400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағалаудың жаңа әдісінде білім алушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын , келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі

Омаркулова Аида Абиметалипкызы

Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылы

«Бөлек батыр атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.

Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. Республика болашағына бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деген.

Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Қазіргі таңда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау - оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Бағалаудың жаңа әдісінде білім алушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын , келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бағалау барысында критерийлік және өзін - өзі бағалау жүйесі маңызды болып табылады. Критерийлік бағалау – бұл оқушылардың айқын белгіленген білім жетістіктерін салыстыруға негізделген, білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгіленген өлшемдермен ұжымдық түрде жасалған , білімнің мақсаты мен мазмұны , оқушылардың біліктілік жолының қалыптасуына ықпал етуші үрдіс. Критерийлік бағалау жүйесінің қызметі білім беру , бақылау , дамыту , тәрбиелеу , диагностикалау , үйлестіру болып табылады. Критерий арқылы бұл бағалаудың ерекшелігі білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығы арттады және өз деңгейлерін анықтай алады.

Қалыптастырушы бағалау ата - аналар , мұғалім және оқушыларға нақты әрі түсінікте болу керек. Білім алушылардың өз білімін өзі бағалаудағы маңыздылығы , өзін қалай дамыту керек екенін , нені үйренгенін және нені үйрену керектігін өздері шешеді. Білім беру үдерісінде мұғалімнің білім алушыны дұрыс бағалауына көңіл бөлген дұрыс.

Бағалау дегеніміз – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Өз сабақтарымда « Үш минуттық эссе » жазу әдісін пайдаланамын . Төменде берілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

-Сіздіңше бүгінгі оқып білгеніңіздің ішіндегі сіз үшін ең маңыздысы не болды?

-Қай сұрақ есіңізде қалды?

-Сіз үшін қиындық тудырған сұрақ?

Бұл әдістің тиімділігі білім алушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін білуге көмектеседі. Түсінбеген тұстарын қайталап түсіндіруге мүмкіндік береді.

« Бағдаршам » әдісі арқылы сабақтың қай деңгейде өткенін сабақтасақ, « Қол белгісі» әдісі арқылы тақырыпты пысықтауға немесе әліде жетілдіру керетігін білуге болады. Қол белгілеріне қарап кейбір білім алушылардан «Нақты ненің түсініксіз екенін» немесе түсінген баладан « Нақты нені түсінді ? » соны қадағалап, міндетті түрде бірнеше жауапты тыңдаймын. Әр сабақта бағалау арқылы білім алушы өзін қалай дамыту керек , нені үйренгенін және нені үйрену керек екенін түсіну үшін мен сабағымда « Ішкі және сыртқы шеңбер » әдісін пайдаланамын. Бұл әдісте білім алушылар ішкі және сыртқы екі шеңбер құрайды. Балалар бір - біріне қарама - қарсы тұрып , өтілген тақырып бойынша бір - біріне сұрақтар қояды. Сыртқы шеңберде тұрған оқушылар ауысып өздеріне жаңа жұптар таңдайды. Сұрақтар қою істері жалғасын табады. Жауаптарды тыңдай отырып білім алушылар тақырыпты қаншалықты түсінгенін білуге болады.

Топпен бірге жұмыс жасағанда істің атқарылуына емес, оның топпен қалай жасалғанына көңіл бөлген дұрыс. Бұл жағдайда жұмыстың нәтижесі ғана емес , сонымен қатар жұмыс барысы да бағаланады. Өйткені топта жұмыс істей білу білім алушыны қалыптастырудағы өте маңызды құзіреттілік. Бұл жағдайда формативті бағалау оқу үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Себебі топпен бірге жұмыс істеу арқылы білім алушылар ақылдасып , сұрақтар қойып олар өзара байланыс жасайды. Білім алушылар топтық жұмыс жасау арқылы да өз мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана алады. Өз сабағымда өтілген топтық жұмыс кезеңінде бала өз көзқарасын өзгелермен бөлісе отырып, басқалардың да пікірінің құнды екенін ,өзінің түсінігін әліде дамыту керектігін түсінетінін байқадым. Топқа бөліп оқытқанда білім алушылардың талпынысы артады. Әр оқушы өзін жеке керекті тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талпынады . Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады. Топтық жұмыс оқушы белсенділігін арттыруда үлкен жетістікке жеткізеді. Топтық жұмыста топ мүшелері арасында сенімділік байланысы орнығады. Оқушылардың бірін – бірі топ ішінде кері байланыс жүзеге асады. Топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға деген ынталары арта түседі.

Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін неғұрлым тиімді ұйымдастыру үшін, білім алушыларға уақытылы қолдау көрсету және олардың оқудағы жетістіктерін қамтамасыз ету үшін, мүдделі тараптарға оқудың нәтижелері туралы ақпарат беру үшін қолдану ұсынылады. Мұндай бағалау жүйесі ең алдымен балаларды оқуда табысқа жетуге ынталандыруға, білімдегі кемшіліктерді анықтауға және олардың жетістіктерін көрнекі түрде көрсетуге бағытталған.

Білім алушы мен мұғалім жеке және бірлесіп одан әрі даму үшін алдағы іс-әрекеттердің жоспарын әзірлей алады.

Мұхтар Шахановтың « Бала жүрегі кішкентай күй сандық . Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол кілт жүруі керек» дегендей , мұғалімдер үнемі ізденісте болуы керек. Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне ұмтылуда. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі эканомикасының дамуына байланысты болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының білімділігі мен біліктілігі не байланысты .

Қазіргі таңдағы бағалау жүйесінің артықшылығы - баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын тудырады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқытумен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып , оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан алған әсерлем өте көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер - педагогтардың оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен жәнешығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.

Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі