жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Баяндама. Қазіргі заман мектебіндегі сабақ
Мауляшева Рамзия Равхатовна
Батыс Қазақстан облысы
Бәтерек ауданы
Батурин жалпы орта білім беретін мектебі.
Бірінші деңгей бойынша сертификатталған,
Ι санатты химия пәні мұғалімі
Қазіргі заман мектебіндегі сабақ.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тәжірибесінде оқушыларға келелі тәлім- тәрбие берудің бірден бір формасы да , құралы- да сабақ өз маңызын жойған емес.
Сабақ бүтін бір жүйе, педагогикалық процестің аз немесе көп , сынып- сабақтық оқытудың аяқталған жүйесі.
Н.М. Верзилинаның бейнелік әрекеті бойынша « сабақ бұл күн , оқытудың барлық формалары оны айналып жүретін планета сияқты».
Қазіргі уақытқа дейін педагогика ғылымында сабақ бұл оқытудың мәселесін шешуде қолданылатын жүйе деген пікір басымдылық танытады,соған сәйкес сабақ білім алушылар мен мұғалімдердің тұрақты құрамымен ,білім алушыларды тәрбиелеу және дамытуды ұйымдастырудың формасы.Сабақ тұрақты құрамды ,бірдей жастағы топтармен , бекітілген оқу кестесімен , барлығына арналған бірдей оқыту бағдарламасымен оқытуды ұйымдастырудың формасы. Бұл формада оқу-тәрбие процестерінің барлық компоненттері : мақсаты,мазмұны,құралы,әдістері,ұйымдастыру және басқару қызметтері , барлық дидактикалық элементтері ұсынылған. Сабақтың оқыту процесіндегі маңызы мен мазмұны бүтін динамикалық жүйенің жиынтығы,оқушы мен мұғалімнің коллективтік- жекелік өзара іс қимылының нәтижесінде білім алушылардың білім ,білік, дағдысын,қабілеттілігін дамыту,тәжірибелік қарекетін, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Сабақтың мақсаты дегеніміз не, мұғалім қай уақытта қандай мақсат қояды? Ғылымда жалпы қабылданған мақсат бұл алдын ала жоспарланған белгілі бір нысында жасаудағы нәтиже. Педагогикалық қызметте қайта жасаудың нысаны білім алушылардың қызметі болып табылады.
Мақсаты білім алушылардың біліктілік деңгейі , дамушылығы мен тәрбиесі ,
Қазіргі заман мектебі сабағының мақсаты құралдарының көрсеткіштері жетістіктері мен оның нақты дидактикалық есептерге ауысыумен өзінің нақталығымен ерекшеленеді. Сабақтың дидактикалық есептері нақты педагогикалық оқу есептері арқылы іске асырылады.Бұл шешім білім алушылардың математикалық есептерді шығаруда ,орындалатындай жаттығуларды орындауда ,сөйлемдерді талдауда , әңгімені қайта айтудың жоспарын құруда және т.б. Бұл шешімдер білім алушылардың оқу қызметін нақты оқу жағдайында көрсетеді.Сабақтың құрылымы қандай болмақ және ол сабақтың түрін анықтауға әсер етеді ме ?
Сабақ құрылымы - бұл белгілі бірізділікті және өзара қарым қатынасқа келген дәріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым арқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тәуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.Қазіргі заман сабағы , сабақтың құрылымы мен формасы, оқу жұмыстарын ұымдастыруда ,теория мен практикада бірбеткейлі маңызды, айтарлықтай дәрежеде оқыту тиімділігі мен оның нәтижесін аңықтайды.Әрбір сабақтың логикалық ,психологиялық және ұйымдастыру бірлігі болуы тиіс.
Логикалық бірлік - бұл сабақ бөліктерінің, яғни құрылым элементтерінің
аралығында ішкі өзара заңдылығы.Мысалы, қайталау,қорытындылау сабағының бөліктері:қорытынды әңгіме немесе шолу лекциясы, жаппай сұрау, кейбір сұрауларды анықтау ; мұғалімнің сабақты қорытындылауы.
Мұндай сабақта ,біріншіден ,игерілген білім еске түсіріледі және жүйеге келтіріледі;екіншіден білімдегі,іскерліктегі ,дағды кемістіктер толықтырылады;үшіншіден ,оқытылатын материалдардың маңызды идеялары толық ашылады, төртіншіден , жаңа мен ескі салыстырылады,жаңа мысалдар ойластырылады,жаңа міндеттер шешіледі.
Психологиялық бірлік - бұл іс әрекеттің мотивтерін жасау. Мысалы,тікелей талпындыру,перспективті талпындыру және ойдың талаптандыру мотивтері туралы жоғарыда айтылған болатын.Сабақтың психологиялық бірлігі оқушылардың дербес ерекшеліктерін есепке алуды талап етеді, бұл жеке адамның дербес типологиялық ерекшеліктері.
Ұйымдастыру бірлігі- бұл сабақта алдын ала жабдықтау және оларды рет -ретімен пайдалану ,бүкіл сабақ бойында оқушыларды белсенді ,тиімді жұмысқа ұйымдастыру.Мектепте сабақ қандай дидактикалық талаптарға жауап беруі тиіс? Сабақтың міндеттері білім , дамуы және тәрбиелеу мақсаттармен анықталады.
1.Оқыту мен тәрбие бірлігі.Оқыта отырып ,тәрбиелеудің мәні тұлғаның өмірге ,білімге қатынасын ,қабілетін,адамгершілік қасиетін қалыптастыру.Білім беру және тәрбие міндеттерін оқыту процесінде шешу,мұғаліммен оқушылардың іздену іс әрекетінің нәтижесіне байланысты.
2.Оқу материалдарының көлемін анықтау. Сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес ,яғни балалардың білім деңгейін, жас және дербес ерекшелігін еске ала отырып , сабақтың әрбір құрылым бөлегінде оқу материалын таңдап алу.
3.Сабақтың дидактикалық көлемін анықтау.Әрбір сабақта оқыту және тәрбие мақсаты дәл қойылуы тиіс.Оқыту мақсаты дегеніміз жаңа білімді меңгеру,іскерлікті ,дағдының қалыптасуы,тәрбие мақсаты- жеке адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру ( белсенділік,ұқыптылық,жинақылық,өзін-өзі билеушілік т.б.) Бұл мақсаттар оқыту және тәрбие процесі функцияларының іске асырылуына байланысты.
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесі:
1.Сабақтың мақсаты айқын ,мазмұны ,жоспары және құрылымы алдын ала белгілі болуы тиіс.
2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы қажет.
3.Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай
ұғынымды ,түсінікті болуы керек.
4.Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығуын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп ,көрнекілік және техникалық құралдарды ,түрлі ойындарды тиімді қолдану керек.
5.Сабақтың сапасың жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым- қатынас жасау шеберлігін арттырып отыру керек.
6.Сабақта оқушыларға білім берумен қатар оларды өздігімен білім алудың әдіс- тәсілдеріне үйрету міндет.
7.Сабақ оқытудың білім беру ,тәрбиелеу және дамыту қызметін біртұтастық принципке сай жүргізу тиіс.
8. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалімнің сыныптағы ,мектептегі нақтылы жағдайын (оқу кабинетінің жабдықталуы,оқу техникалық көрнекілік құралдарының нақты болуы, ) ескеріп отыру шарт.
Сабаққа қойылатын талаптардың орындалуы үшін мұғалімнің теориялық білімі,іздемпаздығы,еңбекқорлығы қажет.Ол шығармашылықты ,шеберлікті қажет етеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген