Материалдар / Баяндама "Қыз бала тәрбиесі"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Баяндама "Қыз бала тәрбиесі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1233
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама: Қыз балаға не лайықты?Топ кураторы: Ельжанова Г.Х. Рухани тарихымыздың тарғыл беттерін парақтасақ, қазақ қыздары мен қазақ әйелдері, жалпы аналар әлемі туралы толғанбаған тұлғалар сирек екен оның үстіне жүрек тербер, сезім қоздырар қазақтың халық әндеріне, немесе мақал –мәтелдеріне бір сәт көңіл аударып көрелікші. Нені меңзеп нені айтар екен. Бұларда аналарға, қыздарға тән әрі тәрбиелік, әрі тағылымдық мәні ерекше толғамдар бар. Соларды саралай келе мынадай сөз үйірлерін байқадым. Қазақ қауымында қыз баланың орны ерекше болған. Оны мынадай мақал мәтелдерден анық аңғарамыз. Атабабаларымыз қызды қонақ деп есептеген, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген. «Қыз — өріс, ұл-қоныс» деп білгендіктен қазекем өрісін кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «Қызға қырық үйден тыйым» жасайды. Қыз тәрбиесіндегі жеңге ролі де көзден таса болмайды. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді». Өйткені әке – шеше айта алмаған сырды жеңге жеткізеді. Қыздың балғын болмыс бітімі мен тәрбиесінің басы қасында аяулы жеңгелер жүреді.Сүйген жігіті мен екі арадағы әдепті қарым – қатынастың табиғи өрбуіне сеп болатын осы жеңгелер. Ата-ана қызынан ешнәрсені аямайды. Оның ешнәрседен мұқтажсыз, бұла өсуін қадағалайды. өйткені қызға бергенді қызыр өтейді деп біледі. Сонымен бірге қазекең қызды бетімен де жібермейді. «Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» дей отырып, оларды қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай өсіруды парыз санайды. Олардың ар ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін ешуақыт ұмытпаған. Содан да болар, бір жағынан «қыз бен жылқы жаудыкі» деп қыз тәрбиесіне мейілінше сақ қарайды. «Қыз баққанан қысырақ баққан оңайлығын» жадынан шығармай баянды отанын тапқанша өзінің, жауапты екенін еш ұмытпаған. Сөйте тұра қызды жағадағы құндыздай күтеді. «Күйеу жаман болса қызыңнан» деуінде үлкен мән бар. Өзінің отбасында керекті тәрбиенің бәрін көріп өскен қыз бала, соған қоса мінезді де қылықты болса, парасатты да пайымды болса екен дейді. «Шешесі отырып, сөйлеген қыздан безін» деп келе, қыздың жақсысын іздейді. «Ақылды қыз білімге жүгінер, ақылсыз қыз сөзге ілігер» деп біледі. Осындай негізгі тәрбиелік жұмыстарды жүргізіп алған соң, қазекеңнің құдайдан тілейтіні қызының барған жеріне тастай батып судай сіңуі. Барған жерінде бағының ашылғанына қатты қуанады, бағы тайса қатты күйінеді. Қорқатыны – «қайта шапқан жау жаман, қайтып келген қыз жаман» екені. Атам қазақ ешбір жарғы, нұсқау жазып әуре болмай ақ әрі қысқа, әрі нұсқа нақылдармен тәрбие тағылымнаң тамаша үлгісін түйіп айтып отырған. Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отырған. Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық, имандылық сияқты қасиеттер кіреді. Тарихқа көз жүгіртсек, Айман, Құртқа, Назым сияқты қыздарымыз, Домалақ ана, Айша Бибі сияқты аналарымыз нағыз қазақ әйелдерінің үлгісі болды. Аналарымыз «баланы жастан» деп, бала тәрбиесін құрсақтан бастаған. Ұлжан ана данышпан Абайды ғұсыл-дәретсіз емізбегені – адамзаттың баласын тәрбиелегені болып табылады. Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт – қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Отбасы қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы — әйел адам. Сондықтан да бүгін жалпы берілетін тәрбиенің ішінен қыз бала тәрбиесіне байланысты тұстарын бөліп алғандығы негізгі мақсатым: адамгершілігі мол, әдепті, инабатты, сыпайы қыздарымызды тәрбиелеп шығару. Бұл бағыттағы жұмыстардың көпшілігі ата аналармен қоян-қолтық араласуды тікелей қажет етеді. «Анасын көріп қызын ал» дейтін халық мақалы текке айтылмаса керек. Ана тәрбиесін көрген қыз әрдайым көрегенділік танытады. Жаңа ғасыр, тек жаңалықты қабылдау керек деп, шетелге еліктеп немесе ғаламтор арқылы керексіз дүниелерді қабылдаудың қажеті жоқ. Заман ағымынан қалмай, орынды киініп, орынсыз нәрселерден аулақ болып, өзге тілде емес, өз тілінде сөйлеп, дәстүрді сыйлап, ибалығын сақтау қажет. Өзінің ана тілін қадірлемейтін қыздардан жақсы ана шығады деп айта алмаймын. Тілін қадірлемеген адам, ол ұлттың салтынан да, дәстүрінен де хабарсыз болары айқын. Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрмесін, ол қазақ қызы деген атқа лайық болуы қажет. Бойжеткендеріміз осыны ұмытпаса деймін. Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі еріне адал жар, балалрының анасы. Олардың бойында имани тәрбие болғанын қалаймын. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!