15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама "Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы"
Баяндама тақырыбы:
«Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы»
Өзектілігі:
Бүгінгі таңда оқушылардың Отанға , туған жеріне, өзін қоршаған ортасына деген сүйіспеншілігін арттыру арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесі заман талабы болып тұр, сондықтан жеке тұлғаның өз елін құрметтеуі отбасынан,мектептен басталатыны баршамызға аян.
Мақсаты:
Отбасынан бастау алатын патриоттық тәрбие негізін мектепте жан- жақты дамыту ,әр ұстаздың міндеті екендігіне көз жеткізу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің тиімділігін арттыру
І. Кіріспе
Өздеріңізге өз тәжірибемнен « Оқушыларға патриоттық тәрбие берудегің маңыздылығы» тақырыбындағы жүргізілген жұмыстар туралы ғылыми - педагогикалық көзқарастарым мен бірнеше жыл қатарынан класс жетекшілікті атқару кезіндегі жүргізген жұмыстарымды , әрекеттерімді пайдасы тиер деген мақсатта жазып отырмын .Патриоттық тәрбие- түйінді мәселелері көп, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін, көп ізденуді талап ететін үрдіс деп баға бергім келеді. Патриоттық тәрбие беру бағытындағы жүргізілетін жұмыстың түрлерін шығармашылықпен түрлендіріп, дамыта отыра пайдалану өз нәтижесін берді.Педагогикалық оқудың бүгінгі таңда өзекті мәселердің бірін қозғап тұрғандығына сәйкес , құқықтық мемлекет іргесін қалаушы оқушылар мен олардың ата- аналарына
«Жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік- патпиотизм рухында тәрбиелеу» деген тақырыптың ауқымында дөңгелек стол, пікір алысу, тәрбие сағаттарын ,сауалнама өткізсем, болашақта мұнан да мазмұнды жұмыстармен толығады деп ойлаймын. Сабақ беретін және жетекшілік ететін 3 «б» класында патриотизм өз халқына деген сүйіспеншілік,өзінің шыққан тегінің бірлігі мен ортақтылығы, туған жеріне, тіліне,өскен ортасына, мінез-құлқына, психологиялық және этнографииялық ерекшеліктеріне тән ерекше тарихи ұлттық дәстүрмен тығыз байланыстылығына ашық сабақтар мен тәрбиелік маңызы бар іс- шаралар жүргізу арқылы көңіл бөлемін. Ұлттық сезімдерді патриотизм арнасына, Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік рухына дұрыс бағыттау үшін бұл ерекшеліктерді жақсы білу және оларды міндетті түрде бала санасына сіңіре білу қажеттігін « Абайды оқы, таңырқа » атты ашық тәрбиелік іс-шара- Абайтану сабағында жүзеге асырдым деп ойлаймын, себебі бір ғана Абай бейнесі, шығармалары, аудармалары арқылы, әр оқушының өз жеріне,отандастарына сүйіспеншілік, орыс достары арқылы халықтар арасындағы достық қарым-қатынастың- патриоттық тәрбие берудегі таптырмас құрал екендігіне көз жеткіздім.
ІІ.Негізгі бөлім
Жас ұрпақты ерлікке , мәрттілікке , ұлтжандылыққа үйрету – патриоттық тәрбиенің негізі.
Оқушылардың жаңа ұжымын қабылдап алған сынып жетекші, әлбетте, ең алдымен балалардың жанұядағы тәрбие жағдайларын зерттейді. Қажет болған жағдайда ата-аналарымен тығыз байланыста болып, үй жағдайларын жете зерттеуі тиіс. Оқушылардың күн реттелімі мен жанұядағы еңбек міндеттерінің орындауына ата - аналардың қалай қарайтынына , балалардың сабақ даярлайтын орны мен шағын кітапханасының бар -жоғына , санитариялық-гигиеналық талаптардың орындалуына, оқушының бос уақытын қалай өткізетініне айрықша назар аударамын . Оқушыларға патриоттық тәрбие беру бағытындағы жүргізілетін жұмыстың теориялық мәселелерін сөз еткенде , Бауыржан Момышұлының « Ұшқан ұя» повесін мысалға алуға болады.Ерлік барлық жанға қажетті категория.Олай дейтініміз. Б. Момышұлы « Ерлік- өзінің ең жаман мінез-құлқын жеңе білу» деген тұжырым жасаған. Міне , мұндай асыл қасиеттерді қазақ ата-аналары өз отбасында тәрбиелеп,өз еркімен дамыта аларлық дәрежеге жеткізген.Осы қағиданы басшылыққа ала отыра, ата-аналардың өз уәдесінде тұру, өз кемшіліктерін мойындау да ерлік іске жататынына мысалдар келтіремін. Ата-аналардың отбасындағы сыйластығы әдептіліктері баланың іс-әрекетінен, сөйлеген сөзінен байқалып тұратынын әр кездесуде ата-аналардың есіне салып отырудың еш артықшылығы жоқ. Тіршіліктегі барлық нәрсенің бір-бірімен сабақтас болғаны сияқты, баланың бойындағы, әдетіндегі небір жақсы, жаман қасиеттің негізі- ата-анасы. Ананың, тәрбиешінің, ұстаздың шеберлігіне қарай бала бойындағы ұстамдылық, ұқыптылық, нәзіктік, кішіпейілділік, қасиеттері қалыптасса, әке арқылы еңбекқорлық , батылдық, адамгершілік, азаматтық, табандылық мінезге ие болады.Сондықтан да оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттердің патриоттық тәрбиенің бастауы екеніне көңіл бөлемін. Ата-аналармен әңгіме, жиналыс өткізу кезінде әр ата-анаға оның баласын қандай деңгейде , қандай қасиеттерімен көргім келетіндігіне басты назар аударамын, ол үшін әр ата- анаға баланың жанында үнемі болмасаңыз да, сіздің бейнеңіздің бала үшін қандай маңызы бар екендігіне көздерін жеткіземін. Себебі, кез-келген бала үшін оның ата-анасы қандай болса да,сол күйінде оны жақсы көріп ,аяушылық көрсететінін алысқа бармай-ақ, тастанды балалардың жүрек жарды лебіздерінен байқауға болатынын түсіндіріп отырудың еш артықшылығы жоқ. « Өз еліңнің нағыз патриоты дегенді қалай түсінесің ? » деген тақырыптағы пікір алысу кезінде көп ата-ана өз ойларымен бөлісе білді.
Мектеп-халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта болса, ата-бабадан қалған өшпес мұра, мол қазынаны қабілеті жоғары ұрпақтың бойына дарыту-ата-ананың міндеті екендігін әр ата-ана түсініп, өз жауапкершілігін сезінуін қамтамасыз ету- бүгінгі күннің талабы деп түсінуіміз қажет.
« Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін жан-жақты білу керек» деген белгілі педагог
К. Ушинский. Сол айтпақшы,оқушыны жан-жақты білу үшін мұғалімге ең алдымен көмекке келетін ата-ана екендігін әрдайым түсіндіріп отырамын Ата-ана- ел болашағы үшін қажетті, маңызды міндеттерді арқалаған , жауапкершілігі зор, бейнеті бел қайыстыратын күрделі және қажетті орта. Оның мәселелері де сан саналы, сан қилы. Ата-ананың мектеппен бірлескен қимылының арқасында ғана нәтижеге жетеміз.
Ата-аналар- халықтың бір бөлшегі. Халық дегеніміз-адам. Адамды сүю оған жақсылық жасау- патриоттық тәрбиенің ажырамас бөлшегі.
Ендеше, ата-аналармен бірлесе отыра,ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесі, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға арналған шаралардың алатын орны ерекше екендігіне іс-тәжірибемде көз жеткіздім .Бұл ретте Елбасымыз Н. Назарбаевтың « Қазақтың ұлттық сана-сезімін дамыту- қазақ деп аталатын таңғажайып, әрі бай тарихи және мәдени байтаққа өз қатысының барын сезіну» дегені епіміздің патриоттарын тәрбиелеудегі- басты ұстанымымызға айналуына бағытталған іс-шаралардың ерекшелігіне басты көңіл бөлемін. Бүгінгі Қазақстан жағдайындағы ұлттық патриотизмнің басты көрінісі- қазақтың ана тілінде сөйлеуі, балаларына ұлттық тәрбие беруі, ұлттық мінез, жүріс-тұрыс әдетін қалыптастыру,ізет, құрмет, қайырым,мейірім тағы басқа сезімдерін дамытуы мектеп пен ата-ананың сабақтастықтағы жұмысының нәтижесі екендігіне күнделікті жұмыста көзіміз жетіп отыр.
Қорытынды
Патриотизм - өзінің мәдени ортасына деген сүйіспеншілік
Педагогикалық энциклопедия
Назарларыңызға ұсынылған тақырыптағы мәселелер бойынша бүгінгі таңдағы бала тәрбиесіндегі патриоттық тәрбиенің алатын орнына ерекше мән берілді деп есептеймін. Мектепте тәрбиенің белгілі бір мақсаты болмаса ,онда жүйелі жұмыс жүргізу мүмкін емес. Тәрбие жүйесінің негізгі қозғаушы күші - класс жетекшісі және ата-ана. Бала өмірінде еліктеудің маңызын аша келіп «үлкен кісі не істесе, бала да соны істеймін деп талпынады» , сондықтан тәрбиенің басты мақсатының бірі - «жетіліп, өсіп келе жатқан баланың балдырған табиғатына азық беру, әуес қылған нәрсесін тәжірибе еткізу» деп ойлаймын.
«Зерттей отырып-тәрбиеле, тәрбиелей отырып- зертте»- бұл педагогиканың басты ұстанымдарының бірі. Әр ата-анаға патриоттық тәрбиенің негізін тәрбиелеп отырған баласы арқылы қалап, қажет жағдайда талап қоя біліп, ескерту жасау-салауатты да, сауатты ұрпақ тәрбиелеудегі басты парызымыз болып қала беретіндігіне жауапты екендігін түсіндіру, Бала әрекеттерінің мазмұнын және оның өсіп- даму заңдарын білуге сүйене отырып, оқу- тәрбие жұмысын ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, оны дұрыс жолға қоюға болады.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барысындағы жетістіктерім мен кемшіліктер арқылы одан сабақ алып, жинақтаған тәжірибелік жұмысымдағы келтірілген әрекеттерді сіздердің де жұмыстарыңызда бұдан да тиімді етіп, пайдаланасыздар деп ойлаймын
Елжанды болу
– еліміздің азаматының аса
маңызды адамгершілік қасиеті. Елжандылықтың
мәні отанға деген терең және
саналы сүйіспеншілік, оған берілгендік, оның табыстары мен
жетістіктерін
мақтан ету, оны бұрынғыдан да
көрікті, құдіретті етуге ұмтылу. Отанға деген сүйіспеншілік
адамдарды еңбек және
жауынгерлік ерліктерге шабыттандырады,
олардың өміріне қоғамдық маңыз береді және
рухани байытады.
Ұлттық патриотизм мен
елжандылық туралы біздің көрнекті жазушыларымыз
бен ғұламаларымыз
өздерінің көрнекті ой
– пікірлерін қалдырып отырған. Осы ретте аты
аңызға айналған Б. Момышұлы: «патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман
- саулығы, қоғамдық, мемлекеттік тәуелді екенді сезіну, мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау; қысқасы айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғым, оны жеке
адам барлық жағынан өткені мен
бүгінгі күнімен және
болашағымен қарым - қатынасын біріктіреді», - деп терең және
жан - жақты анықтама берген. Б. Момұшұлының анықтамасы бойынша ұлттық елжандылық мыналардан тұрады.
- өз халқына сүйіспеншілік;
- өз халқымен қан
жағынан байланысын сезіну;
- тұрып жатқан териториясы, ана тілі, тұрмыс – тіршілігі, тарихи дәстүрі, психологиялық
ерекшеліктерін
сақтап, дамытуға, оны өз
ұрпақтарына өткізіп беруге бейімділік.
Осыдан
бастап елжандылыққа тәрбиелеуді отбасынан бастау проблемасы келіп шығады. Жазушы Ә. Нұршайықов: «бала күннен батырлар туралы ертегілер, аңыздар тыңдап, ерлікті мадақтайтын тақпақтар жаттап, эпостық шығармаларды етене қабылдамаған адамдардың бойында бес
кісінің күші
болса да
патриот бола
алмайды», - деп елжандылық тәрбиесін берудегі отбасының маңызына тоқталып өткен. «Тәрбиенің күшімен шындалған патриотизм, қынаптан суырған қылыштай жарқ
етіп, Отанды басқыншы жаудан қорғау сағатында өз
қуатын көрсетеді», - дейді жазушы
Шығыс Қазақстан облыстық педагог қызметкерлердің білімін арттыру институты
Жеткіншек ұрпақты азаматтыққа және отансүйгітікке тәрбиелеу мәселесіне қазіргі көзқарастар» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығы
Дайындаған :Ардақ Шакаримова
2012 жыл

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген