400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама "Қобызда динамикалық белгілерді орындау "

Материал туралы қысқаша түсінік
Дыбыс күшін тиімді пайдалану,ысқыштың қай бөлігімен жүргізілуіне де байланысты. Жай ,жұмсақ дыбыс алу үшін ысқыштың жоғарғы бөлігін қолданған тиімді,себебі бұл бөлікте салмақ жеңіл болғандықтан ысқыштың қылы ішекке аз күшпен жүргізіледі.Ысқыштың ортаңғы бөлігімен және қалпының қасында рр дыбысын алуға болады,бірақ қиындау екенін ұмытпаған жөн.Жай дыбыс алуда шынашақ маңызды рөл ойнайды.Ысқыштың түгел бойымен р немесе рр дыбыстарын аларда шынашақ оның ішекке түсетін салмағын теңестіріп тұру міндетін атқарады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қобызда динамикалық белгілерді орындау

Динамикалық белгілерді (нюанс )орындау дегеніміз не?Соған тоқталайық: Мысалы:ысқышты ішекке дұрыс қоя отырып ,өз салмағымен жеңіл ғана басып біз ең қарапайым mezzopiano дыбысын ала аламыз.

Ішекке салмақты сәл азайтса piano дыбысы алынады.Бұдан да әлсіз дыбыс,яғни pianissimo алу үшін ысқышты білінер- білінбес салмақпен,әрі ысқыштың қылын түгел тигізбей жүргізу керек.

Mezzoforte дыбысы ысқыштың табиғи салмағына сұқ саусақпен салмақ беру арқылы алынады ,ол үшін буынды солға қарай сәл айналдыру қажет.

Forte және fortissimo дыбыстары сұқ саусақпен салмақты көбейте отырып ,буын мен шынтақ бұлшық еттерін үйлесімді жұмылдыру арқылы алынады . f дыбысында ысқыштың қылы түгелге жақын ,ал ff дыбысында барлығы тиіп жүргізіледі.Дыбыс күшінің бірте -бірте ff дыбысына күшеюіне қарай ысқыш та тиекке жақындай жүргізілуі керек.

Негізінде,ысқышты аспаптарда дыбыс күші екі себепке байланысты өзгеріп отырады:1)ысқыштың жылдамдығына ;2)ішекке ысқыш арқылы берілген салмақ күшіне.Бұл екі фактордың өзара байланыста болып ,бірін -бірі толықтырып отыруы музыкалық сапалы дыбыс алу үшін өте маңызды. Сонымен,f немесе ff дыбыстарын аларда қобызшы ысқышты тез әрі ішекке салмақ бере отырып жүргізеді де ,p немесе pp дыбыстарын аларда ысқышты жәй екпінде әрі жеңіл жүргізеді.

Жеңіл салмақпен дыбыс алу ерекшеліктері.

Жай , ақырын (естілер- естілмес) дыбыс аларда ысқышты тиектен қашығырақ жүргізген дұрыс,бұл әдіс әсіресе соль ,ре ішектерінде рр,ррр дыбысын алуда қолданылады.Дегенмен, ұзақ , әрі біркелкі р дыбысын аларда ысқыштың жүргізу нүктесін өзгертпей ,тек қылды жартылай пайдаланған дұрыс. р дыбысын бұлай орындау арқылы дыбыс ашық ,әрі таза естіледі.

Дыбыс күшін тиімді пайдалану,ысқыштың қай бөлігімен жүргізілуіне де байланысты. Жай ,жұмсақ дыбыс алу үшін ысқыштың жоғарғы бөлігін қолданған тиімді,себебі бұл бөлікте салмақ жеңіл болғандықтан ысқыштың қылы ішекке аз күшпен жүргізіледі.Ысқыштың ортаңғы бөлігімен және қалпының қасында рр дыбысын алуға болады,бірақ қиындау екенін ұмытпаған жөн.Жай дыбыс алуда шынашақ маңызды рөл ойнайды.Ысқыштың түгел бойымен р немесе рр дыбыстарын аларда шынашақ оның ішекке түсетін салмағын теңестіріп тұру міндетін атқарады.Естілер-естілмес ақырын дыбыс алғанда ысқышты қалыптың қасында жәй екпінде жүргізсе ,дыбыста діріл пайда болады да ,дыбыс сапасы төмендейді.Сондықтан ,қобызшыға рр дыбысын алып үйрену үшін үлкен табандылық пен дайындық қажет.

Дыбысты салмақпен алу ерекшеліктері.

Толыққанды күшті дыбыс алу үшін ысқышты тек сұқ саусақпен басып жүргізу жеткіліксіз.Дыбысты салмақпен аларда біріншіден,ысқыштың үзілмей еркін жүрісін қамтамасыз ету керек. Мұндай штрихты алуда ішекке түсетін салмақ пен ысқыш қозғалысының жылдамдығы үйлесім табуы қажет.

Жәй екпінде ff дыбысын аларда салмақты өте қатты қолдануға болмайды,себебі дыбыс табиғилығынан айырылып,қырыл пайда болады.Сондықтан ,салмақты дыбысты жәй екпінде орындау үшін сұқ саусақтың салмағын үлкен еппен,байқап басу қажет.Немесе,жәй екпінде күшті дыбыс алуды үйрену үшін ,әуелі сұқ саусақтың салмағын барынша қолдана отырып,жылдам екпінде жүргізіп жаттыққан пайдалы.Бас жағында дыбыс жарқыншақтанып (форсированный)шығады ,кейін мұндай жаттығулар жақсы нәтиже береді.

Күшті (қатты)дыбыс алуда әр ішектің өз ерекшелігі бар.Мысалы,бірдей штрих,бірдей екпін бола тұра ,жоғарғы ля,ми ішектеріне қарағанда,төменгі жуан ре ,соль ішектерінде салмақ артықтау болу керек.Салмақпен дыбыс алуда ысқышты төрт саусақпен нақты жұмылдыра ұстап,шынашақты көтеріп таяқшаға тиер -тимес жағдайда қою қажет.

Ысқышпен біркелкі жылдамдық сақтамай (іркес тіркес)және түзу бір нүктемен емес (қисық)жүргізілсе ,сапасыз , әр түрлі қырыл сырылы бар дыбыс шығады.Ысқышты бұлай жүргізу ішектің табиғи тербелісіне кері әсер етеді.Сондықтан,ішек тербелісінің қалыпты болуы ысқыш жүргізу кезінде төмендегі талаптардың орындалуына тікелей байланысты :

1.Ысқыштың әрбір жылдамдығына қандай салмақ сәйкес келу қажеттігін орындаушының есту қабілеті мен бұлшық еттерінің сезімталдығы анықтайды.Яғни,ысқыштың кез келген бөлігінде жүргізу жылдамдығы мен салмақ беру мөлшерін тексеріп, тыңдап отыру қажет.

2.Оң қолдың иық,шынтақ,білек,білезік буын,саусақ бұлшық еттерінің сезімталдығын дамыту үшін

а)Оң қолдың сұқ және ортаңғы саусақтарымен салмақ бере білу;

ә)Оң қолдың білезік буыны мен саусақтарын жұмсақ ұстау,оны шынтақтың айналмалы қозғалыстары арқылы жүзеге асыру;

б) Иық арқылы шынтақтың бірқалыпты жазылып,жиналуын қадағалау.

Жоғарыда көрсетілген барлық талап ережелерді орындағанда ғана дыбыс үлкен кеңістікке жету(ұшу)қасиетіне ие болады.Ол ішектің еркін тербелісі мен кеңістік (бөлме,зал)ішіндегі барлық ауа массасының біртұтас тербеліп ,үндестік ,үйлесімділік табуына әкеледі.

Оң қол шеберлігін дамыту жолдары

Сапалы дыбыс алу әдістерін дамыту.

1.Қобыздан шынайы сазды үн алуды меңгеру үшін бірқалыпты ұзын ,жұмсақ,толыққанды дыбыс алуды үйрену қажет.Ысқышпен осындай дыбыс алып үйрену басқа барлық штрихтарды үйренуге жол ашады.Негізінен әдемі дыбыс алу дағдысы жәй әндете орындалатын шығармаларды(соntabile)ойнап үйрену арқылы тезірек жетіледі.

2.f дыбысымен ұзын,созыңқы толыққанды штрихты алып үйрену арқылы біз оң қолдың буын еттерін нығайтып ,деташе,мартеле,штрихтарын меңгеруге жол ашамыз,ал р дыбысымен жүргізуді үйрену арқылы ысқышты жеңіл,жұмсақ алуды меңгереміз.Тәжірибе көрсеткендей ,жақсы жетістіктерге жету үшін,ысқышпен f (ff)немесе р(рр)дыбыстарымен ұзақ ,кең ,бірқалыпты дыбыс алуды үйрену керек.

3.f немесе ff дыбысын ұзын штрихта ысқышты толық,яғни қалпының түбінен ұшына дейін бірқалыпты және үздіксіз жүргізіп үйренген жөн.Ол үшін асықпай,жәй екпінде ысқышты тең сегіз бөлікке бөліп ,мажорлық және минорлық гаммаларды mf , f, p нюанстарымен ойнаған пайдалы.

4.Ұзын штрихтарды р немесе рр дыбысымен алып үйрену үшін ысқышты мейілінше өте жәй екпінде санап жүргізіп үйренген жөн. Қос дыбыс аларда ысқыштың қылы екі ішекке тең әрі түгел тиіп тұрғаны абзал .Сол қолдың саусақтарының позициядан позицияға ауысу жатық әрі жұмсақ болуы ысқыштың секірмей еркін жүруіне әсер етеді.

5.рр дыбысында бір ысқышқа бірнеше дбыс алу қажет болған жағдайда ,орындаушыдан сол қол саусақтары ішектің үстіне өте жақын орналасып,дыбыстарды жұмсақ және икемддіалуы талап етіледі.Дегенмен ,сол қол саусақтарының белсенділігі мен күшінің сақталуы дыбыстардың анық естілуін қамтамасыз ететінін ұмытпау керек.

6.Crescendo белгісін орындағанда ысқыштың салмағы мен жылдамдығын үдете отырып,тиекке жақындата беру керек.Ысқыш басында барынша үнемделіп, бірте -бірте дыбыс күші мен жылдамдық үдетіліп, аяғына қарай динмикалық шегіне ff дыбысына толықтай жеткенше жүргізіледі.Бірте бірте дыбыс күшейтуде ысқышты бастап жүргізу сәті өте маңызды,ол үшін ысқыштың қылын ішекке жеңіл әрі еркін қою керек.

7.Dimenduendo белгісінде дыбысты бірте- бірте бәсеңдеткенде ысқыш салмағының азаюын әуелі барлық қолмен,кейін төрт саусақпен,сосын шынашақтың тиер тигізбес салмағын сезгенше реттеп,бақылау керек,ал дыбысты бірте бірте күшейту кезінде мұның барлығы керісінше орындалады.

8.Шынашақты көтеріп,түсіріп отыру өте еппен және қажетті мезгілде реттеліп отыру қажет. Шынашақты ысқыштың таяқшасынаң үстінен шамадан тыс жоғары көтеру зиянды,ол қолдың қатаюына әкеледі.

9.Дыбыс күші кенеттен қаттыдан жай дыбысқа немесе керісінше өзгергенде ысқышты тиектен қашық немесе жақын жүргізу арқылы да реттеп отырған тиімді болады.

«Ысқышты жүргізу және дыбыс алу » кеңестері:

-Ысқышқа саусақты қойып жүргізер алдында ,әуелі ысқышты шектің үстіне қарапайым,қою (жатқызу)қажет. Сонда ғана сіз ысқыштың қалпына қатты жабысып алу сезімінен аулақ боласыз.

-Ысқышты жұмсақ ұстай отырып,оны саусақтармен қажетті мөлшерде нақты жүргізе алатындай орнықты қапсыра ұстау керек.

-Күшті дыбыс алу үшін ішекке ысқышты барлық қолмен қатты басудың қажеті жоқ. Күшті дыбы салу үшін ішекке ысқышты барлық қолмен басудың қажеті жоқ.Күшті дыбыс ала білу ерекше өнер,оны дамыту үшін көп еңбек пен тәжіибе керек.

-Әдемі дыбыс мәнінің құпия сыры мынада,әуелі ысқыштың ұшымен ішекке оң қолды еркін әрі жеңіл салмақпен қойып ,содан кейін ысқыштың қалпына дейін еппен бірте бірте салмақты үдете жүргіу арқылы әбден толыққанды ,таза дыбыс ала білуге



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31 мамыр
811
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі