Материалдар / Баяндама: Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мектеп ұжымының ықпалы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама: Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мектеп ұжымының ықпалы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылып отырған жайым бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2019
718
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БаяндамаОқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мектеп ұжымының ықпалы

Жалпы ұжым – жас өспiрiм адамның қалыптасуында ерекше роль атқарады. Атап, айтқанда, ұжым бұл негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада баланың тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап- тiлегi ашылып, жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады.Оқушылар ұжымы – тәрбиенiң шешушi факторы және бiздiң қоғам жағдайында бала өмiрiн ұйымдастырудың негiзгi формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшiн ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Оқушылар ұжымы - баланың өмiрiн, оқуын, еңбегiн, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетiн, ойын ұйымдастырудың ең тиiмдi құралы.Баланың тәрбиелеуiнде әркiм өзiнiң мүмкiншiлiгiн өзi дұрыс бағалай алуы ерекше орын алады, өйткенi ұнамсыз әдеттердiң басым көпшiлiгi еркелетудiң нәтижесiнде балалардың менменсiнiп «Мен өзгелерден артықпын» деуден болады, мұның солай келетiнi оны кiшi жасынан еркелетiп, оның өзiнiң мүмкiншiлiгiн дұрыс бағалауын үйретпегендiктен.Мектептегi сынып сияқты бiрлестiктер шағын топ деп аталады. Мәселен, кейбiр оқушы мектепте жүргiзiлетiн әртүрлi iс-шаралардың бәрiне де қатысады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерiнiң бiр-бiрiмен ұштасып, бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығаратындай халге жетуi, топтың психологиялық ахуалының орнауы, дамудың биiк деңгейiне көтерiлу-ұжымның басты белгiсi. Адамның топқа ықпал ету дәрежесi оның жеке басының қасиеттерiне де тәуелдi. Ақыл, терең ойлау, күштi ерiк- жiгер, қажыр-қайрат, қабiлеттiлiк осының бәрi ұжым игiлiгiне айналса, адамның рухани өмiрi бай болса, дағды икем, шеберлiгi жектiлiктi болса, ол соғұрлым топ iшiне тез сiңiп, беделi де жоғары болады. Ал, бала өзiн ұжымнан жоғары қойса, әсiресе оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалытөмендеп, бара-бара беделiнен айрылатын болады. Мұның себебiне келсек: бiрiншiден, олардың топ мүшелерiмен қатынас жасай бiлу қасиетiнiң жоғарлығында, яғни басқаның жүрегiне жол таба бiлiп, қашанда көпшiлiкке жақын, белгiлi болатындығында. Адамның топ iшiнде белгiлi болуы оның басқалардың жағдайын түсiне бiлуi негiзiнде қалыптасады екен. Екiншiден, ондай адам бiлiмдiлiгi, iскерлiгi, өз бiлгенiн басқалардан аямай, олармен риясыз бөлiсуге, көмектесуге әзiр тұрушылығымен де ерекшеленедiТоп мүшелерiнiң көпшiлiгi өзара тату-тәттi тiршiлiк еткенмен, ондағы әр адамның өзгелерден гөрi жиi байланысқа түсетiн, мүддесi бiр, әңгiмелерi жарасқан ортақ iстi құлшына орындайтын жолдастық, достық қатынастағы адамдар да болады.Ендi бiр жағдайда топтағы адамдардың iшiнде ешкiммен жеке қатынасқа түспей, яғни өзiне лайықты серiк таба алмайтындары да кездеседi. Мұндай оқушы сабақты нашар оқиды, тiптi жақсы оқуға талаптанбайды. Оның осы немқұрайдылығы ұжымнан оқшалауынан себеп болады. Ендi, бiр оқушылар өте кiнәмшiл, сәл нәрсеге өкпелей қалатын, көбiнде өзгелерге кiнә таға сөйлейтiн болып келедi. Бұларға ұжымдағы әртүрлi оң iстер, олардың ұйымдастырушылары ұнай қоймайды. өздерi жұртты сынағыш, мiнегiш келедi.Бұл ұжымдағы ортақ iстiң табысты болуына ондағылардың өз қызметiнен рахат, ләззат алуын қамтамасыз етуiне мүмкiндiк беретiн психологиялық жағдай. Топтағылардың бiр-бiрiмен үйлесiмдiлiгi жарасса, яғни бiрiнiң қылығы екiншiсiне ұнайтын болса, олар бiр-бiрiнiң мiнез-құлқын, қарым-қатынасын жатырқамай дұрыс қабылдаса–онда психологиялық үйлесiмнiң болғаны. Сабақ үстінде оқушылар арасында ұдайы белгілі бір іскерлік және адамгершілік қарым - қатынастар болып жатады. Оқушылар сынып алдына қойылған бәріне ортақ міндеттерді шешкенде өзара араласады, бір — біріне ыкпал етеді. Мұғалім сабақ кезінде, оқушылардың өзара қарым - қатынас жасауына мүмкіндігі болатындай жағдай туғызуы қажет, сірә, балалардың сабақ, үстіндегі мінез - құлқын кейде тым қатал тәртіпке салып отыруды біраз бәсеңдету керек сиякты.Егемендi елiмiздiң өсiп келе жатқан ұрпағын ойлы да iскер, жiгерлi де батыл, өзiне-өзi сенiмдi, интеллектуалдық деңгейi биiк, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етiп тәрбиелеуде ұжымның алатын орны ерекше .Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгi ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы, азамат етiп тәрбиелеу - ұжымда жүзеге асады. Қазіргі кездегі оқу үрдісі кезінде сынып ұжымының ауызбіршілігін, бірлесіп жұмыс атқаруын дамыту мақсатында жаңа технологияны пайдалану тиімді екендігі дәлелденген.Жаңа ақпараттық технологияның негiзгi ерекшелiгi - ұжым оқушыларды шығармашылықпен, iзденуге, өз жұмысының нәтижесiн көрiп, өз-өзiне сын көзбен қарауына және жеткен жетiстiгiнен рахат алу арқылы тәрбиеленедi.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!