400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Қазіргі отбасындағы жасөспірім құндылықтарын қалыптастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
жасөспірім құндылықтары , отбасылық тәрбие туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тұңғыш Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Демек көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік. 

Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағи­­дат қай дәуірде болсын өзгер­ген емес, өзгермек те емес. Елбасы «От­басы – Қазақстан қоғамы­ның дің­гегі, экономикадағы, мәдениет­тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе­ленің біздің қоғам үшін маңы­зын көрсетіп берді. 

Тәуелсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағы­тында қыруар шаруа атқа­рыл­ды. Тұңғыш Елбасымыздың Нұрсұлтан Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білім­ді ұрпақ қалыптастыруға бағыт­талған сындарлы саясатының нәти­ж­есінде ана мен баланы қолдау бойын­ша бағдарламалық құжаттар, гендер­лік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты. Басқасын айтпағанда көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл са­йын артып, көптараптанып келе жатқанын аңғару қиын емес. 

Қазақтың тарихында киелі отба­сының қасиетті ұрпақтары туралы, олардың ел өміріндегі алатын орны, сіңірген еңбегі, қалдырған рухани байлығы, үлгі боларлық тірліктері, өнегелі өмірлері туралы мысалдар көп. Уақытында бізге бай, феодал ретінде оқытылған Құнан­байдың өзі тегін адам болмаған­дығын еліміз егемендікке жеткенде ғана білдік. Кішкене артық сөйлеп кетіп «Мен сізден оздым әке, мені бүкіл қазақ таниды» деген Абайға, «Е, Абай, сен менен оздым деуің үшін әуелі мен құсап өзің сияқты ұл тудырып ал» деген сөзі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын өнегелі сөз емес пе? 

Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтары құлдырауға ұшырап бара жатқаны ащы да болса ақиқат. Қазіргі уақытта өмірге келген біздің балалары­мыз­­дың кіндігін кім кеспей жүр, бұ­рын жерге ғана көмілетін сол кін­дік қайда қалмай жатыр? Басқа­сын айтпағанда ұлдарымыздың сүндет тойын, мұсылмандыққа қадам басу сәтін қай жер болса, сол жерде, арақ-шарап араластырып, ысы­рап­­шыл­дықпен өткізуіміз қай ата­дан қал­ған дәстүрімізде бар еді? Өкініш­­­тісі, той өткізу бәсекеге ай­на­­­­лып, құдалық даңғазалыққа ұла­­­сып бара жатыр. Сол қыруар шы­­ғын­­ның үйленген жастардың ба­­қы­­ты­на емес, бақталастығына ай­­на­­лып, ақыры жақсылыққа апармай жат­­қан­дығын да көріп жүрміз. Бұған дәлел ретінде неке құрған жас отба­сы­­лардың арасындағы ажы­­ра­­су­­д­ың кейінгі жылдары аса қауіп­ті деңгейге жеткенін айтсақ та жеткілікті. 





Бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Бала­ның тағдыры анаға тікелей байланысты. Соңғы кезде жаңа ғана туған баласын сәбилер үйінің алдында қалдырыпты, күл-қоқыстың арасына тастап кетіпті деген ақпараттарды көп естиміз. Көңіліміз құлазиды. Өзі туған сәбиін керексіз бір зат сияқты лақтырып кету үшін қандай адам болу керек? Баласын тастап кеткен әйелді де, сондай жағдайға душар еткен еркекті де ақтап алу мүмкін емес. Статистикаға сүйенсек, бүгінде балалар үйіндегі 7200-ден астам сәбилердің 696-сының ата-аналары құқығынан бас тартқандар, 436-сы тастанды балалар екен. Ал 3400-інің ата-аналары құқықтарынан айырылғандар. Яғни балалар үйін­дегі бар баланың 63%-ның әке-шеше­сі тірі деген сөз. Бұл адам тау­қы­­меті ғана емес, нағыз қоғам тау­қы­­меті деп айтуға болады. 

Отбасылық саясатты қалып­тас­тыруда атқарылатын шаруалар әлі көп. Отбасылық құндылықтарды насихаттау және көп балалы отбасыларды ынталандыру бағытындағы жәрдемақы түрлерін әр кезеңнің талабына сай жетілдіріп отыру маңыз­ды мәселе. Мысалы, бес бала немесе бес баладан көп баланы дүниеге әкелген аналарға айлық еңбекақы тағайындау арқылы олардың ең­бек өтілін сақтап қалу мүмкіндігін қарастыру маңызды шаралардың бірі болар еді. Бұл өз кезегінде қоғам­да көп балалы отбасы болудың беде­лін бекемдеп, абыройын арттырары хақ. Аталмыш жәрдемақы түрінің әлеуметтік маңызын да ешкім жоққа шығара қоймас. Себебі бала тәрбиесімен айналысудан қиын, әрі маңызды, пайдалы әрі құнды еңбек бар ма? 

...Бір отырыста төрде отырған абыз ақсақалдың «дінімізден айы­ры­­лып, тілімізді ұмытып, ұлт ретін­де жойылып бара жатқанда бізді аман алып қалған қазақы кең пейі­лі­міз бен ақ дастарқанымыз» деген ұлағатты әңгімесін естіп едім. Түсін­ген адамға астары терең, маз­мұны мәнді сөз. Рас, кейінгі бір-екі ғасырдың төңірегінде қазақ қоға­мы жантүршігерлік зұлматты за­ман­дарды басынан өткерді. Мың өл­дік, мың тірілдік... Елімізді алып бәйтерекке теңеуіміз тегіннен-тегін емес. Замана дауылы сын тезі­не салғанда сол бәйтеректің белі бүгіл­ді, бұтасы үгілді, жапырағы төгіл­ді. Бірақ діңгегі құламай дін аман қалды. Себебі оның тамыры тереңге бойлаған. Тамыр дегені­ңіз – ол біздің өткеніміз, тарих бой­ғы тәжірибе құнарын ұлт бойына дары­тып, сол алып бәйтеректің діңге­гін нықтап, бұтасын көгертіп, жапы­рағын жайқалтатын жалғыз күш.

Бірде, көп балалы аналармен болған кездесуде, жасы 80-ге таяған, өзін 12 перзенттің анасымын деп таныстырған бір әже: «Қарақтарым! Тәуелсіздік бізге тәңірдің берген үлкен бақыты. Біз, шалымыз екеу­міз, осы тәуелсіздікке қалай үлес қос­сақ екен деп көп ойланамыз. Үлкен кәсіпкер емеспіз қаржылай қоса салатын, үлкен қызметкер емес­піз, жай ғана зейнеткерміз. Бірақ тереңінен ойласақ біздің әлі де қосатын еңбегіміз көп екен. Бірін­ші­ден, біз балаларымызға дұрыс тәрбие беруіміз керек екен. Әр үй­дің баласы тәрбиелі болса, қоғам тәр­биелі болады. Екіншіден, өз үйі­мізді таза ұстауымыз керек екен. Әр үйдің іші, есігінің алды таза болса, ауылымыз, еліміз таза болады. Үшіншіден, өз көршімізбен тату тұруымыз керек екен. Әр көрші тату болса, еліміз ынтымақта болады. Әрбір отбасы осы үш қағиданы дұрыс ұстанса біздің тәуелсіздігіміз баянды, мемлекетіміз мықты болары сөзсіз», дегені есімде. Бұл қарапайым ғана, ауылдағы «Батыр ананың» сөзі. Ұлы сөз. Осыдан артық айту да мүмкін емес сияқты. 

Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғыртудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет», деп атап көрсет­ті. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы­­ның кепілі. Әр бала атаның қаны­­мен, ананың сүтімен келетін туабітті қа­сиеттер сияқты ұлттық рухани құн­дылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Ендеше ұлттық тәрбие – ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ. 

Отбасылық құндылықтарды қалыптастыру(баяндама) Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Демек көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік.  Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес, өзгермек те емес. Отбасылық құндылықтар дегеніміз - бір - бірін сүйіп қосылған жандардың отбасын құрып, мықты шаңырақ болу мен бала тәрбиелеуде қолданатын ежелден келе ұстанымдар.Әрбір отбасының өз құндылықтары болады: өзара сыйластық, қолдау, адалдық, түсіністік, үлкенге-ізет, кішіге-құрмет, ауызбіршілік, сенім арту, махабатпен бөлісу. Отбасы-жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі. Отбасында өмірдің мәнін оның мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игереді, басқалармен қарым- қатынас жасау дағдыларын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады, өзін- өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Демек, отбасы- адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Жас ұрпақты отбасылық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі.

1.Дәстүрлі отбасы құндылықтары- дәстүрлі ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де осындай отбасы. Ата-әжелерінің немересіне берген ақыл - кеңестері. Отбасы тіршілігінде осы құндылықтар, салт-дәстүрлер үнемі сақталып отырса, баланың ұлттық сана- сезімі ерте оянады. Осы жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, балаларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.

2. Қазіргі заманғы отбасылық құндылықтар. Қазіргі таңдағы көп отбасылар заманауи салт - дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасында әр түрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі әр замандағы адам әр түрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір - біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.

3. Тәрбиелі отбасы құндылықтары. Отбасын құрғандардың басты мақсаты- бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген қиындықтарды бастарынан өткереді. Келіспеушілік болғанда олар өз қателерін түсініп, кешірім танытып, қайта бірге болады. Оларды біріктіретін тәрбиелі отбасылық құндылықтарТәрбиелі отбасылық құндылықтарға құрмет, сыйластық, қолдау, отбасылық естеліктер жатады.Балалар өз бойынан ата - анасының бар болмысын көрсетсе, керісінше ата - аналар да өмірінің жалғасын балаларынан көреді.1-топтағы ұлттық құндылықтар және отбасылық құндылықтар барлық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Педагогикалық-психологиялық тұрғыдан алғанда құндылықтар адамның жеке тұлға ретінде өз өміріне деген жауапкершілігін қалыптастыру,рухани әлемін байыту, адамдар арасындағы жағымды қарым- қатынастардың маңыздылығын көрсету үшін қолданылады. Егер бала отбасының үлкен құндылық екенін түсініп, ата-ана алдындағы парызын өтеуге бейімделген болса, өсе келе ол бұл бағыттың біртіндеп Отан алдындағы борышымен,азаматтық парызына ұласатынын аңғарады. Сондықтан әр ата-ана баланың отбасылық құндылықтарды толық меңгеруіне мүмкіндік жасағаны абзал. Отбасындағы құндылықтарды бағалай алмаса, адам ұлттық құндылықтарды да құрметтемей өтуі мүмкін. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»деген қанатты сөз де осы ойдың дұрыстығын меңзейді. Отбасылық тәрбие арқылы қалыптасатын ұлттық құндылықтарды зерттей келе, оларды бірнеше бағыт бойынша топтастырып қарауға болады. Отбасылық тәрбие арқылы балада ұлттық таным жүйелі қаланып ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жағдайда ғана ол ұлт мүддесін ойлайтын, елжанды азамат бола алады. Бірақ соңғы жылдары қазақ ұлтының төл тарихында байқалып отырған отбасылық тәрбиедегі олқылықтар мен кемшіліктер ауқымы үлкен ұлттық мәселеге айналуда. Сол мәселердің бірі ретінде ұлттық тілтағдыры, ұлттық дәстүрлер мен ұлттық құндылықтарымызды дұрыс сақталмауы алаңдатады. Отбасы-қоғамдық жүйенің бір бөлігі. Отбасындағы жақсы қарым-қатынас ұрпақты жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге жетелейді, өмірдің қыр-сырын танытады, жауапкершілікке, адалдыққа, ойшылдыққа әдептілікке баулиды. Тәрбиелі білім қазына, тәрбиесіз білім-қасірет екендігі баршамызға мәлім. 

Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттері- ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, ар-ожданы мол, парасатты, еңбекқор, өз ойын толық жеткізіп, алған білімін өмірде тиімді пайдалана алатын, бойында басқа да ізгі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесінің негізі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Ұрпақ ата-анасының айнасы, ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады

 Технологияның дамып, әлемдік жаһандануүдерісі кезінде білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізу керектігін көпшілік мойындап отыр.Қоғамға қызмет ететін болашақ жеткіншектерге сапалы білім мен өнегелі ұлттық тәрбие беру –ұстаздар қауымының басты парызы. Ұлттық тәрбиені ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маманжастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Олүшін ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттыққұндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді,ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етіп алуымыз жөн. Әрине, тәрбие жалаң болмауға тиіс. Жалаңтәрбие қауқарсыз. Кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек. Сонда ғана тәрбие шынайылыққа айналады. Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысының серіктесі. Себебі, ұрпақ тәрбиесінің отбасында, білім ордасында, қоғамда нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді. Отбасы- адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі, ол материалдық және рухани үдерістерімен сипатталады. Жас ұрпақтың әлеуметтеніп, тәлім-тәрбие алып, өсіп-өнетін негізгі институты, тал шыбықтай жас ұрпаққа бесіктен бастап берілген тәлім-тәрбие, ұстаным-тәртіп қағидалары есейгенде оның мінез –құлқының, сана-сезімінің, ар-ождан намысының темірқазығына айналады. Абай Қ.былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі-ата-анадан, екіншісі-ұстаздан,үшіншісі-құрбысынан». Сондықтан ата-ана материалдық жағдайынан бұрын ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөліп, ал ұстаздар балаға кез келген жағымыздан өнеге болуымыз керек. Ұрпақ-әр жанұяның бақыты.Ата-ана, ұстаз, қоғам-үшеуі, тәрбиеге жауапты басты өлшем. Бір тұтасып, күштерін біріктірсе тәрбиенің үш мектебі адамның мінез-құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіреді.Адамның кім болмағы ата-ана, ұстаз қоғамға ғана тәуелді емес, ол адамның өзіне байланысты. Бірақ адамның бірден жеке тұлға болып қалыптасуы мүмкін емес.Ұрпақ тәрбиенің үш сатысы негізінде өсіп, жетіледі. Олар: ой саулығы, жан саулығы, тән саулығы. Ұрпақ өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштары-тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-аналардың ұрпақтарының алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы,ал ұрпақтары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Тұғыры берік елдің отбасы да берік болады, отбасы қазығы нық қағылса, шаңырағы берік тәрбиеленер ұрпағы да өнегелі болмақ. Қай қоғамда өмір сүрмейік, ұрпақ-ол біздің болашағымыз,жарқын күндеріміз. Сондықтан болашағымызды қазіргі сәттен жақсы тәрбиелесек, ертеңгі күнімізге сеніммен басуға болады.



















Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы

«Сервис және жаңа технологиялар коледжі» МКҚК


БЕКІТЕМІН

СжЖТК ОТЖ жөніндегі

директор орынбасары

___________ А.У Старинец

«____» ________ 2019 жыл












«Қазіргі отбасындағы жасөспірім құндылықтарын қалыптастыру»

(ата – аналарға арналған дәріс )















Дайындаған: әлеуметтік педагог

Т.Н Рахимгалиева





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 наурыз
651
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі