жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама: "Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу"
Б А Я Н Д А М А
Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу
Дайындаған:
Муханбеталина Г.К.
Жоспар
Кіріспе:
І. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ.
Негізгі бөлім.
Ұрпақ тәрбиесі – қоғамның болашағы.
Тәрбие басы – тал бесік.
Ел болашағы – білімде.
Қорытынды.
Жан –жақты жетілген ұрпақ.
Адам тағдырын тәрбие шешеді,
тәрбие құралы - сөз
О. Сүлейменов
Кіріспе
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың, тәрбиелеудің әр түрлі әдіс –тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс- әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән беруде .
Педагог А. Байтұрсынов : «Бала тәрбиесін оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білу керек , екінші баланың табиғатын біліп көңіл сарайын танитын адам боларға керек . оны білуге баланың туғанынан бастап өсіп жеткенше тәнімен қатар арқылы қалай кіретін жолын іздеу керек . баланың ісіне , түсіне қарап , ішкі халіне хабар аларлық болу керек»,- дейді.
А. Байтұрсыновтың бұл пікірі дәл бүгінгі, ертеңгі күннің талап – мақсатымен үндес , өмір бойы өшпейтін , ескірмейтін өсиет. Бұлай дейтініміз , болашақ ұрпақты жан- жақты тәрбиелеу ісіндегі басты тұлға – тәрбиешілер, педагогтар және ата- аналар.
Қазіргі заман олардан баланың жеке басын қалыптастыру, оның көкірек көзін оятып ата- бабадан қалған және осы кезеңдегі халқымыздың асыл мұрасын баланың жас кезінен ойына ұялатып, бойына сіңіру, адамгершілік, ізеттілік, эстетикалық сезім -әрекеттерін қалыптастыру.
Ол үшін ең алдымен тәрбиеші педагог өзі жан- жақты білімді, шаруашылықпен еңбектенетін, ізденімпаз, озық тәрбиені бойына түйіндеген, көреген сезімтал, балаға жүрек жылуын төге білетін, оның жан дүниесін, сезімін көре білетін осы заманғы қоғамдық талап деңгейінде болуға тиіс. Егеменді ел болып тілімізді, дінімізді игердік.
Тәуелсіздік тәрбие еркіндігін берді .
«Қазақтың ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау менің перзеденттік те президенттік те парызым» ,- деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлттық тәрбиеге үлкен мән берді . Біз сол ұлы мақсатты іскеи асыру үшін ұлттық тәрбиенің негіздерін айқындап , тәрбие жұмыстарының ұлттық ерекшеліктерін бала бойына сіңіруге тырысамыз.
Негізгі бөлім:
а) Қоғамның болашағы саналатын ұрпақ тәрбиесіне әрбір саналы азамат аса зор жауапкершілікпен қарауға борышты .
«Ел болам десең – бесігіңді түзе» ,- деп М. Әуезов ағамыз айтқандай , бала тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға ,әсіресе отбасы мен ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты . Көпшілігі тұрмыс тауқыметімен жүрген ата- аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі төмендеген . Мектептегі бала тәрбиесіне тікелей жауап беретін –ұстаз . Баланың табалдырықтан аттап кірген мезетінде , оның қандай тәрбиемен келгендігі ұстаз назарында . Оқушыларға алғашқы күннен бастап «Ұлық болсаң –кішік бол» ,- деген небір ұлы адамдар өте қарапайым , кішіпейіл болғандығын құлақтарына құйып , адамгершілік сезіміне түрткі болатындай сөздерді үнемі айтқан жөн . Жаман әдеттеріне тыйым жасап , жақсы істерін көре білу - ұстаздың парызы . Алдына келген әр шәкірт –ашылмаған кітап. Кітаптың әрбір парағын оқып , талдау жасау әрі қызық , әрі қиын . Ұстаз оқушыға талап қоймас бұрын , ол туралы, ата-анасы жайлы толық мәліметі болғаны жөн. «Мұғалім мен оқушы арасында ара қашықтық болуы керек . Бірақ арақашықтық ешкім аттап өте алмайтын қабырға емес , баспалдақ сияқты болғаны дұрыс , онымен оқушы да , мұғалім де жоғары көтеріледі». Оқушы мен шынайы, сыпайы, педагогикалық этиканы сақтай отырып сөйлесе білу, сенім арту, жеке жағдайын сұрап отыру ұстаздың күнделікті әдетіне айналуы шарт.
Елімізге, жерімізге, тілімізге, салт-дәстүрімізге, анаға деегн сүйіспеншілікті шым –шымдап болса да бойларына сіңіру мақсатында «Егеменді елдің болашағы» , «Тәуелсіздік терегім» , «Аналарым ардағым» , «Сөз қадірі» , «Жер тағдыры –ел тағдыры» , «Ерлік өшпейді ер ұмытылмайды», «Наурыз жыл басы», т.б. тақырыптарға тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылардың ынтымақ ұйымшылдық ынтымағын нығайту мақсатында : «Достық , жолдастық . махаббат атты пікірсайыс өткізіп . жақсы пікірлердің куәсі болдық . Заманның «айықпас дерті» аталған нашақорлық , әр түрлі жұқпалы аурулардан шет жүруін үнемі насихаттап отырамыз. Тіпті темекінің 1 талы адамның 10 минуттық өмірін қысқартатынын білгендері абзал . Қыз баланың тәрбиесі де күн тәрбиесінен түскен емес. Қазақ ер баланы батылдыққа , ерлікке тәрбиелесе , қыз бакланы нәзіктікке , әдемілікке тәрбиелеп , қызын –арға , ұлын –нарға балаған халық емес пе?!
Қызына қарап –елін таны деген сөз бекерге айтылмаса керек .
«Қыз әдебі , қыз қылығымен» , «Қыз өссе –елдің көркі» тақырыптарында диспут , «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне қыз қуу сайысы өткізіледі .
Әдеп сақтау қазақ халқының тарихи қалыптасқан қоғамдық санасына мықтап сіңген ұғым . Қазақ халқында әдеп сақтау этикеті , яғни мінез –құлқы мен қарым –қатынастың қалыптасқан халықтың ережесі , ол ереже бұзыцлса халықтың дәстүрі де бұзылады . ұлттық намысқа нұқсан келеді .
Қазақ халқында оның тіршілік аясында адамдар мен қарым-қатынасында толып жатқан әдет- ғұрыптармен әдептер олардың өзіндік рухани байлығын көрсетсе керек . Қазақ халқының ерекшеліктерінің бірі осы әдет-ғұрыптармен салт дәстүрлерде .
Жеке адамды жан -жақты және үйлесімді дамыту мақсаттары мен міндеттерін ескере отырып . тәрбиешілер жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс істеуді бірқатар нақты міндеттерді шешеді . Жеткіншектерге қарағанда жоғарғы сынып оқушыларының мінез-құлқы көп жағдайда олардың адамгершілік түсініктермен ұғымдарды білумен , адамгершілік сапарға ие болумен , сенімдерімен айқындалады.
Ойлау процесіне сын көзбен қарау дағдысының өсуі олардың педагогтың айтқанының бәрін шындық ретінде қабылдамау сезімін оятып , ұсынылған қағидалардың дәлелдену және тереңірек түсіндіруін талап етеді .
Кейде жоғары сынып оқушылары арасында жекелей алғанда , сынып оқушылары арасында жекелей алғанда , таңдап алған пәндеріне қатысты шамадан тыс қарау парасаттылығымен байқалады. Олардың пікірінше , өмірде пайдаға асатын , мәселен болашақта мамандық алуға себебін тигізетін пәндерді ғана оқу керек деген пікір қалпытасады .
Рухани дүниесін дамытудағы гуманитарлық пәндердің рөлін жоғары сынып оқушыларының бәрі түсіне бермейді . Сол пікірлерді нақты дұрыс емес екенін айқындау мақсатында жиі пікірталастар өтіп отырады. Атап айтқанда « Кім болам?», «Адамның кісілік қасиеттері» , деген тақырыпта , «Арман керек адамға» деген тәрбие сағаттары шәкірт жүрегінен орын тапты .
Ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан- ұрпаққа мұра болып, өмір сынынан өткен , бүгінге жеткен әдет-ғұрып , салт-дәстүрлер негізінде тәлім- тәрбие үлгілері болып қалыптасты . Халқымыздың даму тарихымен қазақтың сенім –нанымдарын әлі күнге дейін дамып келеді.
ә) Туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Қазіргі кезеңде «экология» деген термин өзекті мәселенің бірі болып отыр. Қоршаған ортаны қорғау , туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру , табиғатты аялай білуге , төңірегіндегі табиғат анаға деген махаббат пен мейірімділікті арттыру мақсатында 5 сыныпта өткізілген «Табиғатты аялау- ата салтымыз , тәрбиеге мән берген дана халқымыз» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді . Мақсаты : Табиғат біздің алтын ұямыз , қоршаған ортамыз , тіршілік көзіміз екенін , оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында , таза укүйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру . Осы орайда балалардың табиғатқа деген сүіспеншілігін, аяушылығын ояту.
Тіл- тәрбиенің бастауы .
Қазақ сөз қадірін білген халық.
Кендігін де ,елдігін де , кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық .
«Тіл- халықтың ең ұлы байлығы» деген көрнекті жазушы М.Шолохов.Тыңдаушы адамға тіл әрине сөз арқылы жетеді. Халқымыз «Сөздің көркі мақал» дейді .
Тарихи әлеуметтік өмір тәжірибелерінен терең де зерделі тұжырым жасап, асылдай қорытып алмастай шыңдап айтатын мақал-мәтелдермен қанатты сөздер оқушының тіл байлығының молаюына зор ықпал жасайды.
6 –сынып оқушылары арасында өткізілген «Мың бір мақал- жүз бір жұмбақ» сайысы баланың сана –сезімінін, ой-өрісін кеңейтеді.
Мектеп оқушылары арасында мерекелерге арналған би кештері өткізіліп отырады. Би кешінде балалар тек би билеумен ғана шектелмей, тәлімгерлердің ұйымдастыруымен әр түрлі ойындар да жүргізеді, балалардың бос уақытындағы белсенділігі шыңдалады. Мұның бәрі оқушының эстетикалық , танымалдық тәрбиесін дамытуға , сұлулыққа еліктеуге , көзге түсетін жақсы және әдемі субьектілерді қабылдап , олардан үлгі алуға бейімдейді .
Бала көп көріп , көп естіген сайын баланың қоғамда өзін қалай ұстау керек , қалай сөйлеу керек этикеті қалыптасады.
Ата- аналармен кездесулер ұйымдастыру . Ата –аналармен жүздесу, шақырту, үйіне бару , анықтама қағаздарын алдырту үнемі жүргізіліп отырады.
Өйткені, қай заманда болмасын , ұрпақ тәрбиесі ата-ананың , ұстаздың , тәлімгердің парызы .
Сабақ барысы жөнінде әлі де болса пән мұғалімі мен тәлімгер арасында байланыс әлсіз. Нашар оқитын оқушының сабағының сапасын көтеру үшін мұғалім мен тәлімгер бірге жұмыс істегенде ғана тәрбие сағатының да мақсаты сол бағытта өтеді.
Тағы да халықтың мұраны оқу тәрбие жұмыстарында үзбей қолдану , оқушыларға алдымен рухани адамгершілік тәрбие беру біздің басты мақсатымыз .
Анаға деген құрметтілікке тәрбиелеу . Әсемдік пен парасаттылық , әдептілік пен инабаттылық , мейірбандылық пен татулық , жылылық пен бауырмалдылық бір ананың бойына табылмай ма?
Ананың құдіреті де мейірімді жан екенін анаға деген құрметті бала бойына сіңіру мақсатында биылғы оқу жылында алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған 1-сынып оқушылары арасында «Аялайық ананы» атты ашық тәрбие сағатын ата- аналармен бірлесе отырып сайыс ретінде өткізіледі . Тәрбиелік мәні бар көріністерді ата-аналар өз баларымен бірлесе отырып сахналап көрсетті . Ата- ананың баламен көрініске қатысуы баланың есінде ұзақ сақталады. Осындай тәрбие сағаттарынана кейін ата-ана шығармашылығы ұшталып , ата-ана бірлігі нығайып , оқушы да тәрбиенің жақсылықтарынан үлгі алды деген пікірдемін .
Денсаулықтың адам өмірі үшін маңыздылығын түсіндіру.
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын , өмір сүру үшін қажеттілігін , бағалы байлық екендігін түсіндіру , оқушыларды тазалыққа , еңбекке , спортқа тәрбиелеу мақсатында «Денсаулық –зор байлық» атты спорттық эстафета ұйымдастырылды.
Поэзиялық кештер өткізу. Жылда ақын ағамыз М.Мақатаевтің шығармашылығымен таныстыру мақсатында оқушылар арасында «Есіңе мені алғайсың» әдеби музыкалық сазды кеші өткізіледі. Биыл мектепте «Жырлайды жүрек» атты әдеби –монтажды ашық тәрбие сағаты өткізілді .
Шәкірттер ақынның туған жылын , өмір сүрген кезеңдерін , өлеңдерін жатқа айтты М. Мақатаев күнделігіндегі «Сүйікті балаларым менің» деп басталатын жолдаудың өзі баланың жүрек түкпіріне сәуле шашқандай әсер қалдырып , баланың эстетикалық талғамының өркендей түсуіне ықпал жасады.
Қазіргі уақытта мектеп аумағында оқушының оқу-тәрбие үрдісіндегі белсенділіктері мен ұйымшылдығын қалыптастыру өскелең ұрпақтың өмір талаптарына сай білім және тәрбие, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдындағы тұрған басты міндеттердің бірі.
Қазіргі таңда тәрбиенің теориясы мен практикасының өзекті мәселерінің бірі-тәлім -тәрбие жүйесінің мақсатын белгілей білу . Оқушыларға тәлім тәрбие берудегі басты мақсаттарды анықтап алуға болады.
Иманды, адал, кішіпейіл, адамгершілігі мол , жалпы айтқанда, адамдық қасиеттері жоғары.
Өз ұлтының , халқының мәдени мұраларын игерген.
Табиғат атаулыға, туған жеріне , Отанына деген сүйіспеншілік сезім мол.
Салауатты өмір салтын берік ұстанған .
Философиялық дүниетанымы кең , өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан. Осындай негізгі міндет –мақсаттарды саралай отырып , сабақтан тыс уақытта әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруға болады. Біріншіден , оқушының бойына адамгершілік , тазалық қасиеттерді дарытудың бірден бір жолы –имандылық .Кейбіреулер имандылық тек діни қағидалар деп шошынады. Ислам сонау заманнан бері қарай тарихымызьен , мәдениетімізбен , әдебиетімізбен , тіпті ғылыммен тығыз байланыста. Ұлттық педагогикамыздың негізі де сонда жатыр. Ислам –инабаттылықты үндейтін ибалы ілім . Адамның адамға мейірімділік , қамқорлық жасауын көксейді Харам астан , арам істен аулақ жүруді дәріптейді . Қиянат жасау , біреудің есесін жемеу , зорлық –зомбылыққа жол бермеу керек деп уағыздайды. Осындай тәрбие мақсатын көздей отырып , оқушылармен мешітке баруға , садақа беру , ораза-айт мерекелеріне қатысу шараларын ұйымдастыруға болады. Киелі аруақты жерлерге бару, оның тарихы мен әдет-ғұрыптарын білу де артықшылық етпейді.
Екіншіден , ұлттық –этнографиялық мұражайға бару, ондағы құнды бағалы мұралармен ,ұлттық өнер , мәдениетімізбен танысу нәтижесінде оқушының бойында халқына деген сүйіспеншілік мақтаныш сезімдері туындайды . Әртүрлі толғандырарлық тақырыптар , сұрақтар айналасында пікірталас , дебат сабақтарын өткізудің де тәрбиелік мәні зор. өйткені оқушының талданып жатқан мәселе жөнінде ойлануы не ол туралы ұғым –түсінігін білдіруге мәжбүр болуы –тиісті көзқарастың қалыптасуына жол ашады, дүниетанымдық қабілетін дамытады.
Егеменді ел болып , етек –жеңімізді енді ғана жинап болған қазіргі халқымыздың тәлім -тәрбиесін игерген, рухани бай , ел болашағын ойлайтын , парасатты да саналы азамат тәрбиелеу –біздің , міндетіміз. Білім мен тәрбиені сабақ барысында ұштастыра , бірлікте оқыту әрбір ұстаздың басты шарты болса, сабақтан тыс уақытта да іздене жүріп , оқушылардың бойына тәрбиенің , соның ішінде ұлттық тәрбиенің ең ізгісін ең асылын сіңіре білуі керек .
б) Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты –ой-өрісі жаңашыл , шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын , дүние танымы жоғары , жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу .
Осындай мақсаттарды іске асыруды тәрбие жұмыстарын мынадай басты бағыттар бойынша жүргізіліп келеді .
Рухани адамгершілік тәрбиесі –жеке тұлғаны жан- жақты қалыптсатырудың ең маңызды да жетекші саласы. Бүгінгі таңда адамгершілік тәрбиесі жалпы халықтың құндылықтарға атап айтсақ, адам, отбасы , Отан туған жер , азамат , әлем ұғымдарына сүйенеді . Жалпы халықтың құндылықтарды түсіну мәселесінің алдыңғы орынға шығуының өзі жас жеткіншектердің рухани мәдениетін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады, қоғамдағы әлеуметтік нормалар мен гуманистік қарым –қатынастарды орнықтырады.
Азаматтық мәдениеттік қалыптастыру және патриоттық тәрбие жеткіншек ұрпақты жігерлі , талапшыл, отбасына , отанына зор сеніммен қарайтын азамат тәрбиелеуге ықпал етеді. Өз отанына деген сүйіспеншілікке , мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге , ұлттық дәстүр мен әдет- ғұрыптарды өз халқының ерлікке толы өткен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында мектебімізде түрлі іс-шаралар жүргізіледі.
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері , Республика күніне , Тәуелсіздік күніне арналған. «Туған елім-Қазақстан», «Қазақстан –туған өлкем , табиғатың қандай көркем» атты тәрбие сағаттары , қабырға газетінен сайыстар , «Қазақ жастарының Отаншылдық , Ұлтжандық сезімі жоғары ма?» дебат сайысы , Ұлы Отан соғысына , Желтоқсан оқиғасына қатысушы –ардагерлермен кездесулер ұйымдастырылады.
2. Экономикалық тәрбиенің басты мақсаты жас маманның жаңа экономикалық –нарықтық қарым-қатынастарының қыр-сырын түсініп , отбасындағы , еңбек ұжымындағы қоғамдағы экономикалық жағдайға өз өмірін бейімдей білуге үйрету .
«Қазақстан Республикасының Президентінің халлық жолдауынан туындайтын міндеттер» тақырыбына лекция . Экономикалық білім –заман талабы», «Нарыққа өту жайындағы эконмика», « Қазіргі жастарымыздың нарықтық экономиканың дамуына көзқарсы» тақырыптарында сайыстар, түрлі пікірталастар экономикалық тәрбиенің қалыптасуына ықпал етеді.
Көркемөнер және эстетикалық тәрбие – жасөспірімнің әсемдік сезімталдығын қоршаған ортаның көркемдігін сезіну, адами қасиетін және жеке талғамын қалыптастыру арқылы іске асады.
Тәрбиенің бастауы әр адамның ішкі рухани байлығынан, рухтың биік болуынан бастау алады.
Этникалық мәдениетті қалыптастыру .
Этнопедагогиканы тәрбиеде пайдалану халық мәдениетіне , салт-дәстүріне оқушылардың қызығушылығын арттыру , оларды тарихи мұраларға ұқыпты қаруға , ұлтжандылыққа тәрбиелеу барысында этникалық мәдениет қалыптасады . Әр халықтың өз ұрпағын отбасылық өмірге дайындауда бай тәжірибесі бар. Мысалы : Наурыз мерекесінде»Тұсау кесу», «Қыз ұзату», «Бесікке салу», т.б сияқты әр халықтың өзіне тән әдет –ғұрыптарын көрсетуді дәстүрге айналдырдық. « Отбасы тәрбиесі –бастауы», «Отбасы тәрбиесі-болашақтың кепілі» атты сынып сағаттары өтеді.Осындай шаралардың тәрбиелік мәні зор , себебі осы оларға дайындау барысында шәкірттер отбасылық қарым –қатынастарды үйреніп , үлкендерді сыйлай білуге тәрбиеленеді. « Мемлекеттік тіл- ұлт тірегі», «Өзге тілдің бәрін біл , өз тіліңді құрметте» атты интелектуаллдық марафон өткізу.
Экологиялық тәрбиенің көрсеткіш ретінде адамдардың қоршаған ортаға қарым –қатынасымен көзқарасы, оның моральдық және халықтың нормаларға сәйкестігі алынады. «Айналамызды таза ұстайық» , « Таза қала –таза көше», « Тазалық денсаулық кепілі атты сынып сағаты өткізіледі.
Құқықтық тәрбие .
Қазіргі уақытта жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп ойлау қабілетін дамытады , өз пікірін айтуға тұжырым жасауға үйреніп , өз құқықтарын терең ұғынуға тәрбиелейді.
Бұл бағытта мынадай шараларды іске асырамыз: кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторларды шақырып лекция оқылады.
«Менің құқығым» , «Өз құқығыңды білесің бе?» , « Мен , менің міндеттерім және құқығым», тақырыптарына тәрбие сағаттары , әртүрлі пікір –сайыстар, жарыстар өтеді. Мұндай шаралар арқылы оқушыларды құқықтық білім әр адамның ісі екенін түсіндіре отырып , құқықтық білімін жетілдіруге , өзіндік тұжырым жасауға тәрбиелейміз .
Психологиялық дайындық нарықтық экономика жағдайында адамның еңбек қызметіндегі қол жеткізген табысының басты компаненті болып табылады.Психологиялық қызметтің білім беру жүйесіндегі негізгі мақсаты – оқушылардың психикалық жәнежан саулығын қамтамасыз ету . Бұл мақсат арқылы психологиялық қызметтің негізгі міндеттері мен ұстанымдары анықталады. Психологиялық саулық –ортадағы жағдайға өз мінез-құлқын, іс -әрекетін бейімдеу арқылы қамтамасыз етілетін , адам жан дүниесінің жағымды, қалыпты тыныштығы .
«Жастар» ісі жөніндегі комитет мектепте өтетін барлық іс шараларға ат салысып , жоғары дәрежеде өтуіне көмектеседі . Жастар ісі жөніндегі комитеттің мақсаты мен міндеті:
-жастардың мәдени , құқықтық патриоттық түсініктерін тереңдете түсу;
- Қазақстан Республикасының және Елбасының саясатын қамти отырып, жастарға саяси мағлұмат беру;
- Жастардың өзін -өзі басқару қабілетін арттыру.
XXI ғасырда тәуелсіз мемелкетіміздің жас ұрпағына берілетін ұлттық тәрбиеге ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинаған тарихи салт-дәстүрлерін жалғастыру баланың бойында белгілі бір жүйеде барлық тәрбие жұмыстарымен ұштастыру арқылы қойылып отыр.
Қорытынды
Қазақстан республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлерінін ІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып өтті.
Кешегіні білетін, бүгінді түсінетін,
ертеңіне сенімді азамат.
Білімді, білімін пайдалана білетін.
Әлеуметтік саяси өмірге белсене
қатысатын және өзіндік ой – талғамы
бар тұлға.
Адалдықпен мейірімділікті ту етер
иманды адам.
Алдына мақсат қойып, оған жетер жол
таба білуші.
Жер «үйім,адамдар -бауырым» деген
гуманист
Мәдени –ғылыми өресі ортақ
Ойшыл, философ А.Байтұрсынов: «Бұл заманда әлсіздерге күш беретін-өнер, сол өнер-білімге үйренсек, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік» -деп армандаған егемендікке жеттік.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. №4 2007ж
Сынып жетекшісі, №1, 2, 2002 ж
Ұстаз газеті, №3,4, 2007ж
Қазақстан мектебі, №2 2003ж
Тәрбие сағаты, №3 2007ж
Бастауыш мектеп №12, 2004ж
Егемен Қазақстан газеті №171-172, 2007ж
Сынып жетекшісі, №3, 2002ж
Бастауыш мектеп, №3, 2001ж
Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар, №5, 2006ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген