Оқушылардың өзін – өзі
реттелуіне әлеуметтік ортаның ықпалы
Елдің ел болып қалыптасуында
бүгінгі ұрпақтың жақсы деңгейде қалыптасуы басты орынды алады. Оның
жоғары жетілуіне өмір сүріп жатқан өз ортасының берер ықпалы,
көмегі мол. Сондықтан да ол жолда барлық алкен қауым алкен жұмыстар
атқаруы қажет. Ең алдымен анықтама бере
өтсек.
Баланың есеюін, оның
психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен
«даму»
деген сөзге тоқталайық. Даму
дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып
есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым
түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу
(прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл (кері
кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті
қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады.
Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады.
Кейбір зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын
бірбеткей түсініп, оның осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі
жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді.
Психика дамуы үшін жаңамен қатар, көне, ескіден қалған қалдықтар
болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты «инвариант»
(лат. тілінен «өзгерілмейтін») деп аталады, осыған тіректелетін
жаңаны «өзгерілгіш» деп аталады. Психиканың дамуын дәлелдеуге
енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік:
біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз
де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз
бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере
алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер
психиканың дамуында болып тұратын өзгерістер болмаса, яғни ол
өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе,
онда ол алға қарай жылжи алмайды.
XX
ғасырдың бас кезінде индус
психологы Рид Сингх Амаланның ойынша, бала кішкентайынан адамға тән
қасиетке ие болып психикасын ойдағыдай дамыту үшін, оның қоғамдық
ортада өсуі, тәрбиеленуі қажет дейді. Әйтпесе, бала адам қатарына
айнала алмайды. Сонымен, биологиялық және әлеуметтік факторлардың
дамуына тигізетін әсері өте үлкен. Егер биологиялық фактордың
ықпалы баланың жас кезінде (нәресте кезінде) үлкен рөл атқарса,
енді әлеуметтік факторлар күннен-күнге өріс ала
бастайды.
Психикалық даму және
оқыту. Бала психикасы тек оқытудың
негізінде қалыптасады. Осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін
алдымен оны оқыту керек. Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың
есеюін тездетеді. Егер баланы ақылды етемін десеңіздер, оқыту
тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдай, шамалы
алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана баланың ой-өрісін алға
қарай сүйрейтін болады, – дейді.
Шетел психологы Дж. Брунердің
ойынша, психиканың дұрыс қалып тасып, дамуы үшін оқыту өте қажет,
және де оны дұрыс жүргізудің маңызы өте зор. В. В. Давыдовтың
ойынша, оқыту баланың ақыл-ойының дамуына өте зор әсер етеді, егер
баланың сабақ үлгеріміне шақ келетін материалдар бір қалыпты
меңгерілетін болса, онда психикалық даму нәтижелі болады. Бұл жерде
ақыл-ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал
қолдана білуін айтамыз.