Өткізілген
күні:20.02.2020
Оқушы
аты-жөні: Құлымбе
Салтанат
Сыныбы:7
“Б”
Сабақтың
тақырыбы: Мырыш
Сабақтың
мақсаты: Мырыш
элементі туралы түсінік қалыптастыру.
Мырыш
(лат.
Zincum), Zn – элементтердің
периодты
жүйесінің
II-тобындағы
химиялық
элемент,
асыл
металдардың
бірі.
Реттік
нөмірі
30, атом
массасы
65,39.[1] Мырыш
ерте
заманда
жез
түрінде
белгілі
болған,
таза
түрі
16 ғасырда
алынған.
Жер
қыртысындағы
массасы
бойынша
мөлш.
8,3×10-3%. Ол
полиметалды
сульфид
кендерінің
құрамында
кездеседі.
Негізгі
минералдары:
сфалерит
(мырыш
алдамышы)
және
вюрцит,
смитсонит,
каламин,
цинкит.
Мырыш
гексагональды тығыз қапталған торы бар
күміс түсті ақ металл, тығызд. 7,133 г/см3,
балқу t 419,5°С, қайнау t 906°С. Тотығу дәрежесі
+2. Ылғал ауада және суда 200°С-қа дейін
тұрақты, тотығуға гидроксикарбонатты
беттік пленкасы кедергі жасайды;
қышқылдар және сілтілермен, аммиак және
аммоний тұздарымен, ылғал күйіндегі
Cl2, Br2-мен, қыздырғанда О2-мен әрекеттеседі.
Құрамында М. бар концентраттарды
күйдіріп, әрі қарай алынған күйдіргіні
Н2SO4-пен сілтісіздендіру және ZnSO4
ерітіндісінен Мырышты электрлік тұндыру
арқылы алынады. Мырыш жез, нейзильбер,
томпак, тағы басқа қорытпалардың
құраушысы; болат және шойынды мырыштау
үшін (бұл кезде коррозияға қарсы қаптама
түзіледі), ұшақтар мен автомобильдердің
майда бөлшектерін, химиялық ток көздерінің
электродтарын жасауда, күміс пен алтынды
қорғасыннан бөлуде қолданылады. Мырыш
қосылыстары
Мырыш
қосылыстары – мырыш элементі түзетін
химиялық қосылыстар. Мырыштың оттекті
қосылыстарының маңыздысы мырыш (ІІ)
оксиді ZnO – түссіз кристалл, балқу t
1975ӘС. Су, спирт, эфирде ерімейді, ал
қышқылдарда, сілтілерде ериді. Табиғатта
“цинкит” деген атпен белгілі. ZnO –
мырыш буларын ауада немесе оттекте жағу
және табиғи ZnS-ті күйдіру арқылы алынады.
Ол бояғыштарда ақ пигмент (мырыш әгі),
электроникада шала өткізгіш материал
ретінде, тағы басқа мақсаттарда
қолданылады. Мырыш гидроксиді Zn(OH)2 –
мырыштың ерігіш тұздары мен сілтілер
арасындағы реакцияда түзіледі. Ол ақ
түсті тұнба, қышқылдар және сілтілерде
ериді. Аммиак ерітіндісінде еріп, кешенді
қосылыстар түзеді. Мырыш тұздарының
маңыздылары: ZnS, ZnCl2, ZnSO4, Zn(СН3CОО)2. Мырыш
сульфиді ZnS – түссіз кристалл, балқу t
1775ӘС, суда ерімейді, қышқылдар әсерінен
ыдырайды, литопон деген ақ бояу құрамына
кіреді. Табиғатта сфалерит (мырыш
алдамышы) және вюрцит минералдары
түрінде кездеседі. ZnCl2 немесе ZnSO4
ерітінділерінен натрий немесе аммоний
сульфидімен тұндыру арқылы алынады.
Шала өткізгіш материал ретінде, тағы
басқа қолданылады. Мырыш хлориді ZnCl2,
түссіз кристалл, балқу t 318ӘС, қайнау t
732ӘС, суда (20ӘС кезінде 100 г-да 367 г), суда,
спиртте, эфирде ериді, өте гигроскопты.
Мырыш сульфидін (ZnS) натрий хлоридімен
(NaCl) қыздыру және тұз қышқылын Zn, ZnСО3
немесе ZnО-мен әрекеттестіру арқылы
алынады. Ол негізінен қағаздарды
ағартуда, улағыш ерітінділердің құраушысы
ретінде, ағашты шіруден сақтау мақсатында
қолданады. Мырыш сульфаты ZnSO4 – түссіз
кристалл, суда ериді (20ӘС кезінде 100 г-да
54,1 г). Ерітінділерден мырыш купоросы
(ZnSO47Н2О) түрінде кристалданады. Zn немесе
ZnO-ін Н2SO4-пен әрекеттестіру арқылы
алынады. Мырышты электролиз арқылы
алуда және мырыштауда электролит
құраушысы, матаны бояуда улағыш,
флотореагент, микротыңайтқыш ретінде,
тағы басқа қолданылады. Мырыштың тағы
бір маңызды қосылысы мырыш ацетаты
Zn(СН3CОО)2 – балқу t 235 – 237ӘС кристалл,
суда (20ӘС кезінде 100 г-да 30 г немесе
100ӘС-та 44,6 г), спиртте ериді. Ол Zn немесе
ZnО сірке қышқылымен әрекеттескенде
алынады. Органик. синтез өнеркәсібінде
– катализатор ретінде, медицинада, тағы
басқа қолданылады. Мырышорганикалық
қосылыстар – құрамында Zn–С байланысы
бар қосылыстар. Негізгі типтері: R2 Zn,
RZnНаl. Олардың Аlk2Zn қосылысы – сұйық,
Аr2Zn – кристалл, RZnHal – балқымайтын ақ
зат, органик. еріткіштерде ериді. Аlk2Zn
(С4-ке дейін) – ауада өздігінен жанады;
су, спирт, қышқылдар және аминдермен
қарқынды әрекеттеседі. Оны ZnHal2-ні
магнийорганик. қосылыстармен (немесе
Ar2Hg) не алкилгалогенидтерді Zn–Сu
қорытпаларымен әрекеттестіру арқылы
алады.Табиғатта мырыш өздігінен метал
ретінде кездеседі. Мырыш сульфид түрінде
1-4% Zn, сондай-ақ Cu, Pb, Ag, Au, Cd, Bi бар полиметалл
кендерінен өндіріледі. Кендер мырыш
концентраттарын (50-60% Zn) және сонымен
қатар қорғасын, мыс, кейде пирит
концентраттарын ала отырып, селективті
флотациямен байытады. Мырыш концентраттарын
пештерде қайнаған қабатта күйдіреді,
мырыш сульфидін ZnO оксидіне ауыстырады;
бұл ретте түзілетін SO2 күкіртті газы
күкірт қышқылын өндіруге жұмсалады.
ZnO тотығынан таза мырыш екі жолмен
алынады. Пирометаллургиялық (дистилляциялық)
әдіс бойынша, бұрыннан бар, күйдірілген
концентрат түйіршікті және газ
өткізгіштікті беру үшін жентектеуге
ұшырайды, содан кейін 1200-1300 °c: ZnO + С = Zn
+ CO кезінде көмірмен немесе кокспен
қалпына келтіреді. Бұл ретте түзілетін
металл булары конденсацияланады және
металл қалыптарға құяды.