400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндамада жаңартылған білім берудің негізі болып санлатын - сындарлы оқыту теориясы. Оның маңызы, теорияның негізін қалаушылау, теорияның оқыту мен оқудың тиімділігін арттырудағы маңызыы, қолдану мен тәжірибедегі нәтижесі. Оқушының белсенділігін арттырудағы, білім жетістігін көзі екендігін нақты дәлелдер мен теориялық негіздер арқылы көрсетеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҚЫТУ МЕН ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Макашева Жанар Алмахановна, Оспаналиева Калбуби Есеналиевна

Райымбек Смаилов атындағы орта мектеп

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛЫ

Аннотация

Бұл күндерде білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болып жатыр. Өзгерістер білім беру жүйесінің мақсатынан бастап, оқыту әдістерін және мұғалімдердің ұстанымдарын өзгертіп, кәсіби дамуына өз ықпалын тигізуде. Жаңа идея, жаңа әдістер туындады. Бұл баяндамада оқыту мен оқу үрдісінде сындарлы оқытудың тиімділігі жайлы сөз қозғалады. Оқушы үшін де, мұғалім үшін де сыни ойлауды дамытудың маңыздылығына тоқталады.Топтық жұмыстың ерекшелігіне мән беріледі.

В данное время в сфере образования проходят особенные изменения. Эти изменения, начиная с задач системы образования, влияют профессиональному развитию учителей, изменяя их методы обучения. Появились новые идеи, новые методы. В этом докладе повествуется о пользе контруктивного обучения в процессе обучения. Рассказывается о важности развития критического мышления и для учителей, и для учащихся. Уделяется внимание особенностям групповых работ.

Nowadays, there are many changes in knowledge system. This changes , beginning of the tasks of knowledge, depends on professional education of teachers, and change their methods of learning. The new ideas and methods were invented. This declare gives you some opportunities to make knowledge better. In this declare is retelling about critical thinking of teachers and students. It should to give more condition to work in groups.


ХХІ ғасыр нағыз білім ғасырына айналып барады. Әлемдік білім кеңістігіндегі білім беру жүйесінің басым бағыты-өзгеріп бара жатқан әлемге жылдам бейімделген, өз өмір жолын дұрыс таңдап, нәтижелі шешім қабылдайтын тұлға дайындау. Білім беру жүйесінің бұл басымдылығының мақсатына жету мұғалімдердің қолында. Сондықтан «ХХІ ғасырда оқушыларға нені оқытамыз?» немесе «Мұғалімдер балаларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген сұрақтардың туындауы орынды [1]. Осы сұрақтарға жауап табу үшін әлем елдерінің білім беру жүйесінде орын алған өзгерістерге жүгінесің.

А.Қ. Құсайынов «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы» еңбегінде [Алматы,2013 жыл] білім беру сапасын бағалаудағы халықаралық зерттеулердің нәтижелерін салыстыра зерттеп, зерделеп, оқушылары үнемі, тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсеткен Финляндия, Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты елдерді анықтаған.Олай болса, шетелдік мектептерде білім беру жүйесі мықты. Шет мемлекеттерде алған білімдерін өміріне қажет деп түсіну, сезіну, яғни өмірлік қажеттеріне айналдыру, білімін қолдана алуға үйрету үшін оқытудың жаңа технологияларымен сабақ өтуге жағдай жасалған. Осы үрдіс біздің елде де жүргізілетін болса талай жетістікке жетеріміз анық. Қазақстанның әр аймағында Назарбаев зияткерлік мектептерінің ашылуы жаңа үрдістің бастамасы.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Қазір әлем шапшаң қарқынмен өзгеруде. Басқаша дәуір туып келеді. Біздің көз алдымызда өзгеше мүмкіндіктері мен тәуекелдері бар жаңа жаһандық нақты ахуал пайда болуда...» ,- деп көрсеткендей, әлемдік бәсекелестікте еліміздің болашағы сапалы білімде екендігін ұғамыз. Ұлттың дамыған мемлекеттердің үздік отыздығына кіру «100 нақты қадам» жоспарынның 76-қадамы : «ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту» делінген. Ұлт жоспары білім саласында да реформалар жүргізудің қажеттілігін атап өткен. Еліміздегі білім саласындағы қажеттіліктерден нақты мақсатты жұмыс ауқымы пайда болады. ЭҰЫД жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауының қорытындысында : «Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет болады»,- деп тұжырымдаған [1, 6-бет]. Оқушылардан талап етілетілетін дағдыларды дамытудың басты құралы- сын тұрғысынан ойлау . Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін орта мектептердің даму тұжырымдамасында : «Білім берудің басты мақсаты- оқушылардың білім алуына өзгермелі дүние жағдайында өздігінен әрекет ету, өзін таныту, әлеуметтік дағдыларды меңгеру қызметтерін орындауына қажетті іскерліктерді қалыптастыра отырып, дара тұлғаның қабілеттерін дамыту»- делінген. Осы тұжырымдамада көрсетілген білім берудің басты мақсатын іске асырудың жолы- сындарлы оқыту теориясы. Сындарлы оқыту теориясы орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген теория. Сондықтан да оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері- сындарлы оқыту теориясымен тығыз байланысты.

Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған және бойына сіңірген білімін сыныптан тыс жерде, алдағы өмірінде, яғни кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

«Адамгершілік мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерді көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі көңілге сай оқыту тұрады [Frost, 2011] », - деп құзырлы мұғалімді сипаттаған. Мектептегі ішкі ахуалмен мен сыртқы көзқарастарды зерттеп, талдап, анықтау нәтижесінде, сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді мектеп басымдығы етіп алдық. Мектепте басымдылық бойынша жұмыс жүргізуде сыни ойлауды дамытуды екі түрлі мағынада қарастырдық. Оқушылардың сын тұрғыдан ойлауын дамыту үшін алған ақпараттарды, идеяларды талдау, таразылау, салыстыру және маңыздылығын түсіну, ол жайлы ойлана білу қабілетін шыңдау бағытында жұмыс жасауды басты назарда ұстадық. Мұғалімдердің сыни ойлауын дамыту үшін жұмыс тәжірибесімен бөлісу, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, тиімділігіне көз жеткізу және бағалау әрекеттеріне сыни көзқарасын қалыптастыру бағытында жұмыс жасауды қолға алдық. Себебі, сындарлы оқыту теориясы – мұғалімнің оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіру мақсатында өз тәжірибесін жетілдіруге жетелейтін, оқушыларын сыни ойлауға апаратын, бағыттайтын жол. «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім»,- деген Елбасының сөзін әрдайым жадымызда ұстағанымыз абзал [5, 11-бет].

«Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін мен бағалай алу болып табылады», деп мұғалімге арналған нұсқаулықта көрсетілгендей [1, 10 бет], әрбір өткізген сабақтың табыстылығына назар аударып отыруды көздедік. Оқушы мұғалімнің ойлауға негізделген тапсырмалар жүйесі арқылы тапсырмамен өздігінен танысады - оқиды, топта талқылайды - тыңдалым, ортақ ойдың нәтижесін қағазға түсіреді- жазылым, түйінді идеяны қорғайды - айтылым дағдылары қалыптасады. Ойлау туралы ойлану- метатаным жүзеге асудың нәтижесінде оқушыда өзін-өзі реттеу жүзеге асады, қалай оқу керектігін үйренеді. Топтық жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың қарым-қатынасы жақсарып қана қоймай, үлгерімі төмен болып жүрген оқушының тапсырманы өз орталарында талқылау кездерінде өзіндік жеке ойларын қосып, достарымен бірлесе дайындаған жұмыс нәтижесін ортада қорғауға ықпал етті. Яғни, оқушы өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ықпалды адамның көмегімен қамтамасыз ету - жақын арадағы даму аймағының ықпалы зор [Выготский Л.С. 1978] . Қалай оқылатынын білу үшін, метатаным жүзеге асыру үшін оқушы тапсырманы сыни тұрғыдан ойлап, орындай отырып, өзінің орындаған тапсырмасының қаншалықты дұрыс, ақиқаттығына да көз жеткізе білу де оқуға деген ынтасын арттырады. Ол үшін тапсырманы бағалау критерийлерін ұсынады. Критериалды бағалаудың практикалық маңызы:

a) Тек қана оқушы жұмысы бағаланады.

б) Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады.

в) Критериалды бағалау белгілі бір оқу мақсаты бойынша бағаланады.

Нәтижесінде оқушы өзінің жетістігі мен кемшілігі туралы да ойлана алады, кемшілікті түзетудің жолдарын біледі. Оқушы өзін- өзі реттеуге бағытталады. Өз кемшіліктері бойынша проблеманы шешу жолын біліп, нақты мақсатты айқындайды. Ары қарай дамудың қадамына өтеді. Проблеманы шешудің, мақсатқа жетудің әдіс-тәсілдерін өзі таңдай алады. Қалыптастырушы бағалау, қадағалау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, іс-әрекетті анықтауға арналған қорытындылардан тұрады. Бағалау – бақылаудың нәтижесі- тыңдайды, ойлайды, сараптайды. Бағалау кезінде де күрделі ойлау процесі жүзеге асады. Сондықтан да қалыптастырушы бағалау – оқытудағы әдістерді, іске асыру түрлерін жақсату мүмкіндіктерін анықтауға бағытталатындықтан, оқушының бірін- бірін бағалауы, өзін- өзін бағалауы болып табылады. Сенімділік- өзін –өзі бағалау арқылы табысқа жетудің алтын кілті.

Сонымен топтық жұмыстар барысында сыни ойлау әрекеттерін қалай жүзеге асырамыз? Дәстүрлі оқытуда тапсырма ортақ берілгенмен, оқушылар тапсырманы жекелеген оқушылардың орындаумен нақтылап қойып отырған. Мұндай оқыту нәтижесі жекелеген оқушылардың ғана сабаққа тартылып, сыныптағы көптеген оқушылардың сабақ барысында белсенділігі анықталмайды. Инклюзивті оқытуды жүзеге асыру үшін бірлескен оқудың маңызы зор. Бірлескен жұмыс- мақсатқа жетуге ықпал ететін өзара әрекеттердің құрылымы. Топтық жұмыстарда оқытудың жеке тұлғаға бағытталуының он тәсілі [Кәдімгі мектептерде Қабілетті балаларды оқыту. 1997] сын тұрғысынан ойлауды дамытудың құралы болып табылады:

a) Тапсырмалар топтардың немесе жекелеген оқушылардың меңгерген білімдерін ескере отырып, әртүрлі етіп әзірлеу. Яғни, Михай Чиксентмихай (2008) көрсеткендей «Өзіндік мақсат» атты сызбасында оқушы машығы жоғары болып міндет аз болса, «зерігу» пайда болып, ал керісінше машығы төмен міндет жоғары болса, «алаңдау» пайда болатындықтан, оқу мақсатына сай тапсырмалар беріп, «оқу ағынын» тудыру керек. Мұғалім оқушының не білетінін, нені жасай алатынын, неге қызығатынын, не істегісі келетінін ескеріп отыру керек.

ә) Нәтиже. Мұғалім сабақта бақылаушы. Берілген тапсырманы топтағы әр оқушының әртүрлі деңгейде орындайтыны анық. Жұмыс нәтижесін топта талқылау барысында әр оқушының қандай нәтиже көрсетуі маңызды. Қабілетті оқушылардан топтағы құрдастарына нәтиженің еселенуі үшін топқа өз ойын анық, еркін айтып түсіндіруіне ықпал етіп, өзгелерінің сызып, жазуына әсер етеді. Оқушы- оқушы арасындағы байланыс орнайды. Оқушылардың көшбасшылығы қалыптасады.

б) Жұмыс қарқыны : Оқушыларға тапсырма жалпы беріледі, бірақ аяқтауына жұмсалатын уақыт олардың машықтарына қарай әртүрлі болып келеді. Егер топтық жұмыс барысында қабілетті оқушы берілген тапсырманы орындап, құрдастарына тапсырманы түсіндіріп, атсалысқанмен, жұмыс уақыты ұзарып кетсе, оқушының жұмыс қарқыны төмендеп кетеді. Сондықтан, тапсырманың белгілі бір уақыт аралығында, топтық жұмысты дұрыс үйлестіре отырып, жұмыс қарқынын реттеп отыру керек. Және тапсырманы сатылап күрделендіріп, соған сай уақытты белгілейді.

в) Қолдау. Топтық жұмыс барысында біреуге көп қолдау, енді біріне кем қолдау көрсетіліп жатады. Қабілетті бала топтық жұмыста құрдасына көп қолдау көрсеткенімен, оның өзі де қолдауды қажет ететін жағдайлар кездесіп жатады. Мұғалім сабақ барысында әрбір оқушыны көзден таса қылмай, оқушы қажеттілігін қанағаттандыратын қолдау көрсету керек.

г) Ресурстар. Барлық топқа ортақ тапсырма беріледі. Тапсырмалардың көп ойлауды қажет ететін немесе зерттеу машықтарын дамытатын ескеріп, таңдау қажет. Қабілетті балалар сол ресурстарды таныстыру үшін балама әдістерді пайдалануға ықпал етіп, оқушыларға бағыт беріп отырады.

д) Топтау. Кейде оқушыларды сабақта өте жоғары нәтижелерді күту мақсатында қабілетті балаларды бір топқа топтастыру арқылы жоғары идеялардың куәсі болады.

е) Ақпарат. Тақырыптық материалды игеру барысында мұғалім оқушыларға әртүрлі ақпарат, түрлі қосымша материалдар, ойлауды талап ететін ақпараттар беріледі.

ж) Рөлдер. Оқушыларға ортақ тапсырма беріледі. Тапсырманы орындауда әр оқушы әр түрлі роль атқарады. Мысалы бірі-зерттеуші, бірі жазушы, бірі сызушы, бірі айтушы т.с.с.

и) Үй тапсырмасы. Үй тапсырмасы әр оқушыға қабілетіне қарай беріледі. Кейбір баяу

ойлап, баяу жазатын оқушыға сыныпта орындаған тапсырмасын аяқтауды, яғни

сыныптағы орындаған жұмысқа қарай отырып, үй жұмысын орындауда қиналмайды.

Қабілетті оқушыға зерттеу мен ойлауға негізделген тапсырмаларды береді.

к) Диалог. Сабақтың басы «Миға шабуыл» стратегиясымен басталады және сабақ соңы «ой қорыту» стратегиясымен аяқталады. Екі кезеңде де, мұғалім сұрақ- жауап әдісін пайдаланады. Осы кезеңдерде мұғалім өзі қоятын сұрақтар мен оқушылардың бір-біріне қоятын сұрақтарын саралап алады. Мұғалімге арналған нұсқаулықта келтірілгендей: Сұрақтың 7 түрі бар. Соның ішінде сараптамалық жауапты талап ететін , креативті ойлар мен идеяларды туғызу қабілетін дамытатын ашық сұрақтарды қолдану тиімді. Александер (2008) : «Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді» делінген [1, 29- бет]. Әңгіменің 3 түрі бар болса, соның ішінде зерттеушілік әңгіме сыни ойлауға негізделген. Әр оқушының берген мәліметін бағалайды, оған ойлану арқылы түрлі дәлелдер келтіреді, сұрақтар қойып, сұраққа дәлелмен жауап береді, келісімге келуге тырысады. Соңғы нәтижесіне дейін бір-бірінің тұжырымына сыни көзқарас білдіреді.

Математика пәнінің де, әдебиет пәнінің де мақсаты- оқушыларды сөйлету, ой-қиялын жетілдіру, сыни пікірін қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету мұғалімнің сыныптағы іс-әрекетіне, пәнді қалай оқытылуы керектігі жөніндегі пікіріне байланысты.Ол үшін мұғалімнің ұстанымы өзгеруі керек [1].

Мектептегі алған білімді сырттай бақылау- Ұлттық Бірыңғай Тест- оқушыларды көп ойлануға емес, жаттау арқылы білім алуға итермелейді. Төменгі сыныптан тапсырмаларды тест түрінде дайындау бізге қаншалықты пайдалы? Тест тапсырмалары әрине ойлануға, талдауға негізделген тапсырмалар болғанымен, оқушылар өз ойын ашық айтпайды, балама жауаптарды көрсете алмайды, нақты жауап белгілейді. Оқушылардың ой –өрісін дамытуға PISA тапсырмаларының орны бөлек. Мағжан Жұмабаев : «Жігіттік жасында адам жаңадан жаттай беруге емес , бар білімді оймен тереңдетуге ұмтылады» ,- деген. Тапсырмаларды, білімді оқушы талдау , жинақтау , бағалау деңгейінде орындау, оқушы білімін шыңдай түспек.

Бір ғасыр бұрын Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру- үйреншікті жәй шеберлік емес, ол- үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп айтып кеткен. Мұғалім бір сабақты өткізу кезінде қаншама ойлар мен толғанысты бастан кешетінін байқадық. Іс-әрекеттегі толғаныстан соң, іс әрекеттен кейінгі толғаныс жүзеге асады. Яғни, өз іс-әрекетіміз бен тәжірибемізден кейін ойлар мен мәселелерді анықтаймыз. Тәжірибелерді тұтастырып, жинақтай келе сыни тұрғыдан ойлауды дамыту арқылы сабақтар қандай нәтиже берді ?. Оқушылар бірлесе жұмыс жасай отырып, сабаққа түгел қатысты. Төмен деңгейдегі оқушылар өз ойларын топта білдіріп, сөйлеуге қалыптасты, іс-әрекетке талпынды. Қабілетті оқушылар құрдастарына көмек беру арқылы теориялық білімін шыңдап, көшбасшылық қабілеттері, зерттеушілік қабілеттері дамыды. Проблеманы шешу жолдары мен мақсатын анықтайтын деңгейге жетіп, өзін-өзі реттей бастады. Күнделікті сабақ туралы, келесі сабақты қалай өткізу туралы өз ойларын айтуға ынталанды. Келесі сабақтың бүгінгі сабақтан да пайдалы болатынына сенді. Елбасының «Қазақстан жолы- 2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ» атты Жолдауында : «... Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуы тиіс» делінген. Біздің қазіргі жүргізіп жатқан жұмыстарымыз, осы бағытта өрбиді. Адам баласы қауашағын қолмен жарып алған көбелектің өмірге бейім болмай, ұшпай, әлсіз болуына себепкер болды деген тәмсілінен, өзі қауашақты жарып шыққан көбелектің өмірге бейім болып келетіні сияқты, адам баласы да өздігінен ізденіп, талдап, меңгерген білімнің өміршең болатынын, өмірде қолданып, дамуына ықпал ететінін көрсеткен. Мұғалім әрбір сабағын, оқытуды сыни тұрғыдан ойлана отырып ұйымдастырса, оқушы да сыни тұрғыдан дамып, құзырлы оқушы атанады. «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын, маған көрсетші – менің есімде қалады, өзіме істетші – мен сонда түсінемін», - деген екен қытай мақалында. Сондықтан да әрбір сабақта интербелсенді әдіс –тәсілдерді сыни тұрғыдан ойлана отырып, тапсырмалар арқылы өздігінен меңгеруге ықпал ететін әрбір сабақ тиімді оқытуға негіз болады.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі :

  1. Мұғалімге арналған Нұсқаулық. 1- деңгей.

  2. С.С.Мирсейтова. Мұғалім философиясының қалыптасуы мен дамуы: гуманистік парадигма. 2012

  3. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінің даму тұжырымдамасы. Алматы : РБК, 1995. 40- бет

  4. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары : а)ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ. 30.11.2015 жыл , ә) «Қазақстан жолы- 2050: БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР БОЛАШАҚ» атты Жолдауы

  5. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.

  6. Құсайынов Асқарбек «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы» Алматы,2013.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1210
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі