Материалдар / Баяндама «Қазақ тілі пәнінен жаңартылған білім беру бағдарламасы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама «Қазақ тілі пәнінен жаңартылған білім беру бағдарламасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы оқушысына қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2418
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жамбыл орта мектебі»ММ











Баяндама



«Қазақ тілі пәнінен жаңартылған

білім беру бағдарламасы»






Қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімі:

Сакупжанова Жанна Жумагуловна



























«Қазақ тілі» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу мәселесін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады.

«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы оқушысына қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құраудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.

Казақ тілін меңгеру арқылы қоғамдық өмірге араласуға қажетті жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын жағдаяттар жүйесі негізінде дамытады; олар қазақ тілінде түрлі өмірлік жағдаяттарда еркін қарым-қатынас жасайды, өзара пікір алмасады, көзқарастарын білдіреді, өз ойын жүйелі де нақты жеткізеалады; қазақтілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады; түрлі мәтіндерді өздігінен түсініп оқиды; оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасап, ауызша және жазбаша сөйлеу дағдылары арқылы тың идеяларын өзгелермен еркін бөліседі

«Тыңдалым және айтылым» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

  • болжау;

  • әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;

  • мәтіннен ақпаратты анықтау;

  • негізгі ойды анықтау;

  • тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;

  • сөйлеу мәдениетін дамыту.

«Оқылым» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

  • ақпаратты түсіну;

  • мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;

  • мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;

  • мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;

  • мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау;

  • оқылым стратегияларын қолдану;

  • әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.

«Жазылым» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

  • жоспар құру;

  • әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

  • жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;

  • эссе жазу;

  • оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;

  • мәтіндерді түзету және редакциялау.

«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі аясындағы бөлімшелер оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді:

  • орфографиялық норма;

  • орфоэпиялық норма;

  • лексикалық норма;

  • грамматикалық норма;

  • пунктуациялық норма («Қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы).


«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерінің мұғалімдері оқушыларды өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы тәрбиелейді және дамытады:

  • сенімді қатынас пен ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру үшін жағдай жасау;

  • әрбір оқушының жеке пікірін тыңдау және алынған білімдер мен түсініктерді қолдану мен оларды дамыту маңыздылығына мән беру;

  • іс-әрекеттердің белсенді түрлерін ұйымдастыру және тиянақты сараланған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы ынталандыру және дамыта оқыту;

  • оқушылардың сабақта зерттеу жұмыстарын жүргізуін қажет ететін проблемалық жағдаяттар туындату және проблемаларды шешу стратегияларын модельдеу және көрсету;

  • «оқу үшін бағалауды» қолдану арқылы оқушылардың оқуына қолдау көрсету;

  • белсенді оқуға және зерттеу жобаларын орындауға негізделген оқушылардың зерттеу іс-әрекеттерін қолдау;

  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • өз ойын жеткізе білу және дәлелдер келтіре алу, мәселелерді анықтау үшін өз пікірлерін жеткізу, болжам құру және ұсыныс жасау қабілетін дамытуға ынталандыратын жағдайлар жасау;

  • оқушылардың жеке мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, сараланған тапсырмалар әзірлеу;

  • жеке, жұптық, топтық және ұжымдық оқыту әдістері белсенді қолданылатын жалпы сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.


Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің (Роберт Юджин Глейзер енгізген ұғым, Glaser, R., 1963) нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады.

Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау (ҚБ) мен жиынтық бағалаудан (ЖБ) тұрады.

Оқушыларды уәждеу

Оқушыларды уәждеу тәсілдері әдетте сыртқы және ішкі деп бөлінеді. Алайда оларды қатаң түрде екіге бөліп талдағаннан гөрі, ажыратуға келмейтін біртұтас ретінде қарастырған орынды болады (Vallerand, 2000). Сыртқы уәжді (оқушыға сырттан әсер ететін факторларға негізделген) арттыруға арналған тәсілдер Б.Ф. Скиннер (1953) ұсынған бихевиористік қағидаттарға негізделеді. Сөз болып отырған тәсілдер жағымды мінез-құлықты нығайтып, кері тәртіпті шектеуді қамтамасыз ету мақсатында кері байланысты (соның ішінде мадақтау мен кінәлауды) қолдануды көздейді.

Зерттеу қорытындысы бойынша, оқушылардың білімге құштарлығы күшті болады, алайда білім алу барысында ол бәсеңдей береді (немесе тіпті өшіп қалады). Мұғалімдер ең бірінші кезекте оқушының осы туа біткен қызығушылығын қолдап, оны білім алу үдерісіне тарту арқылы баланың ішкі уәжін барынша арттыруға ұмтылулары керек. Себебі олар ішкі уәжін жоғалтқан болса, оны ояту қиынға соғады. Мұғалімдер сыртқы уәждеуші факторларға жүгінуде абай болғаны абзал, өйткені ол ішкі уәжге кері әсер етуі мүмкін.

УӘЖДІ ӨСІРЕТІН ФАКТОРЛАР

УӘЖДІ ӨШІРЕТІН ФАКТОРЛАР

түрлі оқыту мен оқу әдістерін пайдаланатын белсенді мұғалім

негізінен өзі сөйлейтін немесе лекция оқитын мұғалім

көп оқушыны қамтитын белсенді тапсырмалар

аз ғана оқушы қатысатын немесе мүлде қатыспайтын тапсырмалар

белгілі бір мағынасы бар және осының алдында өткен тақырыппен байланысты жаттығулар

күңгірт, түсініксіз және осының алдында өткен тақырыппен байланыспайтын жаттығулар

сабақтағы жаттығулардың күрделілігі тиісті деңгейде және барлық оқушылар орындай алатын етіп сараланған

сабақтағы жаттығулар сараланбаған және басында орындау тым қиын немесе жоғары қабілетті оқушылардың қабілеттері ескерілмейді

оқыту мен оқудың сан алуан әдістері қолданылады сабақтың қандай болатынын күні бұрын болжау мүмкін емес

оқыту мен оқу әдістерінің аз ғана түрі қолданылады сабақтың қандай болатынын күні бұрын болжап білуге болады

оқушыларға «ойлануға» уақыт бере отырып, сабақ қарқынын өзгерту

сабақтың қарқыны өте жылдам/баяу және оқушыларға «ойлануға» уақыт берілмейді

әр оқушыға жеке қолдау көрсету

оқушылар мұғалімнен көмек күтеді

көп мақтау және мұғалімнің дене қимылдарын, ымды тиімді қолдануы

мақтау айтылмайды және мұғалім дене қимылдарын, ым-ишараны тиімді қолданбайды

оқушылар сабақ мақсатын және олардан не күтілетінін біледі

оқушылар сабақ мақсатын және өздерінің нені үйренетінін білмейді

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша жаңартылған оқу бағдарламалары да осы үдерістің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл бағдарламалар оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытуға көмектеседі. Оқушылар әр жылы келесі сыныпқа ауысқан сайын ақпаратты бағамдау, дәлелдерді қабылдау және өз дәлелдерін ұсыну, тапсырмаға, аудитория мен мақсатқа сай келетін терең жазбаша материал өндіру үшін аталған дағдыларын қолдануда шеберлігі арта түспек. Олар алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында, ресми/іскерлік ортада бәсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім алады. Сондықтан қазақ тілі мен әдебиеті арқылы оқушылар өз білімдерін қажетті жағдайларда қолдануды үйренеді, соның нәтижесінде олардың бәсекеге қабілеттілігі артып, өмірде туындайтын әртүрлі қиындықтарды еңсеру барысында қолдануға мүмкіндік алады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!