Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі
БАЯНДАМА
Тақырыбы:
Қазақстандағы
репрессия құрбандары
Орындаған:
Мұстафаев
Ербол
Тарих
пәнінің мұғалімі
Қазалы қаласы
«Қарт ана, халің
қалай, тірімісің?
Жандардың қайғы
тартқан бірімісің?
Қан жұтып,
азаппенен қартайғанда
«АЛЖИР-дің»
айтылатын жырымысың?
Бүгін, мамырдың 31 –і - Саяси
қуғын – сүргін құрбандарын еске алу
күні. Бұл атаулы күн Елбасы
Жарлығымен қоғамдық келісім және саяси
қуғын – сүргін құрбандарын еске алу
жылы болған 1997 жылдан бастап атап өтіліп
келеді. Осы күні 1931-1933 жылдарда 2 миллиондай
қазақтың өмірін қиып кеткен ашаршылық
құрбандарына да аза тұтылады. Қазақ ұлт
болып қалыптасқан ғасырлар бедерінде
талай зобалаңды басынан өткергені. Арғы
тарихтыңда, бергі тарихтың да қалың
қатпарларында қаншама төгілген қанмен
ащы тер жатыр. Бағзы замандарды былай
қойғанда, өткен жүз жылдықта ұлттың бас
көтерер жетекші саяси топтарына қарсы
ауық – ауық репресиялық науқандар
жүргізіп отыру патшалық және кеңестің
жүйелерден қалыптасып қалған үйреншікті
шараларының бірі болған. Тек ХХ ғасырдың
өзінде ғана билік 1907-1911, 1916-1922, 1925-1926,
1927-1932, 1933, 1937-1938, 1951-1954 жылдары репресиялық
актілерді жүзеге асырған яғни репресия
парманетті түрде, бірде жабық – жасырын,
бірде ашық, бірақ үзіліссіз жүргізіліп
отырған яғни Қазан төңкерісінен және
КСРО- дағы Азамат соғысынан бастау алған
С.қ.-с. науқандары Кеңес Одағы тарағанға
дейін созылған. 1928 жылдың ортасынан
бастап бұрынғы Алаш қозғалысына қатысқан
қайраткерлер жаппай тұтқындала бастаған.
Оларға негізінен «буржуазияшыл -
ұлтшылдар» деген айып тағылған. Осы
кезеңде тұтқындалған 44 алаш ордашылардың
үшеуі Ж.Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әбілов
ату жазасына кесіліп, үкім орындалған
ал қалғандары әртүрлі мерзімге түрмеге
қамалған. Ұлттық интеллегенцияның
екінші тобы 1930 жылдың қыркүйек – қазан
айларында тұтқынға алынған. Олардың 15
–і Орталық Ресейге жер аударылған.
Сонымен бірге өндірістегі, шахталардағы
қызметкерлер мен жұмысшылар арасынан
«халық
жауларын»іздестіру
кеңінен орындала бастаған.
1936-1938 жылдар аралығында
Қазақстанда 25833 адам партиядан шығырылып,
олардың 8 544-ті «халық жаулары» ретінде
айыпталған. Белгілі қазақ зиялылары
алаш қайраткерлері түгелге жуық
жазаланған. Мысалы, 1937–1938жж. Қазақстанның
көрнекті мемлекет және қоғам
қайраткерлері Тұрар Рысқұлов,
Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин,
Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов,
Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин,
Санжар Асфендияров, Міржақып Дулатұлы,
Сұлтанбек Қожанов, Мұхамеджан Тынышбаев,
Жүсіпбек Аймауытұлы, Мұстафа Шоқай,
Нәзір Төреқұлов, Сейітқали Меңдешев,
Ораз Жандосов, Сүлеймен Есқараев, Жақып
Ақбаев, Смағұл Сәдуақасұлы, Темірбек
Жүргенов, Ұзақбай Құлымбетов, Қайретдин
Болғанбаев, Халел Досмұхамедов, ЖаҺанша
Досмұхамедов және басқа да ұлттың туын
ұстаған қайраткерлері жазықсыз атылды.
Сталиндік С.қ.-с. соғыстан кейінгі жылдары
да жалғасқан. Ендігі соққы еркін ойлы
интеллегенция өкілдеріне және талантты
ғалымдарға қарсы бағытталған.
М.Әузеов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов
«Қазіргі тақырыпқа пьеса жазбайтындар»
ретінде саналса, Ә.Тәжібаевтың «Біз
қазақпыз» атты шығармасы ескі хандармен
феодалдар өмірін марапаттау деп танылған.
Қуғынға ұшырағандардың арасында Ермұхан
Бекмаханов, Бек Сүлейменов,
Есмағамбет Ысмайылов, Қаныш Сәтбаевтар
бар.
1947 жылы жарияланған «Қазақстан
ХІХ ғасырдың 20- 40 – жылдарында» атты
монографиялық зерттеуінде Кенесары
Қасымұлы бастаған қозғалысқа ұлт –
азаттық қимыл ретінде баға берген
тарихшы Е.Бекмаханов жазықсыз қудаланып,
25 жылға сотталған. Оның көзқарасына
жақын пікір айтқан біртоп тарихшыларда
қатал жазаланған.
Соңғы зерттеулер бойынша
1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына
дейінгі кезеңде Кеңес Одағында соттан
тыс және сот органдары 3млн. 777 мың адамды
ату жазасына соттап, оның ішінде 643 мың
адамды кесіп, лагерлермен түрмелерде
25 жылға дейінгі мерзімге қамауға 2 млн.
369 мың кісі жөнелтілген. Ал айдауларға
және жер аударылуға 765 мың адам жіберілген.
Қазақстанда болған саяси қуғын-сүргіндердің
салдары, негізінен елдің бостандығы
мен тәуелсіздігін аңсаған жандарды,
отаршылдық саясатқа қарсы күрескен
саясаткерлер мен патриоттарды қыруға
ғана бағытталған еді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін
сталиндік қуғын−сүргінге ұшыраған
азаматтарға қатысты әдiлеттiлiктi қалпына
келтiруге байланысты және саяси
қуғын-сүргін құрбандарына тигiзген
моральдық және материалдық залалды
өтеудi қамтамасыз ету мақсатында
Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Кеңесі 1993 жылы 14 сәуірде «Жаппай саяси
қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы
Заңды қабылдады.
Қорыта айтқанда, өткенін
білмеген адам ұлтының қадірін де,
тәуелсіздіктің қасиетін де білмейді.
Қазақ тәуелсіздік жолында қандай жайды
бастан кешірді, бүгінгі мемлекеттілікке
қол қалай жетті? Бұның барлығы болашақ
ұрпақтың жадында болса, сонда барып
Тәуелсіздігіміз тағылымды бола түседі.
Мемлекет болғанымыздың мерейін көрсетеді.