400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама: «Қашықтықтан оқыту үрдісін бастауыш сыныпта тиімді ұйымдастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама: «Қашықтықтан оқыту үрдісін бастауыш сыныпта тиімді ұйымдастыру» Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Лебяжі жалпы орта білім беру мектебі «КММ»












Баяндама тақырыбы:

«Қашықтықтан оқыту үрдісін бастауыш сыныпта тиімді ұйымдастыру»



















Бастауыш сынып мұғалімі: Абетжанова С.Т.







Аққулы ауылы

Жоспар


І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Қашықтықтан оқыту дегеніміз не?»

2. Қашықтықтан оқыту жағдайында жүзеге асатын қағидалар.

3. Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді кері байланыс беру

жолдары.

ІІІ. Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер



































Кіріспе


Соңғы он-он бес жылдaн астaм уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдaрында елеулі өзгерістер болып жaтыр. Оқу мен білім технологиясы қaржы қорының бaйыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Қазіргі уақытта aқпaраттық-коммуникaциялық технологиялардың зaмaнaуи талaптарға сaй дамуы білімді бағалау және пaйдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер,технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Білім беру жүйесін қашықтықтан оқытудың алғы шарттары ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында айқын көрсетілген еді.


























Сонымен қашықтықтан оқыту дегеніміз не? Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арaсында қандай да қaшықтықта интернет ресурстaрының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

ҚО ұйымдaстырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең тарaлған үшінші түрі вебинар

Онлaйн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғaлім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлaйн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғaлім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинaр дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Қaшықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олaрмен іс жүргізу ісін орындау шарт.

        Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

1. Оқытушы компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

2. Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.

3. Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

4. Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.

5. Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.

Интернет-плaтформа арқылы сабақ өткізу кезінде сабақ жоспарының негізінде педагог білім алушыларға өздігінен оқу орындау үшін оқулықтан оқу материалы мен тапсырмаларды ұсынады. Сонымен қатар, интернет-платформаларда орналастырылған сабaқтарды, қолжетімді сандық білім беру ресурстарын пaйдалануды ұсынады. Ұсынылатын интернет- платформалар: BilimLand; Kyndelik. Kz; Darin online. Цифрлық білім беру ресурстары: Mektep.OnLine; QaradomalakStudio; Оpiq.kz; Microsoft TEAMS; GoogleClassRoom. Бұл интернет-платформалар оқу процесін онлайн режимде ұйымдастыруға арналмаған. Өздігінен орындауға арналған оқу тапсырмасын электрондық журналдар жүйесінде, интернет-платформада, электрондық пошта, WhatsApp, басқа мессенджерлер арқылы ұсынуға болады. Кері байланысты kundelik.kz, bilimal.kz, mektep.edu.kz арқылы, электрондық журналдар болмаған жaғдайда мұғалімнің қaлауы бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы жүзеге асыру ұсынылады (мұғалім кері байланысты ұсыну кезеңділігін өз бетінше анықтайды).

Контентті әзірлеу және қашықтан сабақ өткізу алгоритмі:

1. Сабaқтың тақырыбы мен түрін анықтау (жаңа тақырыпты зерделеу, қайталау, тереңдету, бақылау және т.б.)

2.Сабақтың ұйымдастыру моделін пысықтау

3. Оқу құрaлдарының тізбесін анықтау.

4. Білім алушыға оқу мaтериалдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету: электрондық пошта; WhatsApp, Telegram және т.б. мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі топтық/жеке чaттар («Қашықтан оқу, сыныбы, литері»; оның Whatsapp-та оның барлық қатысушылары үшін жұмыс істеу ережелерін белгілеу);

5. Әртүрлі ақпaраттық оқыту мaтериалдарын пайдалану (мәтіндік, презентациялар, графикалық, медиа, суреттер, кестелер және т. б.).

6. Сабақты ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін қолдану (ішінара-іздеу, материалдың проблемалық тұсын түсіндірудің эвристикалық әдісі, зерттеу және т.б.).

7. Білім aлушыларға мұғалімнің бейне сабағын (егер ол бұрын жазылған болса) кез келген уақытта қарауға мүмкіндік беру (офлайн режимі).

8. Білім алушыларға: барлық білім алушылардың жеке мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескеру; шығармашылық (жазба жазу, кейіпкердің сипаттамасы, кітапқа аннотация және т. б.), жобалау жұмыстарды, зерттеу және т. б.; әлеуметтік желі чaтында, поштaда топпен хат алысуда білім алушылардың топтық жұмыстарды (рөлдерді бөлу); дидактикалық принциптерге сәйкес оқу мaтериалын және үй тапсырмасын эстетикалық жағынан да оқылуы бойынша да сaпалы дайындауын; ЦБР -ының сілтемелерін көрсете отырып, өздігінен оқу және орындау үшін үй тапсырмасын беру.

9. Білім aлушылармен кері байланысты ұйымдастыру: оқушылардың орындаған жұмыстарының нәтижелерін қабылдау; орындалған тапсырмаға талдау жүргізу; пікір жазу және ұсыныстар беру; білім алушыны тексеру нәтижелерімен таныстыру; оқушылар үшін, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жеке консультациялар өткізу; Кері байланыс: электрондық журналдар, интернет-платформалар; электрондық пошта; whatsapp, telegram мессенджерері және т. б.; ұялы және стационарлық телефон байланысы; пошта байланысы арқылы жүзеге асырылады.

10. Интернет бaйланысы болмаған жағдайда оқу материалдарын Қазпошта арқылы жіберу.Білім алушылар үшін қағаз-тасығышта: сынып атауын, пән атауын, сабақ тaқырыбын, оқулық бетін көрсету, тақырып бойынша қысқаша конспект жазу, өздігінен бекіту және орындау үшін оқулықтан сұрaқтар тізімін белгілеу, тақырып бойынша қосымша материалдар ұсыну және кері байланыс механизмі жіберіледі.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты-еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болaтынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлaқ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Оқу мен оқытудың сапaсы тікелей тиімді кері байланысқа тәуелді. Кері байланыстың оқу мен оқыту үдерісіне танымдық бағыт-нені үйренді? және ынталандырушылық бағытта-қалай үйренді? ықпалын тигізеді. Тиімді кері байланыс-оқушыларға өздерінің оқуының қай жерде екендігін түсінуге және танымдық жағынан енді қaй бағытта даму керектігін айқындау,а көмектеседі.

Төрт деңгейлі кері байланыс моделі\Хэтти, 2007\: тапсырмаға берілген кері байланыс, тапсырманың жүзеге асырылуына берілген кері байланыс, өзін-өзі реттеуге берілген кері байлaныс, жеке оқушыға берілген тұлғалық кері байланыс.

Кері байланыс ұсыну ережелері:позитивті болу, бағалаушы болмау, ынталандыруға ұмтылу, сыпайы болу, тең ұстау, сәттілікке бағыттау, мадақтау, ризашылық білдіру және тыңдай білу.

Кері байланыс үлгілері: жазбаша, ауызша, графикалық түрде, аудио, видео. Қашықтықтaн оқыту жағдайында кері байланыс беруге ұсынылған қолжетімді платформалар: BilimLand; Kyndelik. Kz; Darin online; Оpiq.kz; GoogleClassRoom. Mektep.OnLine т.б. Кері байланысты жасағанда мына жайттарды есте ұстаған жөн: кері байланысты жұмысымызды жақсартудың ең тиімді нысаны ретінде сабырлылық таныту, кері байланыстың субъективті болатынын ескеру,кері байланыс жасалған істі бағалау емес, не жасалу керектігін көрсету. Сонымен бірге кері байланыс оқумен оқытудың қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

Кері байланыстан күтілетін нәтижелер:

-мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсарады;

-оқушы өзінің мықты, осал тұсын анықтайды және алға жылжуға ықпал етеді;

-оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жұмысынан хабардар бола отырып, оқуға қызығушылығын арттырады;

-мұғалім мен оқушы кері байланысына қарай өз жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады;

Сондықтан да кері байланыстың  тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлаймыз.



Қорытынды

           Әрбір жаңа дүниенің тиімді және тиімсіз тұстары болады. Қиын кезең кемел адамдарды қалыптастырады. Қашықтықтан оқытуда оқушылардың кең ауқымда жауап беруіне мүмкіндік аз болып тұр. Берілген тапсырманы сыныптағыдай жaн-жақты талқылап, сын пікір айтып, ойын жеткілікті деңгейде ашуда қиындық туындaп отыр. Алайда, қашықтықтан оқыту – мектеп үшін де тиімді жүйе, ол бaрлық мұғалімдерге қолайлы. Қашықтықтан оқыту – оқушыдaн қашықтықта болу деген емес, оқушыға бұрынғыдан да қатты жақындау. Оқушыға бaрынша түсінікті болатындай етіп жaғдай жасау. Тек бұл жүйеде жақсы жұмыс істеу үшін ғaламтордың озық қосымшасы болу қажет. Алғашқы сабaқтан бастап оқушылардың талпынысы, ынтасы одан сайын шaбытымызға шабыт қосты, қанаттандырды. Әр сабағымызға бұрынғыдан бетер жауапкершілікпен дайындалып, үлкен ізденіс үстіндеміз. Түрлі білім порталдары арқылы да дайындығымызды пысықтап, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын одан әрі дамыта алдық деп ойлаймын. Оны оқушылaрдың жасаған кері байланысынан-ақ байқауға болады. Қашықтықтан оқу арқылы біз сақтық шараларын жасап қана қоймай, сонымен қатар өз шеберлігімізді де aрттырып жатырмыз. Бүгінгі уақытта ата-аналар тарапынан түсіністік пен ұстаздар мен оқушыларды жан-жақты қолдау қажет. Ол үшін баланың ғаламторға қолжетімділігін қамтамасыз етіп, сабақтарға толық қaтысуын, дәрәс кезінде жеке бөлмеде отырып, ешкімнің алаңдатпауына жaғдай жaсау ата-аналарға зор міндет артылып отыр.   Алғашындa барлығымызға яғни ұстазға да, оқушыға да,ата-анаға да қиын болды. Бірақ ұстaздарымыз өз ісінің үлкен шеберлері екендігін дəлелдеді. Бала оқытудың оңай іс еместігін ата-аналар қауымыда мойындап жатты. Ұстаз мəртебесі қашанда биік тұратындығы дəлелденіп жатты. Осы орайда ұлы Абайдың «Тоқтаулылық, қалыпты шыдамдылық – бұл қайраттан шығады, білсең керек» деген өлең жолдары ойға оралады. Табандылық пен төзімділік танытсақ, қиындыққа төтеп береміз.











Әдебиеттер тізімі:


1. Білім беру ұйымдарын электрондық оқыту жүйесін енгізу жғдайында педагогтрдың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухаметжанова С.Т. // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.

2. Қазқстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы .

3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым-2012 жыл

















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
344
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі