолымен әсемдікті тудыруға қатысуы осы музыка сабағы арқылы іске асады.
Музыка тілі – басқа өнер саласымен салыстырғанда күрделі тіл екендігі белгілі. Ол сезімге әсер ете отырып, адамның қиялы мен көңіл күйіне байланысты қабылданады. Музыкалық тәрбие беруде мұғалімнің алдына негізгі үш міндет қойылады. Бірінші міндет - әртүрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы оқушының сезімін ояту, екінші - сезім арқылы музыканы саналы түсінуге баулу, үшіншісі – музыкалық шығарманы өз шамасына қарай орындай білуге үйретуде орындаушылық дағдысы мен шығармашылығын дамыту. Бұл міндеттер негізінен жалпы білім беретін мектептің музыка сабағы барысында іске асырылады. Ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылығымен танысу мен шығармашылық жұмыстар музыкаға тәрбиелеудің басты іс-әрекетері болып есептеледі. Оқушылардың жан-жақты дамуы баланың ішкі дүниесін байытады, саз өнерін терең және толық қабылдап қана қоймай, айналадағы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді. Музыка сабағының басты іс-әрекеттері педагогтан алдын ала даярлықты, шығарманы таңдауды, оқушыларға үйретудің әдіс-тәсілдерін терең ойластыра отырып, аспапта орындалатын әнді еркін ойнауды талап етеді. Мұғалімнің сыныпқа қарап тұрып еркін ойнауы, дауыс ырғағы, бет пішіні оқушыларды баулып, әнді қызығушылықпен меңгеріп алуына көмектеседі.
Оқу мен тәрбие күрделі бір істің екі жағы. Осы істің екеуінің қай жағын ақсатып алсақ та адамды жан-жақты жетілдіру ісін жолға қоя алмайтынымыз белгілі. Ал тәрбиенің қай саласын қарасақ та эстетикалық тәрбие беру ісімен іштей қабысып жатады. Өнер саласының тәрбиелік мәні өте зор. Өнер арқылы адам бойындағы қабілеттілікті дамытып, олардың өсуіне жол ашу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өнер саласы бала тәрбиелудің ең бір үлкен қүралы.
Елімізде өсіп келе жатқан жас буынның жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуына, білім мен тәрбие беретін мектептерде басты назар аударып, олардың сабақтан тыс уақытты да тиімді пайдаланып, үлкен өмірге қажетті тәжірибе жинауға мүмкіндіктер жасалынуда.
Бұл сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстар арқылы оқушылар өз қалауынша таңдаған бағытта қосымша білім алып, іс-әрекеттер мен дағдыға үйренеді.
Жаңа заман азаматы болып даму үшін, қәзіргі оқушы түрлі ғылым мен өнерді игеруі, өз өміріне қажетті іс-тәжірибені жинауы мектеп қабырғасынан басталады.
–Елбасымыз еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында екенін әрі жас буынды жан-жақты қолдау мәселесін үнемі өз сөзіне тірек етеді
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін ашу – мұғалім міндеті.
Қорыта келгенде, Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз. Халқымыз «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» деп бекер айтпаған.
Міне, осындай мақсаттан бастау алған бүгінгі музыка пәні ұстаздары -жас ұрпақты ұлттық және патриоттық, салауатты өмір салты негізінде тәрбиелеп, өнерге баулуды. Болашағын өнермен байланыстырғысы келетін оқушыларға, сондай-ақ, қабілетті, талантты, өнерлі дарын иелеріне мектеп табалдырығынан қолдауы парызымыз. Міндетіміз – әр баланың қабілетін ұштай білу.
Қазіргі мектептің мақсаты – замана талабына сай, тәуелсіз мемлекетіміздегі жаңа қоғам мүддесіне лайықты,жан-жақты жетілген,бойында ұлттық сана мен халықтық психологиясы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру болып отыр.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. Алматы, 2004.
2. М.С.Керімбаева. «Ұлттық мәдениетті қалыптастырудағы мектептің қызметі». Астана, 2008 ж.
3. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі. С.А.Ұзақбаева. Алматы, 1990
4. Халық ғажап тәлімгер. М.Әлімюаев. Алматы, «Рауан», 1994 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген