Баяндама "Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарына оқушылардың қызығушылықтарын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Осакаров ауданы
№29 орта мектебі
Аскер Куралай

Баяндама

"Қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін қолдану".

Ойын оқушыларды ұтымдылыққа, белсенділікке,шыдамдылыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке, шапшаңдыққа, талаптылыққа, ұтқырлыққа тәрбиелейді. Менің өз тәжірибемде қолданған ойын түрлеріне тоқталсам:

1. «Өз жұбыңды тап» оқыта үйрету ойыны. Сөз тіркесетірн меңгертуге арналған ойын. Мұғалім сабақта сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын жаттықтыру мақсатында осы ойынды ойнатуына болады. Бұл ойында оқушылар саны жұп болуы керек. Мұғалім әр оқушыға бір-бірден сөз үлестіреді. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды. Осыдан кейін оқушылар сөз тіркесін жасау үшін өз жұбын іздейді. Мысалы , жауады, көктем, айлары деген сөздер таратылады. Жаңбыр деген сөзді оқыған бала жауады деген сөзді оқыған баланың қасына барып, екеуі бірігіп, жаңбыр жауады деген тіркесті айтады. Picture 7

2.  «Ептілік» ойыны. оқыта үйрету ойыны. Бұл ойынды өткен сабақты пысықтау мақсатында немесе жаңа сабақты қорытындылауда қолданамын.

А) Сабақты пысықтауда ұлттық киімнің суреттері бар үлестірмелі қағаздарды жіпке жайып, астына сұрақтар жасырдым. Сұраққа жауап беріп, киімнің атауын тапса, қолындағы сұраққа дұрыс жауап берген болып саналады.

Ә) Жаңа сабақты қорытындылауда ұлттық нақыштағы киім суреттерін таратып беремін. Оқушылар жаңа сабақта алған білімдері мен әсерлерін қысқаша жазады , оқиды да жіпке іледі. (Суреттегі заттың аталуын айта кетеді).

Picture 10

3. «Білезік» ойыны. Қазақ халқында әшекей бұйымдардың орны ереше болғандығын түсіндіре келіп, үй жұмысын «Білезік» ойыны арқылы сұраймын. Алдымен ойын шартын түсіндіремін. Сұрақтар жазылған дөңгелектелінген түрлі-түсті қағаз білезіктер (шынайы білезіктер қолдануға болады) таратып шығамын. Оқушылар білезіктегі сұрақтарға дұрыс жауап берсе қолдарына өзім кигіземін. Сабақ соңында бағалауда білезік ұпайын қосамын. Нәтижесінде білезікті кию үшін әрекет ету арқылы білімділікке, кию барысында әдемілікке үйренеді және әшекейлер туралы ұғымы артады.

4. «Тойбастар» ойыны. Бір бөлімді аяқтаған кезде нәтиже сабақта ойнаймыз. Үш топ болса үш қоржын дайындаймыз. Әр қоржында нөмірленген қорапшалар немесе асықтар саламын. Сандар арқылы аударма жұмысы, сөз тіркесін құру, буынға бөлу, тақырыпқа сәйкес грамматикалық тапсырма, мәнерлеп оқу, диалог т.б. тапсырмалар болады. Қай топ тез дайындалып, дұрыс айтып шықса, сол топ жеңімпаз атанады. Бұл ойын барысында оқушылардың бойынан ұйымшылдық, бірлікті байқаймын. Өткен тақырып бойынша оқушының қандай деңгейде меңгергенін тексере аламын және кәде сый туралы түсініктерін қалыптастырамын.

Picture 8

5. «Қазақ ауылы» танымдық ойын. «Қазақ ауылы» танымдық ойын. Жаппай сынып болып немесе екі- үш топқа бөлініпте ойнауға болады. Киіз үйдің бөлшектері мен жабдықтары бойынша тапсырмалар беремін. Оқушылар тапсырманы орындау арқылы киіз үйді құрады. Нәтижесінде біліммен бірге киіз үй құрылысының атауларын, құрылу жолдарын меңгереді.

Picture 11 Picture 10

6. «Өз орнын тап!» танымдық ойын. Кесілген суреттердің астындағы тапсырмаларды орындай отырып, суретті құрау. Мысалы: Абай Құнанбайұлының “Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ” шығармасын оқытуда «Өз орнын тап!» танымдық ойынын қолдандым. Ойын сәтті шықты. Шығарманы талдай отырып, өлең жолдарындағы жылқының сыртқы дене мүшелерін тауып жапсырды. Мәселен, «Ой желке, үңірейген болса сағақ» деген жолдардан желкені, сағақты құрастырды. Тақырыпты меңгерту жолдарында тиімді болды.

Picture 7

Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Ойын элементтері - балалар өмірінің нәрі. Ойын баламен мәнгілік өмір сүреді. Ойынды баланы алдаушы құрал ретінде ғана қолданбай, ойын арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруға, қиялын шыңдауға, баланың арман, тілегін білуге, зейінін, жадыны қалыптастыруға, ойлау қабілетінің дамуына әсер етуге болады.
оооооооооооооооооооооооооо


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.11.2018
549
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі