400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама "Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ өте жақсы өтті. Мектеп мұғалімдері мен ата-аналар қатысты. Оқушылар түгел қатысып, белсенділік танытты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама: Отбасы тәрбиесінің маңыздылығы.

Мұғалім сөзі :

Отбасы-адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатыр. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.

Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып аяққа тұрып ел қатарына қослып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының кү сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі рөлі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жаслады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптарда күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлық қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізгісі мектепке дейінгі жаста қаланады.

Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасында ең жарасымды, ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Анасы баласына әкесін өз әрекеттері арқылы қуантып, сыйлап құрметтеуді, оның жұмысын жеңілдетіп, оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады. Отбасы шын мәнінде тату-тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің көрінісі айқын сезіліп тұрады.

Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір-біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірегей саяси көзқарасты ұстануын, соған орай ерлі-зайыптылық және ата-аналық сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.

Отбасының негізгі міндеті-баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен отбасы-ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе, отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының

Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру; 

Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.

       Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да - балалар, яғни бүгінгі ұрпақ - ертеңгі елдің болашағы.

Мен баяндамамның алғы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Ата- ананың басты қуанышы- бала. Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.

Отбасының қоғамдағы мақсаты: баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата - ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан - жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін - ұстаз болса, оның сүйеніші ата - ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.  Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын

оның жетістігін бағалауға арнаған жөн. Көбіне қазір ата-аналар жұмыста, балаға қарауға уақыты бола бермейді. Шынын айтқанда, қазір балалардың көпшілігін теледидар мен компьютер тәрбиелеуде. Өзіміз мұғалім болсақ та, біз де көбіне мектептің жұмысымен жүріп, төл перзентімізге, өз ұл-қызымызға көп көңіл бөле алмаймыз. Қызым қазір есейді. Бұрын кішірек кезінде «Мама, маған жиі көңіл бөлмейсің» деп ренжитін. Бірақ өзім жұмыс жасайтын мектепте оқып, үнемі көз алдымда болды. Қазіргі балалар тез ренжиді және бәрі де өз құқықтарын біледі, өте сауатты. Сондықтан олардың жүрегіне жететін жылы сөздерді жиі қолдану керек. Жазалау

баланың жүрегін жаралайды. Мейлінше мақтап, мадақтап отырған бала рухтана түседі-ау деп ойлаймын.

- Баланы қимылына, іс-әрекетіне қарай бағалау керек. Жиі мадақтаған дұрыс. Бірақ теріс әрекетін байқаған сәтте уақыт оздырмай баланың жанына үңілу қажет.Кейбір адамдар балаға «оңбағансың» деп ұрсып жатады. Осы сөзді айтудың өзі дұрыс емес. Немесе көршінің баласымен, сыныбындағы басқа баламен салыстырып, «Ана баланы қарашы, керемет» деп кінәлау да баланың жүрегін жаралайды. Әр баланың жаратылысы бөлек. Сондықтан баланы өзге баламен салыстырып ұрсу да оны теріс әрекетке итеруі мүмкін. Жазалау - менің түсінігімде баланың кемшілігі туралы жеке сөйлесу. Ешқашан да баланы көптің көзінше жазалауға жол бермеу керек. Үнемі оңаша сөйлесіп, түсіндірген абзал.

Отбасында мадақтау әдісін жиі қолданған дұрыс, бірақ баланы түзу жолға салып жіберу үшін орынды жерінде жазалау да қажет.


« Отбасы - тәрбиенің ұясы»

Мақсаты:
өнегесі арқылы жас балалардың бойында осындай сезімдерді қалыптастырады.

Өз ата-анасын сыйлап,құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрмет пен қамқорлық таныта біледі.

Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі Чехтің ұлы педагогі Ян Амос Каменский еңбектерінің төрінен орын алған. Ол тәрбие негізі ретінде отбасын бөліп, қарастырып, оны білім беру жүйесінің алғашқы сатысы «Ана мектебі» деп көрсетеді. Өйткені, бала адамгершіліктің негізгі түсіністіктерін отбасында алып, алғашқы адамдық қасиеттерін отбасында қалыптастырады.

Орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский баланы дұрыс тәрбиелеу туралы былай деп жазады: «Адамның жеке қара басы біреудің жеке басының қалыптасуына және дамуына әсер ете алады, мінезді қалыптастыру үшін де мінезбен әсер ету керек».

Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді. Сондықтан халық өмір есігін енді ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.

Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10 сөзінде: «Әуелі баланды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста баланды алдағаныңа мәз боласың. Соңынан балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды.

Қазақ ағартушысы С.Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән берген. Ол өзінің «Баланы семьяда тәрбиелеу» деген еңбегінде ата-аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді.

Ұзақ жылдар бойы отбасы тәрбиесі баланы тәрбиелеудің бірден-бір формасы болып келеді. Қазіргі қоғамда отбасы баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап өмірінің соңына дейін тәрбиелік ықпал ететін негізгі ошақ болып отыр. Әрине, әркім баласын жаман болсын демейді, оның тәрбиелі, білімді, әрі еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен қызмет иесі болса екен деп тілейді.

Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-ананың өзі. Балаға дүниеге келісімен көп көңіл ауларып, «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.

Баламызды балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы бақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан-жақты білімді болуына көп байланысты.

Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының тәрбиесіне 30 минутта көңіл аударуға уақыт бөле алмайды, немесе тәрбие ісімен айналысуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады. Баланың күнделікті өмірінде бір әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап, білмегенін айтып түсіндіріп, үйретіп отыру көп жетістікке қол жеткізеді.

Айталық, ата-ана өзінің алдына мына төмендегідей мақсат қойып, оның жүзеге асуына мән беретін болса, сөз жоқ, ұрпағының тәрбиелі, өнегелі ,білімді болып өсуіне жол ашады.

1.Бақшадан келген баланың көңіл күйін сұрау, бүгінгі тәртібіне өзіне-өзінің баға беруіне үйрету.

2. Балаға өз қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.

оқушының намысына тиюге болмайды. Педагогикалық үрдістегі жаза - кек алу құралы емес, мұғалім өзінің педагогикалық позициясын балаларға түсіндіруі шарт, сонда ғана шәкірттер жаза әділдігін мойындайды.

- Мадақтау - оқушының әрекетіне ұнамды баға беру. Педагогикада тек табысқа жеткен оқушыны ғана көтермелеумен шектелмей, шын ықыласымен еңбектенген, өз ісіне адалдық танытқан оқушыларды да мадақтап отыруды естен шығармаған жөн. Өз-өзіне сенімсіз, үлгерімі төмен оқушының жақсы бір қырын тауып, үнемі мадақтау арқылы қолдау көрсетіп отырса, баланың өз-өзіне сенімділігі артады.

Отбасында баланы мадақтау керек пе, әлде жазалаған жөн бе?

- Бала тәрбиесінде мадақтау да, жазалау да қажет. Қазақта «5 жасқа дейін балаңды патшадай құрметте, 5 жастан 15 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан бастап досыңдай сырлас» деген сөз бар. Кейбір ата-аналар 3-4 жастағы баланы ұрып-соғып жатады. Есі кірмеген баланы ұрып-соғудың өзі дұрыс емес. Сондықтан адамның болашақта қандай болмағы ең алдымен баланың санасына, әу бастағы ата-ана тәрбиесінің түпқазығына байланысты.

- Отбасындағы тәрбие отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластыққа, жарасымға байланысты. Бұрын көп балалы отбасы көп болды. Сондықтан да шығар, ол кездің балалары керім бауырмал

болатын. Анамыз өте жайлы адам еді. Мен де көп баланың бірі болып өстім. «Әкең келе жатыр» дегенде бойымызды жинақтап, тез жинала қалатынбыз. Ол кезде отбасында үлкендердің беделі, әсіресе, әкенің қадірі зор болатын. Тыйым сөздерді көп тыңдап өстік. «Есікке керілме, босағада тұрма, тізеңді құшақтама» деп үйдің үлкендері жиі айтып отыратын.

Негізі отбасында баланы жиі мадақтаған тиімді. Әр күннің ең болмаса жарты сағатын балаға жылы сөздер айтып,


7. Динамик арқылы дауыстық байланысқа ұмтылған дұрыс.

8. Сөйлесу уақытын 3 минуттан арттырмауға тырысқан жөн.

9. Екі сөйлесу арасындағы үзіліс уақыты 15 минуттан кем болмауы тиіс.

10. Найзағай ойнауы, күн күркіреуі кезінде ұялы телефонды пайдаланбау керек.

11. Автомобильде, желіні антеннна ұстамайтын орындарда қолданбаған дұрыс.
Баланың мадақтау мен жазалауының

этикалық ақы-пұлдары.
Бүгіндері отбасында мадақтау мен жазалаудың әдістері сәл-пәл өзгеше. Тапсырма орындалмаса, бұрышқа тұрғызады, теледидардағы сүйікті бағдарламасын көрсетпейді немесе аулаға ойнауға шығармайды. Мадақтау әдісінде де ата-ана мен баланың арасында өзара келісім шарт қойылады. Мәселен, «Егер осы класты ылғи «беске» бітірсең, қымбат ұялы телефон немесе велосипед алып берем, өзің армандап жүрген Астанаға апарып қыдыртамын» деген сықылды алуан түрлі шарт қойылуы мүмкін. Армандаған нәрсесіне қол жеткізгісі келген бала оған жету үшін барын салады. Әрине, ол бала егер табанды болса. «Әй, қойшы соны, маған оның қажеті жоқ» деп орта жолда айнып қалатын босбелбеу балалар да бар. Қалай десек те, әр отбасында бала тәрбиесіне орай қалыптасқан бір жүйе бары рас. Ата-ананың бәрі баласының жақсы, үлгілі, тәрбиелі болып өскенін қалайды. Сондықтан әр ата-ана көргені мен көңілге түйгенін өмірлік азық қылып, ұрпағына ұғындырары анық.

Мектеп тәжірибесінде жазалаудың «Қосымша міндеттер таңу, оқушыны кейбір құқықтарынан айыру, моральдық сөгіс не айып тағу сықылды түрлері қолданылады. Дегенмен бүкіл сыныпқа жаза қолдануға, жазалау арқылы

3. Баланың жақсы мінез, іс-әрекетіне назар аударып, көңіл күйін көтеру.

4. Ата-ана өзін-өзі ұстай білу, бақылай білу.

5. Балаға дауыс көтеріп, жазалауға асықпай, оны түсінуге тырысу.

6. Баласының тілін түсініп, онымен сырлас, дос болуға тырысу және оның ой-идеясына көңіл бөлу.

7. Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп, мінез-құлқын, іс-әрекетін, қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.

8. Оның психо-физиологиялық даму дәрежесіне, адамгершілік эстетикалық қалыптасуына, жан-жақты жетілуіне көңіл бөлу.

9. Оның шығармашылық қабілетін, ақыл-ой сезімін бағалай білу.

10. Оның талап тілегіне тежеу жасамай,еркіндік беріп,дүниеге, өмірге деген көзқарасын бақылай білу.
«Бала оқуына ата-аналар басшылығы»

      Балаңыз мектепке барам деп қуанғалы қашан...Міне, арманына да жетті, алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.Оның балалық ермектеріне енді тіршіліктің жаңа қамы қосылды.Үй тапсырмасын орындауы керек, ертеңгі сабақтарға қажет оқулық, дәптер, жазу құралдарын әзірлеп, портфеліне салып қоюы керек.Оның алғашқы үй тапсырмалары, әрине, онша қиын емес.Ең алдымен үйде шәкірттің тұрақты жұмыс орны, жинақы столы, бойына шақ орындығы болуы керек, жарық күндіз де, түнде де сол жағынан түсуі тиіс.Оның кітаптары, оқу құралдары үнемі бір орында тұруы, жазу столына жақын сөреде болғаны жөн.Балаңызды ұқыптылыққа баулу үшін өз столының маңындағы көрнекі жерге  таблицалар, сабақ кестесін, күн режимін т.б. іліп қоятын арнайы бұрыш әзірленген дұрыс.

       Бала мектептен шаршап келеді. Ол тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағат ұйықтап тұрып, далада сонша уақыт ойнап келгеннен кейін үй тапсырмасын орындауға отырғызу керек.Екінші  маусымда да оқитындарға да ұйқы, ойын уақыты осы айтылған мөлшерде болады.

       Ата-ана, үй ішіндегі үлкендер бала сабаққа дайындалатын кезде, оны әр нәрсеге жұмсап алаңдатпай, орнықты әрі сергек отыруына жағдай жасаған жөн.

        Бала оқу еңбегіне әбден дайындалғанша ерінбей-жалықпай, ұрсып-зекімей, шыдамдылықпен күн сайын сабағын түсіндіріп оқуына көмектесу оның бірте-бірте өз міндеттеріне айналып, өзін соған қалыптастыруына мүмкіндік береді.Бала өзіне парасаттылықпен қарағанды ұнатады.Оған көмекті кеңес, ұсыныс түрінде берсе, жекіріп, бұйырудан әлдеқайда өтімді болмақ..«Баланы бастан»  деген халық ғибраты айтқандай, бастауыш сыныпта берік қаланған дағды,машық өз жемісін берері хақ.

   


сақтаудың қысқа және ұзақ мерзімді жағдайына) кері әсерін тигізеді. Еуропа ғалымдары жақында мынадай қорқынышты қорытынды жасады: 10 жылдан артық ұялы телефонды пайдаланған адамда мидың гематоэнцефаликалық кедергілерінің бұзылуы басталады, яғни миға зиянды заттардың кірмеуіне себепкер болатын сүзгіштің қабырғалары бітеледі. Бұл болашақта адамды мидың қатерлі ісік ауруына шалдығуына әкеліп соқтырады. Біздің өміріміздегі соқпақтар мұндай электромагниттік қысымды көтере алмауы мүмкін. Кейбір сарапшылар «адамдардың басым көпшілігі Альцгеймер және Паркинсон ауруларына шалдығады» деп жорамалдайды. Сонымен қатар жүргізілген тәжірибеге сүйене отырып, сәуленің әсері тек жинақталып қалмайды, кейінгі ұрпаққа беріледі деген қорытындыға келіп отыр.

Күніне 4 реттен артық пайдаланушылардың бас ауруы 3,6 есе көбейген, қан қысымы жоғарылаған. 1 сағаттан артық күніне 2 реттен артық сөйлесушілерде ми рагына шалдығушылар артқан.

Ұлыбритания, Жапония елдерінде жасөспірімдердің ойлау қабілетінің төмендеуі, тұйықталуы, ашуланшықтығы жиі кездесіп, ұялы телефонды 16 жастан бастап ұстауға болады. Алайда асыра пайдалануға, уақытты ұтымсыз бөлуге рұқсат бермеуді ұсынады.

Кеңестер:

1. Ұялы телефонды қажеттілікке қарай пайдалану керек.

2. Үйде болсаңыз, ұялы телефонды пайдаланбай, үй телефонымен сөйлескеніңіз дұрыс.

3. Жасөспірімдер мен балаларға ұялы телефон пайдалану мәдениетін үйреткен жөн.

4. 12 жасқа дейін ұялы телефонды пайдалануға тыйым салу қажет.

5. Ұялы телефонмен қысқа сөйлесуге үйрену керек.

6. Сөйлесуді SMS қызметіне алмастыруға тырысқан жөн.

Шведтік ғалымдар пайдаланушылардың 84%-ы құлақ тұсында температураның көтерілуін, 60 ұйқышылдыққа бейімделуін, 50%-ы бас ауруының күшеюін анықтаған.

Ұялы телефонның адам ағзасына қаншалықты зиянды әсер ететіні туралы әрбір қолданушы сенеді, бірақ мән бермейді. Телефонның қосулы қалпында жай жатқанда зияны тимейді. Алайда аппараттың құрамдас, айырылмас мүшесі "Transmitter" ("таратқыш",передатчик) іске қосылған кездері ғана адам ағзасына зиян әкеледі. Әсіресе, телефондағы sim-картаны оператормен байланыстыру мақсатында аппарат антеннасында өндірілетін электромагнитті энергия зиян.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қыркүйек
1133
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі