жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама "Қабыз аспабын сатылай үйрету әдістері"
«Қазіргі заманғы теориялық және тәжірибелік дағдылар-саналы білім берудің негізі» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің аудандық педагогикалық оқуларына қатысуға сұраныс
1 |
Автордың толық аты-жөні , тегі (жеке куәлік бойынша) |
Ізбасарова Нурсифат Аманжолқызы |
2 |
Жұмыс орны, лауазымы |
Миялы балалар өнер мектебі . Қобыз пәні мұғалімі |
3 |
Мамандығы бойынша диплом және жеке куәлік көшірмесі |
Бас қобызшы және оркестр әртісі 931113450648 |
4 |
Ғылыми дәрежесі |
- |
5 |
Секциялық жұмыс бағыты |
Музыка пәні |
6 |
Баяндама тақырыбы |
Қобыз аспабын сатылай үйрету әдістері
|
7 |
Байланыс телефондары (ж/т; ұ\т) |
87123822106: 87776644894 |
8 |
Электрондық почтасы Е-mail: |
Izbasarovanursifat@gmail.com |
Қобыз аспабын сатылай үйрету әдістері
Ізбасарова Нұрсифат Аманжолқызы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Миялы балалар өнер мектебі. Қобыз пәні мұғалімі
Кіріспе
Қарағайдың
түбінен
Қайырып
алған қобызым
Үйеңкінің
түбінен
Үйіріп
алған қобызым
Желмаяның
терісін
Шанақ
қылған қобызым,-деп Қорқыт жырлағандай
Қобыз – ежелден келе жатқан аспап. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда, VIII-IX ғасырларда қобызды Қорқыт жасаған және оған алғаш рет күй шығарып тартқан деседі.
Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы жөнініде мынадай аңыз бар: «Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде ойнайды екен. Алайда ол оған қанағаттанбай, адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанады. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай қалай., не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жаққан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар терісінен жасалған шанақ, ор текенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың кұйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» - деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна салып, осы айтылғандардың бәрін жасайды. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң – бәрі тоқтай қалып, құлақ түре тыңдапты».
Түркі тілдес халық тайпаларының сенім-нанымында шамандық елеулі орын алған. Шаман дегеніміз емші, тамыр ұстаушы, балгер, жын құрсанған бақсы. Оларды абыз деп те атаған. Бұл қобыз деген сөздің өзгерген түрі.
Қорқыттан кейін өмір сүрген, аты әйгілі, киелі бақсылардың бірі Қойлыбай туралы да қазақтар арасында аңыз көп. «Қойлыбай бар бақсының түп атасы, оқ тартар садағы іспетті» деп суреттейді оны Шоқан. Бірде ол қобызын аламан бәйгеге салған деген аңыз бар. «Жүздеген сәйгүлік қосылған бәйге аттарының келе жатқанын көргенде қолына қанжарын алып әулие, пірлерін жәрдемге шақырып Қойлыбай сарнап қоя береді. Сол-ақ екен бәйге жақтан бір қара дауыл тұрып, отша лапылдаған аптап ыстық жел соғады. Біркезде сол дауылдың артынан қалың қара көрініп, ат тұяғынның дүбірі естіледі. Демде бәйге аттарының алдынан қарборандатып, атты құлаш тамырымен ала жібін сүйреткен алып ағаш көрінеді. Сөйтсе ағаш дегені Қойлыбайдың қобызы, дауыл мен желді суырып келе жатқан көкаман жынының екпіні екен», - деп айтылады аңыз әңгімеде.
Ақиқаты
аңыздан ажырай қоймаған Қорқыт тұлғасына
қатысты сұрақтар қаншалықты көп болса,
қобыздың да адамзат баласына беймәлім
сырлары жетерлік. Аңыздарда жаңа
жасалған аспапта Қорқыт баба күй
тарта бастағанда, бүкіл дүние күңіреніп,
әлемнің астаң-кестеңі шыққандығы
айтылады. Көкте ұшқан құс пен жерде
жүгірген аңды да күйінің сиқырлы үнімен
арбай алған абыз атаның қасиетті
қобызының үні шыққанда, бүкіл даланың
топырағын төңкерген дауыл тұрып, аспанды
күркіреген қою қара бұлт шалған. Ол
өзінің болмысымен, күңіренген күйімен
халықты қорқытып қана қоймаған, Сыр
суының үстінде күй тартып, елін бақытқа
кенелткен дейді. Қобызды қазақтың
кие тұтуының сыры, оның осылай пайда
болуының ғажайып ертегіге ұқсастығында
да жатқан шығар.
Қазақ жұрты қобыздың
ерекше үнімен қоса, пішініне де зор
мән берген. Қасиетті аспаптың аққу
пішіндес сипатында өзіндік ерекшелік
бар көрінеді. Академик Әлкей Марғұлан
мұның себебін аққу құстың киелілігімен
байланыстырған. Ғалым бұл орайда ежелгі
қазақтардың аққуды қастерлеп, оның
бейнесін өздерінің тотемі еткендігін
негізге алады.
Ғасырмен үндескен қобыз аспабы халқымызға рухани азық болып, атадан балаға, ұрпаққа мирас болып біздің заманымызға жеткен.
Заман
ағымына, уақыт талабына орай, осы ғасырдың
отызыншы жылдары еліміз Еуропалық
мәдениетке жетуге тырысып, оркестр
құруға мәжбүр болды. Оркестрдің жан-жақты
репертуарына байланысты қобыздың жаңа
үлгілері: диапазоны, техникалық мүмкіндігі
жағынан скрипкадан қалыспайтын төрт
ішекті қобыз аспабының мүмкіндігінсіз
оркестрмен күрделі шетел шығармаларын
орындау мүмкін емес.
Осы орайда
бүгінде республиканың түкпір түкпіріндегі
музыка мектептерінде, колледждерінде,
ҚазҰМА және Ұлттық консерваторияда
прима-қобыз аспабы кәсіби тұрғыда терең
оқытылады.
Бастауыш сыныпта болашақ
дарынды музыкант тәрбиелеу барысында
қиыншылықтар да аз емес. Қобыз аспабына
арнайы жазылған қазақша ән-күйлер,
пьесалар жинағы және хрестоматия
оқулықтарының жетіспеушілігі. Ұлағатты
ұстазы, білім беру ісінің үздігі Ғалия
Оразалиева көп жылдан бергі осы аспаптан
дәріс беріп келе жатқан тәжірибесіне
сүйеніп отырып, музыка мектептері мен
колледждеріне, жоғарғы оқу орындарына
және жалпы өнер сүйер қауымға арнап
хрестоматия оқулығын құрастырып
отыр.
Хрестоматияға қазақтың халық
әндерінен бастап, халық композиторларының
ән-күйлері, кейінгі Қазақстан
композиторларының ән-күйлері, кейінгі
Қазақстан композиторларының туындылары,
сондай-ақ басқа халықтардың бұрыннан
қобызда ойналып жүрген шығармалары
сұрыпталып, беріліп отыр. Мұндағы
берілген шығармалардың реті оқушының
сыныбына, орындаушылық деңгейіне,
техникалық өсуіне қарай жеңіл шығармадан
күрделі шығармаға қарай біртіндеп
жүйеленіп берілді.
Қорыта айтқанда,
ұсынылып отырған бұл хрестоматия
қобызшыларға лайықты оқу құралы болады
деп сенемін дейді автор. Бізде осы
автордың еңбегін ары қарай жалғастыруымыз
керек.
Қобыз
үйренудің алғашқы шарттары.
Сабақ
беру әдістемесі педагогикалық тәсіл-амал
жүйесінен тұрады. Соның көмегімен ұстаз
оқушыға өзінің білімін жеткізеді. Бұл
тәсілдер – ұстаздардың көптеген ұрпақ
тегі тәжірибесі негізінде дүниеге
келген. Осындай тәжірибелердің негізінде
қобызда ойнаудың да қиындығы – сол мен
оң қолдың бір мезгіл әр түрлі қимыл-әрекеттер
жасауы керектігінде, дыбыс әдемі шығуы,
тырнақ көбесін дұрыс қолдана білуге
байланысты екендігі анықталады.
Жүргізілген сан қилы тәжірибелердің
нәтижесі – сол және оң қолды біршама
уақыт бөлек қоюды оқыту керектігін
түсіндіреді. Оң қолды бөлек қою әуелі
қарандашпен, кейін қыл ысқышпен
жаттықтырылады. Музыкалық қабілетіне
қарамай-ақ оқушыға да алғашқы табиғи
қалпын сақтай отырып, еркін ойнау үшін
қолын дұрыс қоя білуді үйретуге болады.
Істің мәнісі алғашқы үйрету әдісінде.
Алғашқы үйрену қиынға соғатын оқушылар
үшін оңайланатын амал-әдістер жасалуы
керек. Тұтас жинақталған амал-әдістерді
үйреткеннен ғөрі жеке-жеке тәсілдермен
үйреткен жеңілдеу тиеді. Жекелеген
амал-әдістерді әрқайсысын бөлек үйреніп
болғаннан кейін оларды тұтас қосып
үйрету әрине, жақсы нәтиже берері
сөзсіз.
Бала тәрбиесіндегі қоршаған
ортаның шешуші роль атқаратыны анық.
Әрине бірінші орында отбасы мен мектеп.
Ұстаздық оқушысы және оның ата-аналарымен
жақсы қатынаста болуы оған баланың үй
және тұрмыс жағдайын жақсы білуге
көмектеседі. Мұндай өз-ара байланыс
шәкіртінің мінез-құлқын қалыптастыруға
ықпал етуіне, көзқарасы мен талғамын
ұштауға, білім мен ой-өрісін кеңейтуге,
тіпті жан-жақты жетілуіне музыка
құдыретімен әсер беруге көмектеседі.
Ал мұндай жағдайға жету үшін шәкіртінің
алдында ұстаздың беделі жоғары, бала
қызығатын өмірлік әлеуметтік мәселелеріне
қанық болуы керек. Тіпті дауыс қою,
отырып – тұру, мимика бет-әлбет қимылы
сияқты ұсақ-түйектердің өзі ұстаздың
беделін құрайды. Ұстаз әуелі қобызды
баланың екі тізесі аралығына қойып
үйретіп, содан кейін барып, баланың бос
қолын қажетті бағытпен сүйемелдеп
қобызға жеткізіп, оны дұрыс ұстауды
үйретеді, бірте-бірте дағыландырады.
Қызығушылығын арттыру
Бәрімізге белгілі, қобызда ойнауды үйренудің алғашқы кезеңі негізінен алғанда, шәкірт үшін қызығы аз, зеріктіретін процесс. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап қобызға баланың қолдарын дұрыс қоюдан басқа, музыка саласындағы басқа дағдыларды да таныстыра отыру керек. Мысалы ән айту, салатын әндерін біріктіру, ноталық сауатын ашу. Жаңа дағдыға қадам жасау шәкірттің ынтасын оятып қызықтырып отырады. Бір мезгілде екі шәкіртті үйрету де жақсы нәтиже береді. Бір шәкіртке қандай да бір жаңа тәсілді көрсете отырып, екіншісіне зер салуды, зейін салуды, зейін қоя тыңдауды тапсырады. Кезектесіп көрсетіп қайтатауды, ойнап беруді талап етеді. Осылайша екеуінің арасында шығармашылық сайыс көрініс табады. Екеуі де бірін-бірі қамшылай отырып, тапсырманы тез де жеке жеке меңгеруге құлшынады. Ұстаз өзінің қатысуымен біріне екіншісінің қобызды дұрыс не бұрыс ұстағанын тексеруді, ал байқалған оқулықты түзетуге тапсырады. Келесі сабақта олар өздерінің міндеттерін ауыстырады.
Ұстазды оқушымен алғаш кездесуі және оның мәні
Ұстаз
бірінші кездесуге мұқият дайындалады.
Өйткені, оқушы үшін елеулі оқиға. Шәкірт
музыка мектебіне алғашқы сабаққа
келгенде қызықты да ғажайып құбылыспен
жүздесетіндей жұмбақ көңілімен
табалдырықты аттайды.
Біріші сабақтың
әсері баланың жанында ұмытылмастай
терең із қалдырады, тағылымы есте берік
сақталады. Ол заңды құбылыс. Қабылдау
мүмкіндігіне қарай баланың ойында
өзінің ұстазына және оның алғашқы
сабағына деген оң немесе теріс пікірі
қалуы сөзсіз. Сондықтан ұстаз алғашқы
кездесуде балаға жақсы әсер қалдыруға
ұмтылады. Ол шәкірттің тек қана игі әсер
алуыңа, сыныпта оның өзін еркін ұстауына,
сабақта белсенді де ынталы отыруына,
берілген музыкалық тақырыпты жете
игреуіне көмектесуге міндетті. Балалар
жаңа жағдайда бір-біріне тез үйренеді.
Бір мезгілде сабақты екі-үш рет оқушымен
жүргізуге болады, музыка әуенімен
салтанатты жүру, музыкалық ойын, музыка
әуенімен салтанатты жүру,музыкалық
ойын, музыка суйемелдеуімен ән салу,
сонан соң әр баланың ол әуенді күйсандықта
теруі. Сол сияқты, есту қабілетін дамыту
және нота бойынша сауаттандыру-жетілдіру
жағы да ұмыт қалмайды. Ұстаз өзі қобызда
ойнап балаға көрсетпесе, тіпті жақсы
болар еді.
Қол қойылымы
Ұстаз назары қолдың сыртқы сипатына емес, бұлшық еттердің еркін қимылына көңіл бөлуі керек. Бүкіл дене бұлшық еттерін еркін қозғалысы шәкірттің ешбір қиындық көрмей қолдарының дұрыс қойылуы үшін де, сондай-ақ ойын ырғағы үшін де тиімді табиғи қалып табуына көмектеседі. Аспапта ойнаған тұста балаға ең алдымен қолдарының, сондай-ақ тұлғасы және аяқтарының дұрыс бағыты аса қажет. Отырғанда тұлғасын дұрыс ұстау физиологиялық тұрғыдан да дұрыс екені түсінікті ғой. Ойнау барысында қолдар үздіксіз өзгеріс үстінде болады. Шәкірт аспапта ойнау шеберлігін меңгерген сайын өзінің қол қойылымын, отырысын өз ыңғайына қарай жетілдіре береді. Ұзақ уақыт бойына қобызда шаршамай ойнау үшін музыкант өзін еркін ұстаумен қатар денесін жинақы сақтауы, орындықтың жарты бөлігіне немесе үштің біріне жайғасып отыруы тиіс.
Оң қолдың қойылымы
Оң
қол бос, бірақ белсенділік жағдайында
болуы керек. Сұқ саусақ таяқшаның сыртқы
жағынан сүйемелдей жанасады. Ортаңғы
және аты жоқ саусақ өз еріктрінше бос
жатуы керек. Негізгі төрт саусақтың
орта буындары шамамен бір деңгейде
болуы тиіс. Барлық саусақтың да формасы
– кейпі сәл дөңгеленген бейнеде беріледі.
Бас бармақ та дөңгеленіп шеңбер сипатта
таяқша (ысқыш) тұтқасында шамамен ортаңғы
саусаққа қарсы, бірақ түйіспей орналасады.
Балаға қолды дұрыс қоюды жеңілдету үшін
саусақтардың орналасуын әуелі қарандашқа
қойып көрсеткен жөн. Қарындашты өз
салмағында күш-жігер жұмсап, әуреленіп
жатпай-ақ түрлі жағдайда ұстап көруге
жаттығуға болады. Ал саусақтардың дұрыс
қойылуы дағдыға айналған кезде шәкірттің
саусақтарына қарындашты ұстатып, қолдың
қарындашта дұрыс тұрғанын тексеріп
көрген жөн.
Қыл ыспаны төмен жүргізгенде
оң қолдың буыны сәл иіледі, ал жоғары
жүргізгенде буыны иіледі де салбыраңқы
кейіп алады. Оқушы қыл ыспаны «ре»
ішегімен дұрыс жүргізгеннен кейін, «ля»
ішегін де қатар меңгеруі керек.
Шәкіртке
қыл ыспаны жүргізудің практикалық
дағдысын қалыптастыруды дамытуға
кіріскенде, алдымен баланың қолының
талмауына септесетін, негұрлым жеңіл
жаттығуды іріктеп, істі содан бастауды
ескерген жөн. Алғашқы жаттығулар үшін
қыл ыспаның орта сонан соң жоғары бөлігін
пайдаланған дұрыс. Оқушы қыл ыспаның
әрбір бөлігінде ойнап үйренгеннен
кейін, ысқыштың әрбір бөлігінде ойнап
үйренгеннен кейін, ысқыштың түгел
бойымен орындалатын жаттығуларға ешбір
қиындықсыз көше алады. Ұстаз оқушының
қолын дұрыс қойылуы мен еркін болуын
және қобызда дыбыстың құлаққа жағымды,
таза шығуын үнеме бақылау керек.
Сол қолдың қойылымы
Сол
қолды шынтақтан ішек деңгейіне дейін
иіп көтеру қажет. Барлық саусақтар дөңес
кейіпте болып тұрды. Бас бармақ, сұқ
саусаққа қарсы орналасады. Басқа
саусақтар ішектің үстіне дөңес кейіпте
қалады. Алақан қобыз мойнына жабыспай
орналасады. Оқушы қобыздың төмен сырғып
кетпеуі үшін, оны екі тізесімен қысып
ұстайды. Қобызды өз бетімен жақсы ұстауды
меңгерген соң, ішек басуды және дыбыс
шығаруды үйренуге кіріседі. Алдымен
саусақтарды ішекке дұрыс қою үйретіледі.
Мұнан кейін әр саусақты түсіріп –
көтеріп үйреніп, шәкірт шеберлігін,
қозғалыс дәлдігін танытады.
Жалпы
ереже:
1.
Қобызда ойнаған кезде саусақтар ішек
аралығына қойылуы қажет, ішекке
тырнақтарды тік тигізіп, немесе босағасына
қарай аздап қисайта ұстау керек;
2.
Бір ішекке ойнағанда барлық саусақтар
ішекке бәрі бірге емес, біртіндеп
кезекпен дөңестене орналасады;
3.
Қолдың анағұрлым еркін қозғалысын
сақтау үшін, басқа бас бармақ мойынға
жеңіл ғана тиіп тұруы тиіс. Саусатардың
барлық төрт ішек бойында ауысуы ыңғайлы
болуы үшін бас бармақ қобыз мойнына
емін-еркін орналасады да, қобыз мойнын
қыспай, шамамен орта «ре» және «ля»
ішегіне қарама-қарсы орналасады;
4.
Саусақтардың аталған міндеттерді
орындауын жеңілдету үшін, қолды асылған
қалыпта ұстау қажет. Қолдың жоғары не
жоғарлау ұсталуы біржағынан ойналатын
ішекке де, позиция – ұстаным тұғырына
байланысты. Ішекке саусақтардың еркін
жүруі үшін қолды алғашқы позицияда
біршама «орта» биіктікте ұстаған жөн.
Сол қолдың дұрыс жолға қоюдың қарапайым
тәсілдері осы.
Осы орайда оң қолдың қойылымымен ысқыш жүргізу әдістері атты ашық сабақ өткізіп , оқушыға оң қол қойылымын сатылап үйретуге әдістер қолдандым.
Ғалым
Н. Оразахынова өзінің « Сатылай кешенді
талдау технологиясының ғылыми -
әдістемелік негіздері» атты еңбегінде
сатылай кешенді талдау технологиясымен
жұмыс жүргізудің жолдарын айқын
көрсетеді. Ғылыми еңбекте мұғалімдерге
сабақ үрдісіне қажетті бағдарлама
үлгісі, түрлі сабақтар, ауызша командалық
олимпиада тапсырмалары, тест түрлері
де берілген. Қысқасы, бұл кітап - ізденімпаз
мамандарға арналған әдістемелік көмекші
құрал.
Ізденімпаз маман ретінде
аталған технологияны 2016 - 2017 оқу жылынан
бастап, ғалым еңбегін басшылыққа алып,
сабақ үрдісінде пайдалана бастадым.
Сабақтың
мақсаты:
Оқушының оң және сол қол
қойылымын дұрыс қою,ысқышты жүргізу
әдістерімен таныстырып
көрсету.
Сабақтың
міндеті:Оң қол қойылымымен сол қол
қойлымының үйлесімділігін қадағалау.
Ысқышты дұрыс жүргізіп, бір - бірімен
байланыстыра бірқалыпты дыбыс шығару.
Таза дыбысты дәл табуға дағдыландырып
дыбыс тазалығын мұқият бақылап
отыру.
Сабақтың түрі: көрнекі
сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,
аспаптар, нота парағы
Сабақтың барысы:
ұйымдастыру кезеңі, білім алушының
сабаққа дайындығын тексеру, аспаптың
құлақ бұрауын келтіру.
Оқушы: 2-сынып
оқушысы Жақсылық Дианамен өткізгелі
отырмын.
Кіріспе. Қобыз аспабы туралы
қысқаша мәлімет. Презентация. Сол қол
мен оң қолға арналған жаттығулар.
Жаңа
тақырып: «Оң қолдың қойылымымен ысқыш
жүргізу әдістері»
Қобызда ойнау
тәсілінің ең күрделісі дыбыс бояуын
шығару. Қобыз тартуды үйрету кезінде
екі жағдайды ескергені жөн:
1.
Орындалатын шығарманың көркемдік
сапасы;
2. Техникалық өрістері.
Ысқышты
ашық ішектер бойынша жүргізу
Ысқышты
тиектің бойымен жүргізу:
- ортаңғы
бөлігімен
- жоғары бөлігімен
-
төменгі бөлігімен
- тұтас бөлігімен
-
ішек алмасу
Сол қолдың қызметі –
әрбір дыбысты дәл тауып ішек бойына
дұрыс орналастыру. Ішектің мойынынан
алшақ тұруына және ұлттық ойнау тәсіліне
байланысты дыбыс тырнақ көбесін ішекке
тигізу арқылы шығады. Саусақтардың
ұштары бірдей болып жартылай бүгіліп,
ішекке қатарласа орналасып, бармақ
мойынға орналасады. Төрт саусақ дыбыс
шығаруда негізгі роль атқарады да,
бармақ оларға сүйіп, тек қосалқы қызмет
атқарады. Қолдың буындары еркін, бос
қимыл жасап, білек буыны аздап ішекке
майысып саусақтар ішекті қатты баспай,
жинақы орналасу керек. Саусақтардың
шашыраңқы болуы техникалық мүмкіндікті
шектейді, ал тым сылбыр бассақ, дыбыстың
таза шықпай ауытқып кетуіне апарып
соқтырады.
Бірінші, екінші, үшінші
саусақтарды ішекке қою.
Саусақтардың
арасындағы жарты және бір тоннан тұратын
ноталарды ойнау, оларға таза, дәлме дәл
түсу үшін саусақтардың арасының емін
- еркін ашылуы үшін жаттығулар жасау.
Саусақтардың
қойылу ретінің белгілері:
1
– бірінші саусақ
0
– ашық ішек
3
– үшінші саусақ
2
– екінші саусақ
4–
екінші саусақ
Аспаппен таныстыру: оң қол мен сол қолдың орналасуы. Қобызшы орындыққа отырғанда орындықтың алдыңғы шетіне жақын, жотасын орындық арқалығына тіремей, денесін алға қарай қобыз ұстауға икемдеп отырады. Қобыз шанағын екі тізесінің арасына азғана солдан оңға қарай қисайтыңқырап ысқыш тартатын оң қолының емін еркін қозғалуына ыңғайлы етіп отырады. Қобыздың тиегі баланың аяғынан жоғары тұруы қажет.
Оң қол . Ысқышты дұрыс ұстау. Ысқышты оң қолмен дұрыс ұстау қобызшының алғашқы үйренер тәсілінің бірі. Ертеде ысқышты оң қолдың алақанымен ұстайтын яғни қазіргі контрабас смычогын неміс тәсілімен ұстағандай. Ысқышты бос саусақты қатты қыспай, қолдың салмағымен жұмсақ ұстаған дұрыс. Басбармақтың ұшы қалыптың біткен жеріне ортаңғы саусақ оған қарама-қарсы, қылдың біткен жерімен қалыптың ұшына қойылады, сұқ саусақ бірінші буынмен таяққа алшақтау орналасады. Ал аты жоқ саусақ пен шынашақ ортаңғы саусаққа көмектесіп соның қасына орналасады.
Сергіту сәті:
Ысқыш жүргізу. Дыбыс шығару. : Ішекті ысқыштың түбінен бастап тартқанда оң қол кейін кетеді де, ал ысқыш орта шенінен әрі кеткенде шынашақты жазып жібереді. Ысқыш керісінше жоғары жүргізілгенде осы қимыл кері қайталанады. Арлы берлі жүргізілгенде саусақ пен буын өте жұмсақ жеңіл қимылдауы керек. Ысқышты түбімен тартқанда қолды көтеріңкіреп оның салмағын жеңілдетеді, ұшымен ойнағанда ысқыштың таяғын сұқ саусақпен аздап басу қажет.
Ысқыштың қылы ішекке жақсы тиіп , жабысып тұруы қажет.
Ысқышпен ішекті сүйкегенде оның жылдам жүру, жай жүру қатты немесе жай басылуы мөлшерін дұрыс табу қажет.
Сол қол, ішек басу.
Сол қол саусақтарын ішек басуға жаттықтыру, барлық позицияда сол қол саусақтарының ішек басуға икемді , оңтайлы болуы, позициядан позицияға жұмсақ жеңіл көшуі болашақта аспапты жақсы менгерудің бірден бір жолы.
Алғашқы жаттығуда ішекті саусағымен баспай , алдымен ішекке саусақтың дұрысс түсуін жаттықтырған жөн.
Қобыз ойнаудағы жазу белгілері.
Қобыз ойнаудағы ысқыштың түрлі жағдайдағы бағытын , саусақ басу, ішектердің дыбыс күшін білдіретін динамикалық және екпін белгілерін жатқа білу керек.
Ы
сқыштың
бөліктерін сатылай үйрену.
П-ысқыш төмен
Ү-ысқыш жоғары
Ц.С.-тұтас ысқыш.
Н.П.-төменгі жартысы.
В.П.-жоғарғы жартысы.
С.-ортасымен.
К.Ц.-ұшымен.
К.Д.-түбімен.
С
аусақ
қою белгісі . Ішек белгілері.
0-ашық
ішек. І-Е –ми ішегінде.
1-бірінші
саусақ . ІІ-А-ля ішегінде.
2-екінші
саусақ. ІІІ-Д-ре ішегінде.
3.-
үшінші саусақ. IV-Соль ішегінде
Бір октавалы гаммалар мен әртүрлі жаттығулар.
Соль мажор гаммасын бірінші позицияда таза дыбысты тыңдап, әртүрлі ұзақтықта орындау: бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік. Сольішегінде жүргізгенде штрих төмен қарай тартылады.Ре шегіндеде солай ,ля ішегінде ысқыштың түбінен бастағанда оң қол ысқыштың ұшынан жоғары тұру керек.
Гаммалармен жұмыс жасау кезіндегі алдағы саты тек қана қол жүгірту ғана емес, оған әдемі дыбыс болуы, әр түрлі штрихтарда пайдалану арқылы үдете түсу әр түрлі екпінді ойнау. Сол қол қозғаалысының денгейін өсірту үшін мажорлық немесе минорлық гаммаларды әр түрлі октавада ,әртүрлі гаммаларда ,әр апликатуралық үлгілермен орындауы керек. Минорлық гамма мұңды нәзік дыбысты ұяң болып естіледі . Әрбір музыкант деп мажор емес , минор гаммасында игеру қажет.
Қорытынды
Ұлттық болмысымызды, ұлттық өнерді қадірлейік.
Қазақ музыкасына арқау болған әр түрлі музыкалық аспаптар заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда, жаңа мазмұнда пайдаланылып, қазақ өнерін әлемге танытып келеді. Демек, қазақтың музыкалық аспабының қай түрі болмасын көнермейді деген сөз, керісінше ол заман ағымына сай өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды ретінде өмір сүреді.
Қазіргі кезде музыка әрлеушілері түрлі музыка жанрларын домбыраға, қобызға және т.б. музыка аспаптарына сәйкестендіріп, ұлттық нақышта, жаңа әр беріп, жоғары талғамда орындалуын көздейді.
Бүгінгі таңда қайта көркейген, жаңа мазмұнға ие болған, өмірімізден өзінің лайықты орнын алған бұл музыкалық аспап, өткеннің ескерткіші ғана емес, күнделікті мәдениетімізді дамытатын, ажарын ашатын, рухани құндылық ретінде сақтауымыз керек.
Саналы адам баласы табиғи дарынымен ерекшеленсе, асыл мұраларамыз ата – бабаларымыздың өнерімен, өнегесімен бағалы.
Бүгінгі күні Қазақстанда Қорқыт атаның ізбасарлары аз емес. Бабалар мұрасын жалғастырушылар Қорқыттың күйлерін бізге жеткізіп отыр. Қорқыттың «Қобызым» әні әнші Жанар Айжанованың орындалуында өз тыңдаушыларын тапқан. Гүлнұр Оразымбетованың орындауындағы Қорқытқа арнайы жазылған «Қорқыт - қобыз» әнінің өзі бір тарих. Ел ішінде «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны», «Қоңыр», «Тәңір күй», «Қорқыттың елмен қоштасуы» деп келетін қобыз күйлері, байырғы сарындар күні бүгінге дейін тартылады.
Скрипканың арғы атасы – қазақтың қара қобызы екенін әлем музыканттары мойындап та, дәлелдеп те үлгерді. Дәлелдеген – еуропалықтар. Мойындатқан – қазақтың ару қыздары. Бұл ұмытылуға жақын қалып, қудалау көрген аспапы Еуропаға халқымызды соғыс жылдары қазақтың тұңғыш скрипкашысы Әйткеш Толғанбаев танытты. Қазір дүние жүзіне танылып отырған қыл ішектің шеберлері - Марат Бисенғалиев, Арман Мырзағалиев, Ақан Мейірбеков, Айман Мұсақожаева, Гауһар Мырзабекова, Меруерт Тұяқбаева, Жәмилә Серкебаева, Лана, Бұл орындаушылардың мүмкіндіктері мен жоғары орындау мәнеріне Штраус, Брамс, Шуберттердің отаны алақандары қызарғанша қол соғып, жоғарғы мәртебелі ханшайымдар, корольдер, императорлар мен графтар арнайы шақыртулар жіберетін, қазақстандық музыканттардың гастрольдік сапарын асыға күтетін болды. Ұлыбританияның, Паганинидің отаны Қорқыттың отанына жол бере бастады.
Ұсынысым
Мына біз жастар ата-бабамыз қалдырып кеткен мәдени мұраларымызды қадірлеп, бағалай білуіміз қажет. Ол үшінде қаламызда немесе мектебімізде арнайы мәдени мұраларды сақтайтын мұражайлар болса деймін. Ол жерге оқушылармен барып сол мәдени мұраларымызды өз көзімізбен көріп олардың қадір-қасиетін оқушылар түсінеді деп ойлаймын.Сонымен қатар, мәдени-мұраны жаңғырту және насихаттау мақсатында өнер мектебіміздің филиалдары көбейсе өнерлі балалар көбейер еді.
Пайдаланған әдебиеттер:
Мәдени мұра /№4 (31) Алматы 2010
Паганини Қорқытқа жол бере бастады» Мұрат Әуезов
Қорқыттың қобызы» М.М.Әуезов
4. Қыпшақ Қойлыбай бақсы» Мақсұтбек Сүлеймен
5. Әл-Фараби. Музыканың ұлы кітабы. – Астана, 2008
6. Сарыбаев Б. Қазақтың халық аспаптары. - Алматы, 1980
7. Ж.Темірғалиев. Қазақ оркестрін аспаптандыру.- Алматы, 2010
8. Қорқытнама» Райымбергенов. Алматы.1980
9. Қойлыбайдың қобызы» Мағжан Жұмабаев
10. Қарашаева О.Ш. «Қобыз аспабында оқыту әдістемесі» пәніне арналған лекциялар жинағы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген