400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "ОҢ ҚОЛ ҚОЙЫЛЫМЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Косымша билим беру мугалимдерине
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы

«О. Тайманов атындағы өнер және саз мектебі» МКҚК

Қашықтан оқыту бойынша





Баяндама

ТАҚЫРЫБЫ:

Оң қол қойылымы.





Дир. оқу - ісі жөніндегі орынбасары: Л. Тажиева.

Домбыра пәні мұғалімі: А. Шері.







2020 – 2021 оқу жылы.


Домбыра – бағзы замандардан бері келе жатқан қазақтың ұлттық музыкалық ішекті аспабы. Ғасырлар өтіп, заман ағымы ауысып, адамдардың өмір сүру салты, стилі өзгергенімен, домбыраның қазақ халқы үшін алатын орны өзгермейді.

«Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп бекер айтылмаса керек-ті. Басқаша айтқанда, «домбыра» мен «қазақ» егіз ұғым.



Домбырада ойнап үйрену үшін не қажет? 



Аспапта ойнап үйрену үшін, ең алдымен, адамға ынта, жігер және талпыныс керек екені айтпаса да түсінікті. Жаныңыз қаламаса, оны сізге ешкім де күштеп үйрете алмайды.

Екіншіден, бұл аспапта ойнап үйрену үшін арнайы мамандарға немесе домбыраны жетік білетін танысыңызға жүгінгеніңіз абзал.

Домбыра – оңай игеріле салатын аспап емес. Оны үйренудің өзіндік әдісі, тәсілі бар. Тек бойында таланты, құлшынысы бар жандар ғана бұл аспапты өздігінен игере алады.

Ол үшін:

1. Ең алдымен, аспапты дұрыс таңдай білу керек. Иә, бүгіндері домбыраны сатып алғысы келетін адам оны кез-келген базардан, музыкалық аспаптар дүкенінен таба алады. Алайда мамандар ұлттық аспапты арнайы шеберханадан сатып алуға кеңес береді. Домбыраны жасаушылар сізге дұрыс таңдау жасауға көмектесіп қана қоймай, аспапты тез игерудің жолдарына нұсқайды.

Домбыра аспабы бар оқушы не істеу қажет? Ендеше аспапты дұрыс ұстауды үйрену қажет. Ол үшін арқаны тік, иықты еркін ұстап, оң аяғыңызды сол аяғыңыздың үстіне қойып, аспапты ыңғайластырып қойып алуы қажет. Осындай отырыспен күніне кем дегенде 10-15 минут айнаның алдында отырып жаттыққан абзал. Осылайша мұғалім оқушы отырысына сырт көзбен қарап, кемшіліктерді түзей алады.

Домбыра шерткенде мән беретін тағы бір жәйт, ер адам мен әйел адамның орындыққа отырысы.
Суретте анық көрініп тұрғандай айырмашылық оң аяқтың сол аяққа қойылуында.
Сонымен қатар орындықтың биіктігі де аса маңызды. Орындыққа отырғанда сол аяқтың табаны жерге нық басылуы керек.
Домбырашының арқасы тік, орындыққа тимей тұру керек.
Екі иығы тең тұру керек, домбыраның ұшы да иықпен қатарлас болады.



Ендігі қадам – домбыра құлағын бұрап үйрену. Домбырада оң және сол бұрау түрі болады. Әндер мен күйлердің басым



бөлігінде оң бұрау қолданылады. Оған қою үшін алдымен домбыраның үстінен санағанда бесінші пернесін тауып алуы қажет. Бесінші ішектің нотасы астыңғы ашық ішектің нотасымен бірдей болуы шарт. Оны аспаптың құлағын бұрау арқылы іздеп, келтіру қажет.

Келесі қадам – қағыстарды үйрену. Төмен қағыс бес саусағыңызды жинақтау арқылы, сұқ саусақтың тырнағымен, білектің салмағымен төмен қарай қағумен жүзеге асады. Жоғары қағыстың бұдан өзгешелігі – ішекті бас бармақтың көмегімен қағады. Қағыс түрлерін оқушының қолы әбден жаттыққанша қайталау қажет.

Ендігі кезек – нота үйренуде. Нота білмесе де, Құдайдың бойына дарытқан дарынымен, ынтасымен домбыраның құлағында ойнап кеткен дәулескер күйшілер де баршылық. Мәселен, бұрынғы заманда домбыра үйірмесі де, оны үйрететін ұстаздар да болмаған. Десе де, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова салып кеткен сара жолмен кейіннен Кенен Әзірбаев, Жамбыл Жабаевтар жүріп өтті.



Қағыс және нота түрлерін білген кез келген оқуды домбыраны тартып, кез – келеген шығарманы нота арқылы тартып шығара алады.



Оң қол қойылымы.

Сол қол қойылымы.


Домбырада төмен, жоғары қағыстарды үйрету.

Домбыраны алғаш меңгеру барысында оқушы қолдарын еркін әрі бос қозғалтып үйренуі керек. Домбыра тартып үйрену әуелі ашық ішектегі қағыстардан басталады. Домбыра ішегін қолмен қағып, дыбыс шығару әдісін қағыс дейді. Қағыстар бағытына қарай төменгі және жоғары қағыстар болып бөлінеді. Қағыс бағытының негізгі танбалары былай белгіленеді:


Төмен қағыс П
Жоғары қағыс V


Домбыра тартуды әуелі төмен қағысты қағып үйренуден бастаған жөн. Себебі, ол-оң қолдың табиғи қолдың өте ыңғайлы қағыс. Сондай-ақ домбырада орындалатын ән-күйлердің көпшілігі төмен қағыспен басталады. Төмен қағыс қолдың білезік буынының қатысуымен сұқ саусақ арқылы алынады.
Оқушы әуелі екі иығын босатып, домбыраны шынтақпен қыспай ұстағаны жөн.Қолды өз салмағымен бос тастай қағуы керек. Қағыс алу барысында қолдың білегі мен буынын әрлі-бері бұрмай, оның қойылымдық қалпының өзгермеуін қадағалап, кіші тиек жағынан екінші қолмен домбыра мойынын сәл демеп отыру керек.Жоғары қағыс төмен қағыстар сияқты бармақпен немесе сұқ саусақпен білезік буынының көмегімен қағылады.Төмен қағыс пен жоғары қағыстың бірінен кейін бірінің кезектесіп келуі алма-кезек қағыс деп аталады.
Алғашқы қағысты меңгеру барысында екі қағыс түріне де (төкпе және шертпе қағыстарына) бірдей жаттығу керек. Төкпе қағысты сұқ саусақ пен бас бармақ, ал шертпе қағысты тек сұқ саусақпен орындаудан бастаған жөн. Ең негізгі бізге белгілі қағыстар түрлері:

«Тептек қағыс» - Құрманғазы дәстүрдегі кейін Дина дамытқан кең шенберлі қағыс.
«Төре қағыс» - Төре күйлеріндегі ішектің екі жағынан аса алыс кетпейтін қағыс.
«Триоль» - сұқ саусақ бас бармақ сұқ саусақ Қазанғап күйлерінде кездесетін қағыс түрлері.

«Сүйретпе қағыс» - Абылдан келе жатқан бұл қағыс .
«Сипай қағыс» - саусақтың ұшымен сипай өтетін қағыс.
«Қара шертіс» - төрт саусақпен шертіп ойнау т б қағыстың түрлері бар.
Домбыра − өзіндік музыкалық сипаты бар, қазақ өмірінде маңызды орын алатын аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. 6000 жылдық тарихы бар домбыра бүгінде жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
703
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі