400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама "Қазақстан Республикасының Президенті"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының Президенті-жоғары лауазымды тұлға және Қазақстан Республикасы әскери күшінің бас қолбасшысы оның өкілеттілігі Қазақстан Республикасы Конституциясының арнайы бөлімнен анықталады.

1990 жылы 24 сәуірде осы лауазым бекітілгеннен бері Қазақстан Республикасының Президенті- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып табылады.

Қазақстан-бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдердің ішінде алғашқылардың бірі болып президент институтын қалыптастырған ел. 1990 жылдың көктемінде Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің шешімімен президент институты құрылып, бұл лауазымға Нұрсұлтан Назарбаев бекітілді.

«Қазақстан Республикасы мейрамдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы заңға қол қойылды. Мейрамдар туралы заңға енгізілген толықтыру бойынша Қазақстан Республикасының 1-ші Президентінің күні мейрам ретінде анықталып, ол 2012 жылдың 1-ші желтоқсанында тойланатын болды.

Бұл жаңа мейрамды бекіту туралы ұсынысты Республика Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында депутаттар ұсынған болатын. Бұл күні 1-ші Президент сайланып Қазақстан Республикасы Президентінің институты құрылған. Бұл оқиға біздің мемлекетіміздің артуына және дамуына күмәнсіз әсер етті.

Мемлекет беделін арттырып, негізін құрауға бағытталған тарихи жауапкершілік 1-ші Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жүктелген. Оның басқаруымен ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды.

Бұл жерде айтпағымыз, Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ мемлекетін неше жыл басқарып келе жатқанында емес, оны қалай басқарып келе жатқанында. Қандай жағдайда, қандай ахуалдығы елдің тізгінін қолына алып, оны қандай деңгейге жеткізгендігі.

Қазақстан басшысы кеңес заманынан мұраға тек орталықты тек орталықты шикізатпен қамтамасыз етумен айналысқан, өндірістері жоққа тән, барының өзі әлдеқашан ескірген, әлеуметтік ахуалы барынша шиеленіскен, экологиясы жетер шегіне дейін тозған, айналасында анталаған алпауыттар көз тіккен, одан қалды іргесінде түрлі қауіп-қатерлердің ошақтары тұтанған ұлан-ғайыр даласы мен оны мекендеген сан түрлі ұлттан құралған халқы бар мемлекеттің тізгінін алды.

Салмақты да салиқалы саясаты арқылы Нұрсұлтан Назарбаев алдымен халықтың билікке деген сенімін нығайтты. Соның арқасында күллі елді соңынан ерте білді. Халықты ерен істерге жұмылдырды. Тәуелсіздік алғаннан бері неше рет өткен президент сайлауларында халық тек Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім артудан жаңылған емес. Бұл сенім- әлдеқашан ақталған сенім, алдағы уақытта да ақтала беретін сенім. Себебі, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев- әлдеқашан тарих-таразының елегінен өткен, тек қазақстандықтардың ғана емес, барша адамзат баласының болашақ тағдырын айқындауға өзінің үлесін қосқан азамат. Ол қазақ мемлекетін құрушы ретінде, әрі оны түбегейлі жаңғыртып, дамудың даңғыл жолына қосушы ретінде тарихта қалады. Сондықтан, әлі талай буын, әлі талай ұрпақ нағыз мемлекетшіл адам, ұлтын сүйген ұлан, көреген саясаткер қандай болады деген сауалға жауап іздер болса, әрдайым Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғалық болмысына, азаматтық бейнесіне жүгінері даусыз!

Қазақстанның мемлкет ретінде негізін салушы болып табылатын 1-ші Президентіміз бүкіл Қазақстандықтардың және халықаралық ұйымдардың көңілінен шыққан, үлкен қозғалыстардың, инициативаның авторы болып табылады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел алдындағы жауапкершілігін сезіну деңгейі жоғары.

Бұл бірінші кезекте жас мемлекеттің шыр етіп шарана қалыпта жерге түскен, аяғын тәй-тәй басқан балғын да балауса кезінде жан-жақтан анталаған алыптардың талауына бермей, сан тараптан құздары қарауытқан шыңырауларға құлатпай, халқын жетелеп жүріп барша қыл-көпірлерден аман есен алып өткен Қазақстанның тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен кемеңгерлігінің арқасында мүмкін болғанын айтсақ, ешкім бұл пайымымызды жалаң жағымталсу деп қабылдамайтын шығар. Елбасының әрбір бастамасына барынша қолдау білдірген барша ұлт өкілдері бір атаның балаларындай көшбасшысының маңына тоғысып, жұмыла еңбек етті. Ең күрмеуі қиын күрделі мәселелердің өзін аймаңдай ұлының азаматтығына сеніп тапсырды. Соның нәтижесінде ел бүгінгі биікке көтерілді.

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы 20 жылына әрбір сөзін тоғыз толғанып барып айтатын әлемнің ең азулы саясаткерлерінің көпшілігі «Қазақстанның таңғажайыбы» деп баға беруде. Мұны олардың Қазақстанның шыққан биігін өз елдерінің тарихи жолдарымен салыстырып барып жасаған пайымдары деп санауға болады.

Көптеген мемлекеттердің білікті сарапшылары мен майталман саясаткерлерінің аузымен айтқанда Орталық Азияның барысы өзінің зор секірісін жасай алды. Жас мемлекет әлемнің ең қарқынды дамушы елдерінің көшін бастады. Қазіргі Қазақстан аяғынан тік тұрған, кім-кім де санасатын азулы мемлекет. Әйтпесе, жаңа мыңжылдықта бір де бір рет бастарын қоса алмаған Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің басшылары тайлы-таяғымен қазақ жеріне сабылар ма еді? Әйтпесе, әлемнің ең мықты деген елдері дүниежүзілік дағдарыстың құй батпағына малтығып, құрдымға кетіп бара жатқанда біздің ел үздіксіз дамудың тамаша үлгісін көрсетер ме еді?

Еуразия құрлығындағы ең ауқымды ықпалдастық шараларына бастамашы болып, үзілген жіптерді бір-бірлеп отырып қайта жалғады. Нәтижесінде, өгізді де өлтірмейтін, арбаны да сындырмайтын, яғни барлық елдердің тәуелсіздіктеріне нұқсан келтірмей, керісінше мүдделеріне ортақ жұмыс істейтін алып кеңістік-Кеден Одағы, Біртұтас Еуразиялық Одақ пайда болды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын жаһандық экономикалық дағдарыс басталғанда қазақ айтатын түйені жел шайқаса ешкіні аспаннан ізденің нақ өз болатын заман келген. Қазақстан әлемдегі осынау алапат дағдарыспен сәтті күресе алған санаулы мемлкеттің бірі атанды. Оның дағдарысқа қарсы күрес шаралары барлығынан да тиімді болып шықты. Әлем елдері әлі де дағдарыстан ес жия алмай жатқанда біздің халқымыз аса ауқымды өндірістік жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.

Сонымен қатар, Қазақстан ТМД елдері арасында ұзақ мерзімдік стратегиялық жоспары бар санаулы мемлкеттердің бірі. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасы ең қиын кезеңде елдің қайда бағыт алатынын айқындаған айрықша маңызды құжат болатын. Ал «Қазақстан-2050» бағдарламасы Қазақ елінің болашағының жарқын екенін көрсететін құжат болып табылады. Осынау факторлардың барлығы біріге келгенде Қазақ елінің бүгінгі толағай табыстарына толыққанды тұғыр болғаны сөзсіз.

Қазақстан-жас мемлекет. Небары 27 жылдың ішінде осы мемлекетте атқарылған ерен істерді лайықты жалғастыратын білімді де патриотты буын өмірге келді. Еліміздегі барлық мемлекеттік қызметкерлердің үштен бірі жастар, ал шенеуніктердің орташа жасы 40-қа да жетпейді. Бұл дегеніміз елдің ертеңі жарқын екеніне, көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастауында тұрған ұлы істер ертең де лайықты жалғасын табарына шынайы кепілдік. Елбасының өз сөзімен айтқанда мемлекеттің гүлденуі үш тағанды: халықтың сенімін, азаматтардың білімі мен біліктілігін және ең бастысы елдің бірлігін тірек етіп тұр.

Қорыта келгенде, әлемдік сарапшылар жиі айтатын «Қазақстандық ғажайыптың» құпиясы оның көшбасшысының сарқылмас ерік-жігері мен осы көшбасшы әрбір азаматтың жүрегіне еге білген ертеңге сенімде. Ендеше, сенімдеріңізге селкеу түспесін, ағайын. Болашаққа Елбасымен бірге аяқ басайық.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
961
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі