Оқыту жүйесіндегі басты
фактор - КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ.
"Өмір сүру- бұл бағалау.» Ф
Ницше
Мақсаты:
Критериалды бағалаудың жаңа
жүйесімен таныстыру.
Жаңа білім жүйесіндегі
критериалды бағалаудың және оқытудағы күтілетін нәтижелерді
анықтап, бағалаудың орнын көрсету.
Қазіргі таңда Қазақстанда
әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған жаңа білім беру
жүйесі құрылуда.Білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар
қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру
саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру
сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы
әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және
бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы
Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы
жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң
өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде.
Сапалы білім беру – оқыту мен
тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат
жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар,
адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Жаңа
инновациялық технологияларды пайдалану — заман талабы. Қазіргі жаңа
талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады,
мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра
арлатын адам болуы керек.
Бүгінгі білім беруде оқушыны
білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын
іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім
бірлестігін айқындайды.
Қазіргі кезде оған жететін
жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі -
критериалды бағалау жолдары.
Критериалды
бағалау – оқушының оқу нәтижелерін
білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру
үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар,
заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым
талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу
жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс. Көптеген жылдар бойы
біздер оқушыларды жай түрде бағалап келдік. Қазіргі таңда жаңа
технология бойынша балаларды бағалаудың жүйесі бойынша бағалауымыз
керек. Мысалы алу методы бойынша: Оқушы өз жұмысын алып келеді, біз
оған авнс түрінде бес деген баға қоямыз. Бірақта одан қателерін
тауып, бес деген бағасынан шегереміз. Сүйтіп біз оқушыны
жазалаймыз. Ал жаңа стандарт бойынша бағалаудың жаңа түрінің бірі
қосу методы. Қосу методы бойынша оқушының білім деңгейдәрежесін
қосып айтып отыру. Бқл оқушы мен мұғалімнің арасын тығыз байланыста
ұстауға көмектесетіні мәлім.
Сыныптағы бағалау тек қана
техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға
қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысананың артында
тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес
нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы
және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау,
қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар
жатыр.
Мұғалімнің бағалаудағы ролі:
Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және
әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;
Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс
үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат
жинастырушы;
Оқу
үшін бағалауға қарағанды, оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше,
оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады.
Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген
нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылардың қол жеткізген
деңгеймен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай
қорытындылар стандартқа немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке
сәйкес немесе сәйкес емес деген нысанда жасалады.
Критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз
оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны
өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз,
білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген
кезеңде анықтаймыз, Қорытындылай келе, сабаққа күнделікті критерий
құрып, онымен оқушыларды таныстырып отырсақ, оқушылар өзін-өзі
бағалауды үйренеді, сол сияқты өзгені де бағалауды үйренеді. Олар
өз білімінің деңгейін сралап, алға ұмтылады, жақсы жетістікке
жетуге тырысада. Сондай-ақ мұғалімге деген өкпе-реніш болмайды,
себебі өз білімінің әділ бағаланатынына сенімді болады деп
ойлаймын. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі
арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде
қолдануымыздан көз жеткізуге болады.