жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
баяндама "Парасаттылық және академиялық адалдық"
«Бекітемін»
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары:
Тулепбекова Ұ.М.
____________________
Сабақтың
тақырыбы: Парасаттылық
және академиялық адалдық
Сабақтың
мақсаты: Студенттерге адам бойындағы
адалдық, адалдық сезімдерін ұғындыру.
1.
Білімділік: адамгершіліктің жоғары
этикалық нормалары екендігіне көз
жеткізу; татулық, достық адами қасиеттердің
өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
2.
Дамытушылық: Сезім шынайылығымен ар -
намыс тазалығы туралы мақал - мәтелдер,
өзіндік ой - пікірлерімен бөлісу арқылы
студенттерді шығармашылыққа баулу.
Өзара адал қарым - қатынас жасау
іскерліктерін дамыту;
3.
Тәрбиелік: Адамдардың өмірінде әділдік
пен адалдықтың алатын орны ерекше екені
туралы ой - пікірлерін кеңейту; көркем
шығармадағы және қоршаған ортадағы
достық қарым – қатынастың көріністерін
бағалау қабілеттерін дамыту.
Қолданылатын
әдіс - тәсілдер: Түсіндірмелі –
иллюстративті, практикалық.
Сабақтың
жабдығы: интерактивті тақта, слайдтар,
оқулықтар.
Барысы:
1. Академиялық адалдық Академиялық адалдық – бұл академиялық және ғылыми ортадағы мінез- құлық принциптері, қағидалары мен құндылықтардың жиынтығы. Ол жеке жұмыс орындау, бейтаныс адамның зияткерлік еңбегіне құрметпен қарау және көшіріп алу, плагиат (бөгде адамның зияткерлік меншігін иелену), өзін-өзі плагиаттау, жасырып қалу, келісу, білімді ағымдық және қорытынды бақылау тапсырмалары туралы ақпаратты заңсыз беру; бір жұмысты бағаланатын тапсырмалардың әртүрлі түрлеріне ұсыну; анық емес деректерді (бұрмалау) ұсыну және тәртіпсіз академиялық мінез-құлықтың өзге де әрекеттерін жасау сынды жосықсыз тәжірибеден бас тарту барысында танытылатын парасаттылық, адалдық пен жауапты мінез-құлықты қамтиды.
2. Академиялық адалдық бұзушылықтарының түрлері
1. Білім беру және зерттеу қызметінде көрсетілетін академиялық адалдық бұзушылықтары жазбаша (бақылау, эссе, диссертациялық және т.б.) жұмыстарды орындау, емтихандардағы жауаптар барысында нормативтік талаптардан, зерттеулер, ғылыми жұмыстар жазу, өз позициясын білдіру, әкімшілік-басқару персоналымен, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылармен өзара қарым-қатынас жасау, сондай-ақ бағалау мен сараптау кезінде ауытқуға әкеп соғады.
2. Плагиат – шынайы автор ретінде басқа тұлғаларға өзі туралы жалған мәліметті жеткізумен бірге академиялық, ғылыми, зерттеу, публицистикалық және талдау қызметі нәтижелерін, бөгде адамның қорғалатын еңбек нәтижелерін әдейі немесе байқамай, толық немесе ішінара заңсыз пайдалану, иелену немесе өз бетінше иелік ету.
3. Төмендегілер плагиат болып танылады:
• басқа адамның идеялары, тұжырымдары, пікірлерінің немесе айтқан сөздерінің дереккөздерін көрсетпей, оларды ұсыну, мәтінді бір тілден екінші тілге алғашқы дереккөзін көрсетпей аударып алу;
• басқа адамның жазбаша жұмысынан мәтіннің бір бөлігін немесе барлық мәтінді алғашқы дереккөзіне сілтеме жасамай және дәйексөз алусыз тікелей көшіру (сондай-ақ Интернеттен алынған материалдарды немесе өзге де электрондық дереккөздерді көшіру жатады);
• мәтіннің элементтерін дереккөзін көрсетпей өзгертіп айту немесе сөздерді ішінара алмастыру;
• түпкі деректемені көрсетпей және/немесе автордың келісімінсіз ақпараттың графиктерін, кестелерін, суреттерін, сызбаларын және визуалды басқа да түсініктерін пайдалану;
• бірлескен зерттеулер немесе басқа да оқу тапсырмаларының нәтижелерін иемдену;
• басқа тұлға жасаған жұмысты өз атыңнан, толық немесе жартылай ұсыну немесе жариялау;
• жұмыстың мәтінін әдейі бұрмалау, атап айтқанда шрифті ауыстыру, басқа әліпбидің символдарын қолдану, жұмыстың мәтініне арнайы символдарды қосу, сөздердегі символдардың ретін өзгерту, мәтіннен жарты символды алып тастау және т.с.
4. Өзін-өзі плагиаттау – алғашқы мәтінге тиісті сілтемелерді көрсетпей, жаңа деректер мен тұжырымдардың жоқ болуының нәтижесі ретінде өзінің бұрын жарияланған мәтінін толық немесе ішінара пайдалану.
5. Көшіру – біреудің зияткерлік өнімін көшіруді тұспалдайтын білім алушының немесе қызметкердің жауапсыз мінез-құлқы.
6. Көшіру болып мыналар танылады:
• емтихан материалдарына немесе тапсырманың мәнін ашатын емтихан материалдары туралы ақпаратқа заңсыз жолмен қол жеткізу;
• шпаргалкаларды, ұялы телефондарды және басқа да құрылғыларды, мәтіндік хабарламаларды немесе ақпаратты алудың заңсыз тәсілдерін қолдану;
• басқа білім алушының жұмысынан көшіру (білім алушының рұқсатымен де және онсыз да);
• басқа білім алушыға көшіруге немесе басқа білім алушыларға жауаптарын беруге рұқсат ету;
• емтиханға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін емтихан тапсырмасын орындауды жалғастыру;
• басқа білім алушыға емтихан тапсырмасын орындап беру туралы өтініш жасау;
• басқа тұлғалар тарапынан жоғарыда аталған әрекеттердің бірінің жасалуына жәрдемдесу және көмектесу.
7. Қайталау – жұмысты өзінікі ретінде, ішінара немесе толық ұсыну талпынсын қоса алғанда, әр түрлі бағалау және талаптар шеңберінде бір жұмысты, білім алушы жұмыстың авторы болған жағдайда да профессор- оқытушылар құрамының алдын ала рұқсатынсыз бұрын басқа курста бағаланған кез келген жұмысты презентациялау.
8. Бұрмалау – жалған академиялық жазбаларды немесе басқа да құжаттарды; мәліметтерді (ғылыми тәжірибе кезіндегі бақылауларды, жазбаларды, сауалнама нәтижелерін қолдан жасау); академиялық жұмыстағы қолды жасау; академиялық жұмысты әдейілеп қолдан жасау немесе бүлдіру.
9. Бұрмалау болып мыналар танылады:
• эмпирикалық деректердің жалған зерттеу нәтижелерін жасау; үшінші тұлғалар жүргізген ғылыми жұмыстарды/еңбектерді өзінікі ретінде ұсыну;
• қол қоятын адамдар үшін пікірлер, рецензиялар, ұсынымдар мен мінездемелер жобаларын дайындау;
• қолдан жасалған немесе жалған медициналық анықтамалар немесе жұмысқа жарамсыздық парақтары сынды Академияға қандай да бір жалған құжаттарды ұсыну.
10. Академиялық жұмысты фабрикация жасау – академиялық жұмыстың мазмұнын әдейі бұрмалау, яғни:
• академиялық өнімде жалған мәліметтерді беру;
• зерттеулер мен эксперименттердің деректерін және нәтижелерін ауыстырып жіберу;
• зерттеу барысында алынған жалған ақпаратты ұсыну;
• еш жерде жоқ мақалаларға және ойдан шығарылған дереккөздерге сілтеме жасау;
• нәтижеге әсер ететін деректерді қалдырып кету;
• дәлелді негізі жоқ қорытындыларды ұсыну.
11. Жасыру – жұмысты жауапсыз орындау және білім алушылардың, не Академия қызметкерлерінің Кодекс нормаларын сақтамауы туралы ақпаратты айтпау және жасыру.
12. Сөз байласу – басқа білім алушы үшін тексеруге және бағалауға жататын, кез келген академиялық жұмысты орындау.
13. Академиялық ақпаратқа заңсыз қол жеткізу және (немесе) оны тарату, яғни:
• емтихан сұрақтарының жауаптарын беру;
• бағалау кезінде қойылатын сұрақтар туралы білім алушыларға мәлімет беру;
• тиісті рұқсатсыз бағаланатын жұмыстар үшін ішінара немесе толық материалды тарату;
• дайын баяндамалар, эссе, тапсырмалар, ғылыми жұмыстар, жарияланымдар және басқа да академиялық жұмыстарды сату немесе сатып алу және/немесе сатуда көмек көрсетудің басқа да жолдары;
• білім алушыларға беру мақсатында электрондық пошта, компьютер арқылы және т.б. қоса алғанда, бағаланатын жұмыстың жауаптарын кез келген жолдармен ұрлау.
14. Параға сатып алу – профессор-оқытушылар құрамына, сондай-ақ Академия қызметкерлеріне түрлі формада сыйақы беру, не сыйақы бермей-ақ, басқа жеке мүдделілік, осындай мінез-құлыққа тең.
15. Ағымдағы және қорытындыны қоса алғанда, білім алушылардың барлық жазба жұмыстары плагиатқа тексеруден өтеді. Тексеруді ұйымдастыру Институт/МСҰМ директоратына (бұдан әрі – Директорат) жүктелген.
16. Ғылыми мақалаларды, монографияларды және диссертацияларды тексеру қажеттілік бойынша, Зерттеулер жөніндегі комитеттің (бұдан әрі – Комитет) талабы бойынша жүзеге асырылады.
17. Докторанттар ҚР БҒМ БҒСБК талаптарына сәйкес диссертацияны тексеруді міндетті түрде дербес іске асырады.
Адамның ниеті, ойы, іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез-келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан-дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді.
Адалдық өмірінде керек нәрсе,
Ол да гүлдеп, нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін-өзі меңгермесе,- демекші әр адам дүние есігін ашып шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен , ата-анасының берген тәрбиесімен, жақсылық жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей бүгінгі «Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді» атты пікірталасу сағатына қош келдіңіздер. Келген қонақтар, оқушылар бүгінгі кеште адалдық, адамдық жайында ойымызды ішімізге бүкпей ортаға сала отырайық. Бүгінгі пікірталасу сағатымыз үш бөлімнен тұрады.
І-бөлім- сұрақтарға өз ойын білдіру.
ІІ-бөлім- адалдық, адамдық туралы мақал-мәтелдерге түсінік беру.
ІІІ-бөлім- ситуациялық сұрақтарға өз ойын білдіру.
І-бөлім.
Жалпы адалдық дегенді қалай түсінесіңдер?
Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
Адал болу кез-келген адамның қолынан келмейді? Неліктен?
Ата-анаға, бауырға, ортаға жалпы өмірде адал болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Сен өзіңді адал жанмын деп айта аласың ба?
ІІ-бөлім.
Мақал-мәтел- халық даналығының бір түрі.Олардың тақырыптары да әр алуан. Мақал-мәтелдің мағына -мәні де терең, аз сөзбен көп мағынаны, үлкен ойды жеткізеді. Ендеше бүгінгі адалдық тақырыбындағы мақал-мәтелдерді айта отырып, мағынасын түсіндіріп өз ойымызды білдірсек.Бүгінгі тақырыбымыз «Адалдық жүрген жерде-адамдық жүреді»дегенді қалай түсінесіңдер? Оқушылар өз түсініктерін,өз ойларын айтты.Осы тақырыпта тағы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
ІІІ-бөлім.
Бүгінгі кешімізге келген қонақтарымызға дайындаған ситуациялық сұрақтарымыз бар. Ендеше кезек берейік.
1.Сенің Айнұр шын сырлас, мұңдас досың. Ол сыныбыңдағы Айгүлмен ренжісіп қалады да саған келіп Айнұрдың кемшіліктерін айтып досыңды жамандады. Сенің әрекетің?
Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің басталғанын көрді. Менің қалтамда апамның «самса алып жерсің» деп берген ақшасы бар. Кеттік, кино көрейік,- деді. Алмагүл: Үйден сұранып шыққан жоқпыз. Іздеп қалады ғой,- деп іркіліп қалды. Ештеңе етпес, «мектепте болдық» деп айта саламыз. Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?
Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнде кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: «менің анам, сенімен бірге жүргенімді білсе, ол қарсы болмайды»,-дейді. Досым үйінде ата-анасы ұрыспауы үшін, мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым.. Басында мен қиналмастан, оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұмытпайтын болдым. Менің досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек?
Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
Қазақ халқы қандай да бір дау шықса билерге барып істің ақ-қарасын, әділдігін шешеді. Ендеше бүгінгі кешімізге оқушылардың дайындап келген адалдық жайында ертегілері бар екен. Соларға кезек берейік.
Білім мен өнерді сүй, сусында,
Деп айтсын ел «Осындай ер тусын да!»
Арың адал, әділ болсаң әрқашан,
Дүниенің бар бақыты уысында.
Түспегені абзал ғой арға дақтың,
Күйін кешпе түнде ұшар жарғанаттың,
Адал адам әрқашан-еңсесі тік,
Әділдікті ту еткін, қолғанатым.
Бүгінгі кеште ойымызды ортаға салып адалдық, адамдық туралы көп нәрселер айтылды. «Адалдық-адамдықтың белгісі» демекші осы өмірде адал болып, тек адалдық істер істеп адамдығымызды көрсетіп, кейінгіге үлгі болып жүрейік.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
«№4 колледж» МКҚК
Тақырыбы:
«Парасаттылық және академиялық адалдық!»
Дайындаған: 1701 топ шебері
Ерғазы Н.
2018-2019 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген