Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Баяндама: "Оқушының оқу жетістігін бағалаудың заманауи әдістері"
Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
24 Қазан 2018
2792
6 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оқушының оқу жетістігін бағалаудың заманауи әдістері Тақырыбы: Оқушының оқу жетістігін бағалаудың заманауи әдістеріОқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауМақсаты: оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау үшін мұғалімдерге практикалық көмек көрсету.Міндеттері:1. Формативті бағалауды қолдану;2. Бағалау критерийлерімен танысу;Бағалаудың жаңаша түрлері:Өзін - өзі бағалау;Топтық бағалау;Критериалды бағалау;«Бағдаршам» бағалауы;«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс; Өзін - өзі бағалау.Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі, өзара бағалаудың (және өзін - өзі бағалаудың) маңызы зор. Ондағы мақсат - оқушыларға өз жұмысының сапасын көтеруге қызықтыру және оларға оны жақсартудың мүмкіндігін талдауға көмектесу. Нәтижесінде, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетпек, себебі оқушылар оқыту үдерісі үшін тек мұғалім ғана жауапты емес екендігін түсінеді.Топтық бағалау. Оқушылар топтарда бірлесіп жұмыс атқарған жағдайда әр топтың жекелеген мүшелері өз үлестерін қосуда үлкен жауапкершілік сезініп, сабақ барысындағы білімді игеруде айтарлықтай жетістіктер жасайды. Оқушылардың таразылау, қорытындылау, шешім қабылдау сияқты маңызды дағдыларын қалыптастырудың ең оңтайлы әдісі. Бұл әдісте барлық 3 топтың да оқушылары бағаланады. Сабақтың жоспарланған іс - әрекеттер барысында ұсынылатын тапсырмаларды ретімен жауап берген немесе өз тобы үшін үлес қосқан, жұмыстарын сәтті қорғаған оқушылар өз тобының тұсынан есімдері жазылған стикерлердің ілінуі арқылы бағаланады. Нәтижесінде әр топ мүшелері батыл белсенділікпен жылдам ойлауға, дұрыс анықтамалар мен деректер келтіруге, өз тобындағы үлгерімі төмендеу оқушылардың жауап беруіне топ белсенділерінің араласуына, бір - біріне жан аямай көмек көрсетеді. Сондай - ақ бұл бағалау түрінде барлық сынып оқушылары сабаққа түгел қатысады, әрі түгел бағаланып, ынтымақтастықпен өз жауапкершіліктерін сезінеді.Критериалды бағалау.Оқушылардың өзін - өзі бағалау және өзара бағалау үдерістерінің дамуына ықпал ету мақсатында сабақта критериалды бағалауды табысты қолдану. Топ бағалаушысы өз тобының мүшелерін парақшаға толық түсіреді. Содан сабақ барысындағы берген жауаптарын 4 түрлі критерийлер арқылы 5 балдық жүйемен белгілейді. Төменде көрсетілген критериалды бағалаудың критерийлері:- топтық жұмыстағы белсенділігі; - оқушының ізденісі; - сұраймыз - жауап береміз; - өз жұмысын қорғауы. Осы критерийлердің жалпы балын есептеп, жиынтық бағаны белгілеу – топ ішіндегі жұмыстың жан - жақты өрбуіне, ізденуіне және әрқайсысының жеке пікірін тыңдағанда бір - біріне құрметпен қарағандықтары байқалды.Заманауи сабақтың тиімділігін анықтау мақсатында оны дәстүрлі сабақпен салыстырудың көптеген жолдарын қарастырып көрейік: Біріншіден: сабақ үш - төрт оқушыдан үй тапсырмасын сұраудан басталады. Сонымен бірге бір оқушы сабақ уақытының көп бөлігі кететін тапсырманы шешеді немесе үй тапсырмасын оқиды.Екіншіден: мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар жаңа тақырып бойынша бір немесе бірнеше тапсырма орындайды;Үшіншіден: сабақтың ресми бөлігі – мұнда мұғалім жеке оқушыларға бағаларын айтады, үй тапсырмасын береді.Төртіншіден: үлгірімі нашар оқушылардан сұралмай қалуы да мүмкін,өйткені олардың ойларын толық жеткізуі үшін бағалы минуттар қажет. Дәстүрлі сабақта сабақ соңында бағалау әр оқушыға тимейді. Бесіншіден: сол сабақта өз ойын айтқысы келген оқушылардың жабулы қазаны жабулы күйінде қала береді. Мүмкін олардың ойын жеткізуіне, сабаққа қатысуына мұғалімнің мақсатқа жетуде жасаған жұмысының аздығы болуы мүмкін. Сабақтың мақсаты сабақ соңында барлық оқушылар жетуі тиіс мекен екенін есте сақтаған жөн.Мына жағдаятты еске түсірсек: анасы мектептен келе жатып баласынан сұрайды: "бүгін сен сабақта нені үйрендің?" Баласы іскерлік түрмен жауап береді: "бүгін ештеңені үйренгенім жоқ. Сабақ бойы тек мұғалім сөйледі". Мұнда сабақ барысында қызметтің белсенді орталықтарын құруға мұғалім еңбек етуде: сөйлейді, жазады, талдайды, пайымдайды, салыстырады, қорытынды жасайды және бағалайды. Ал – оқушылар тыңдап отырған пассивті бақылаушылар түрінде қатысады, бірақ оқу үрдісіне қатыспайды, олардың қатысу белсенділігі тек тыңдаумен ғана шектеледі.Бұл жағдаят біздің дәстүрлі сабақтарымыздың көлеңкелі жері деуге болады. Осындай кемшін тұстар болмауы үшін заманауи үлгідегі сабақтарды қолдау, мектеп өміріне енгізу бірден - бір тиімді жол болып отыр.Енді заманауи сабақтардың бізге берері не екеніне тоқталып өтсек:- Оқушы барынша еңбек етеді. - Мұғалім оқушының білімді өзі алу мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастырады. - Оқушы еңбек жасап, іздене отырып, өз жұмысына өзі баға береді. - Оқушы бір ғана тақырыпты ғана қамтымай, өз өмірімен салыстыра алады, тұжырым жасайды. - Оқушы өзінің қасиеттері шегінде барынша белсенді әрекет етеді және өзі үшін пайдалы да маңызды бірдеңе алады. - Барлық оқушылар тепе - тең дәрежеде болады - бірдей тапсырмалар және бірдей уақыт. - Өз елінің қоғамының талаптарына сәйкес оқушы қалыптасатын сабақ.- Оқушыға Жердің түрлі нүктелерінде заманауи өмірге ену үшін қажетті құзыреттіліктер қалыптастыратын сабақ.- Мұғалімнің сыныпта жүзеге асыратын, мақсаттарға жетуге, баланың жаңа әлеуметтік - педагогикалық жағдайда өмір сүруге дайын тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған сабақ.- Мұндай сабақта барлық оқушылар еңбек терісін аямай жұмыс жасайды, ал мұғалім оқыту үрдісін басқарады (ол еңбек терісін аямай сабаққа дайындалды). Заманауи педагогика бізден не талап етеді?- Заманауи педагогика жай сөз түрінде ғана емес, практикалық оқу жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда негізгі әрекеттегі элементі оқушы болғанын талап етеді.- Заманауи мектептегі сабақтың мақсаты нақтылықпен, оған жету құралдарын көрсетумен және оны нақты дағдыларға ауыстырумен ерекшеленеді.Мақсаты нақты көрсетіледі және жасалатын іс - әрекеттер арқылы білімін жинақтайды, өзін бақылау, бағалау дағдылары қалыптасады.- Заманауи сабақ құзыреттеліктердің қалыптасуына бағытталған. Сабақтың соңында сыныптағы оқушылардың көпшілігі мақсатқа жетеді және өз жұмысын өзі бағалайды. Ал егер сабақтың мақсатына барлық оқушы жетпесе, онда мұғалімның өз қатесін дұрыстауына және барлық оқушыларға мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеуге мүмкіндігі мол. Мақсатқа кішкене жетуге болмайды, оған жетесің немесе жетпейсің! - Мұндай сабақтың нәтижесінде мұғалім сабақтың мақсатты ұстанымдарын орындауды, мазмұнды, сабақтың түрі мен құралдарын таңдаудың дұрыстығын ұғынады. Заманауи сабақты оқытудың мақсаты – ғылыми танымның нәтижелерін ғана емес, сол нәтижелерді алу үрдісін меңгеру, оған оқушының интеллектуалдық, уәждік, эмоционалды және т. б. басқа орталарын қалыптастыру мен дамыту, оның жеке қабілеттерінің дамуы, яғни проблемалық - дамытушы оқытуда оқушыларға ғылымның дайын қорытындыларын беру мес, баланың жалпы дамуына көңіл бөлінеді. Заманауи сабақ білім алушыны (оқушыны) неге дайындайды? - Білім алушыларды өмірдің үнемі өзгеріп отыратын жағдайына дайындайды. - Білім алушының жаңа ақпараттық мәдениетін қалыптастырады.- Ақпараттық ресурстарды, информатиканың заманауи құралдары мен ақпараттық технологияларды өзінің өмірі мен дамуын қамтамасыз ету мүддесімен қалыптастыру мен пайдалану қабілетін сипаттайды. білім алушыны Жер шарындағы өркениеттің тұрақты даму мәселелері контекстінде қалыптастыру мен дамыту – бір жағынан, бұл құлықтың қажетті және жеткілікті стандартталған түрін (құзыреттіліктер) қалыптастыру, екінші жағынан – интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетті барынша дамытады. - Өзін - өзі тәрбиелеу үрдістерін басқара алады. Заманауи сабақты өткізгенде мұғалім нені жетекшілікке алуы қажет? - Мен әр оқушы жеке интеллектуалды және шығармашылық әлеуетке ие екенін жетекшілікке алу. - Әр оқушының білім алуға құқығы барын есінен шығармау- Білім беру үрдісі (сабақ) бұл шарт (орта), ол оқушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетіндей етіп жобалау.- Білім алушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін барынша жүзеге асыруға көмектесетін оқыту әдістері мен тәсілдерін жетік білу.- Сабақты Блюмның таксономиясын пайдалана отырып жобалау.- Әр оқушының өзінің интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін анықтай алатынына сену. - Оқушының интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін дамыту үшін сабақта оқытудың фронталды әдісін және «Мен сияқты жаса, менен де артық жаса» ұранын мүмкіндігінше пайдалану. - Сабақта әр оқушының қызметін бағалауға үлгіру.- Сабақта оқушыға өзінің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға кедергі жасауға ешкімнің құқығы жоқ екенін естен шығармау. Сонымен қатар мына нанымды сөздер де мұғалімнің есінде болып, үнемі қолданатын құралы болса:Мектеп – қазыналар қоймасы, олардың қоймада болуына мұғалім жауап береді. Қоймаға кірген оқушы өз қалтасын қазынамен өзі толтырады, мұғалім оқушының қалтасына қазынаны өзі тықпайды және шекарашы рөлінде болуы тиіс емес. оқушының өзі сабақта қанша байлық алып кететінін, қанша алып кете алатынын өзі шешеді және қанша байлық алғанын. Осы талаптарды орындай отырып, заманауи сабақтың мақсатына жетуге болады. Заманауи сабақты меңгеруге барлығыңызға сәттілік тілеймін.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)