400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама Ордабасы қазақ рухының қағбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
ордабасы тауы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ордабасы ауданы

«Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




Тақырыбы: «Ордабасы – қазақ рухының қағбасы».



Орындаған: Мамбетова Ұ.М.















2018-2019 оқу жылы





Жоспар

І. Кіріспе

Ордабасы үш жүздің басын қосқан тау.

ІІ.Негізгі бөлім

1. Ордабасы Тәуелсіздікпен тамырлас тарихи орын.

2. «Ордабасы» ұлттық тарихи- мәдени қорығы.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.































«Ордабасы үш жүздің басын қосқан тау».

Қасиет қонып, құт дарыған қазақ даласының тасын түртсең тарихы сайрап қоя беретін хикметке толы мекендерінің бірі -Ордабасы тауы Жоңғар басқыншылығына қарсы күреске халықты жұмылдыру жайы ақылмен екшелді, талқымен таразыланды. Содан бері екі жүз тоқсан көк-темнің өзегі гүлдепті. Әмсе қамшының сабындай қысқа дейтін біздің уақыт санамызға ұлы тарихтың ұмытылмас сұлбасын сызып келеді. Сол берекелесудің, сол бәтуаласудың құны бүгінде бақуатты жүрген он миллион қазақ үшін тым биікте. Ордабасы -Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы таулы өңір. Табиғаты таңғажайып. Етегінен ұшар басына дейін тырмыса өрген салба-салба самырсын қарағайы болмаса да, қазақ үшін салқар-салқар таулардан бәсі биік. Тіпті, неге деп ешкім сұрамаса керек-ті. Өйткені сол жолы қазақтың басы Ордабасы болып бірікті де, қазақ тарихындағы 1726 жылдың көктемінде Қазақ халқының дана билері Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ұйғаруымен Ордабасы тауында Ұлы жиын өтіп, халқымызды жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық майданын ашуға ортақ шешім жасап, ұлт болып бірігуге келісті. Сол жиында Қазыбек бидің ұстанымымен кіші жүз ханы Әбілхайыр қазақ әскерінің бас қолбасшысы болып сайланып, Қанжығалы Бөгенбай батыр ұрыс туын көтерді. Осы бірігудің арқасында қазақ жасағы 1727 жылы Бұланты өзені бойындағы «Қара сиыр» деген жерде қалмақ жасағына ойсырата соққы беріп, жеңіске жетті. Содан бері ол жер «Қалмақ қырылған» деген атпен тарихта қалған болатын.

Ордабасы Тәуелсіздікпен тамырлас тарихи орын.

Елбасы: «Ордабасы – ел жүрегі, жер кіндігі» десе, Әбіш Кекілбаев: «Ордабасы – қазақ рухының қағбасы» деген еді. Өкінішке орай, жерімізге тырнағын батыра бастаған орыс отаршылдары кезінде сонау заманнан ата-бабадан қалған қорғандар мен қорымдарды түгел тонаған. Осыдан Ордабасы ғана емес, Оңтүстіктің Созақ пен Сыр бойы, Қаратау мен Қазығұрт, Алатау мен Түркістан, Сайрам мен Отырардың тұтас астаң-кестеңі шыққан. «Қазақ топырағынан қазір табылып жатқан баға жетпес деректер, Алтын адам сол сұрапылдардан Құдай сақтап қалғандары ғана…». Осыдан жырма үш жыл бұрын, Тәуелсіздік тағылымына Ордабасыда ұлы жиын өтті. Осы тоқсан үштегі жиынға жүз елу мың адам қатысты деген ақпар бар. Осы жиынды: «1726 жылы Ақ орда тігілген биікке, Тутөбенің оң жағындағы белеске көтеріліп бара жатқанда , бір шетінен екінші шетіне көз жетпестей, қыр-қыратты қаптаған қарақұрым халықтың үстімен таңғажайып теңіз толқыны жүріп өткендей болды. Сонау бір замандарда Ордабасы тауы жер бетінен жойыла жаздады. Кәдуілгі Ордабасы деген сөзді айтуға да, жазуға да тыйым салынған кездер болған екен. Жаза қалса, корректорлыққа келгенде сызылып тасталатын. Алайда қазақ қаламгерлері оны қорғау үшін аз жұмылған жоқ. Соған қарамастан Ілияс Есенберлин, Әбіш Кекілбаев, Софы Сматаев, Мұхтар Мағауин бастаған қаламгерлердің тың туындылары жарыса жарияланып жатты. Бертін келе Шерхан Мұртаза шімірікпей шындықты жазды. «Тоқсан үшінші жылдың ерте көктемінде Ордабасы тауының үштен бірін ойып алған карьер үңірейген күйінде үнсіз қалды. Бүйрек-бауырынан жартылай айырылғандай Ордабасы солықтап жатты-ау сонда. Кенет… Кенет Алматыдан ақжолтай хабар жетті».

«Ордабасы» ұлттық тарихи- мәдени қорығы.

Осыдан соң қатарынан үш жылды үш биді еске алуға арнаған. Осы жолғы жиында Елбасы: «Ордабасы тауын сақтау, көркейтіп-көріктендіру-перзенттік парызымыз деп осы жолда тарихи жәдігерімізді қолдап-қорғау жолында нақты тапсырма берді. Одан қалды тарихи құндылықтарымызды қайта жаңғыртқан "Мәдени мұра" бағадарламасы аясында да Ордабасы құтты тарихи мекен ретінде мемлекет қарауына алынды. Қорық ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 26 мамырдағы №1213 «Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығын құру туралы» Жарлығына сәйкес, 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Ордабасы» ұлттық тарихи- мәдени қорығы құрылды. 1993 жылдың 26-28 мамыр күндері Ордабасы тауында қазақтың Ұлы тұлғалары Төле, Қазыбек, Әйтеке билерді, және 1726 жылғы ұлы жиынды мәңгі есте сақтау мақсатында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен «Еске алу» күндері болып өтті. Еске алу күндеріне ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен бірге арнайы қонақ ретінде Өзбекстан Президенті И.Каримов және Қырғызстан Президенті А.Ақаев шақырылған болатын. Үш туысқан ел басшылары қазақ халқының қасиетті жеріндегі «Бірлік төбеге» көтеріліп мәңгілік достық меморандумына қол қойды. Сонымен қатар болашақта еліміздің бірлігі мен жеріміздің тұтастығын сақтап қалуда зор үлес қосқан: Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің құрметіне ескерткіш кешен орнатылсын деген ниетпен кешеннің орны белгіленіп, сол жерге белгі тас қойылған болатын. Нәтижесінде 1997 жылдың 19 қыркүйегінде «Бірлік» монументальды ескерткішінің құрылысы аяқталып, ашылу салтанатына байланысты болған мерекелік жиынға қатысқан Президент Н.Назарбаев тұрғызылған монументтің мән- маңызына айрықша баға берді. Ескерткіштің жобасын жасаған сәулетші: Ғ.Садырбаев.

Монументтің биіктігі 28 метр, төменгі шеңберінің диаметрі 8 метр.

Ескерткіштің үш бұрышындағы үш ұстын –Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің асқақ тұлғаларын білдіреді, билердің ұлағатты сөздері ескерткіштің әр бетінен орын алған. Монументтің ортасына қазақтың қасиетті шаңырағы- ескерткіштің барлық жағынан бірдей ортақ көрініс тапқан, бұл халқымыздың ұлттық санасының қалыптасуына үндегендей. Шаңырақта ілінген тұмар «бірлігімізге көз тимесе екен»-дегенді білдірсе одан төменірек тербетілген шашбау-сылдырауық «құлақтарын түріп жүрсін, ел мен жерді қорғандар,» деген бабалардың ұрпақтарына өсиетін білдіреді. Ескерткіштің жоғарғы жағындағы хан қалпағының бейнесі-«Жүзге бөлінбей тұтас бір хандықтағы іргелі мемлекет болсақ» дегенді ұғындырады. Бұл дегеніміз тарихты құрметтеу, бабадан қалған баға жетпес жәдігерді сақтау, жас ұрпаққа аманат етіп қалдыру. Осы тұрғыда Ордабасына тікелей қатысты тағы бір жақсы сөз бар -  қазақ бөлініп те көрген, бірігіп те көрген. Бөлінгені -Ақтабан, біріккені - Ордабасы»,- деген салиқалы сөздер бар. Бұның дуалы сөздің түбінде тұнған тарих жатыр.

Қорытынды.

Ордабасы- қазақ халқының тарихыңда маңызы жағынан ерекше орын алатын, жоңғар басқыншыларына қарсы тәуелсіздік үшін ұлт-азаттық қозғалысты бастаудың ошағы, темірқазығы болып табылады. Орбасындағы ымыралыстық жолындағы айтулы жиын мәңгі халық жадында қалады. Жан-жақтан жау анталап, тыныштық кеткен заманда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауыз біршілікпен ұйымдасқан түрде жауға қарсы батылдық таныту – тарихта қайталана бермейтін ерлік. Қазіргі таңда әрбір грек баласының 300 спарталықтың ерлігін жатқа соғып, сол арқылы рухтанатынын ескерсек, біздің мұндай айтулы тарихымыз, Отан қорғауда жаудың көзінше жаға тартыспай керісінше ынтымақтастықтың үлгісін көрсеткен ата- бабамыздың бұл ерлігін жастарымызды отансүйгіштік рухта тәрбиелеудің жарқын мысалы бола алатыны ақиқат.



























Пайдаланылған әдебиеттер.



І.Источник: https://e-history.kz/kz/publications/view/2610
© e-history.kz

ІІ.↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том; Тынышбаев М., История казахского народа, А., 1993; Қозыбаев М., Тарихи зерде, 1-т., А., 1998; Қазақстан тарихы, 3-т., А., 2002.

ІІІ. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. Алматы, 2003.

ІҮ.Мұхамедов М. Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2007.

5.Мыңжан Нығмет. Қазақтың көне тарихы. Алматы «Жалын», 1993.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20 мамыр
701
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі