жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама "Отбасындағы ата-ана қарым-қатынасының балаға тигізетін әсері"
Отбасындағы ата-ана қарым-қатынасының балаға тигізетін әсері
«Отбасы және ата ана балалар көзімен» сауалнама қорытындысымен таныстыру
«Адамның өмірінде балалық шақтан алып өткен жылы, ашық, мейірімді естеліктерден басқа маңызды, керекті, пайдалы ештеңе жоқ. Ол отбасында қалыптасып, ауыр сәттерде көмегін тигізеді».
Ф. М. Достоевский
Бәрімізге белгілі, отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Үйде баланың басты ұстазы ата-анасы. Бүгінгі күні ата-аналар мен ұстаздар алдында тұрған басты міндет – балаға кішкентайынан түзу тәрбие беру, еліміздің сауатты да саналы, инабатты, адамгершілігі мол ұрпағын тәрбиелеу. Егер ата мен мұғалім өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей орынды, дұрыс талап қойып отырса тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана бала тәрбиесіне қатысты күрделі мәселелердің түйіні шешіледі. Сондықтан да, бүгінгі таңда жас ұрпақ тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың өзара қарым-қатынасын нығайтып, жауапкершілігін арттырудың маңызы ерекше.
Бала тәрбиесінде ұстаз мен ата-ана ең алдымен баланың мінез-құлқын бақылап, оның күнделікті айналысатын ісіне бағыт-бағдар беріп, жиі әңгімелесіп, мектептегі әр түрлі қоғамдық пайдалы жұмысқа белсенді қатысуына ықпал еткені жөн. Ал, үйде әрбір ата-ана балаларының бос уақытын қалай өткізетінін жете қадағалап, зерігуіне жол бермеуі керек. Егер бала не істерін білмей босқа сенделіп жүретін болса, олар тәртіп бұза бастайды, бетімен кетуге әдеттенеді. Жасыратыны жоқ, қазір бала тәрбиесі өте қиын, күрделі жағдайда. Оқушылардың сабаққа келмеуі, түрлі тәртіп бұзушылық сияқты фактілер кездесіп жатады. Бұл жерде кейбір отбасыларда түрлі қиын жағдайлардың қалыптасуы да, балалар тәрбиесіне кері әсер етуде. Отбасындағы дағдарыс ерлі-зайыптылардың ажырасуы, заңсыз отбасын құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, маскүнемдік т.б. келеңсіздіктерге сөз жоқ, ол баланың жан дүниесіне ауыр соққы болып тиеді. Мұндай ортада өскен бала өте қамкөңіл, тез ренжігіш, күйгелек мінезді болып өседі, ата - аналық мейірімді қатты аңсайды.
Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек, мектеп жасы балаларының тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына отбасы, отбасылық қарым-қатынас, отбасылық психологиялық ахуалы, тәрбиелеу стилінің маңызы зор екенін естен шығармаған жөн. Дүниеге келген баланы бірінші көретін ата-анасы, отбасы. Оның әлеуметтік ортасы бала дамуына жан-жақты әсер етеді. Әрбір отбасының мүшесі дара болғандықтан, бір-бірінің дамуына едәуір ықпал жасайды.
Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни болашақ тізгінін ұстар, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынан туындап отыр. Осы ұлы мақсаттарға жету жолында киелі де қасиетті екі түсінік бар.
Бірі, баланың бастапқы тәрбие мектебі алтын бесік – отбасы болса, екіншісі, алтын ұя – мектеп. Бұл екі ортаның да мақсат-мүддесі ортақ. Отбасы, ата-ана адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады.
Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиенің іргетасы ата-ана арқылы отбасында қаланады. Дана халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, ата-ананың әрбір іс-әрекеті балаға үлкен сабақ. Әрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері. Бала – ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы.
Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі қадірлеуінен, олардың өзара бірлігі мен түсінушілігінен, ата-ана мен балалар арасындағы мейірімді қарым-қатынастың қалыптасуынан, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді толып жатқан жазылмаған заңдылықтар арқылы көрініс табады.
Кішкентай сәбилердің үлкендер не айтса соны айтатыны, не істесе соны істейтінін күнделікті өмірде жиі көріп жүрміз. Сондықтан да отбасы – баланың бастауыш тәрбие мектебі дегеніміз өте орынды. Ата-ананың жасөспірімдерді қалыптастырудағы рөлі өте зор. Ата-ананың бала алдында жеке басының үлгі-өнегесі, беделі жоғары болуы керек.
Ата-ананың киім кию, сөйлеу мәдениетінің жоғары болуы, өзгеге деген ілтипаты, үй ішіндегі тазалық пен тәртіп, сыпайы мінез, мейірімділік, төзімділік, балаға деген сүйіспеншілік тәрбие барысында өзінің оң нәтижесін берері анық. Баланың үйде көргені, ата-анасынан, жақын туыстарынан естігені – ол үшін тәрбиенің ең үлкені. Осы тұста сүрінбеу үшін ата-ананың мінез-құлқының, ізетті қасиеттерінің, жалпы мәдени дәрежесінің деңгейі өте жоғары болуы керек.
Баланы жаны мен тәні таза, рухани бай, дені сау етіп өсірумен бірге еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұлтжандылыққа, адалдыққа, жинақылыққа баулып өсіру шарт. Осы тамаша қасиеттердің бәрін ата-ана бойынан тауып, соған еліктеп өссе және әрбір ата-ана баласының жүрегіне жол тауып, оның өмірдегі шынайы досына айналса тер төккен еңбегінің жанғаны.
Жанұяның негізгі міндеттері:
Баланың үздіксіз дамуын қадағалап отыру;
Баланың денсаулығына қамқорлық жасау;
Баланың оқуына көмек беріп отыру;
Еңбек тәрбиесі және мамандық таңдауға көмектесу;
Баланың жан-жақты дамуына көмектесу;
Баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын дамыту;
Баланы өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға дайындау;
Балаға жыныстық тәрбие беру, болашақ өмірге дайындау.
Тәрбие ешқандай үзіліс дегенді білмейді. Ол тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек барысында барлық кезде жүре береді. Сондықтан «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» екенін ескеріп, жас ұрпақты саналы азамат етіп тәрбиелеу – ең негізгі міндетіміз.
Психологтардың пікірінше, қарым-қатынастардың барлық түрі бар: еркек-әйел, ата-аналар- балалар, балалар- ата-аналар, балалар-балалар болған отбасы ғана толық бағалы болып табылады. Отбасы мінез-құлқының бұл құрылымы шартты түрдегі тәуелсіздікке ие болатын оның әлеуметтік-психологиялық тұтастығын көрсетеді. Алайда, өмірде отбасының мұндай құрылымының бөліктері әрқашан бола бермейді. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда толық емес отбасы көп. Оның осы заманға көп тараған түрі ерлі-зайыптылық жоқ, балаларды ата-аналардың біреуі ғана (әдетте анасы) тәрбиелейді.
Өз мектебімізді алатын болсақ: мектепте 83 отбасы толық емес отбасына жатады, осы отбасылардан 103 оқушы біздің мектебімізде оқиды.
Ата-анадан балаларға қиындықсыз ауысатын ең бағалы адамгершілік белгісі – бұл шеше мен әкенің ізгілігі, адамдарға жақсылық істей алуы. Әке мен шеше өз жанының бір бөлігін басқаларға беретін адамдардың қуанышы мен қайғысын бірге бөлісетін отбасында ізгі жанды, сергек, сезімтал болып өседі. Яғни, бала тәрбиесі, ең алдымен, ата-анаға, отбасындағы жағдайға байланысты. Ең басты белең алып отырған қасірет: ата-аналарымыздың жұмыссыздығы, бір жұмысты тұрақсыз істеуі, ішімдікке әуестігі, баланың көзінше былапыт сөйлеуі. Ата-аналар ұрпақ тәрбиесінде жауапкершілікті бәсеңдетпеуі тиіс. Ата-аналар балаларына үлгілі өнеге көрсете алмаса, тәрбиелі бала өсуі екіталай. Өйткені, бала ересектерге өте еліктегіш келеді, көп нәрсені: жақсыны да, жаманды да солардан үйренеді.
Жанұя мынадай 5 түрге бөлінеді:
Жанұядағы адамгершілік құндылығы жоғары деңгейде қалыптасқан, бақытты, дені сау жанұя. Балаларға бар мүмкіндік жасалған. Кей уақытта жекелеме кеңестер қажет болуы мүмкін.
Жанұядағы ата-аналардың қарым-қатынасы жақсы бола тұра, бала тәрбиесінде бағыт жоқ. Бала тек ата-ананың “ерекше” қамқорлығын сезінеді, “өзімшіл” болып өсіп келеді.
Ынтымақсыз жанұя. Мұндай жағдайда ата-аналар өзара қарым-қатынас дауынан аса алмайды. Бала тәрбиесі мүлде ескерусіз қалған. Өсіп келе жатқан ұрпаққа әсері болмас үшін, жанұядағы көңіл-күйді өзгертуге белсенді педагогикалық ықпал қажет.
Сырттай қарағанда қолайлы жанұя қатарында болғанымен, рухсыздық, нақты адамгершілік құндылықтар, ұрпақтар ізгілігінің бұзылуы сияқты жағымсыз қасиеттер басым. Мұндай жанұямен тәрбие жұмысын жүргізу ерекше қиындық тудырады.
Қолайсыз жанұя, мұнда дөрекілік, ұрыс-керіс, жағымсыз тәртіп сияқты сипаттар көп. Баланың қызығушылығын қорғау үшін мұндай жанұяларға тұрақты педагогикалық бақылау, қоғамдық орындардың араласуы үнемі қажет және талап етіледі.
Үлкенді сыйлау, дөрекі сөз айтпау, жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы, біреуді сырттай жамандау, өтірік айтпау сияқты әдеттер де отбасында қалыптасады. Кей ата-ана үйіне келген жолдасын не туысын күлімсіреп қарсы алады да, үйден шығып кеткеннен кейін «ой өзі бір оңбаған адам» немесе басқаша балағаттап отырады. Ол баланың бойына да сіңетіні, ол қылықты бала да жасайтыны да белгілі. Ал, тәрбиелеудің тек сөзбен немесе айтқанын істету арқылы ғана емес, жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы, тума-туысқан, көрші-көлемдермен түсінікте болу, сөйлеу мәнерін, бойындағы жақсы қасиеттер екенін әр ата-ана бала дүниеге келген күннен бастап ескерсе, тәрбиенің нәтижелі болары сөзсіз.
Баланы жазалау керек пе?
Неге көптеген ата-аналардың алдында ерте ме , кеш пе осы мәселе тұрады?
«Қиын бала» «Шатақ бала» деп ата-аналар өз балалары туралы жиі-жиі айтады.
Ал бала неге осылай болды?
Тәрбиенің әдісі ретінде «күшпен» тәрбиелеу- біздің заманымызда ақылға симайтын көзқарас. Шапалақтау мен тепкілеу біздің өз басымыздың тәрбиесіздігінің , өзін-өзі ұстай алмауымызды көрсету.
Баяғыда бір данышпан :
« Баланы ұрмаңдар, Есіңізде болсын , олар әлі кішкентай және қорғансыз. Баланы тәрбиелегенде дүре соғу аз жұмыс болғанымен, бірақ олар өскенде сіздер олардан
Қуаныш, махаббат күте алмайсыз. Дене жазасы мен қатыгездік арқылы сіз олардың жүрегін жараладыңыз» деген екен.
Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, ұстазға, ата-анаға, құрбы-құрдастарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне, жүріс-тұрыстарына, сырт көрінісіне, сөйлеген сөздеріне, әдептілігіне, т.б. қасиеттеріне байланысты. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады.
Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны бәрімізге мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан ата-ана бойында жақсы, жаман әдеттерімен балаға зор ықпал ететінін ұмытпауы тиіс.
Ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынас кезіндегі жақсы іс әрекеттерге тоқтала кетсек:
- Баламен сәйлескенде қарапайым ережелерді сақтау
- Баланы тыңдағанда ынтамен тыңдау
- Баланы мазалаған мәселелерді досындай тыңдау, әңгімелесу
- Жол сілтеу
- Балаға,егер ол қажет деп тапса сіздің көмек бере алатыныңызды ескерту
- Бала өзі дұрыс шешім қабылдай алатынына сенімін тудыру
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.
Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаған бала, есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда “не істеу қажет?” деген сұрақ туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы керек. Тәрбие ешқандай үзіліссіз. Ол демалыс күндер дегенді білмейді.
Жан Жак Руссо “Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимайды қалай салсақ, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, солай өсіп өнеді” деген екен.
Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.
Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады.
Біріншісі – ата-анадан.
Екіншісі – ұстазынан.
Үшіншісі – құрбысынан.
Солардың ішінде қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады. Адамды үш нәрсе қайғыға салады екен:
1-шісі кәрілік, оны өзгерте алмайсың, ол табиғи құбылыс.
2-шісі өлім, оны да өзгерте алмайсың, ол Алланың бұйрығы.
3-шісі жаман бала, оны өзгертуге болады, тек жақсы тәрбиенің арқасында ғана.
Баланың құқығын құрметтеу – бұл олармен қарым-қатынаста әдептілік көрсету, сөйлесе білу және тыңдай білу, ұстамды болу оның адамдық құқын аяққа баспай оның орнына бір сәтке өзіңді қойып көру, мәселені қалай шешуді бірлесіп шешу, баланың жанын жараламайтындай болуы қажет.
Баланың мінез құлқы біздің көрсеткен үлгіміз. Отбасының үлкен мүшелері өздерінің қарым-қатынасын дұрыс құруы керек. Баланың көзінше сөйлескенде бала олардың үлгісімен үйренеді.
Осыған байланысты Толстойдың айтқанын еске түсіру орынды.
« Шылым тартып, арақ ішкен, жұмыс істемейтін және түнді күндізге айналдыратын адамның өздерінің жағымсыз тұрмыс қалпына қарамай, дәрігерге ауруымызды айыра көріңізші деп талап ететіні қандай күлерлік болса, адамдар өнегесіз өмір сүре отырып, баланы өнегелі етіп тәрбиелеуге болатыны жөнінде талап етуі де сондай күлерлік іс» деген екен.
Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып, балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер ететінін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік.
Бала тәрбиесіне отбасының жағымсыз әсер етуі жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады.
Бірінші топ – баланы қалай тәрбиелеуді біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.
Екінші топ - өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ қалай тәрбиелеу керек екенін білмейді. Мұндайлар ата-аналардың басым көпшілігі. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.
Үшінші топ – балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, педагогтарға қарсы тұратын төменгі әлеуметтік топ. Бұлар соншалықты көп болмағанмен, қиын балаларды беретін отбасылар.
Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас кезіндегі кездесетін кемшіліктер:
1. Әке мен шешенің өз мінез құлықтарындағы кемшіліктерімен күреспейді, бірақ балалардан адамгершілікті, әдептілікті талап етеді, оларға дөрекі сөйлейді, өтірігін айтып бетіне басады, өзі өтірік сөйлейді, оны сезіп тұрса да қорыққанынан әке- шешесіне айта алмайды.
2. Ата-аналар балалардың ішкі жан дүниесіне жеткілікті көңіл аудармайды, жылы жүзбен қарап қамқорлық жасамайды, баланың қайғы қуынышын бөліспейді
3. Оқушының үй шаруасына көп көмектесуін талап етеді, оған жасаған жақсылығын міндеттейді.
4. Мектеп мұғалімдерімен тығыз байланыста болмайды, оқушының жағдайын бірлесіп шешпейді.
Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі, кішіпейіл болу ізеттілік, сыйластық үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасында бірін-бірін сыйлау, қамқоршы болу бірлесіп еңбек ету секілді игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан алғанда мүмкін емес. Моралдық жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Қазіргі кезде ауқатты отбасылардың пайда болуы оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес.
Ата-аналардың мінез-құлқы немесе іс-әрекеті, сөйлеген сөздері арқылы балаға ықпал ететін бірнеше әдіс-тәсілдер бар екен. Соған тоқталсақ:
Әдістер |
Мазмұндық көрсеткіштер |
Нәтижелері |
1. Ықпал ету арқылы баланың өзіне сезімін нығайту |
Нандыру, сендіру, ақыл-кеңес, іс-әрекетін қуаттау, орынды көтермелеу, дәлелдеу, дұрыс бағалау, әділ ескерту, баламен санасу, пікірлесу. |
Өзіне сезімі артады. |
2. Ықпал ету арқылы тежеу |
Ата-ананың балаға дегенін күштеп істеуі, қақпайлау, үстемдік пиғылын көрсету, беделімен басыну, санаспау. |
Тартыншақ, қорқақ, қулық, ырықсыз, өтірік, жігерсіз, жалтақ. |
Ықпал ету арқылы қуаныш сезімін ояту |
Орынды мақтау, мадақтау, көңілін көтеру, демалысын ұйымдастыру, керекті деңгейде қажетін өтеу. |
Көңілі өсіп марқаяды, батырлық, өзіне сенімі, өмірге құштарлығы ашылады. |
Теріс әрекетке түрткі болатын әдістер |
Баланың ырқына көну, еркелету, балаға мән бермеу, бақылаусыз қалдыру, жәбірлеу, зекіп ұрысу, орынсыз кінәлау, алдау, мазақ ету, нашар үлгі көрсету. |
Қырсық, өзімшіл, жалқау, рақымсыз, ұқыпсыз, ынтасыз, озбыр, бірбеткей, қатыгез. |
Ата-аналар кодексінде:
Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті;
Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек.
Тәрбие беру – ақыл айту емес;
Баланы жақсы көргендігіңізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;
Мектептегі бір топ оқушыларына ата-аналардың бір-бірімен қарым-қатынасын анықтау үшін төмендегідей сұрақтан тұратын сауалнама жүргізуге болады. Оның 1- сұрағы:
Ата-анаңның бір-бірімен қарым-қатынасын, мінездерін қалай бағалайсың? Деген сұраққа оқушылардың көбі былай деп жауап берген:
-Ата-анамның бір-бірімен қарым-қатынасы жақсы деген,
-біздің үйде ата-ана арасында кейбір келіспеушіліктер болып жатады, оның себебі әкемнің ішімдік ішуіне байланысты,
-ата-анамның мінездерін түсіне алмаймын, екеуі беттерін жыртып айқайласып жатады, бір уақытта дым болмағандай бірге шай ішіп отырады, араларына кейде шайтан араласып кеткен деп ойлап қаламын,
-менің әкем еңбекшіл, табыс табады, анам болса оны жойып үлгеріп отырады,
-ата-анам өте қонақжай, кейде мен осы қонақтықтан жалығып кетемін,
-ата-анам қатал, бірақ мен оларды жақсы түсінемін, себебі олар мені адам болсын дейді ғой, себебі солай деп ұрсады,
-мен әкемнен гөрі анамды сыйлаймын, себебі ол балалары үшін тыным таппайды, --менің анам ашық мінезді, әрі әдемі,
-ата-анам маған дұрыс тәрбие беріп жатыр деп ойлаймын,
-менің әкем қаталдау, мен кейде одан қорқамын, сондықтан оның үйде көбірек болғанын қаламаймын,
-ата-анам мен оларды тыңдамағанда ғана ұрсады,
-менің ата-анамның қарым-қатынасы өте жаман,
-менің анам ақ көңіл, мейірімді, керек кезінде қатал болады, ол балаларын қорғай біледі,
-менің әкем кешке қарай біздің сабағымызды тексерген болады, күнделікті тексеріп баға болмаса неге сабақ оқымайсың, мен сендердей болғанда жақсы оқыдым, сен неге солай оқымайсың, осы көрініс күнде болады, кейде мен бір қызық күйге түсемін, әкеме қарап отырамын, бірақ өзім ештеңе естімеймін, себебі күнделікті еститін сөзім, миымда жатталып қалған,
-ата-анам бізге сабақ оқыңдар, білім алыңдар, мына біздер кезінде оқымадық, енді жұмыс та жоқ, ақша да жоқ деп айта береді, оны кімнен көреді екен,
-кешкісін әкеммен бірге теледидар қараймыз, әңгімелесеміз, ол менен қандай проблемаларың бар деп сұрайды, менде проблемалар бар, бірақ мен оларды айтпаймын, себебі ондай проблемаларды өзім де шеше аламын,
-менің ата-анамның мінездері өте қызық, үнемі керісетін, ренішті сөздерді айтатынын түсіне алмаймын, егерде үйге біреулер келе қалса, олардан тату ешкім жоқ, олар неге екі жүзді болатынын түсіне алмаймын,
-ата-анамнан сабақ жөнінде көмек сұрасам, дым білмей қалады, неге мұғалімнен сұрап алмадың деп өзіме ұрсады,
-ата-анам мені қатты еркелетеді, дегенімді істейді, жақсы оқысаң бәрін алып береміз дейді, бірақ неше жылдан бері жақсы оқысам да ешнәрсе алып беріп жатқаны жоқ, олардың ақшасы жетпей қалады,
Келесі мынадай сұраққа: ата-анаңның арасында келіспеушіліктер саған әсер ете ме? деген сұраққа
-иә, әсер етеді, -жоқ, әсер етпейді, -көңіл-күйім болмайды, -жылаймын, -жүрекке қатты тиеді, -үлкендердің келіспеушіліктеріне кіріспеймін, өздері шешеді деген жауаптар болды.
Ата-анаңа ренжіген кездерің болды ма? деген сұраққа :
-болды, -ренжуге қақым жоқ, себебі олар мені дүниеге әкелді, өсірді, олар қандай болса да олардыкі дұрыс деп ойлаймын,
-ата-анама қатты ренжідім себебі олар мені ойламай, бірінші өздерін ойлап, ажырасып кетті, -анама ренжіген кездерім болды, себебі маған анам айтпаған сөздері жоқ, есіме алуға ұяламын,
-екеуі кезектесіп ұрсады, соған ренжідім, бірақ ұрысқаны жақсы болды, пайдасы тиді, -ажырасқан кезде ренжідім,
-әкеме ренжідім, себебі арақ ішіп келіп анамды соқты деген жауаптар алдық.
Әрине бұл жерде біздер баланың атын жазбауын сұрадық, бала өзін қинаған сұрақтарға жауап бере отырып, отбасындағы кейбір кикілжіңдерді ашық айтып көрсеткен.
Бұл сауалдың жауаптарымен ата-аналарды таныстырған жөн.
Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн. Мысалы, арақ пен темекінің толып жатқан зиянын біле тұра, балалардың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартқандар бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Сонда арақ пен темекінің зиянын қалай ұқтырамыз.
Негізінен жанұяның шырқы бұзылған, ата-анасы маскүнемдікке салынған немесе жарамдық жағынан азғынданған ортада бала, жасөспірім қашанғы жиренішті көріністі, ондағы айқай-шу мен дау-жанжалға, ұрыс-керіске шыдап жүре бермек. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып үлгереді, егер осы теріс жолға мүлде бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бір бұтағы қисық өсті дей беріңіз. Бақытсыз қыз, бұзақы ұл осыдан шығады. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?!
Иә, ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау — ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ-түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала — әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.
АТА-АНАЛАРҒА ТҮСІНДІРУ КЕРЕК!
Үлкендердің ұрыс-керісі, отбасындағы барлық жағымсыз жағдай баланың денсаулығына, оқу үлгеріміне, психикасына кері әсер ететінін;
Ата-ана баланы дүниеге әкелгесін, ең бірінші оның дамуына жағдай жасау керектігін;
Ата-анаға баласын жансыз қуыршақ деп қарамай, тұлға ретінде қарау керек;
Жиналыс барысында мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайымен де таныстырған жөн, неше аз қамтылған, көп балалы, қамқорлыққа алынған, толық емес, мүмкіндігі шектелген, қолайсыз отбасы балалары бар екенін, олармен қандай жұмыстар жоспарланғанын, ата-аналарының кәсіби құрамы, жас ерекшеліктері, білім деңгейлерін алдыңғы жылмен салыстырмалы мониторингісін құрып, көрсетіп, айтып кетуге болады. Жиналыс соңында ата-аналарға арналған жадынама үлестіріліп берілген жөн.
Ата-аналарға кеңес:
Егер үнемі баланы сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды;
Балаға үнемі күлсе, ол бұйығы болып өседі;
Баланы үнемі мақтап отырса, ол өз қадірі үшін оқиды;
Баланы қолдап отырса, ол өз бағасы үшін оқиды;
Бала төзімділікте өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді;
Бала адалдықта өссе, ол адал адам болып жетіледі;
Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды;
Бала кекшілдікте өссе, ол қатігез болып өседі;
Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Баланың ықыласын оят, қолынан іс келетініне сендір.
- Әр бала-табиғаттың ғажайып құбылысы. Оны сол үшін де сыйлауға болады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген