Материалдар / Баяндама "ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА ҚАРАЙ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама "ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА ҚАРАЙ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу. Қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде мектепте білім беру жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырауда. Оған себеп: - ақпараттық технологияның жедел дамуы; - жаңа типті мектептердің пайда болуы; - дарынды балалармен жұмыс істеу бағдарламасының дүниеге келуі: - балаларды шет елдерге оқыту мүмкіндігі туды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
412
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА ҚАРАЙ

ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ.


«Дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесі ғана

баланың жеке басының дамуын ілестіре алады»

Л.С. Выготский.


Қазіргі кездің талабы бойынша оқыту процесі жаңа инновациялық әдістер мен жаңа технологияларды пайдалануға итермелейді. Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық,өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні - білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Ал инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және өмірге енгізу. Қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде мектепте білім беру жүйесі көптеген өзгерістерге ұшырауда. Оған себеп:

- ақпараттық технологияның жедел дамуы;

- жаңа типті мектептердің пайда болуы;

- дарынды балалармен жұмыс істеу бағдарламасының дүниеге келуі:

- балаларды шет елдерге оқыту мүмкіндігі туды.

Оқушыларға тиянақты да, сапалы білім беру ол ізденіс арқылы,оқушының құштарлығы мен кызығушылығы арқылы, сабақта жаңашылдық әдістерді пайдалану арқылы оқушыларды өздігінен еңбек етуге, алған білімін жаңа материалдармен ұштастыра білуге дағдыландыру. Ғылыми жұмыс жазу барысында оқушының бойында ізденіс әрекетін ұйымдастыру, проблеманы тану және оны шеше білу дағдысын қалыптастыру керек. Сонымен қатар кіші-гірім ғылыми жұмыстар сабақ барысында, сыныптастары арасында қорғалатындай,соның барысында пікір алмасу, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуы да мүмкін. Себебі кез-келген бала көпшілік алдына шығып суырылып салып сөйлей бере алмайды, ал достары арасында, мектеп ішілік шараларға неғұрлым көбірек қатысатын оқушылар өз ойларын аспай-саспай жеткізуге дағдыланады. Оқыту және тәрбие барысына қойылатын талаптар:

- оқушылардың ойлары мен түсініктерін қалыптастыруға көмектесу, оларды ашық айтуға үйрету;

- оқушыларды өзінде бар түсініктерді қарама – қайшы құбылыстармен ұштастыру.

- алдын ала болжау, тұспалдау, альтернативті түсінік бере білуге үйрету;

- оқушыларға зерттеу жұмыстарын еркін және оңаша жағдайда, әсіресе,- шағын топтарда талқылау арқылы жүргізуге мүмкіндік беру;

- оқушыларға алған мағлұматтарын кеңінен пайдалануға және оларды қолдану мүмкін-

дігін бағалай білуге мүмкіндік беру.

Қабілетті оқушыларды ерте айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып табылатынына бүгінгі таңда ешкім шүбә келтір-

мейді. Арнайы бағдарда оқыту тәсілінің негізінде зерттеуші оқушыларға практикалық көмек көрсету,психо-диагностикасын жүргізу,қабілеттерін зерттеу арқылы жақсы нәти-

желерге жетуге болады. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,зерттеушілік қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Үйірме жұмыстарын, оқушылардың қай пәнге деген бейінділігін анықтап,

олимпиадаға дайындау, конференция, КВН, дәстүрлі емес сабақ түрлерін жүргізуді ұйымдастыру жұмыстарын өзін-өзі басқару әдісі бойынша жүргізу керек.

Оқушылардың қабілеттерін артыруда , логикалық ойын пайдалану үшін және зерттеушілік қызметін жандандыру да жаңалық ашуға жетелейтін жолдың бірі – өздігінен тапсырма құрастыру.

Тапсырма құрастыруда оңайдан бастап, біртіндеп күрделендіре түскен пайдалы.

Дарынды балалармен жұмыс істеу барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын әдіс –тәсілдер:

1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;

2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;

3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;

4. Әңгімені салыстыру, кіші-гірім мәтіндерге бөліп, ат қойғызу;

5. Қиялдау арқылы сурет салу;

6.Өлең шумақтарын құрастыру;

7. Мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау;

8. Әр түрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Сондықтан, оқушыларды ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. «Ғылыми –зерттеу » түсінігі «Үлкен кеңес энциклопедиясында»: «жаңа білімді өңдеу процесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі.

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» - деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқандай, Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып, бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына бірігудің басты тетігі - білім екендігі анықталған.

Сонымен дарынды бала дегеніміз – болашақта жаңа технологияларды ойлап табатын, ізгі саясаткер, сенімді дәрігер, шебер музыкант, қайталанбас суретші, ол еркін, жауапты, жоғары адамгершілік иесі, бұл ұлттық құндылық. Және ол бұлармен қатар нәзік жаралған жан. Дарындылық қабілеттің даму-дамымауы өмірге келген отбасымен де тығыз байланысты, оған Абай атамыздың қарасөзінің ішіндегі жетінші қарасөзін мысалға келтіргім келеді. Онда былай делінген: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары,бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген. Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз? Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.

Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз». Зерделi, түйсiгi мықты, құймақұлақ адам түптiң түбiнде өзi көксеген көкжиектен көрiне бiледi. Дұрыс мақсатқа жұмсай бiлгенге зерде – қазына, мидың жемiсi. Туа бiткен қабiлет тоқмейiлсудi қаламайды. Еңбекқорлық керек. Төрт дөңгелегi түгел майланбаған арбаны елестетiңiз, сықырлап, межелi жерiне мезгiлiнде жетпейдi. Сол секiлдi, көп бiлуге құмарлықсыз зерде дамымайды, таным кеңеймейдi. Ал дарындылық, талант – өз алдына бiр дастан.

Біз қазіргі таңда көбінесе шетелдік мәдениетке, олардың ғалымдарының шығарған ерекше болып көрінетін терминологияларына жүгінеміз. Алысқа бармай-ақ қояйық, ТRIZ, PIRLS, PIZA шетелдік тестілеу сынақтарын алсақ, олар туралы шетелдіктердің сипаттамалары бар, оны интернет ақпараттарынан оқуға болады. Міне солардың бірінде дәл солардай оқып-тоқығаны болмаса да Абай данамыздың жоғарыда айтылған қара сөзінде адамның биологиялық кезеңдеріндегі ерекшеліктерге мән бергендігі байқалады. Оны көз алдымызға елестетіп, ой елегімізден өткізсек былайша суреттеуге болар еді. Бала бақша кезеңінде - зейінділікті көруге болады. Бұл кезеңде сәбидің санасы әлі жетілмеген болса да әдемі, сұлу, көркем бейнеленген, пішіні өзгеше т.с.с. сипатты нәрселерді құмартады. Бірақ ол қасиеті басқалардан өзгешелену емес.

Мектепалды, бастауыш сыныптарда – зейінділік, бақылаушылық, зеректілік байқалады, бірақ басқалардан өзгешенушілік басымырақ тұрады. Сол себептен осы кезеңдерде өз білімін жоғарыдан көрсеткен бала лидерлыққа талпынады, «мен» деген ұстанымы жоғарырақ, эгоизмділік басыңқы болады. Орта буын мен негізгі мектеп аралығында – ізденушілік, подражание басым болады. Жоғарыда айтылып кеткен қасиеттердің төмендеуі байқалады. Бұнда басымырақ кетеді – еліктеушілік. Ол тек қана оқушыларға ғана тән емес, сол сияқты қоршаған ортаның өзі сондай, яғни біздің өзіміз осындай болып отырмыз деген сөз. Осы екі биологиялық кезеңдер аралығын бақылау ойдан шығарылмау керек. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

- дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

- дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама

құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

- оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

- дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

- дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

- дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете

алатындай деңгейде жұмыс жасауы.

Дарындылықты қалай дамытуға болады?

-Оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.

- Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

- Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

- Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

- Оқушылардың өзін-өзі шығармашылық басқаруы. Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

Оқушы бойындағы дарындылық:

- Шығармашылық қабілеті артады, ғылыми жұмыстар жазады;

- Ұйымдастыру қабілеті жоғары болады;

- Өз ойын, пікірін толық жеткізе алады;

- Рөлдерде ойнай алады;

- Жан-жақты сұрақтар;

- Талдау;

- Салыстыру;

- Қосымша білім көздері

Шығармашылық дегеніміз – оқушылардың даралық бейімділіктері мен қабілеттерінің көрінуі. Ал бейімділік бұл –адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет-бұрысы, оған көңілінің аууы, қабілеттің алғашқы бейнесі. Қабілетіне қарай тапсырма беру арқылы оқушының қабілетін ашып, дамытуға жан-жақты жағдай жасағанда ғана мақсатқа қол жеткізуге болады. Қоршаған ортасын жиі түсінбейтін, соңынан күншілдікпен қастандық ере жүретін, олардың әсерінен көбіне жойылып кететін, немесе

ақылшы ұстазының оның көтеріңкі және еркін ойын дұрыс бағыттай алмау кінәсінен болады. Дарындылық жалпы адамзаттық мәдениетке және өзіндік құндылық болып қарастырылады. Және адам табиғатындағы өте сирек, ерекше құбылыс. Мұнымен өзара тығыз байланысты көптеген сұрақтарға жауапты ерекше қабілеті бар адамдармен – жұмыс жасауда туындалатынын ескерген жөн. Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыту тәрбие мен оқытудың бірлігін сақтай отырып, сабақты шәкірт жанының ішкі қуатының оянуына ықпал жасайтындай етіп ұйымдастыру, оқу процесінде әрбір оқушы-

ның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтарды қарым –қатынасына түсіру арқылы дамыту және оларды білім, білік, дағдылар негізінде қалыптастыру.

Гуманист – педогог Я. Корчактың сөзімен айтқанда «Оқушыны ең алдымен көруге, түсінуге және сүюге үйрету қажет, оқуға үйрету одан кейін келеді. Шындығында, оқушының білім алу процесінде жеке тұлға ретінде дамуы, қалыптасуы оқу мен тәрбиенің ұштасып, біртұтас процеске айналған жағдайында жүзеге асады.

Қорыта келгенде айтарым, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, білімге деген құштарлыған арттыру – біздің басты парызымыз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңының» 1тарауында «жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту қажет»,- деп көрсетілген. Дарындылыққа тән ақыл, ой, білім, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді бойына сіңіріп, дұрыс бағытта тәрбиеленген адам, елінің өркендеуіне пайдалы үлес қоса алатыны сөзсіз. О.Бальзактың “ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.


Г.Ш.Зкенова

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, №15 жалпы орта білім беретін мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!