жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ.
Қазақстан жаңа ғасырға дүниежүзі елдері қатарында терезесі тең ел ретінде келіп отыр. Жаңа ғасырды бастаған ұрпақ келер ұрпаққа қарыздар болып қалмас үшін қолдан келген игіліктерді жасайтыны анық. Қашанда білімі мол, рухани байлығы бар халықтың ұл - қыздары ешқашан да жүдемесі хақ. Біздің басты байлығымыз – білім.
Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны-«ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал – білім.
Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Білім алуда жақсы көрсеткіш көрсететін оқушы сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алады, алайда, кейбір балаларымыз мектептен алған білімдерінің қорытындысын өз мүмкіндіктерінде көрсете алмайды. Алған білімдері шешімдер мен іс-әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне сәйкес келмей де жатады. ОЖСБ әсіресе, ҰБТ-де өз білімдерін дәлелдей алмай да қалатыны жоқ емес. Осындай жайттардың алдын алу қағидалары функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Ұлттық жоспардың
мақсаты - Қазақстанда білім
сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен
тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың негізгі
механизмін бөліп
көрсетеді
- оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту /МЖБС -мемлекеттік стандарт/.
-басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/;
-ақпараттық /өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/;
-коммуникативтік /қазақ, орыс, ағылшын тілінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;
-әлеуметтік /қоғамда, өз өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті
-тұлғалық /өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу/;
-азаматтық /қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп - өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі/
-технологиялық/ ақпараттық
технологияларды, білім беру технологияларды сауатты
пайдалану/;
Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік
құзыреттіліктерді/ әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі
тиіс.
Елбасы Н. Назарбаев оқулық мәселесіне де ерекше тоқталған болатын. Оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауаттылықтың құзыреттілігіне сай жазылуы тиіс.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Ұлттық жоспар) мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады, яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспардың қабылдануы – оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту болып табылады.
Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда. Соның бірі функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы – сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі.
Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сонымен қатар оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері.
РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді:
1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
2) оқыту нысандары мен әдістері;
3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктеріне жататын халықаралық PISA,TIMSS зерттеулеріне толығымен тоқтала кетсем:
PISA (Programme for International Student Assessment -Халықаралық бағалау бағдарламасы студент.
15 жастағы білім алушылардың оқу жетістігін бағалайтын PISA халықаралық зерттеуі аталған құзыреттіліктерді кешенді бағалауды қарастырады.
Зерттеу мәртебесі - әрбір кезеңдегі қатысушы елдер санының артуымен дәлелденеді. Біздің ел PISA зерттеуінің үш цикіліне (2009, 2012, 2015 және 2017 сәуір айында(№9) қатысудан тәжірибесі бар. Алынған нәтижелер бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және оқытудың жаңа технологияларын енгізуге ықпал жасады. Нәтижесінде педагогтер қауымы мектеп оқышуларының функционалдық
сауаттылығы деңгейлерін өлшейтін бірегей құралдарға қол жеткізді.
Қазіргі таңда PISA жобасы әртүрлі опциларды, оның ішінде
«қаржы сауаттылығы», «мәселені бірлесіп шешу», «жаһандық құзыреттілік» бағыттарын ұсынуда. Қазақстан PISA-2018 алғаш рет математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығымен қатар жаңа «жаһандық құзыреттілік» бағытына қатысуды жоспарлауда. Сонымен қатар тестілеудің компьютерлік форматына өтті.
PISA технологиясы зерттеуге қатысудың екі форматын ұсынады: қағаз (Paper-based assessment, РВА) және компьютерлік (Computer-based assessment, СВА). PISA-2015 кезеңінде СВА-ді
71 елдің арасынан 57 ел қолданды. Компьютерлік форматқа өту зерттеуді ұйымдастыру және өткізу, мәліметтерді деректер базасына енгізу мен өңдеу жұмыстарын жеңілдетеді. Қатысушылардың электрондық материалдар құрылымын танып-білу қабілеттері мен біліктерінің артуына оң әсер етеді. Сондай-ақ СВА форматы негізгі (математикалық, жаратылыстану, оқу) және қосымша опцилерге (қаржы сауаттылығы, жаһандық құзыреттілік, т.б.) қатысуға мүмкіндік береді.
Тест тапсырмалары жауаптың үш түрін қарастарады: еркін құрастырылған (толық және негізделген жазбаша жауап), жабық құрастырылған жауап (оқиғаны ретімен орналастыру, қажетті сөзді немесе цифрды жазу) және берілген жауап нұсқасынан таңдау жасау ((a, b, c, d) жауап нұсқаларының бірін таңдау).
Тапсырма жауаптары оқушылардан бірнеше таблица мен графиктерде берілген ақпараттармен бір уақытта жұмыс істей білу қабілеттерін талап етеді. Тапсырма мазмұнында артық ақпараттардың берілуімен де сұрақтар күрделене түседі. Сонымен, 15 жастағы оқушылардың ұсынылған проблема мен ситуацияға талдау жасауы үшін қажетті ақпаратты таба білу біліктілігі бағаланады.
Жаратылыстану сауаттылығы
Математикалық сауаттылық
Оқу сауаттылығы
Халықаралық сарапшылар PISA жобасындағы «Математикалық сауаттылық» бағытының негізін қалайтын екі принципті анықтады.
Бірінші. «Фундаметалды математикалық идеялар» мынадай облыстарды қамтиды: «Айнымалы және қатынас» (айнымалылар арасындағы тәуелділік, тұрақты және ауыспалы байланыстар, математикалық моделдерді қолдану), «Кеңістік және пішін» (геометриялық формалар, сызбалар, пішіндерді кеңістікте визуализациялау) «Белгісіздік» (ықтималдылық және статистикалық құбылыстар, мәліметтерді анықтау мен жалпылау, ғылыми болжам жасау) және «Сан» (мәліметтерді түсіндіру және дәлелдеу, өлшем бірліктерін ұғыну және арифметикалық ойлауды қолдану).
Екінші. «Математикалық құзыреттілік» - дағдының үш деңгейін біріктіреді. Бұл «Елестету» (нақты фактілерді қолдану, математикалық объектілерді тану, алгоритмдер мен есептеуді орындау), «Байланыс орнату» (әртүрлі тапсырмаларды шешу, бірнеше фактілер мен ақпараттар арасындағы байланысты таба білу) және «Ойлау» (әртүрлі бөлімдердегі білімдерін қолдану, кешенді тапсырмаларды шешу және табу заңдылықтарын орындау).
1– тапсырма. Тиындар
Сізге тиындардың жана жинағын жасау ұсынылады. Барлық тиындар дөңгелек және күміс түсті болады, бірақ олардың диаметрлері әртүрлі.
Ғалымдар
дұрыс жасалған тиындар келесі талаптарға жауап береді деп
анықтады:
-
тиындардың диаметрлері 15 мм-ден кем болмауы және 45 мм-ден аспауы тиіс.
-
тиынды ескере келе, келесі тиынның диаметрі кем дегенде 30%-ға артық болуы тиіс.
-
тиынды соғу жабдығы тек миллиметрлердің тұтас санындағы диаметрлі тиындарды шығара алады (мысалы, 17 мм болады, ал 17,3 мм диаметр болуына жол берілмейді).
1–
сұрақ: Тиындар
Сізге жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тиындар жинағын әзірлеу ұсынылады.
Сіздің 15 миллиметрлік тиындардан бастауыңыз керек және Сіздің таңдауыңызда барынша көп тиындар болуы тиіс. Сіздің жинағыңыздағы тиындар диаметрі қандай болды?
Дұрыс жауап:
Есептерді жүргізу үшін күрделі ақпаратты түсіну және пайдалану. Жауап дұрыс диаметрлі тиындар сызбасымен түсіндіруге де болады. 15 – 20 – 26 – 34 – 45.
2-тапсырма. Скейтборд
Эрик скейтбордты өте жақсы көреді. Ол бағаларды салыстыру үшін SKATERS атаулы дүкенге келді. Бұл дүкеннен Сіз дайын тақтаны сатып ала аласыз. Сіз тақтаны, 4 дөңгелекті, 2 жүріс бөлігін, және бекіту бұйымдарының жинағын сатып алып, өзіңіз қалаған тақтаны құрастыра аласыз.
Дүкен өнімдерінің бағасы:
|
Өнім |
Зедпен берілген бағасы |
|
|
Дайын тақта |
82 немесе 84 |
|
|
Тақта |
40, 60 немесе65 |
|
|
4 дөңгелек жинағы |
14 немесе 36 |
|
|
2 жүріс бөлігі |
16 |
|
|
Бекіту бұйымдарының жинағы (мойынтіректер, резеңке аралық төсемдер, бұрандалар және сомындар) |
10 немесе 20 |
|
1 – сұрақ: Скейтборд
Эрик өзі қалаған скейтбордты жинақтап алғысы келеді. Бұл дүкенде өз қолымен жинақталатын скейтбордтар үшін ең төмен баға және ең жоғары баға қандай?
(a) Ең төмен баға: .................................зед.
(b) Ең жоғары баға: ...............................зед.
Дұрыс жауап: Ең төмен (80) және ең жоғары (137).
2 – сұрақ: Скейтборд
Эрикте 120 зед бар және ол шамасы жеткенінше ең қымбат скейтборд сатып алғысы келеді.
Эрик әр 4 бөліктің әрқайсысына қанша ақша жұмсай алады? Өз жауабыңызды төменде берілген кестеге жазыңыз.
-
-
-
Бөлік
Бағасы (зедпен берілген)
Тақта
Дөңгелек
Жүріс бөліктері
Бекіту құралдары
-
-
Дұрыс жауап: Тақта үшін 65 зед, 14 зед дөңгелектерге, 16 зед жүріс бөлігіне және 20 бекіту құралдарына жұмсалады.
Халықаралық қоғамдастықпен танылған Trends in International Mathematics and Science Study «Тенденциялары Халықаралық зерттеу математика және жаратылыстану ғылымдары»(TIMSS) бағдарламасы 4 және 8 сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану дайындық деңгейін бағалайды.
Оқушылардың білім деңгейін анықтау, дағдылары мен машықтарын әлемнің 50-ден астам елдерінің халықаралық практикасына негіздей отырып әзірленеген жаһандық ресурс болып табылады. ТIMSS құралы оқушылардың білім деңгейін «Білім»,«Қолдану» және «Ойлау» сияқты танымдық салаларында бағалайды.
«Білім» блогы оқушылардан академиялық білімін сандардың қасиеттерін және қарапайым геометриялық фигураларды, анықтамалар және стандартты диаграммалар және графиктер ақпаратты шығарып алуды талап ететін математика бойынша тапсырмаларды қамтиды.
Тест тапсырмаларын «Қолдану» бөлімін орындау барысында оқушылар математика мен жаратылыстану тапсырмаларының әртүрлі өмірлік жағдайлармен, кестелер, диаграммалар және графиктер түрінде берілген мәліметтерді түсіндірулері қажет және эксперименттік жұмыстарды жэүргізе білу дағдыларын көрсетулері тиіс.
«Ойлау» тапсырмалары оқушылардың логикалық және жүйелі ойлай білу дағдыларын анықтайды.
«
Қолдану» бөліміне
тоқтала кетсек:


№9 орта мектеп

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
№9 орта мектебінің математика
пәні мұғалімі: Сембаева Г.А.
2017-2018 оқу жылы



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген