Материалдар / баяндама оқытушыларға

баяндама оқытушыларға

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі – сөздік жұмысын жүргізу Пәнге деген қызығушылықты арттыруда ең көп қолданылатын тиімді тәсіл сабақты ойын түрінде өткізу
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану

және қызығушылығын арттыру.

Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі қазіргі – заманның қажеттілігі.
Н.Ә. Назарбаев.

Жоспары:

Тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі – сөздік жұмысын жүргізу

Пәнге деген қызығушылықты арттыруда ең көп қолданылатын тиімді тәсіл сабақты ойын түрінде өткізу

коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамыту мақсатында сабақ үдерісінде ойын түрлерін, коммуникативті ойындарды қолдану

Мақсаты Ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық материалдарды қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастырып, сөздік қорын молайту.

Оқушылардың тілдік мәдениеттілігі мен тілдік іс - әрекеттер арқылы халық мәдениетінің элементтерін қолдана алу іскерліктерін қалыптастыру. Міндеттері

Шығармашылық тақырыптағы тапсырмаларды орындату.

Ағылшын тілін игеру процесінде тұлғаны тәрбиелеу.

Логикалық ойлауды және сөздік қорын толықтыру.

Алдына қойылған сұрауға немесе тапсырманы орындауға (жылдам, сенімді және дұрыс) жауап беруге дағдыландыру.

Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. 

Елбасымыз өз жолдауында үш тілді меңгеру қазақстандықтардың өздері үшін міндетті шарт екендігі 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі кем дегенде 20 пайызды құрауы қажет екендігін атап өтті. Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көңіл бөлінген

Елбасымыз өз жолдауында үш тілді меңгеру қазақстандықтардың өздері үшін міндетті шарт екендігі 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі кем дегенде 20 пайызды құрауы қажет екендігін атап өтті. Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көңіл бөлінген

ХХI ғасыр жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан қазіргі күні шетел тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады. Тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі – сөздік жұмысын жүргізу Тіл үйрету дегеніміз- кез келген сөзді құрғақ жаттап алу емес, жаңа сөздің мағанасын түсініп, саналы түрде есте сақтау,жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу.

. Оқушыларға жаңа сөздерді үйретуде төмендегідей әдістемелік талаптар ескерілу тиіс.

  • Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сөздердің мағынасын түсініп есте сақтаумен бірге , дұрыс айтып үйренудің мәні зор.

  • Заттың өзін көрсету арқылы меңгерту. Затты нақты көрсеткенде оқушының көру қабілеті арқылы сөздің мағынасын түсініп , есте сақтау мүмкіндігі артады.

  • Жаңа сөзді аудару арқылы меңгерту.Жаңа сөздерді оқушылардың ана тіліне аудару сөздің дәл мағынасын ашатын бірден –бір тәсіл деуге болады.

  • Сабақты ойын түрінде өткізу.

  • Сабақта техникалық құралдарды тиімді қолдану.

  • Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында , ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында». Сондықтан біз ұстаздар ХХI ғасырдың біздің алдымызға қойып отырған барлық талаптарына сай болып , үздіксіз білімімізді көтеріп отыруымыз қажет.

  • Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:

  •  Ойын – сауық

  •  Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық

  •  Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тануы)

  •  Коррекциялық (өзін-өзі түзетуі)

  •  Әлеуметтендіру

Қазіргі уақыттағы сабақ үдерісінде қойылып отырған талаптардың бірі - оқушылардың коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамыту мақсатында сабақ үдерісінде ойын түрлерін, коммуникативті ойындарды қолдану.

Interviewing an interesting person. Бір оқушы танымал атақты адамның (саясат қайраткері, әнші, актер, спортшы, т.б) ролін ойнайды. Сыныптастары әртүрлі сұрақтар қоя отырып, оның кім екендігін табуы тиіс. Сұрақтар былай болуы мүмкін:

What's your hobby? What kind of meal/ sport/clothes/ do you like? Are you a man or a woman? Are you married or a single? т.б.

Мына төмендегі сұрақтарды пайдалана отырып, оқушылардың сүйікті заттары, әрекеттері туралы айтыңыздар деп сұрақ арқылы ойынатуға болады.

What is your favourite TV show? Why?

What is your favourite magazine? Why?

What is your favourite gift you have received? Why?

What is your favourite time of the day? Why?

What is your favourite day of the week? Why?

Грамматиканы үйреніп жатқан оқушыларды ойын барысында бақылаған Бельгиялық бизнесмен “It isn’t silly at all” - “Бұл мүлдем ақымақтық емес деп өзінің таң қалғандығын білдірген екен, сол сияқты ойын процесі бір уақытта тиімді әрі қызықты болуы мүмкін.Қытай даналығында: «Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын; маған көрсетсең, мен есімде сақтаймын; ал өзіме әрекет жасауға мүмкіндік берсен, мен үйренемін» деп айтылғандай, біз балаға бір ақпаратты тек айтып қана қойсақ, ол ұмытып кетуі мүмкін, көрсетсек есінде қалуы мүмкін, ал ойын үрдісінде баланың өзіне жасауға мүмкіндік берсек, бала өзі үйреніп кетуі әбден мүмкін. Сонымен қатар, зерттеу барысында шетел мектептерінде сабақ үдерісінде қолданылатын ойын түрлері мен ойын әрекеттері, жаттығулар оқушыларға беріліп, салыстырыла талданды.

  • шетелдік мектептердегі ойын әдістерінің жүргізілуі өте еркін, яғни олар ойын барысында өздерін өте еркін ұстайды, ролдік ойындарды да нағыз образға шынайы түрде ене отырып орындайды, ал біздің мектеп оқушыларының коммуникативтік ойындарды қолдану барысында, өз ойларын жеткілікті дәрежеде жеткізе алмауы, олардың сөздерді айтуда қателесемін деген ойдың туындауында, себебі қазақ мектебінің кейбір балаларына ұялшақтық пен ұяңдық тән, олардың бойында өзгелермен жылдам қарым-қатынасқа түсу сияқты қасиеттер баяу. Міне, осы мәселені шешу үшін, ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік сөйлеу біліктілігін қалыптастырып, дамытуда ойын әдісінің ролі өте зор.

Атақты американдық жазушы Е. Градин «You cannot effectively learn a foreign language until you make a million mistakes in that language. So hurry up and made your million mistakes» деп айтқандай, кез-келген адам ағылшын тілін сөйлеу әрекетінде миллиондаған қателерді жіберу арқылы үйреніп, шыңдалады.

Ағылшын тілі пәнінде көбіне рольдік ойындар, грамматикалық ойындар, танымдық ойындар қолданылады.   Ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге  адамның өмір сүруінің маңызды  бір түрі.

Қорыта келгенде, оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін  берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.

Нәтиже:

1. Әр оқушының шығармашылығы  артады.

2. Жылдам жұмыс істеуге  дағдыланады

3. Оқушының жеке қабілеті  анықталады

4. Оқушы топ жаруға  ұмтылады.

5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды

6. Әр оқушы өз деңгейінмен бағаланады.













Баяндама:

«Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану және қызығушылығын арттыру.»



















Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:

Сансызбаква Надежда Дайрабаевна.









Теміртау қаласы.



2017 ж





14 Қараша 2018
574
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі