Материалдар / Баяндама: "Отбасы - тәрбие бастауы"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама: "Отбасы - тәрбие бастауы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2019
3016
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама: Отбасы – тәрбие бастауы


Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты Адам болады.”

А. Құнанбаев


Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені. (А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі)

Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.
Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ. 

Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады. Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы – бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек. 

Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін болсын, шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзін жақсы көру мен сыйлауды қалайды. Естеріңізде ұстаңыз: баланы әлсіз деп бағаламай, оның жақсылық жағын да көру керек. Жылы сөзді аямаңыз. Бір нәрсені орындағанда мақтап, орындамағанда сынаңыз. Мақтағанда жеке түрде мақтап, сынағанда елеусіздеу сынауға тырысыңыз. Олардың алдына орындалатын міндеттерді қойыңыз. Бұйырудың орнына өзіңе тең адамша кеңес, көмек сұрауға тырысыңыз. Мүмкіндігіне қарай бір қателік үшін екі рет жазалауға тырыспаңыз. Бала өзін не үшін жазалағанын түсінуі тиіс. Көп жағдайларда баланы мазалау, шектен тыс талап қою нәтиже бермейді. 

Ата-ана мен бала үйлесімділігі

Отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға ұмтылу, ата-баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық – пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет. Жасөспірімнің «жауына» айналмас үшін онымен қарым-қатынасыңыз қандай болу керек? Жасөспірім қарым-қатынасында ең маңыздысы – «ойнамау», жағдай мен көңіл-күйге байланысты өзгеруге икемділігіңізді көрсетуіңіз керек, баланың пікіріне құлақ асу, оның тұлғасын құрметтеу керек. 
Ата-аналардың бұйрық беріп, жетекшілік жасау уақыты әлдеқашан өтіп кетті. Сондықтан балаңызға айғайлап ұрысқаннан еш нәтиже шықпайды. Сіз жеңіліске ұшырайсыз. Оның орнына өзіңізді ұстамды, дәрежелі көрсетіп, нақты ісіңізбен ғана қарым-қатынасты орната аласыз. Жасөспірімдік жастың бір ерекшелігі – өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу болып табылады. Оны түсіну қиын, алайда балаңызбен бірге тәуекелге бел байлауға тура келеді. Осылайша оған біршама жақын болып, өзіңіздің тапқырлығыңызды көрсетесіз. 
Әзіл мен оптимистік сезімді ұмытпаған дұрыс. Жасөспірім басынан өткен оқиғаның бәрінде трагедияның үлесі бар деп ойлайды. Сондықтан бұл жерде сіздің тарапыңыздан әзілдеу көмекке келеді. Алайда баланың сезіміне күлудің еш қажеті жоқ, әзіл сол қалыптасқан жағдайдың өзіне бағытталуы керек. 

Ата –аналардың міндеті

1. Бала тәрбиесі негізі ата-анада жатқанын естен шығармауға;

2. Мектеппен байланыста болып, баланың сабақтан қалмауын, кешікпей келуін қадағалауға; 

3. Балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың рухани дамуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға; 

4. Баланы оқулықтар мен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз етуге; 

5. Салауатты өмірді насихаттауда баласына үлгі көрсетуге; 

6. Баланың жеке басын қорлайтындай жаза қолданбауға; 

7. Мұғалімдердің құқын, беделін, абыройын сыйлауға; 

8. Көше ережелерін сақтауды еске салып тұруға; 

9. Үнемі сынып жетекшісімен тығыз байланыста болып, ата –аналар жиналысына қатысып отыруға. 

Тәрбиеге қатысты кеңестер

Баланың тәрбиесін қолға алғанда жаман көңіл-күймен бастаған дұрыс емес. Ең алдымен баладан не талап етесіз,соны жақсылап анықтап алыңыз және балаға түсіндіріп, осы ұсынысқа қалай қарайды сол жайлы біліп алыңыз. 

Балаңызға еркіндік беріңіз.Әрбір қадамын тексермей, тек қана тәрбиелей біліңіз. 

Балаңызға дайын шешімді шеше білуге көмектеспеңіз, керісінше оған жетудің жолын көрсетіңіз, уақыты келгенде балаңызбен мақсатқа жетудің шынайы және өтірік қадамдарын ажыратыңыз. 

Балаңыздың ең алғашқы арманына жеткен уақытты жіберіп алмаңыз. 
Уақытында ескерту жұмыстарын жасаңыз, жағдайды бағалаңыз, содан соң пауза жасап, естілген сөздерді қабылдауға мүмкіндік беріңіз. Ең алдымен жеке тұлғаны емес, ал жағдайды бағалау керек. Баланың жасаған қателіктеріне қарамастан, балаға мейірім көрсетіңіз, жанынан табылыңыз. 
Тәрбие бірнеше кезеңдерден тұрады. Тәрбие қатал болуы керек, сонымен қатар мейірімді де. 

Ата – аналарға өсиет

Адам азса, тәрбиенің жоқтығынан азады, қоғам азса адамдардың тәрбиесіздігінен азады. Балаға дұрыс тәрбие беру қоғамның болашақ дамуының кепілі. Сондықтан да баланың тәрбиесін мектепке тапсырып қоймай, ата-ана, бүкіл қоғам, ақпарат құралдары болып атсалысу қажет. 




































Баяндама: Балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру


Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек

Әбу Нассыр әл-Фараби


Әлем халықтарының үлкен бөлігі балалар мен жасөспірімдер болып келетіндіктен, оларға дұрыс көңіл бөлу сол қоғамның маңызды міндеті болып табылады. Балаларға дұрыс тәрбие беру, оларға дұрыс көңіл бөлу деп қарауға болады. Тәрбие берудің 90% өте ерте жаста қалыптасады.

Гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен бірге баланы әдептілікке, саналылыққа баулиды. Баланы жеке бас гигиенасының талаптарын сақтауға баулу олардың саналы түрде қоғамға қажетті негізгі ережелерді сақтап жүруін қалыптастырады. Балаға гигиеналық тәрбие берудің негізі бала-бақшада басталады, одан ары қарай мектепте тереңірек түсініктер беріледі. Оның негізгі бөлімдері:

  1. Оқу үрдісінде гигиена негіздерінен сабақ беру;

  2. Мектеп оқушыларының мектептен тыс санитарлық ерікті жұмыстарын жүргізу;

  3. Оқушылармен мектептен тыс санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу;

  4. Ата-аналармен санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу т.с.с. болып табылады.

Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру жұмысы - мектептің оқу бағдарламасының міндетті түрдегі құрамды бөлігі болып табылады.

Гигиеналық тәрбиенің бағдарламасы. Жалпы алғанда оқушыларға гигиеналық тәрбие беру бағдарламасы төмендегі талаптардан тұрады:

  1. Денешынықтыру мен шынығудың салауатандырудағы маңызы;

  2. Мектеп оқушыларының ақыл-ой еңбегінің гигиенасы;

  3. Тағам тану гигиенасы;

  4. Қоғамдық және жеке бас гигиенасы;

  5. Жарақаттанудың алдын алу;

  6. Политехникалық оқытудың гигиенасы;

  7. Жыныс тәрбиесі.

Бұл саладан ең маңызды мәселе қажетті тақырыптарды мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай бөліп алу болып табылады. Балалардың жас мөлшерлері жалпы қабылданған 3 топқа бөлінеді:

  1. 7-9 жастағы балалар (1-3 сыныптар);

  2. 10-14 жастағы балалар (4-7 сыныптар);

  3. 15-17 жастардағы жасөспірімдер (8-11 сыныптар);

Оқушыларды өздерінің жас мөлшерлеріне сәйкес келетін бөлімдерге гигиеналық баулу - тәрбиенің негізгі принципі. Балалардың жасы өскен сайын гигиеналық тәрбие туралы алғашқы түсініктердің мағнасы тереңдей түседі.

Денешынықтыру тәрбиесінің тақырыбына дене тұлғасының дұрыстығы туралы мәліметтер кіреді. Мұнда олар іс-әрекеттің дене тұлғасының қалыптасуына әсерін, де-нешынықтыру жаттығуларының, қимыл-қозғалыстың, демалыстың организмнің қалыптасуына тигізетін пайдасымен танысады. Балаларды таңертеңгілік гимнастика жаттығуларын жасауға әдеттендіру де маңызды гигиеналық дағды болып табылады.

Ақыл-ой еңбегі гигиенасы тақырыбына күн тәртібі, үйдегі және мектептегі сабақ оқу гигиенасы, демалыс тәртібі мен ұйқы гигиенасының мәселелері кіреді. Балалар жас мөлшеріне байланысты өздерінің күн тәртібінің элементтерінің ең дұрыс ұзақтығын білуі оны өмірде дұрыс пайдалана білуі керек. 10 жастан бастап мектеп оқушылары өздеріне ыңғайлы күн тәртібін құрастыра алуы тиіс.

Жоғарғы сынып оқушылары қажу мен қатты қажудың физиологиялық маңызы туралы мағлұмат алып, бір күндегі, аптадағы, жыл бойындағы ақыл-ой қызмет қабілетінің динамикасы туралы түсінігі болуы керек. Барлық жастағы оқушылар түнгі ұйқының жағдайы мен ұзақтығын дұрыс бағалай білгені дұрыс.

Кішкене жастағы балалардың тамақтану гигиенасы дастарқан басында отыру, салфетка, ыдыс-аяқтарды пайдалана білуден тұрады. Мұнда асықпай тамақ ішу, тамақ ішкен кезде сөйлемей, алаңдамай отыру дағдыларына үйренеді. Одан ересек жаста мектеп оқушылары тамақтың сандық және сапалық нормалары, минералдық заттар мен витаминдер, тамақтану тәртібі, астың қорытылу механизмі туралы ақпарат алады.

Жарақаттану - балалар мен жасөспірімдер өлімінің негізгі себептерінің біріне жатады. Оқушыларға осы жайында жүргізілетін дұрыс гигиеналық тәрбиенің профилактикалық маңызы өте үлкен. Бұл тақырыпта мектеп оқушыларына (бастауыш және орта сыныптар) жол қозғалыс ережелерін оқытып, таныстыру - басты мақсат. Мектепте және тұрмыста жарақаттанудың алдын алу үшін оның тал, бұталардан, баспалдақтардан, балкондардан құлау жағдайлары, асхана пышағын, қайшыны, газ плитасын, электрлі заттарды дұрыс пайдаланбаудан болатын қателіктер талқыланады.

Мектеп оқушылары төменгі сыныптан бастап жеңіл-желпі жарақат алғанда, кесіп алғанда, тырналғанда, сырылып кеткенде, күйікте, мұрны қанағанда т.б. жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдеріне үйренеді.

Көптеген зерттеушілер салауатты өмір сүру - рационалды тамақтану, күн тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтау және зиянды әдеттерден бас тарту өмір сүру ұзақтығын 7-10 жылға ұзартады деп санайды. Жеке бас гигиенасының ережелерін сақтамау, тек өзінің жеке басына ғана емес, сонымен қатар маңайындағы қарым-қатынастағы адамдарға да қолайсыз әсер етуі (мыс. жұқпалы аурулар таралуы) мүмкін. Мектеп оқушылары жеке бас гигиенасы туралы білім мен дағдыларды меңгеруі тиіс.

Мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сыныптардағы мектеп оқушыларына мына тәсілдерге оқытып, дағдыландыру қажет:

  • - қолдарын уақытында (тамақ ішер алдында, әжетханаға барғаннан кейін және жануарлармен ойнағаннан соң т.б.) мұқият жуу;

  • - денені белге дейін және аяқтарды жуу;

  • - тісті күту;

  • - шаш пен тырнақтардың тазалығын сақтау;

  • - бөлмелерді дұрыс жиыстырып, желдетіп отыру;

Орта және жоғарғы сынып оқушыларына инфекциялық аурулар жөнінде білім беріліп, олардан сақтанудың профилактикалық шараларын оқытады. Кәсіптік мамандыққа оқытудың гигиеналық тәрбиесінің негізі, оқушыларға еңбек сабағында өндірістік процестер кезіндегі қауіптілікті түсіндіру болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің оқу бөлмелеріндегі санитарлық-гигиеналық тәртіп ережелерін білуі керек. Жоғары сыныптарда өндірістік жарақаттану профилактикасы түсіндіріледі. Мектеп оқушылары верстактың өз жастарына сәйкес келетін биіктіктерін, арнаулы киімдерді таңдап алуы, құрал-саймандарды дұрыс пайдалана білуі керек. Қыз балалар тағам өнімдерін даярлау және сақтау жағдайына қойылатын гигиеналық талаптарды, іс тігу машинасын қолдану дағдыларын меңгереді. Барлық жастарда техника қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

Орта сынып оқушыларына жыныстық тәрбие беруде де гигиеналық сұрақтарға тоқталады. Соның ішінде, балаларда физиологиялық өзгерістер пайда болардың алдында жыныстық тәрбие жөнінен хабарлар беріледі. Жынысына сәйкес жүргізілетін мұндай түсініктер қыз балалар үшін 12 жаста, ал ер балалар үшін 13 жаста өткізіледі. Жоғарғы сыныптардағы жасөспірімдерге медициналық және моральдық қарым-қатынас жағынан да дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға арналған тәрбие жұмыстары жүргізіледі.


















Баяндама: Әдептілік – әдемілік


Сұлулық, әдептілік, білімділік, сезімділік, ерлік, даналық - бәрі де жеке  адамның меншігінде емес, ең алдымен, елдің, халыктың еншісі.

                                                                                                Ғабит Мүсірепов


    Қазақ халқының салтында үлкенді сыйлау әдептіліктің бір үлгісі болып табылады. Ата-ананы сыйлау, оларды қадірлеу, ізет көрсету адамның ең қастерлі қасиеттерінің бірі. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдірген. Содан барып үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде сөз жарыстырмай, ізет көрсете білу, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді ұстай білу халық дәстүрінде қалыптасқан қасиеттер.

Әдептілік адам бойында бірден қалыптаспайды. Ол - біршама жылдардың, қоршаған ортаның, жақсы тәрбиенің жемісі. Ата-ана өз балалары үшін тәртіптілік пен сыпайылықтың, жарасымдылықтың, қамқорлықтың үлгісі, отбасындағы тәрбие құдіреті осында.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас әдептілікке негізделсе, жан-жағына жылуын шашады, әдепсіз болса қапаландырады.

Адам-ең әуелі адамгершілігімен, әдебімен көрікті.
Әдептілік-өзіңді әр түрлі жағдайда мінез-құлықтың жалпы ережелеріне, эстетикалық, этикалық талаптарға сәйкес ұстай білу.

Әдепті адам ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Әдепті болу үшін өзіңді-өзің ойша болса да басқа адамдардың орнына қоя білуің керек. Әдепті адам өзінің басқа адамды жек көретінін немесе өте жақсы көретінін көпшіліктің алдында білдірмейді, бұл басқаларды ыңғайсыз жағдайда қалдырмау үшін қажетті.

Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі.

Әдептілік ережелері:

Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс аййтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.

Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.

Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.

Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.

Әдептілік қағидалары:

Қай жерде жүрсек те бәріміз сыйлы болғымыз келеді. Бірақ біреудің Сізді сыйлауына материалдық  табыстар негіз болса, біреуге кішіпейілдігіңіз, өзгелерге талантыңыз маңызды болуы мүмкін. Ал, шын мәнінде сыйлы болу үшін адам нені білуі керек? Төмендегі қағидалар әр адамның өзіне лайық бедел-абыройға ие болуына көмектеседі деп ойлаймыз:

1. Сыйласаң ғана сыйлы боласың. Алдымен басқаларды шын жүрегіңмен  сыйлауың керек. Сыйластық ең алдымен басқаларды түсіне білуден бас¬талады. Бұл әр адам¬ға бірдей мөлшерде назар аударып, қолдау көрсете білуді білдіреді. Ал, өзгені сыйлау өзіңді шынайы сыйлаудан басталады. Егер біреу көрсеткен құрметіңді әлсіздік деп қабылдап, абыройыңды түсіргісі келсе, сен де сол деңгейде жауап бере аласың, бірақ бұдан гөрі сыпайы түрде өзіңнің ойыңды мықтап білдіргенің жақсы. Және бұдан былай өзіңді сол адамнан белгілі бір арақа¬шықтықта ұстағаның жөн.

2. Өзіңнің көңіл-күйіңді бір қалыпты кө¬теріңкі деңгейде ұстауға тырыс. Басыңа түскен жағдайдан жақсысын көруге үйреніп, соған сүйенуге тырыс. Сонда жаныңдағылар саған тамсанып, сенің жеке тұлғаңды сыйлай түседі.

3. Достарыңа, отбасыңа және жақындарыңа адал болуды үйрен. Тек өзің қалаған адамдарға ғана емес, барлығына бір шындықты айтатын турашыл мінез қалыптастыруға тырыс. Адал адам – сенімді адам және ол қасиеті аян болса, шала таныс адам¬дар да  Сізді жауапты, шынайы деп су¬реттейтін болады. Сыртыңыздан айтыл¬ған жақсы сөз Сіздің беделіңізді одан әрі өсірмесе, еш уақытта түсірмейді.

4. Басқалардың сыртынан ғайбат сөз айт¬па. Жақындарыңа немесе кімге болса да қатысты айтар сын пікірлерің болса, мүм¬кіндігін

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!