Материалдар / Баяндама. Оқу үрдісінде АКТ-ны қолданудың тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама. Оқу үрдісінде АКТ-ны қолданудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған АКТ - мен оқытуды оқу - тәрбие процесіне енгізу. Заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қазан 2021
921
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

«ЭЛЕКТРОТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІ»КМҚК









ОҚУ ҮРДІСІНДЕ АКТ-НЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ




Дайындаған: Уиримбаева Айгуль Дуйсеновна

Қоғамдық пәндер оқытушысы























2021-2022 оқу жылы


ОҚУ ҮРДІСІНДЕ АКТ-НЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ





Жоспары

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. АКТ - ға қысқаша сипаттама.
1. 2. Тарих сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
2. 1. Интерактивті тақтаны пайдалану.
2. 2. Электронды оқулық құралдар.
2. 3. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың талаптары


ІІІ. Қорытынды.


Баяндама тақырыбының өзектілігі: Оқу үрдісінде АКТ - ны қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.

Баяндама жұмысының мақсаты: Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған АКТ - мен оқытуды оқу - тәрбие процесіне енгізу. Заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.

Баяндама жұмысының міндеттері:
1. Сабақта оқытудың АКТ - ны тиімді қолдана білу.
2. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.
3. АКТ - ны оқытуда тиімділігіне көз жеткізу.
4. Оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.










Кіріспе

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері –жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптасыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.Ал ұстаздың міндеті –жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін –өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау. Осыған байланысты әр педагог сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын іздестіру қажет, себебі ХХІ – ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Сол себепті тарихшы ұстаз өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуы қажет, әрі оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта АКТ құралдарын қолдана білу керек.
Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.
Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық технологияны пайдалану сабақтың тиімділігі мен сапасын арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпал етеді.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы оқушы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.
Мектепте компьютерлік технологияны қолдану оқушы шығармашылығын арттыруда белсенді роль атқарады. Жеке оқушының компьютерде жұмысты салауатты орындауы, ақпарат көздерін ала білуі дара тұлғаның қалыптасуына әсер етеді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютер арқылы жүргізу– оқу үрдісін белсендіруге, проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады әрі оқушы ерекшелігін ескере отырып оқытуды жүзеге асырады.
Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды.
Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.

II.Негізгі бөлім




DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1

DrawObject6 DrawObject7


DrawObject11 DrawObject10 DrawObject8 DrawObject9







DrawObject13 DrawObject12


DrawObject19 DrawObject18 DrawObject17 DrawObject16 DrawObject15 DrawObject14












1. 1. АКТ - ға қысқаша сипаттама
Қазіргі таңда жеткіншек ұрпақ - мектеп оқушыларына білім беруге ерекше көңіл бөлініп келетіні белгілі. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті.
Кез - келген пәнді оқытуда ұстаздарға қойылатын басты талап - жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру.
«Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.

Оқытудың АКТ және олардың қолданудың мүмкіндіктері В. С. Герушинский, В. М. Левина, Е.И.Машбиц, Г. Н. Нұрғалиева т. б. ғалымдарының еңбектерінде зерттелген. Аталған еңбектер білім беру процесінде АКТ - ны қолданудың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетеді.

1.2. Тарих сабақтарында АКТ пайдалану жолдары
Тарих сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге мүмкіндік береді.
Тарих сабақтарында ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдануда төмендегідей нәтиже беруде:
¨ Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін толықтыруға дағдылануы;

¨ Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап, өз көзқарасын қорғай алуы;
¨ Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып, белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;
Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.

2. 1. Интерактивті тақтаны пайдалану.
«Ауызша айтсаң – тез ұмыттым,
Көрсетсең – есте сақтаймын,
Іске кіріссең – үйренем.» деген екен қытай даналығында. Ендеше оқушылар интербелсенді тақтаға назар аудара отырып, өтіліп отырған сабақтарын ұтымды түсінуге мүмкіндік алады.
Интерактивті тақта — топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді.
2. 2. Электронды оқулық құралдар
Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр кезеңін бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.
2. 3. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың талаптары:
-ақпараттық -коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;
-тарих пәніне деген қызығушылығын тудыру;
- өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету;
-өзіндік пікір, тұжырым, түсінік келтіру;
-дайынды көшіріп алмай, салыстырмалы жұмыс істеу;
- пікірін, тұжырымын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;
Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:
-мұғалімнің білімділігі, тың идеяларды жеткізуі, компьютерлік сауаттылығы;
-сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы;
- білім мен тәрбиенің бірізділігі;
- сабақтың жүйелілігі;
- әр оқушының психологиялық ерекшелігін ескеру;
- әр сабақта интерактивті тақта мүмкіндіктерін кең түрде пайдалану;
- өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну;
--оқушылар пікірлерімен санасу, ерекше идеяларға қолдау жасау;
- үйге берілетін тапсырманың уақтылы және нақтылы берілуі;
- бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;
Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Тарих сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Тарихшы ұстаз АКТ қолдану арқылы әртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе сабақтың тартымды әрі қызық өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.
Әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. Кез – келген пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануы мен проблемалық жағдайлардан шыға алуымен айқындалады.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық
және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалім-
дерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретеміз.
Демонстрациялық материалдар даярлау, сыныппен кері байланыс жүргізу үшін интерактивті тақта мүмкіндігі шексіз. Интерактивті тақтаға термин сөздерді жазып сөздікпен жұмыстар жүргізу оқушылардың сөздік қорын да байытып, қажетті мәліметтерді еске сақтауына мүмкіндік береді және осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады.
Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері.
Мысалы
: «Қазақ атауымен қазақ жүздерінің пайда болуы» өткен кезеңде халықтың шығу тегі, қазақ жүздерінің шығу тарихы туралы материал жинақтап, өте құнды презентация жасалды, толық мәлімет берілді. Бейне фильм көрсетілді, электронды оқулықтан мәліметтер берілді.


Осындай жұмыс түрлерін қолдану оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың осы пәнге деген қызығушылығын оятуға, дарынды тұлғаны қалыптастыруға әбден болады.
Мысалы топ студенттері тарих пәні сабақтарында презентациялар жасап тақырыпты қорғауға жаттыққан.
«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз» тақырыбын өткен кезде слайдтар жасалды, мәліметтер берілді, тексеру жұмыстары орындалды.



Мысалы:
Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар.

Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Сонымен, электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады, белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады.
Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.Әр оқушы қажет жағдайда үйдеде өз бетінше жұмыстана алады және аннимацияларды көре отырып меңгерілуі қиын тапсырмаларды есте сақтай алады.
Өз сабақтарымда электронды оқулықтарды жиі пайдаланамын. Қазақстан тарихы бойынша барлық
топтарға арналған электронды оқулықтар бар.
(Ұлттық ақпараттандыру орталығы)

Электронды оқулықты қолдану оқушылардың жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді.
Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
- Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
- Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
-Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
- Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;
- Тіл байлығын дамытады;
-Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
- Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
- Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

Қорытынды

Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептейміз.

Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. 

Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тізгіні ұстаздар қауымының қолында екенін есімімізде сақтайық. Мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік.

Қорыта келгенде, тарих сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану- заман талабы. Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.  «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, ақпараттық технологияларды шеберлікпен пайдалана білетін, теория мен практиканы оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.




Пайдаланылған әдебиеттер:


1.С.Т. Мұхамбетжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы,2008 ж.
2. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2,2005ж.

3.Білімдегі жаңалықтар. Ақпараттық-әдістемелік журнал. Астана,2009ж

4.Электронды оқулықтар. Ұлттық ақпараттандыру орталығы.

5.Ұ.Бакирова. «Ақпараттық технологияны қолдануда білім сапасын көтерудегі рөлі».


770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!