Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндама. Қыздар ұйымының жұмысы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қыздар ұйымының жұмысы
Елбасымыз Нұрсұлтан
Әбішұлының: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде
әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін
халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ»,
– деп айтқан.
Ата-ана қызынан ешнәрсені аямайды. Оның ешнәрседен мұқтажсыз, бұла
өсуін қадағалайды. өйткені қызға бергенді қызыр өтейді деп біледі.
Сонымен бірге қазекең қызды бетімен де жібермейді. «Қызды қымтап
ұстаған ұялмайды» дей отырып, оларды қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға
шоқтырмай өсіруды парыз санайды.
Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның
сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз
бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық
үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой
сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек анасы жауапты емес, бүкіл
ауыл, ел жауапты болып отырған.
Қазақ қыздарының менталитетіне қарапайымдылық, сыпайылық,
инабаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ақылдылық,
имандылық сияқты қасиеттер кіреді. Тарихқа көз жүгіртсек, Айман,
Құртқа, Назым сияқты қыздарымыз, Домалақ ана, Айша Бибі сияқты
аналарымыз нағыз қазақ әйелдерінің үлгісі болды. Аналарымыз «баланы
жастан» деп, бала тәрбиесін құрсақтан бастаған. Ұлжан ана данышпан
Абайды ғұсыл-дәретсіз емізбегені – адамзаттың баласын тәрбиелегені
болып табылады.
«Баламды молдаға оқытамын деп кәпір етіп алдым» дегендей,
тәуелсіздік тұғырына қол жеткізгелі, кейбір жастарымыз «тәуелсіз»
деген ұғымды түсінбей, ата-анадан тәуелсіз, ұстаздардан тәуелсіз
болу деп түсініп жүр. «Анасын көріп қызын ал» дейтін халық мақалы
текке айтылмаса керек. Ана тәрбиесін көрген қыз әрдайым
көрегенділік танытады. Жаңа ғасыр, тек жаңалықты қабылдау керек
деп, шетелге еліктеп немесе ғаламтор арқылы керексіз дүниелерді
қабылдаудың қажеті жоқ. Заман ағымынан қалмай, орынды киініп,
орынсыз нәрселерден аулақ болып, өзге тілде емес, өз тілінде
сөйлеп, дәстүрді сыйлап, ибалығын сақтау қажет. Өзінің ана тілін
қадірлемейтін қыздардан жақсы ана шығады деп айта алмаймын. Тілін
қадірлемеген адам, ол ұлттың салтынан да, дәстүрінен де хабарсыз
болары айқын. Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрмесін, ол қазақ қызы
деген атқа лайық болуы қажет.
Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Қыз бала тәрбиесін
ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет. Бүгінгі қазақ бойжеткендері ертеңгі
еріне адал жар, балаларының анасы. Олардың бойында имани тәрбие
болғанын қажет. Бүгін ол қыздар өнегелі тәрбие алса, ертең ұрпақ
тәрбиелейтін қазақтың дана аналарына айналары сөзсіз.
Елбасымыздың: «Әйел – бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей,
бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей – еліміз толық түзелмейді»
деген пікірімен қорытындылағым келіп отыр. Қаракөздеріміз бұрымды
шашымен, инабатты мінезімен, ақылдылығымен, кіршіксіз арымен
әрқашан басқалардан ерекшелене
білгей.
Әр оқу жылының басында «Қыз
Жібек» қыздар клубы мектеп-лицей директорының бұйрығымен іс-шаралар
ережесімен жоспары жасалып бекітілді. Жоспарға сай айына бір рет
отырысы өткізіліп, хаттамасы жазылып, анықтамалары
тіркеледі.
2020-2021 оқу жылының қыркүйек
айында «Қыз Жібек» клубының жылдық жүргізілген жұмыстары
зерделеніп, сараптама жасалынды. Білім алушы қыз балаларды ұлттық
санада тәрбиелеуді, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттауды, таңдауға
кеңес беретін, еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамды
әлеуметтендіруге үлес қосуын басты мұрат еткен «Қыз Жібек» қыздар
клубы жұмыс істеуде.
«Қыз Жібек» клубының негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдық ортада
азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірді отбасылық міндеттерді алған
білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр
мен мәдениетті дәріптейтін шынайы қазақ аруын қалыптастыру және
мектеп оқушыларының сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала
алатын текті қыздар ортасын құру.
«Қыз Жібек» клубының
негізгі міндеті:
-тарихи дара тұлға-арулардың
ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ қызының жиынтық бейнесін
қалыптастыру;
-ұрпаққа ұлттық тәрбиенің сіңіруші ретінде даярлау;
-кез-келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сөйлеуді дамыту;
-сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, салауатты өмір сүрудің басты
қағидаларын ұстануды ұйрету;
-қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұлттық құндылықтармен
қалыптастыру;
-болашақ ұлт анасы ретінде қыздарды отбасы өміріне даярлау;
-ұлттық құндылықтарды салт-дәстүрлерді дәріптеп, жүзеге асыруға
баулу;
-отбасы тұрмысына, үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттілік
дағдысын қалыптастыру;
2020-2021 оқу жылының «Қыз Жібек» клубы жоспарға сәйкес іс-шаралар,
ұйым мүшелерінің отырыстар, кездесулер, қыздар жиналысы қашықтан
жүргізіліп отырады. Атап айтқанда: ай сайын «Қыз Жібек» қыздар
клубының мүшелерінің құрамын жинақтау кезекті отырыстары онлайн
өткізілді. Отырыста 2020-2021 оқу жылында атқарылған іс-шаралар
есебі беріліп, ұйым мүшелерімен
талданды.
№ 3 мектеп-лицейдегі «Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелері
Р/с |
Оқушының аты-жөні |
Туылған жылы |
Сынып |
Мекен-жайы |
Сынып жетекшісі |
1 |
Айдархан Ақнұр |
06.08.2005 |
10 «А» |
Жаңа Бәйтерек – 69 |
Омарова А. |
2 |
Сәт Арайлым |
13.01.2005 |
10 «А» |
М.Арай Тайбурыл 135 |
Омарова А. |
3 |
Минтеева Айсұлу |
08.01.2005 |
10 «Ә» |
13-5-43 |
Тургынбекова С.Ж. |
4 |
Мусаева Гаухар |
30.12.2004 |
10 «Ә» |
М.Арай 2-5-14 |
Тургынбекова С.Ж. |
5 |
Елтаева Арай |
16.04.2005 |
10 «Б» |
М.Арай Тлеубаев 38 |
Каримбекова А.Е. |
6 |
Мәдібек Сабина |
26.02.2005 |
10 «Б» |
13-28-47 |
Каримбекова А.Е. |
7 |
Даулетова Алуа |
21.06.2004 |
11 «А» |
Жұмабаева 29 |
Умбеталиева Ж.Ж. |
8 |
Нұрланқызы Ұлдана |
15.08.2003 |
11 «А» |
Ұлбике ақын 105 |
Умбеталиева Ж.Ж. |
9 |
Жамалбек Асел |
23.07.2004 |
11 «Ә» |
М.Арай 799 |
Кадирбекова Г.М. |
10 |
Таңатар Аружан |
07.05.2004 |
11 «Ә» |
М. Арай 1256 |
Кадирбекова Г.М. |
«Қыз Жібек» қыздар клубының мүшелерімен ДҚТІЖО Кульманова Р.С.
жоспарлап ұйымдастыруымен қыркүйек айында «Қыз тәрбиесі –ұлт
тәрбиесі» тақырыбында онлайн жиналыс өткізіліп, баяндама
оқылды.
Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік,
көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б.
жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу. Қазақ халқының әдет-ғұрпы
арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру.
Баяндама сұхбат, әңгімелесу, сұрақ-жауап арқылы өтілді. Қыз
тәрбиесі туралы жалпы түсінік берілді. Қыздардың мектеп ішінде ғана
емес, көшеде дұрыс киінуі, жүріс-тұрысы қалай болу керектігі туралы
айтылды. Ұйым мүшелеріне міндеттер бөлініп берілді.
Баяндама барысында қыздардың өздеріне тән қылығы мен мінезі болу
керектігі айтылды. Ситуациялық жағдаяттар шешілді.
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі Қазақстан Республикасы және
ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті БҰҰ Бас
Ассамблеясымен бірлесіп 2020 жылдың 13 қазан күні «11 қазан –
Халықаралық қыздар күніне» орай республикалық онкүндік
өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қыздардың білім мен медициналық қызметін алуы,
кемсітушіліктен, зорлық-зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден
қорғалуы бойынша құқықтарын жүзеге
асыру.
2021 жылдың 18- наурыз күні 11-сынып оқушыларымен «Адамның психологиялық саулығы» атты психологиялық тренинг жүргізілді. Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі ұстай білуге, кез-келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынас нығайтып, көмек көрсетуге шақыру мақсатында жүргізілді.
№3 мектеп-лицейінің ДҚТІЖО Р.Кульмановаға сөз кезегі берілді.Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым-қатынас жасау үстінде тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады деп өз сөзімен қорытындылады.
2021 жылдың 18-наурыз күні 9-10 сынып оқушыларымен «Адамның психологиялық саулығы» атты zoom платформасы арқылы жиналыс өткізілді. Мақсаты: Адам мен сыртқы дүние арасындағы тепе-теңдік жағдайы, оның әлеуметтік ортаға, физикалық, биологиялық және психикалық ықпалдарға қатысты реакцияның сай болуы жүйелік реакция күшімен сыртқы тітіркендіркіштерге арасындағы сәйкестендікті анықтау. Жиналысқа мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Р.Кульманова, Тараз қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы қыздар клубына басшылық ететін «Инабат» қыздар клубына жетекшісі Марал Хантөре қатысты.
Сөз кезегі Марал Хантөре ханымға берілді. Өз сөзінде оқушыларға «Адамның психологиялық саулығы» өзін–өзі ұстай білуге, кез-келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынас нығайтып көмек көрсетуге болады. Қазіргі таңда қыздардың тәрбиесі үлкен мәселе болып отыр, қыздарды қырық үйден тыю. Қысқа кимеу, түн мезгілінде көшеде жүрмеу, үлкендерге дауыс көтеріп сөйлемеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп-лицейіміздің психологы Н. Койшыбайға сөз кезегі берілді. Бүгінгі қымбат уақытымыз пайдалы болды. Марал ханым айтып өткендей, «Тәні сау адамның, дені де сау болады». Армандай білейік арманымыздың мақсаты айқын болған кезде арманымыз орындалады деп өз сөзімен қорытындылады.
5-11 сынып оқушыларымен «Қыздар гигенасы» түсіндірме жұмыстары өткізілді. №3 мектеп –лицейінің ДҚТІЖО Р.Кульмановаға сөз кезегі берілді. Ұлтымыз қыз баланың ізеттілігі мен мәдениеттілігін – сыртқы бет пішіні мен киім киісіне қарап бағалаған. «Қыз өмірдің гүлі» деген даналардың сөзі бар.Сол себепті, тәрбиелі елдің болашағы зор болмақ. Өйткені, ұлттың болашағы қыздың құрсағынан басталады. «Қыз халықтың гүлі, өлең- саусақтың гүлі» демекші, қыз бала тек сұлулығымен емес, бойына біткен мейірімділік, нәзіктік, сияқты қасиеттеріменде көрікті деп өз сөзімен қорытындылады.
Келесі сөз кезегі мектеп-лицей медбикесі Л.Омароваға сөз кезегі берілді. Қыздарға жеке бас гигенасы туралы және қыздардың бойындағы ерекше қасиет ана болу мәселесі жайында ашық түрде әңгіме жүргізіп, көптеген кеңестер берілді.
9-11 сынып оқушыларынан «Тұлғаның күйзеліске тұрақтылығы» сауалнама алынды. Мақсаты: оқушының бойындағы күйзелісті анықтау болып табылады. Зерттеу қорытындысын саралай келе жоғары деңгейді көрсеткен оқушылар анықталған жоқ.
9-11 сынып оқушыларымен «Салауатты өмір салты, ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында оқушылармен дөңгелек үстел өткізілді.
№ |
Іс-шараның атауы |
Қамтыл-ған сынып-тар |
Өтілу түрі |
Суреттер |
||
1 |
«Қыз жібек» қыз балалрар ұйымының 2020-2021 оқу жылының жұмыс жоспарын бекіту Қыздар жиналысын өткізу (1 – жиналыс) |
5-8 сынып-тар |
Жиналыс |
|||
2 |
«Қыз баланың гигиенасы» (баяндама, ізгі тілек білдіру) «Өмір қымбатсың маған!» (2 – жиналыс) |
5-8 сынып-тар |
Психология-лық трени-нг |
|||
3 |
«Қыз – ұлттың ұяты, халықтың шырайы»(өнеге сағат) «Салауаттылық - салтымыз» (сырласу) ( 3 – жиналыс) |
5-8 сынып-тар |
Жиналыс |
|||
4 |
|
5-8 сынып-тар |
Сауалнама, жиналыс
|
|||
5 |
|
5-8 сынып-тар |
Жиналыс, трени-нг |
|
||
6 |
«Әйелдерге зорлық-зомбылық жасауға қарсы күрес» дәріс |
5-8 сынып-тар |
Дәріс сабағы |
|||
7 |
Қуана білмегенге құт қонбайды» (қыздар арасындағы сайыс) «Ана. Келін. Бойжеткен» аналармен бірге дөңгелек үстел (6 – жиналыс)
|
5-8 сынып-тар |
Жиналыс, сайыс |
|||
8 |
|
5-8 сынып-тар |
Жиналыс, сайыс |
|||
9 |
«Озар елдің қызы мінезді келер» пікір алмасу «Қыз Жібек» қыздар клубының жылдық қорытынды отырысы Атқарылған іс-шаралардың есебі |
5-8 сынып-тар |
Пікір-алмасу, есеп |
|
Қорытындылай келгенде 2020-2021 оқу жылдықта атқарылған іс-шараларды саралай келе, жоспар бойынша барлық іс-шаралар атқарылды. Мектеп – лицей көлемінде өткізілген мерекелік іс-шаралардың барлығында клубымыздың мүшелері атсалысты. Клуб мүшелері аптасына бір рет жиналып, салт-дәстүрге байланысты, халық ауыз әдебиетіне байланысты көріністер көрсетіп, басқа сыныптың қыз балаларымен әңгіме, дөңгелек үстел өткізіп тұрды. Жоспардан тыс мерекелерге байланысты іс-шаралар өткізілді.