400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама. Отбасындағы бала тәрбиесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасындағы бала тәрбиесінің маңыздылығы туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасындағы бала тәрбиесі

Отбасы- бала тәрбиесіндегі ең маңызды ортасы болып табылады.Баланың мінез-құлқы мен дүниетанымы,болашақ өмірге деген көзқарасы ата-ананың берген тәрбиесіне тікелей байланысты.Отбасындағы берілген дұрыс тәрбие-баланың болашағының жарқын,өмірінің мәнді болуының кілті.

Бала дүниеге келгеннен бастап-ақ ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінеді.Отбасындағы тәрбие төмендегідей маңызды бағыттарды қамтиды:

  1. Адамгершілік тәрбие- баланы үлкенге ізет, кішіге қамқор бола білуге және адалдық пен әділдікке үйрету.

  2. Ақыл-ой тәрбиесі- баланың өй өрісін дамыту,кітап оқуға, білім алуға деген құштарлығын арттыру.

  3. Еңбек тәрбиесі- баланы жастайынан еңбексүйгіштікке тәрбиелеу және өз ісіне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.

  4. Эстетикалық тәрбие- әдемілікке, өнерге деген сүйіспенішілігін ояту.

  5. Дене тәрбиесі- спортпен шұғылдану арқылы денсаулықты күту дағдыларын қалыптастыру.

Ата-ана- баланың ең алғашқы тәрбиешісі.Баланың тәртібі, мінез-құлқы -ата-ананың күнделікті өмірдегі қандай үлгі көрсететіне байланысты. Ата-ананың түсіністігі, олардың жылы сөздері, балаға деген сенімі өзін-өзі бағалауға оң әсер етеді.

Кейбір ата-аналар бала тәрбиесінде көп қателіктер жіберіп жатады. Олар:

. Балаға шектен тыс қатал қарау немесе шамадан тыс еркелету;

.Баланың пікірімен санаспау, оны елемеу;

.Басқа балалармен салыстыру, оның ерекшелігін мойындамау;

.Үнемі ұрыс-керіс, дау ортасында өсіру;

Міне осы қателіктер баланың өзін-өзі бағалауына, мінезінің қалыптасуына кері әсер етеді.

Қорыта айтсақ отбасындағы тәрбие- баланың болашағына үлкен ықпал ететін негізгі фактор. Ата-ана баласына тек дұрыс бағыт -бағдар беріп қана қоймай, оны үлгі өнегемен тәрбиелеуі тиіс. Отбасындағы сүйіспеншілік, мейірімділік, өзара түсіністік бар жерде бала саналы, адамгершілігі мен жауапкершілігі мол, ізгі адам болып өседі.

Кашаганова Гүлжахан Махамбетовна

Таутүрген негізгі орта мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
14.03.2025
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі