400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы жаңа технологияларды қолданудың маңызы "

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада оқушылардың қызығушылығын арттырудағы жаңа технологияларды қолданудың маңызы туралы баяндалады. Қазіргі уақытта ұстаздың жаңа технологияларды игеру мәселесі - заман талабы болғандықтан, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаз қауымының қашан да өзін дамытып, біліктілігін арттырып отыру керектігі айтылады. Сонымен қатар қандай жаңа технологияларың қазақ тілі мен әдебиет сабақтары үшін тиімді екені айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бесимбаева Индира Бердигалиевна - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы жаңа технологияларды

қолданудың маңызы

Қазіргі заман талабына сай білім беру саласындағы жаңашыл ұстазға қойылатын талап та жаңаша болатыны сөзсіз. Ұстаздар алдындағы басты міндет - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп және жаңа педагогикалық технологияларды меңгере отырып, еліміздің жарқын болашағын жасайтын білімді де білікті, тәрбиелі де бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Білім беруді жаңарту - қай қоғамда да педагогика ғылымының алдындағы өзекті мәселе. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматттық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Біз жасап жатқан жаңа ғасыр - жаңа заман, жасампаз қоғам, озық идеялар мен жаңа технологиялар дәуірі. Сол себепті білім беру салаларында жаңа технололгияларды пайдалана отырып, оқушының дүние танымын жаңаша көзқарас пен сыни тұрғыдан ойлау арқылы қалыптастыру - заман талабы. Жаңа технологияның принциптері - оқытуды ізгілендіру, өз бетінше білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұланы қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы кез келген ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне  жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйренуі тиіс. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талапарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады.

Технология мен әдістеменің мақсаты бір , ол – қалай оқыту мәселелерін  қарастырады. «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол - жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деп Ж.Аймауытов айтқандай , бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, жақсы нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында ұлттың бәсекелестік қабілетінің бірінші кезекте оның білім деңгейімен айқындалатынын атап көрсеткендей, бүгінгі заман оқытушысы жаңаша ойлай білетін, жаңа идеялардың авторы болуымен қатар, озық технологияларды меңгерген, сол арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра алатын қасиетке ие болуы шарт.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың сапасын арттыруда, оқушының пәнге деген қызығушылығын қалыптастыруда сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданудың ықпалы зор. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:

- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен

қарау;

- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;

- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.

Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол - баланың өзі ізденіп, дәлелдей алуы. Оқушы бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім - осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында бүгінге дейін СТО технологиясын күнделікті сабақ жоспарыма қолданып келемін. "Оқу мен жазу арқылы" сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану - сыныптағы мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың мәдениеттілігінің, ынтымақтастығының, бірлескен әрекетке қол жетімділігінің айғағы.

СТО технологиясының әдіс - тәсілдері оқушыларды ізденімпаздыққа баулып, баланың еркін, терең, жан-жақты ойлануына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушылардың танымдық қызметін белсенді жүзеге асырудың білім сапасын арттырудағы маңызы зор. Осы мақсатқа жетуде, мысалға алар болсақ, ДЖИГСО-2, кубизм, Блум таксономиясы стратегиялары қолайлы болса, тіл дамыту сабақтарында оқушының тіл байлығы мен ойлау жүйесін қалыптастыру үшін "Жазушы шеберханасы", аргументтік эссе әдістерін қолдану тиімді деп ойлаймын. СТО технологиясындағы "Зерттеу конференциясы" әдістерінің оқушылардың сабақтағы белсенді әрекет етуімен қатар, өзіндік ізденуі мен шығармашылығының шыңдалуына, ұжымдық ұйымшылдыққа тәрбиелеуде септігі зор. Бұл технологияның әдістері, негізінен, топтық және ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыруда ұтымды болып келеді. Ал топтық және ұжымдық жұмыс жүргізудің ұтымдылығын сабақ үстінде тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеруге болатындығынан, бір-біріне көмектесу арқылы көпшіл болуға, бірін-бірі жақсы оқуға тартуға үйрететіндігінен көруге болады. СТО сабақтарында оқушы жеке де, жұппен де, топпен де жұмыс жасай отырып, оның белсенділігі жоғарылайды, жеке жауапкершілігі, өз бетімен жұмыс жасау қабілеті артады, іс-әрекетінде қызығушылық байқалады, ойын еркін жеткізуге тырысады, сабақта көп жұмыс жасайды, шығармашылық және ізденушілік қабілеті артады, өзін-өзі шынайы бағалауға үйренеді.

Оқушылар арасындағы ұйымшылдық пен жарасымды қарым - қатынас орнату үшін тренинг сабақтар әдісін қолданған жөн деп санаймын. Тренинг сабақтар барысында оқушылардың қарым - қатынас мәдениеті артып, олардың бір - бірімен байыппен сөйлесуі, құрметпен қарау және қамқорлық танытуы, тапсырмаларды пейілмен орындау, ұстамдылық көрсету, мінез-құлық пен жүріс-тұрыс ережесін сақтау, өзіне көпшілік назарын қажет етуі, дауысты реттей алуы сияқты дағдылары қалыптасады. Тренинг сабақтар тек қарым - қатынас мәдениетінің жетілуіне ғана емес, оқушылардың жалпы психикалық дамуына, сабаққа деген қызығушылықтарының артуына әсері болады.

Бүгінгі жаһандану дәуірінде оқытудың жаңа технологиясын енгізумен қатар білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу - XXI ғасырдың басты талабы. Ақпараттық коммуникативтік технологиялар мен білімді компьютерлендіру - білім беру үрдісіндегі негізгі мәселелердің бірі.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында компьютерді жеке тұлғаны дамыту мақсатында қолдану жолдары мынадай әдіс-тәсілдермен жүзеге асады : материалды компьютер арқылы мультимедиялық презентациялау, мәтінді графиктік сызбаларға түсіру, электрондық поштаны пайдаланып хат алысу, интернет желісінен мәліметтер алу, мәліметтер қорымен және әдебиеттермен жұмыс істеу, мәтіндік редакторды қолдану, сабақтарды active studiо әдісімен өткізу, т.с.с. Аталған әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, компьютерді ақпараттандыру құралы ретінде тиімді пайдалану оқушылардың танымдық қабілеттері мен қызығушылықтарын арттыруда үлкен рөл атқарады.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде мультимедия технололгиясын қолдану кеңінен таралуда. Мультимедия жергілікті, аймақтық және әлемдік сеттер бойынша дыбыс және көріністі беру үшін жоспарланған. Жұмыстың интерактивті режиміндегі графика, анимация, фото, бейне, дыбыс, мәтіндер, ақпараттық орта қалыптастырады. Сабақтарда мультимедия технололгиясын қолданудың нәтижесінде оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды, сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.

Педагогика саласындағы кәсіби іскерліктің жаңа түрі - инновациялық білім беру. Бұл - пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға, басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған әрекет. Мұндай жаңа технологияларды қолдануда - біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың өз заманындағы: «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс деп білемін. Инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі - тек қана мұғалімнің шеберлікпен, шығармашылықпен ұштастыра білуінде. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын арттыру үшін оқытудың жаңа технологияларын, оның түрлі әдіс-тәсілдерін алдымен мұғалімнің өзі терең игеруі қажет деп ойлаймын.

Жеңіс атаулының бәрі өзіңді жеңуден басталады. Сондықтан кездескен қиындықтарды жеңіп, кәсіби деңгейімізді дамытып, саналы, білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында бірге ат салысайық дегім келеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. "Қазақстан мектебі" журналы 2008 жыл.

  2. "Дауыс & көрініс " Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау туралы ұлттық журнал, 2007жыл.

  3. "Қазақ және әлем әдебиеті". №5-6, 2007 жыл

  4. "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы, №3-5, 2013жыл

  5. Интернет материалдары.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
589
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі